Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет98/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   107

303 
 
Пайдаланушы  сəйкестендіру  жəне  аутентификациялау  процедураларын 
табысты  орындағаннан  кейін  ғана  ақпараттық  ресурстарға  қол  жеткізеді. 
Сәйкестендіру  –  пайдаланушыны  оған  тиесілі  немесе  меншіктелген 
сəйкестендіру белгісі бойынша айырып тану. Ұсынылған сəйкестендіргішті 
заңды  пайдаланушыға  тиесілігін  тексеру  аутентификациялаупроцесінде 
жүргізіледі
Компьютерлердің  рұқсат  етілген  қол  жеткізудің  техникалық 
аппараттық-бағдарламалық  құралдары  ретінде  электронды  сəйкестен- 
дірудің əртүрлі құрылғылары қолданылады: iButton (ақпараттық таблетка), 
смарт-карталар,  USB-кілттер,  биометриялық  сканерлержəне  электрондық 
құлыптар. 
iButton(немесеTouch  Memory  —  контактілік  жады)  —  тұрақты 
жадысымен  микросхемасы  бар  болат  цилиндрлік  корпус  түрінде  жасалған 
электронды  сəйкестендіргіштер  тобы,  корпусқа  лазермен  бірегей 
тіркеулі48-биттікнөмір  енгізіледі.  Нөмір  комбинацияларының  саны  256 
трлн-ға  жетеді,  ол  осы  кодтың  кездейсоқ  сайлап  алуына  мүмкіндік 
бермейді. Корпус диаметрі 16,25 мм жəне биіктігі 3,10 мм немесе 5,89 мм 
шағын  цилиндр  болып  табылады.  Жоғарғы  қақпағы  цилиндрдің  басқа 
бөлігінен  электрлік  оқшауландырылған  жəне  деректермен  алмасу  үшін 
контакт  болып  табылады.  Цилиндрдің  төменгі  бөлігінің  пластмасс 
салпыншақ  немесе  пластикалық  картада  iButton  бекіту  үшінфланеці  бар 
жəне ортақ контакт болып табылады. 
 
Корпус  ішкі  схемаларды  электрмагниттік  өрістердің  ықпалынан 
қорғайды,  500G  дейін  механикалық  соққыға  жəне  1,5  м  биіктіктен  бетон 
еденге құлауғатөтеп береді. iButton  -40-тан +85 °С дейінгі температуралар 
диапазонында  10  жыл  бойы  сенімді  жұмыс  істеп,  оқығышпен1  млн  аса 
контактілерді қамтамасыз етеді. 
Оқығыштың(контактілік  адаптердің)  iButton-мендеректермен  алмасу 
бірізді  1-Wire  интерфейс  (бір  сым)  арқылы  корпус  пен  қақпақ  құрған  екі 
контакт бойынша жүргізіледі. 
Стандарттық  режимде  интерфейс  бойынша  ақпаратпен  алмасу 
жылдамдығы 16 кбит/с; жеделдетілген режимде  — 142 кбит/с құрайды, ол 
iButtonкорпусының  оқығыш  құрылғыларының  контактілеріне  тигеннен 
кейін 5 мс ішінде деректерді табыстау үшін жеткілікті. 
iButton  сəйкестендіргіштері  ТСҚ  үшін  деректермен  алмасу  жоқ  болған 
сəттерде  қоректі  интерфейс  бойынша  алып,  сыйымдылығы  шағын  ішкі 
конденсаторды жұмыс кернеуіне дейін қуаттайды. 
Сəйкестендіргіш  нөмірі  бар  ТСҚ  басқа,  iButton-ның  заманауи 
модификацияларыныңкем  дегенде  10  жыл  кіріктірілген  литий  гальвани 
элементтерінен жұмыс істейтін РТСҚ (64 кбит дейін), жедел сақтау 


