Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Болашақта оқушылардың танымдық, физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін біліп, сабақ
үдерісінде ескере отырып оқушылардың белсенділіктерін арттыру. Сонымен қатар «Сыни тұрғыдан
ойлауға үйрету» модулін тиімді қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге
асырғым келеді.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Абдрашева Ләззат Сағатбекқызы
Сырдария ауданы Тереңөзек кенті №36 Ә.Тәжібаев атындағы
мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі
СЫНИ ТҰРҒЫДА ОЙЛАУ
Еліміздегі білім жүйесінің алдында тұрған басты мәселе - халқымыздың тәлімді тәрбиесі мен
әлемдік озық тәжірибеге негізделген тұлғаның жеке дамуын көздейтін нәтижеге бағытталған
әлемдік білім кеңістігіне шығу болып отыр. Осыған орай қарқынды дамып келе жатқан ортада
өмір сүруге қабілетті өзін - өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауы мен қоғам
талабына сай өзін көрсетуге бейім жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру бүгінгі
күннің талабы. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі озық тәжірибелі технология негізінде
оқушыларға білімді дайын күйінде бере салмай, алған білімді өмірлік қажеттіліктеріне сай
пайдаға асыра білуге үйрету жолдарын меңгертуде ұстаздық шеберлікті талап етеді.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары оқушылардың қызығушылығын арттырады, білім
сапалары көтеріледі, шығармашылықпен жұмыс жасауға, ойлауға, талдау жасап, өз
көзқарастарын қалыптастыруға үйретеді.
- Сабаққа белсенділігі жоғары, өздігінен жұмыс жасауға дағдылана алады.
- Оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы бірлестігі демократиялық сипат алады.
-Оқушы ойын еркін жеткізеді, өзіне деген сенім артады
- Жаңаны тез игеріп дұрыс түсінеді, салыстыра отырып қорытындылайды, болжам
жасайды.
Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз не?
Ойлау, оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау сияқты әрекет. Ол белсенді, тұжырымдалған, күрделі,
шын ойды айтатын құбылыс. Сыншыл ойлауды мазмұннан тыс уйретуге болмайды. Сыни
тұрғысынан ойлау оқушы тәжірибесінің белгілі бір мазмұны, күтілген нәтижесі, күнделікті
тұрмыс тіршілігі негізіне қатысты қаралса, онда ол аса ұтымды түрде үйретіледі.
Сыни тұрғысынан ойлауды үйрету оңай іс емес және ол бір деңгейде үйретіліп ұмытылып
қалатын іс емес. Сыни тұрғысынан ойлауды үйрететін нақты қадамдар да жоқ. Бірақ сыни
тұрғысынан ойлауды қолдайтын сыныпта жасалынатын бірнеше қолайлы жағдайлар мен оқушы
түсінігі бар. Сыни тұрғысынан ойлауды ынталандыратын мүмкіндікті туғызатын іс шаралар
төмендегілер;
-Сыни тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт беру керек, қолайлы мумкіндік жасау керек.
-Оқушыларға ойланып толғануға рұқсат берілу керек.
-Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабыл алыңыз
-Сабақтағы оқушылардың екпінді ісін қолдаңыз.
-Әрбір оқушының жасаған сынына және оның сын көзімен қарау қабілеттілігіне сенім
білдіріңіз.
-Сыни тұрғысынан ойлауды бағалаңыз.
Жоба үш фазадан тұрады.
Жобаның үш фазасы өздерінің қызметтеріне байланысты аталды: қызығушылықты ояту,
мағынаны тану және ой толғаныс. Бұл құрылым жұмыстың нұсқау бағыты ретінде қызмет
атқарып, басқа оқыту әдістеріне түсінік пен толықтырулар беру үшін бағдарламаның басында
көрсетіледі. Үйрену процесі фазаларының қысқаша суреттемесі құрылымның мағынасы мен
оның үйрету процесіне деген ықпалын білдіре алады. Алғашқы фаза, қызығушылықты ояту
оқушылардың бұрынғы білімдері мен сезімдеріне немесе әсерлеріне еніп, жаңа білімге мазмұн
қалап, болашақта зерттеу жүргізуге күш алуларына және топтық түсініктерді
161
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
қалыптастыруларына көмектеседі. Осы алғашқы фазада оқушылар бірінші рет болашаққа көз
жүгіртіп, ұғынып, жаңадан таныстырылған тақырыптарға зерттеу жүргізу үшін өз алдарына
мақсат қояды. Қызығушылықты ояту- оқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадам
болып табылады. Олар өз еркімен саналы түрде алға жылжитындықтарын немесе үйреілетін
тақырыпқа ентіндіктеріне шешім қабылдайды. Сонымен қатар оқушылардың жаңа идея мен
мәліметтерді үйренуге және оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей немесе сырттай
белсенді болатын- болмайтындықтарын шешуі де алғашқы фазада іске асады.
10 сыныпта «Иондық байланыс» тақырыбын өткенде оқушылар тақырып туралы хабардар
болғандықтан, оқулықтын беті көрсетіліп, электрондық оқулық пайдаланып, иондық байланыс
жөнінде ақпарат жинау тапсырылды. Оқушылар ақпаратты (жеке, жұпта, топта) талқылап,
сынып оқушыларына жариялайды. Кестені толтыру арқылы ионды және ковалентті байланысты
қосылыстардың қасиеттерін салыстырды. Сабақ қарама қарсы зарядталған иондардың бір біріне
тартылуына арналған ойынмен жалғасты.
Мысалы: Na
+
+ Cl
-
= NaCl ,бұлай өтілген сабақ оқушылардың ойында жақсы сақталады.
11 сыныпта «Альдегидтер» тақырыбын өткенде, оқушыларға тақырыпты айтпай ақ, жаңа
тақырып пен өткен тақырыпты былай байланыстырдым. Зерттханалық жұмыс жасату арқылы.
Этил спиртіне қыздырылған мыс сымды батырады. Оқушыларға тәжірибе барысында сезілген
иіске назар аудару ескертіледі. Сонда мыс сымды спиртшамда қыздырғанда сыртын қара қоңыр
мыс (II) оксиді қаптайды, ал спиртке
батырғанда қайта жылтырайды, осылай бірнеше рет қайталағаннан кейін спирттің иісі
жойылып мулде басқа иісті зат түзіледі. Яғни химиялық реакция жүргенін көреді. Осы кезде
оқушыларға сұрақтар қоямын. Ары қарай өздеріне реакция теңдеуін жазғызамын. Спиртті
алкоголь дейді, яғни мына теңдеуде алкоголь дегидрленеді. «Алкоголь дегидрленді» сөзінің
бастапқы буындарынан «Альдегид» сөзі шығады, яғни бүгінгі өтетін тақырыбымыз
«Альдегидтер» деп тақырып жазамыз. Содан кейін бір оқушыға қаныққан көмірсутектердің
гомологының формуласын, екінші оқушыға қаныққан көмірсутектердің бос радикалдарының
формуласын, үшінші оқушыға бір атомды қаныққан спирттің формуласын жазу тапсырылады.
Осындай жұмыс істеу арқылы өткен тақырыптар бойынша білімін бекітеді, жаңа тақырыппен
тікелей байланысты екеніне көз жеткізеді.
Мұғалімнің басты міндеттерінің бірі - әрбір оқушының өз мүмкіндігін, қабілетін және
икемділігін таныта білуіне жағдай жасау. Осы міндетті орындау үшін өзіме мынандай
сұрақтарды белгіледім.
а) Оқушылар өз бетінше білімін қалай тереңдете алады?
б) Білімді өмірмен байланыстыру дағдысын дамыту жолдары қандай?
Алдыма қойған сұрақтарды шешу үшін PWCT жобасы философиялық рөлі зор болды;
топпен жұмыс істеу түрін таңдап алдым.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
№37 орта мектеп Пәні: физика
Сыныбы: 10 Пән мұғалімі: Мамрайемова Л
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты ток тарауын қайталау
Жалпы мақсаттар
Тұрақты электр тогы тарауын қайталау арқылы оқушылардың білімдерін
жүйелеу. Негізгі физикалық шамаларды қайталай отырып, ток заңдарын,
өткізгіштерді қосу ретін еске түсіру, есептер шығара білуге дағдыландыру.
Оқушылардың тарау бойынша танымдық қызығушылығын арттыру. Оқу
материалының ең негізгісін таңдап алуға дағдыланады. Жеке тұлғалық
интеллектуалдық дамуы қалыптасады, оқушылар жеке, жұппен, топпен
жұмыс істейді. Ой қорыту, салыстыру, талдау дағдылары дамиды және өзін,
өзара бағалау жүргізеді.
Күтілетін нәтиже
Тұрақты токтың I, U, R физикалық шамаларға тәуелділігін түсіну. R –
кедергінің, Q – жылу мөлшерінің есептеу формуласын қорытып шығару.
162
Достарыңызбен бөлісу: |