Scientific Issues of the Modernity
25
Магистрант Алимова А. С., п. ғ. к. Абилхаирова Ж. А.
Қазақстан, Қызылорда, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті
Қазақстан, Қызылорда, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУІН ДАМЫТУ
ӘДІСТЕРІ
The article deals with the methods and techniques of development of
primary school children's coherent speech. Speech developing is the main
goal of primary school, because a child socialization in society is not
possible without its acqiring.
ХХІ ғасыр – жаңа технологиялардың өркендеген, жаһандану
үдерісі кеңінен етек жайған заман. Ақпарат құралдарының өркендеуіне
байланысты тілдің сөздік қоры жаңаруда, сондай-ақ тіл білімінің
арнасы да кеңеюде, білім беру саласындағы оқулықтар да уақыт
талабына сай өзгеру үстінде. Өйткені еліміздің болашағы, оның
материалдық және рухани дамуы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің
деңгейіне байланысты.
Тіл дамыту жұмысы - қиын да күрделі үдеріс. Бастауыш сынып
оқушыларының байланыстырып сөйлеуін дамыту балаларға тілді
меңгертудегі негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Бұл өз
кезегінде оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамытудың бала
тұлғасын қалыптастырудағы ролі мен әлеуметтік маңызы өте зор
екендігімен түсіндіріледі. Себебі тіл мен сөздің негізгі коммуникативті
қызметі байланыстырып сөйлеу арқылы жүзеге асады.
Байланыстырып сөйлеу дегеніміз - логика мен грамматиканың
заңы бойынша құрылған, белгілі бір тақырыпта аяқталған ойды
білдіретін және өзара байланысты азды-көпті бөліктерден тұратын
байланыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамытудағы ең алғашқы қадам –
сөздік жұмысы. М.Р.Львов: «Сөздік жұмысы – бұл оқушылардың жаңа
сөздерді меңгеруіне, олардың сөздік қорын байытуға бағытталған
жаттығулар жүйесі. Жүйелі және мақсат-бағдарлы сөздік жұмысының
негізінде балалар қиын сөздерді дұрыс айтуды және дұрыс жазуды
үйренеді, оны өздерінің ауызша және жазбаша сөйлеу тілінде
Proceedings of the International Scientific and Practical Conference
26
қолдануға дағдыланады», - деп сөздік жұмысының тек сөздіктермен
емес, әр түрлі бағыттағы жұмыстар екендігін атап көрсетеді [1].
Баланың мектепке келген күнінен бастап сөздік жұмысы мазмұнды,
жоспарлы, кезекті үдеріс ретінде жүргізілуі тиіс. Сөздік жұмысын мұғалім
жыл басында өзінің күнтізбелік жұмыс жоспарында жоспарлап,
бағдарламада көрсетілген материалдардың көлемінде оқушының өткен
немесе келешектегі білімін еске ала отырып жүргізуі қажет.
Мектептегі түрлі пәндерден оқушылар білім алумен қатар, сол
пәндерге тиісті терминдерді игереді. Мұндай сөздер қазақ тілінен
алған білімдерін қорландырып, сөздік қорын, сөйлеу дағдысы мен
жазу шеберлігін арттырады. Сөз мағыналарын есте сақтап, оларды
толық қайта жаңғырту ісіне оқушыларды үйретeуші - мектепте
бастауыш сынып мұғалімі. Сондықтан әр сабақты, яғни әр сабаққа
бөлінген 45 минутты тиімді етіп ұйымдастыра білу ісі мұғалімнен
ерекше шығармашылық жұмысты, ойлы да зерделі еңбекті талап етеді.
Бұны мұғалім «Ана тілі» сабақтарында жүргізілетін сөздік жұмысы,
оқушыларға мәтін бойынша жоспар құрғызу, көркем мәтінді ауызша,
жазбаша мазмұндату, шығарма жаздырту т.б. көптеген жұмыс
түрлеріне байланысты жүзеге асырады.
Сөздік жұмысы да, сөйлем құрау жұмыстары да оқушыларды
байланыстырып сөйлеуге даярлайды дей келе, әдіскер-ғалым
С.Рахметова байланыстырып сөйлеу жаттығуларының төмендегідей
түрлерін ұсынады:
1) сұрақтарға кеңейте жауап беру, әңгімелесу;
2) оқығанды талдауға, грамматикалық материалдарды өтуге
байланысты алуан түрлі мәтіндер мен жаттығулар;
3) бақылау күнделіктерін жүргізу;
4) оқығанды ауызша, жазбаша мазмұндау (әр түрлі нұсқада);
5) берілген тақырып, сурет бойынша, бақылау арқылы жинаған
материалдары туралы, басы немесе аяғы берілген материалдар туралы,
т.с.с. ауызша, жазбаша әңгіме құрастыру;
6) жаттап алған көркем мәтіндерді айту;
7) өз жанынан ертегі шығару, әдеби-көркем шығармалар
бастамасын айту;
8) үлгі мәтіндерді жазбаша мазмұндау;
9) мұғалімнің ұсынған мәтінін ауызша, жазбаша қайта құру
(ішінара әңгімелесу, мазмұндау, әңгімелесу мен мазмұндаудың
шығармашылық түрлері, әңгімелерді сахналау, т.б.);
10) оқыған
шығармаларды
немесе
өздері
құрастырған
әңгімелерді ауызша суреттеу, драмалаудың алуан түрлері, қиялында
экранға түсіру;
Scientific Issues of the Modernity
27
11) алуан түрлі жазбаша шығармалар;
12) газеттерге
мақала жазу, оқыған кітаптары, көрген
спектакльдері мен кинофильмдері жөнінде пікірлерін жазу (ерекше
жанрға шығарма);
13) хат жазу;
14) іс қағаздары; арыз, хабарландыру, құттықтаулар, жеделхат,
т.б. [2].
Бастауыш сынып оқушыларының байланыстырып сөйлеуін
дамытуда суреттің рөлі өте зор. Сурет бала сезіміне әсер етеді. Бала
күнделікті тұрмыста кездеспейтін заттар мен құбылыстарды сурет
арқылы көре алады. Сонымен қатар балаға сурет бұрыннан таныс
құбылыстарын тереңірек түсінуге септігін тигізеді, танымын
кеңейтеді, ақыл ойын, тілін дамытады, сөздік қорын байытады.
Суреттің байланыстырып сөйлеуді дамытуда екі түрі
қолданылады, олар: 1) жеке заттың суреттері; 2) мазмұнды суреттер.
Суреттер баланың байқағыштығын, қиялын дамытады, бейнелеу
өнерін түсінуге септігін тигізеді. Алдымен сурет бойынша мазмұндау
ауызша, әңгіме құрастыру түрінде болуы керек. Суретті сипаттау
мазмұндаудың ең қиын түрі. Бірінші сынып оқушылары суретті
сұрақтарға жауап беру арқылы сипаттайды, біріншіден, суреттің
тақырыбын
(суретте
не
бейнеленген),
екіншіден,
сурет
композициясын, заттардың орналасу ретін, үшіншіден, егер бар болса,
әрекетті, әрекет етуші тұлғаларды айқындайды. Соңында суреттің
идеялық мағынасын айтады.
Екінші сыныптан бастап, суретті өздігінен ауызша сипаттайды
("Суреттен нені көріп отырғаныңды әңгімелеп бер"). Сынып
жоғарылаған сайын суретті сипаттауға байланысты талаптар қиындай
түседі, талдау элементтері енгізіледі, балалардың байқағыштық
қабілеті дамиды.
Сонымен бастауыш сынып оқушыларының байланыстырып
сөйлеуін дамытуға байланысты жұмыстар жүйелі жүргізілсе, өз
нәтижесін берері сөзсіз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Львов М. Р. Основы теории речи. - М.:Академия, 2002.
2. Рахметова С. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту
әдістемесінің негіздері. -Алматы: Атамұра, 2011.