304 
 
құрылғысы,  шынайы  уақыттың  сағат-күнтізбесі  бар.  Энергияға  тəуелсіз 
жадының  көлемі  қол  жеткізу  кодтарын  ғана  емес,  АКҚЖүшін  бірнеше 
құпия кілттерді сақтауға мүмкіндік береді. 
iButton-діДЭЕМ-ға  қосу  үшінстандартты  порттардың  (COM,  LPT 
жəнеUSB)  сигналдарын  1-Wire  интерфейсіне  түрлендіретін  əртүрлі 
оқығыштар шығарылады. 
iButton  пайдаланушыны  сəйкестендіруді  талап  ететін  əртүрлі 
жүйелерде:  ақпаратқа  қол  жеткізуді  жіктеуде,  режимдік  өтпелерде, 
электрондық құлыптардажəне т.б. кеңінен қолданылады. 
Смарт-карта  (интеллектуалдық  карта)  магниттік  жолағы  бар  кəдімгі 
пластикалық  кредиттік  картамен  салыстырғанда,  электрондық  схеманы 
қамтиды.  Кіріктірілген  схемаға  қарай  смарт-карталаржадысымен  пассивті 
карталарға жəне микропроцессоры бар белсенді карталарға бөлінеді. 
Жадысы бар па с с и в т і к с м а р т - к а р т а л а р ақпаратты сақтауға 
арналған.  Ақпаратқа  қол  жеткізу,  əдетте,  рұқсатсыз  оқудан  немесе 
деректерді жазудан қорғалған. 
А к ти в ті  с м а р т - к а р т а л а р д ың  жадыдан басқа  арнайы бағдарлама 
бойынша  жұмыс  істейтінк  іріктірілген  процессоры  бар,  ол  шифрлеудің 
əртүрлі  алгоритмдерінің  жəне  электрондық  цифрлық  қолтаңбаны 
қолданудың көмегімен ақпаратты тасымалдау, оқу немесе жазу барысында 
сақталатын  ақпаратты  қорғауды  жүзеге  асырады.  ТСҚ-да  процессордың 
орындалатын  коды  сақталады,  ал  оқу/жазу  үшін  қолжетімді  РТСҚ  нақты 
міндеттерді шешу  үшін əрбір құрылғыны баптауға немесе дербестендіруге 
мүмкіндік береді. 
Деректерді оқу үшін арнайы құрылғылар —картридерлер қолданылады. 
Ақпаратты  оқу  тəсілі  бойынша  карталар  түйіспелі  жəне  түйіспесіз  болып 
бөлінеді. 
Түйіспелі  смарт-карталаркартаның  металдық  түйіспелі  алаңшасы  мен 
картридерлер  контактілерінің  жанасуы  кезінде  оқығышпен  өзара 
əрекетесуге түсіп, 100 мың қосуға дейін мүмкіндік береді. 
КартридерлердістационарлықДЭЕМ-ға  орнату  үшін  жүйелі  блоктың 
стандарттық  сыртқы3,5-дюймдік  отсегі,  алPCMCIAноутбуктері  үшін  — 
слот  қолданылады.  Смарт-карталарды  оқу  құрылғылары  пернетақтаға 
кіріктірілуі  мүмкін.  Смарт-карталарды  сырттай  оқығыштар  компьютерге 
бірізді,  параллельді  интерфейстер  немесеUSB-порт  арқылы  қосылады. 
Картаны  оқығышқа  салу  300  кбит/с  дейінгі  жылдамдықпен  ДЭЕМ-мен 
ақпарат алмасу процесін автоматты түрде қосады. 
Картридерлер  əртүрлі  қорек  көздерінен:  өзінің  жеке  желілік  блогынан, 
ДЭЕМқорек  блогынан  немесе  үнемдеу  режиміне  автоматты  түрде  өтетін 
стандарттық гальваниэлементтерінен жұмыс істей алады. 
Т ү й і с п е с і з ( п а с с и в т і к )  с м а р т - к а р т а л а р д ың кіріккен индук- 


305 
 
тивтілігі  бар,  ол  электрмагниттік  өрістемикросхемалардың  қоректенуін 
қамтамасыз  етеді  жəне  деректермен  алмасу  радиосигналдарының 
радиоқабылдағыш  антеннасы  болып  табылады.  Оқу  құрылғысы  ДЭЕМ 
корпусының  ішінде  жасырын  орналаса  алады  жəне  смарт-карталардан  10  
см  дейінгі  қашықтықтан  сөмкелер,  портфельдер,  киім  жəне  əмияндар 
арқылы деректерді сенімді қаблдауды қамтамасыз етеді. 
Аралас карталардың бір мезетте түйіспелік алаңшасы да, индуктивтілік 
катушкасы бар кіріктірілген радиосхемасы да бар. 
Әр  смарт-картаның  жекебірегей  сериялық  нөмірі  —  дербес 
сəйкестендіргіш коды (ДСК-код, PIN-code) бар, оны ауыстыруға болмайды, 
себебі  өндірушімен  беріледі.  Дұрыс  емес  кодты  енгізгенде  карта  
бұғатталып  қалуы  мүмкін.  Картаның  беттік  жағында  иесін  қосымша 
визуалды аутентификациялау үшіноның суретін орналастыруға болады. 
Сериялық  нөмір  бойынша  сəйкестендіру,  деректерді  шифрлеу  жəне 
салаларды  құпия  кілттердің  көмегімен  аутентификациялауРҰҚЖ-дан 
сенімді  қорғауды  қамтамасыз  етеді.  Смарт-картмен  ақпарат  алмасу 
шифрленген  түрде  орындалады,  сондықтан  деректерді  қолға  түсіру  немесе 
өзгерту мүмкін емес. 
Әртүрлі өндірушілердің смарт-карталарының қызмет мерзімі 3...10 жыл 
құрайды.  Смарт-карталарды  сақтау  ыңғайлылығын  (ол  портмонеге  оңай 
орналастырады) оның күмəнсіз артықшылығы деп есептеуге болады. 
Смарт-карталарпайдаланушылардың  ДЭЕМ  қорғалған  ақпараттық 
ресурстарына қол жеткізу, шифрленген деректерді (құпиясөздер, кілттердің 
электронды  сертификаттары)  сақтау,  электронды  қолтаңбаларды  жасау 
жəне тексеру жəне т.б. үшін қолданылады. 
ДЭЕМ-ғы  ақпаратқа  биометриялық  қол  жеткізу  үшінаппараттық 
шығындар  бойынша  ең  қарапайым,  қол  саусақтарының  папиллярлы 
сызықтарының  өрнеулері  бойынша  аутентификациялау  тəсілі  — 
дактилоскопиялық  қол  жеткізу  қолданылады.  9.1-сур.  биометриялық 
құрылғылар ұсынылған. 
Бұл  тəсілде  қолдардың  барлық  10  саусақтарының  ізтаңбаларын 
қолдануға  болады  (кейін  кез  келген  саусақтың  ізтаңбасы  немесе  олардың 
комбинациясы бойынша сəйкестендіру). 
Бірінші сканердің жəне бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен қол 
саусақтарының  папиллярлы  сызықтарының  өзіндік  нүктелері  түрінде 
пайдаланушының  биометриялық  параметрлері  есептеледі.  Бұл  ақпарат 
құпиялы  болып  табылады  жəне  сақталуда  рұқсатсыз  қол  жеткізуден 
қорғалуы тиіс. 
Ізтаңбалардың  өздері  емес,  олардың  цифрлық  аналогтары  (үлгілері) 
сақталатындықтан,  олардан  шынайы  ізтаңбаны  қалпына  келтіру  мүмкін 
емес. 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау