Дипломдармен мара пат тады. Олардың қатарында ауда ны­ мыздан Қанибай Айтымбетов бас­



жүктеу 397,88 Kb.
Pdf просмотр
бет3/4
Дата25.05.2018
өлшемі397,88 Kb.
#17677
түріДиплом
1   2   3   4

М.Мухатқожаұлы  1958  жылы  Қара­

қал пақстан  Республикасы,  Қызылқұм 

өңірін де дүниеге келген. №18 Т.Щевченко 

атындағы  мектеп­интернатты  1975  жылы 

бітірген.  1976­1978  жылдары  аралығында 

әскер  қатарына  қабыл да нып,  Отан 

алдындағы  борышын  өтейді.  1979­1981 

жылдар  аралығында  Мәскеу  қаласында 

№57  селолық  кәсіптік­техникалық  учи ­

  

лищесінде 



құрылысшы 

мамандығы 

бойын ша  білім  алған.  1981­1986  жыл­

дары  Ленинград  ауылшаруашылығы 

инс титутынан  зо о инженер  мамандығын 

алған.  Жас  маман  еңбек  жолын  Бозатау 

ауданына  қарас ты  Төрткүл  кеңшарында 

зоотехник  болудан  бастаған.  Жұмысқа 

ынта­ықыласы  мол  М.Ахметов  “Асыл 

тұқым”  мал  бордақылау  мекемесінің  бас 

директоры,  1997­2000  жылдары  Ауыл­

су  шаруашылығы  министрлігінің  вице­

министрі  жоғары  лауазымдарын  абы­

роймен атқарған.

Мәңгіліктің  өлшемі  шексіз.  Өмір 

жолы  өлшеулі.  Осы  қысқа  ғұмырда  ет 

бауыр  жақындарыңнан  ерте  айырылып 

қалу қандай қиын десеңші. Аяулы анамыз 



Ысқақова Маржанкүл Сарбасқызының 

4 маусым туған күнін туған­туыс, ағайын­

жұрт болып тойлар сәтімізде қамыға еске 

аламыз.  Жазмыштан  озмыш  жоқ.  Әттең! 

Бір  кем  дүние­ай  десеңші.  Анамыз  биыл 

тірі болғанда 51 жасқа толар еді­ау.



Қайран қалам өмірдің өткеніне,

Асыл ана мәңгіге кеткенің бе.

Қызығын өмірдің бұл көп көре алмай,

Сені  алар  ажал  арсыз  жеткені  ме,­

деп  қимасымызды  сағына  еске  алып,  рухына  құран  бағыштаймыз. 

Анамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.

Сағына еске алушы балалары Гүлжамал-Рубен,

 Жансая-Барбол.

ҚАРМАҚШЫ

таңы


3

30 мамыр

, 2015 жыл

«Саламатты Қазақстан - 2015» бағдарламасы

Тағдыр  мен  уақытқа  ешкім  қарсы 

тұра алмаған. Аяусыз ажалдың арамыздан 

қимасымыз  Нұрмаханов  Жақсылықты 

алып  кеткеніне  де  көзді  ашып  жұмғанша 

қырық  күн  болып  қалыпты.  Бақилық 

болғанына  әлі  сене  алмай,  асыл  бейнесін 

көз алдымызға елестетеміз.



Сізді аңсаумен қырық күн өтті арада,

Ойсырап қалды-ау орның сенің санада.

Жан әкешім, біздер сізді еске алып,

Бағыштаймыз құран жолын Аллаға.

Әкеміздің дүниеден өткеніне қырық күн 

толуына  орай  7  маусым  күні  сағат  11.00­

де  Сегізов  көшесі,  №25  үйде  қырық  күндік  құдайыжолы  беріледі. 

Қырқына  барлық  құда­жекжат,  ағайын­туыс,  әкемізді  білетін 

кісілерді, көрші­көлемді шақырамыз.



Сағына еске алып, қырқына шақырушы Нұрмахановтар 

әулеті.

Күні  кеше  ғана  арамызда  ақылшы  әке, 

бір  отбасының  тірегі  болған  ардақты  жан 

Төлеев  Жұмағазының  өмірден  өткеніне 

қырық  күн  болды.  Әкеміздің  ортамыздан 

кеткеніне  сенгіміз  келмейді.  Оның  жарқын 

бейнесін сағынамыз, есіктен кіріп келердей 

елеңдеп, іздейміз.

Ауыр ойлар еңсемізді жаншылап,

Жүргеніне төзген қандай жан шыдап.

Әкемізді біздер бүгін іздейміз,

Қимастықпен  көздің  жасы  там шы-

лап,­деп  қимасымыздың  Сейтжан  ақын 

көшесіндегі  үйінде  5  маусым  күні  сағат 

17.00­де қонақасы, 6 маусым күні сағат 11.00­де қырқы берілетінін 

хабарлап, оған ағайын­туыс, құда­жекжат, сыйластар мен көршілерді 

шақырамыз.

Еске алып, қырқына шақырушы зайыбы Хатшагүл, 

балалары, немерелері.

Адал  жар  бола  білген  асыл 

анамыз  Жүнісқызы  Раушанның 

арамыздан  кеткеніне  қырық  күн 

толғанда  қамыға  еске  аламыз. 

Айықпас 


дерттің 

қармағына 

ілініп, бір­ақ күнде бәрімізбен қош 

айтысып кете барды.



Өсірдің ұрпақ мәпелеп,

Орныңда қалды бәрі де.

Қызығын көріп жүрмедің,

Жүрмедің неге әлі де,­деп ана­

мыз ды  сағына  еске  алып,  Сегізов 

көшесі,  №22  үйдің  18  пәтерінде 

5  маусым  күні  қонақасы,  6  маусым  күні  қырық  күндік 

құдайыжолысын  береміз.  Оған  барлық  ағайын­туыс,  құда­

жекжат, сыйлас жандарды шақырамыз. 



Еске алып, қырқына шақырушы балалары,

 бауырлары.

САҒЫНЫШ БОП КЕТТІҢ АРАДАН

ҚЫРЫҚ КҮН ӨТІП БАРАДЫ

ТУҒАН КҮНІ ЕДІ

ҚЫРҚЫНА ШАҚЫРАМЫЗ

Жыл сайын көктемгі және күзгі 

мезгілдерде  ауданда  көркейту, 

көг  ал   дан дыру  және  са ни тарлық 

тазалық  айлық тары    жарияланып, 

аталмыш шара

 

лар ая сын да көптеген 



жұмыстар ат қа ры лып келеді.

Аудан басшысының бастамасы­

мен  жыл  сайын  осы  игілікті  шара 

аясында  ел  мүддесі  үшін    көптен 

шешілмей  келе  жатқан  түйінді 

іс тер дің 

шешімдері 

табылуда. 

Менің  естуімше  аудан  басшысы 

Нәжмадин 

Шамұратовтың 

бастамасымен кент  орталығындағы 

көшелерге 

жүргізіліп 

жатқан 

тазалық  жұмыстарына  бө лім  дер 



мен  кәсіпорындар  және  үкі 

 

меттік 



емес  ұйымдар,  сонымен  қатар  жеке 

тұрғындар  да  белсене  ара  ласуда. 

Нәтижесінде  қазіргі  таңда  көше­

лері


 

міз бұрынғы күндердегідей емес 

біршама  тәртіпке кел ті ріл    ген. Жеке 

тұрғындар  қыс  бойы  аулаларында 

жиналған  күл­қоқыстарын  қап шық

 ­

қа  салып,    ар найы  дайындалған 



орын

 

дарға  шы ғарып  қоюда.  Ал,  өз 



кезе гінде  қоқыс тар ды  «Туған  ел 

келбеті» ЖШС­нің   қоқыс таситын 

көліктері  арнайы  орындарға  шы­

ғарып тастауда. 

Деседе, «Бір құмалақ бір қарын 

майды  шірітеді»  демекші,  кейбір 

тұрғындар  арасында  өздерінің  ау

­

лаларын да  жылдар  бойы  жиналған 



қоқыстарын,  оның  ішінде  мал  қо­

ра ларындағы  мал  көңдері  мен  бұ­

зылған  үй­жайлар  мен  сарай лары­

ның  қалдықтарын,  одан  қалды 

ба  ла  ларының  күнделікті  кие тін 

жөргектерін  қапқа,  яки  целло­

фан  қалтаға  салып,  есік  алдарына 

шығарып  қояды.  Ал,    осы  қоқыс­

тарды  «Туған ел келбеті» ЖШС­нің 

қыз


 

мет керлері қорадан шыққан құм­

тас тарды  көтере  алмай  жатқанын 

көр генде  жұмысшыларға  жанымыз 

ашып кетеді.  

Иә,  «Тазалық­зор  байлық»  деп 

айтқандай,  тазалық  болған  жерде 

деннің саулығы мен көтеріңкі көңіл­

күй де болады.

Мен  Қайнарбаев  көшесінде 

тұрамын.  Көшеміз  кенті міз дегі  таза 

көшелердің қатарында.  Бірақ,  аяқ су 

жағы  қиындау болып тұр. Көшенің  

ортасы мен аяғына аяқ су келеді. Ол 

жерлерде өсіп тұрған  түрлі өскіндер 

де  сол  маңның  көркіне  көрік  беріп 

тұр. 

Сөзімді  түйіндей  келе  өзім­



нің  тазалық  жайында  қосар  пікірі­

ме  тоқталар  болсам,  тазалық  жұ­

мыс тары    тек    көктем  және  күз 

мезгілдерінде  аудан  басшысының 

тапсырмасымен  атқарылуы  керек 

емес, бұл жұмыс тар жыл көлемінде 

жүргізілуі тиіс. Осындай  игі шара­

ны  арасында  кеңінен  бұқар алық 

ақпар ат 

құралдарында, 

ең бек 

ететін  қызметтік  орындарда  кеңі­



нен  насихатталуы  қажет.  Нәти же лі 

жұмыс  көрсеткендерді  аудан  кө­

ле мін де  марапаттап,  ал  осы  жұ­

мыстарға  бей­жай  қарайтын  аза­

мат тарды    тәртіпке  шақыру  ке

 

рек. 



Тіпті,  тиісті  шаралар  көру  ар

 

қы лы 



айыппұлдар салуды ұсыныс етемін. 

Менің енді бір айта кетер ойым, 

көктемгі 

мезгілдерде, 

әсіресе 

биыл елімізде жаңбыр  көп жауып, 

қан ша ма  елді  мекенді  су  басты. 

Сол  сияқты  біздің  ауданда    өзге 

аймақтардағыдай  жаңбыр  жауар 

болса  қаншама  үй  суға  кетеді. 

Өйткені,  кент  көшелері  биіктеп 

кеткен,  үйлер  төмен  қалды.  Жол 

жиегінде  су  ағатын  арықтар  жоқ. 

Су  ағатын  (жиналатын)  арық  бол­

ма

 

ғанда  су  қайда  ағады.  Мұның 



шешімін    аудан  басшылары  жан­

жақ  ты қарастырса, сонымен қатар су 

тар татын арнайы көліктер аз. Бұның 

да мәселесі шешіледі деп ойлаймын.



А.БӘЙІМБЕТОВА,

кент тұрғыны.

ТАЗАЛЫҚ – 

ЖАН  РАХАТЫ

Өмірде шоқтығы биік, парасаты 

жоғары,  тұғыры  берік  азаматтар 

болады.  Баршаның  бақыты  үшін 

аянбай  еңбек  етіп,  тер  төккен 

мұндай  азаматтарды  қазақ  халқы 

ұлт қазынасы, ел байлығы санаған. 

Сана мағанда  ше?!  Бұл  қатардағы 

жандар өзінен гөрі өзгенің, басынан 

гөрі  басқаның  жай­күйін  көбірек 

ойлап, елмен етене өмір сүреді.  

Жұмыр басты пенде үшін өмір­

дегі  ең  жоғары  награда­хал қының 

Азаматы  атану  деп  ойлай мын.  Ал, 

Азамат  атану  бір  күннің  немесе 

бір  сәттің  мәселесі  емес.  Халық 

қалаулысы,  ел  елеулісі  атану­ұзақ 

жылдар бойы үзбей ізденіп, ерінбей 

еңбек  етуден,  терең  білім  мен 

біліктен,  адамгершілік  қасиеттер  

мен  кәсіби  шеберліктен  түзілетін 

саф алтындай  сом дүниеден тұрса 

керек. 

Қоғам  тынысын  дөп  басып, 



ондағы  адамдармен  тіл  табыса 

білу, қоғамдағы лайықты орныңды 

анықтап,  көптеген  келелі  істердің 

ұйытқысы  болу,  өмірдің  ыстық­

суығынан  өтіп,  мол  тәжірибе 

жинақ тау­азамат  ажарының  тағы 

бір  қайталанбас  қыры,  айшықты 

көрі нісі. 

Cөз  басын  бас  әріппен  жазы ла

 

тын 



Азамат  сөзінен  баста дық.  Азамат  сөзі 

қарапайымда  көп  қол да нылғанымен  нар 

жүгін  көтере  алатын,  артында  салмақты 

ізі,  салиқалы  ісі  бар,  жаны  мен  жүрегі 

“халқым”  деп  соғатын,  туған  елі  мен 

жерінің  жанашыры,  елге  сыйлы,  көпке 

құрметті,  жан­жағын  ортақ  мақсатқа 

жұмылдыра алатын, үлкенге ізетті, кішіге 

қамқор  да  құрметті  бола  білген  жандар 

ғана бұл сөздің шынайы иегерлері.

Азамат атқа лайықты жанның бірі менің 

ағам  Қалиев  Піртаза  Қалиұлы.  Ол  өзінің 

саналы  ғұмырын  Қармақшы  ауданының 

экономикасы  мен  әлеуетінің,  мәдениеті 

мен  әлеуметінің  артуына  арнаған  азамат. 

“..жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек” 

деп  дана  халқымыз  айтқандай,  қасиетті 

Қармақшы  халқының  аяулы  азаматынан, 

ардақты арысынан айырылғанына да биыл 

10 жыл толып отыр. Сарғайған сағынышқа 

толы,  аға  мейірімі  мен  жылы  алақанын 

аңсаған,  көңіл  көкжиегі  аса  қымбатты 

бауырын  іздеп  алабұртқан,  балалары  мен 

немерелері әке жүзін бір көруге зарыққан, 

жан  жүрегіміз  қимастықтың  кемесінде 

асылын күтумен өткізген 10 жыл. 

Ағамыз  Қалиев  Піртаза  Қалиұлы 

1936 жылы Қармақшы ауданына қарасты 

Төрткүл  ауылдық  Кеңесінде  дүниеге 

келген.  1955  жылы  Молотов  атындағы 

(қазіргі  №26  Ш.Уәлиханов  атындағы 

білім ұясы) мектепті озат бітіріп, Ташкент 

қаласындағы  қаржы­несие  институтына 

оқуға түседі. Жүрек қалауымен қаржыгер 

мамандығын  игеріп  шыққан  ағамыз 

қолына  дипломын  алып,  сол  жылы 

Қармақшы  аудандық  мемлекеттік  банкке 

инспектор болып қызметке қабылданады. 

Еңбекқорлық,  ізденімпаздық,  талмас 

талап  оны  қаржы  саласында  нағыз  сала 

майталманы  болып  қалыптасуына  үлкен 

ықпал етті. Ауданда аталған саланың жас 

маман  кадрларын  тәрбиелеуде,  оларды 

жауапты  жұмыстарға  тартуда  Пірекең 

ерекше  қамқорлық  көрсетті.  Көптеген 

жастардың кәсіби шеберліктерін шыңдап, 

олардың ұлағатты ұстазы атанды. 

Банкте  ол  аға  инспектор,  кейінірек 

банк басқарушысы лауазымына көтерілді. 

Мекемені  ұзақ жылдар абыроймен бас қа­

рып,  ұжымын  алға  жетеледі.  Қарапайым 

қаржыгерден  басшылық  деңгейге  дейін 

өсуі­оның  айналасындағы  адамдарды  игі 

іске  ұйымдастыра  білуі,  қажет  кезінде 

ел­халықтың  жанынан  табылып,  оларға 

ағалық  көмек  қолын  созуы,  ұжым 

мүшелерінің  ауызбірлігі  мен  ынтымағын 

арттыруы  ағамыздың  азаматтық  кел бе­

тінің,  адамгершілік    қасиетінің  ар қасы 

деп білеміз. Ағамыздың  табиғат сыйлаған 

айрықша қасиеті­ оның есте сақтау қабілеті 

болатын. Пірекең шешімі табыла бермейтін 

кейбір  мәселелердің  күрмеуін  тарқатуда 

да  көптеген  шаруалар  тындыратын. 

Ешқашан  жеңіл  көңіл­күйге  елітіп, 

асығыс  шешім  қабылдағанын  көзіміз 

көрмепті.  Қай  кезде  де  сабырлы,  сыйлы, 

салиқалы  мінезімен  біздерге,  соңынан 

ерген іні­қарындастарына үлгі бола білді. 

Сондай  інілерінің  бірі  Нұртілеу  Салықов 

өзінің  “Ғибратты  ғұмыр”  кітабында 

Пірекең  туралы  “Пірекең  екеуміздің 

сонау  жетпісінші  жылдардан  бері  бірге 

жүріп,  қызметтес,  көрші  болуымыз 

кездейсоқтық  болғанымен,  ағалы­інілі 

сый ластығымыздың  36  жылға  созылуы 

кездейсоқтық  емес.  Мен  білетін  Пірекең 

ешқашан  аптықпайтын,  шаптықпайтын, 

о  баста  тумысынан  жаралған  табиғи 

инабатты да ибалы сыпайылықты сақтап, 

бірқалыпты  жүруші  еді.  Пірекеңнің 

алдына  келген  үлкен  де,  кіші  де,  бәрі 

жаны  жабырқап,  жүдеп  шықпайтын, 

ылғи  да  бәрін  жібек  орамалмен  желпіп, 

көңілін  тауып,  мерейін  өсіріп  жіберетін. 

Сондықтан да артындағы інілері өздерінің 

қамқоршы  ағаларындай  сыйлаушы  еді...

Пірекеңді  арамызда  жоқ  деуге  тіпті  ауыз 

бармайды.  Әдеттегі  ағалық  қалпымен, 

әзілге мол түсіністікпен, маңайына мамыр 

шуағын  молынан  шашып,  ортамызда 

жүрген  секілді...”  деп  қамыға  еске  алса, 

ендігі  бір  інісі  Әбдібек  Байбарақов  ағасы 

жөнінде  “Ағам  сондай  жаны  жомарт, 

ақкөңіл  жан  еді.  Біздерге  жол  көрсетіп, 

ақыл­кеңесін  айтып  отыратын.  Жеңгеміз 

екеуінің  дастарханынан  дәм  татпаған 

адам  кемде­кем  болар.  Бұл  кісілердің 

қонақжайлылығын,  адамдармен  жылы 

қарым­қатынасын  айтпай  кету  мүмкін 

емес  шығар.  “Ағаның  үйі­ақ  жайлау” 

демекші,  көбіне  ағамыздың  қасынан  та­

былуға, сол кісімен    бірге уақыт өткізуге 

тыры  сатынбыз.  Жауапты  қызметте  бол­

ған дықтан  ол  кісі  де  босай  бермейтін. 

Сон дада  болса  біздерге  көңіл  бөліп, 

әңгімемізді  тыңдауға  уақыт  табатын.  

Ағамның да, жеңешемнің де қабақ шытқан 

кездерін  көрмеппіз.  Кеше  ғана  арамызда 

жүрген сияқты еді. 10 жыл уақыт сынаптай 

сырғи  өте  шығыпты”,­дейді 

сағынышпен.       

Ол кісінің тағы бір қыры­жан 

баласын  жатырқамайтындығы. 

Біреуді  біреуден  бөліп­жарып, 

ала ламайтындығы. Кімге бол са 

да  болсын деп тұратын, ағалық 

қамқорлығын жасаудан жалық­

пай тыны,  үлкендік  жолынан 

тай май тындығы 

бәрімізді 

тәнті  ете тін.  Әсіресе,  ағайын­туысқа, 

дос­бауырға  деген  ілтипаты  керемет  еді. 

Пірекең  кісі  таңдамайтын,  елмен  етене 

араласып кете беретін ерен мінез иесі еді­

ау, қайран аға!

Ол  осындай  кісілік  қасиеттерімен 

1982 жылы аудандық  статистика бөлі мі­

не  бастық  болып  ауысып,  құрметті  еңбек 

демалысына  шыққанға  дейін  ұжым­

дас тарының  қошеметіне  бөленді.  Қай 

қызметті атқарса да Азамат деген тұғырдан 

аласарған жоқ. 

Піртаза 


Қалиұлы 

бірнеше 


рет 

аудандық,  қыстақтық  Кеңеске  депутат 

болып  сайланды.  Қаржы  саласындағы 

қажырлы  еңбегі  ескеріліп,  бірнеше  рет 

мемлекеттік  наградаларға  ие  болды.  Ол 

КСРО  Мемлекеттік  Банкісінің  арнайы 

белгісімен  және  Құрмет  грамотасымен, 

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, облыстық 

Кеңес  атқару  комитетінің,  облыстық 

статистика басқармасының Құрмет гра мо­

та ларымен марапатталды. 

Ағамыз  қызметте  биік  асуларды  ба­

ғын дырса, отбасында адал жар, бала лары 

мен немерелерінің  асқар таудай әкесі бола 

білді. Өмірлік серігі Зауыткүл жеңгемізбен 

сүйкімді  ұл­қыздар  тәрбиелеп  өсірді. 

Бүгінде  жоғары  білімді  маман  атанған 

ағамыздың  балалары  тәуелсіз  Қазақстан 

экономикасының  нығаю  жолында  өз­

дерінің  сүбелі  үлестерін  қосып  жүрген 

жайлары  бар.  Өмірлеріне  өнеге  ізін  қал­

дырып,  тәлімді  тәрбие  берген  Азамат 

ұрпақтары қай кезде де әке есімін ұлықтап, 

аруағы  алдында  дұға  бағыштауды  естен 

шығарған емес. 

Әбду ҚАЛИЕВ,

 туған бауыры.  

БЕКЗАТ  БОЛМЫСТЫ

  

ПІР АҒА


ИМАНДЫЛЫҚ

Халқымыз “мешітті-Алла 

үйі” деп бекер айтпаған. 

Мешіттің жамағат үшін 

атқарар қызметі ұшан-

теңіз. Адамзат баласының 

ауызбірлікте, татулықта 

өмір сүріп, тамыр жаюында да  

дәстүрлі дініміздің алар орны 

ерекше. 

2014 жылдың қазан айында 

Т.Көмекбаев ауылында ауыл 

жұртшылығы  көптен күткен 

“Ақназар-Кедей” мешіті 

салтанатты түрде ашылды. 

Ашылған күнінен бастап осы 

мешітте бас имам Мырзағали 

Ахметов халыққа адал қызмет 

көрсетіп келеді.

Парентералдық вирустық гепатиттер­бұл бауыр­

ды зақымдайтын вирусты жұқпа. Вирустар адам ағ­

за сына  жарақаттанған  тері  және  шырышты  қабық­

шалар арқылы енеді. Парентералды вирусты тобына­

вирустық  гепатит  В,  D,  C,  F  жатады.  Вирустардың 

сыртқы  ортада  тұрақтылығы  өте  жоғары  бөлме 

температурасында, заттардың бетінде 3 айдан 6 айға 

дейін, мұздатылған күйінде 15­25 жылға дейін сақ­

та лады. 

Парентералдық  вирустық  гепатиттер  жұғу 

жолдарына  тоқталар  болсақ,  ол  табиғи  және 

жасанды  жолдармен  беріледі.  Табиғи  жолдар 

жыныстық  қарым–қатынас  арқылы  және  анадан 

балаға  (бала  жолдасы  арқылы  және  босану  кезінде 

туу  жолдарымен)  беріледі.  Қарым­қатынас  арқылы 

берілу жолы маңыздырақ. 

Вирустық  гепатиттің  қарым­қатынас  арқылы 

берілуін  айта  кетер  болсақ,  ол  жеке  қолданатын 

заттарды  науқаспен  бірге  пайдаланған  кезде 

(қырыну  заттары,  маникюрлық  құралдар,  жөке, 

тарақ, төсек жабдықтар), бөлмедегі қанмен ластанған 

әртүрлі  заттармен  жанасқанда  (қарым­қатынаста 

болғандардың  кесіп  алған  жаралары  және  кішкене 

жарақаттары) және көшеде төбелескен кезде жұғуы 

мүмкін (қан, жара арқылы). 

Жасанды  берілу  жолы  қазіргі  уақытта 

медициналық  парентералдық  араласу  кезінде  емес, 

көбіне  ине  арқылы,  есірткіні  бір  инемен  енгізгенде 

немесе  вирус  жұқтырылған  есірткі  арқылы.  Жұғу 

қауіпі  косметологиялық  процедуралар–татуировка, 

пирсинг,  маникюр,  педикюр  жасаған  кезде, 

медициналық  манипуляциялар  кезінде,  сонымен 

қатар қан құю, инъекция жасау, гемодиализ кезінде, 

тіс жұлу және емдеу, әртүрлі хирургиялық араласуда, 

ота 


операциясы, 

лабораториялық­аспаптық 

зерттеулер кезінде жоғары. 

Сонымен  қатар,  вирусты  гепатиттің  алдын  алу 

шараларының  бірі  вирустық  «В»  гепатитке  қарсы 

егу.  Ал,  вакцинацияға  жататындар  жаңа  туылған 

нәрестелер,  жедел  және  созылмалы  гепатит  «В» 

науқастары бар жанұяның балалары мен ересектері, 

қан  және  оның  препараттарын  үнемі  қабылдайтын 

балалар  мен  ересектер,  гемодиализдегі  және 

онкогематологиялық  науқастар,  қанмен  және  басқа 

да биологиялық сұйықтықтармен жұмыс жасайтын 

медициналық  қызметкерлер,  жоғары  және  орта 

медициналық оқу орындарының студенттері. 

Аса  маңызды  алдын  алу  шараларының  бірі 

қауіпті  жүрісті  доғаруын  ескертуге  тоқталсақ, 

ешқашан  есірткіні  қолданбау  және  онымен  экс­

пери мент  жасамау,  косметологиялық  процедура­

лар ды  (татуировка,  персинг,  маникюр,  педикюр) 

арнайы  лицензиясы  бар  мекемелерде  жасату,  жеке 

бас гигиенасы заттарын әр адамның жеке қолдануы 

(қырыну мен маникюр құралдары, тіс щеткасы, бет 

орамал,  қайшы,  тарақ  жөке  және  орамал)  болып 

табылады. 



Шолпан ШАЙМАНОВА, 

Қызылорда облыстық санитариялық-

эпидемиологиялық сараптама орталығы 

РМҚК-ның Қармақшы аудандық филиалының  

бактериологиялық лаборанты.

ПАРЕНТЕРАЛДЫҚ ВИРУСТЫҚ 

ГЕПАТИТТЕР 

Көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық айы

Туған  елді,  жерді  аңсау,  оның  киелі 

топырағына  тәу  ету­жүрегі  қазақ  деп 

соққан 


шетелдегі 

әрбір 


азаматтың 

арманы.  Осындай  тілекпен  ой  кешкен 

Мырзағали  Ахметовтің  де  көптен  күткен 

арманы  орындалып,  қазақ  топырағына 

табаны  тиеді.  Тараз  қаласына  көшіп 

келген  қандасымыз  2000­2003  жылдары 

аралықтарында  әртүрлі  жұмыстар  істейді. 

2003­2006  жылдары  аралығында  Тараз 

мемлекеттік  институтынан  “Заңгер  және 

тарихшы”  мамандығы  бойынша  білім 

алады.  Жамбыл  облыстық  жасөспірімдер 

үйі  мекемесінде  тәрбиеші  бола  жүріп  ол 

дінге,  имандылыққа  бет  бұрады.  Оның 

ислам  дініне  деген  сүйіспеншілігі  2010­

2012  жылдары  аралығында  “Хибатулла 

ат­Тарази”  медресесінде  діни  білім  алуға  

жетелейді. Бұған дейін де ораза ұстап, бес 

уақыт  намазын  қалт  жібермейтін  ағамыз 

діни сауаттану жолында біраз еңбектенеді. 

Кітапханаларда кітаптар ақтарып, теология 

ғылымымен  танысады.  “Ғасыр  өмір  сүр­

ғасыр  оқы,ізден”  деген  бабалар  қағидасын 

ұстанатын  ауыл  мешітінің  бас  имамы 

бүгінде  оқуын  жалғастыру  үстінде.  Ол 

Самарқанд шаһарындағы “МирАрабАмир” 

медресесінде сырттай оқуда. 2 ұл, 3 қыз бен 

5  немеренің  қамқоршы  әкесі  өзінің  ислам 

діні  жолында  ауыл  жамағатына  сапалы 

қызмет көрсетіп жатқанын қуана жеткізді.

­Мен  Т.Көмекбаев  ауылына  “Ақназар­

Кедей” мешітінің іргетасы қаланып жатқан 

кезде келгенмін. 4 қазанда мешіттің ашылу 

салтанаты  болды.  Ауылға  отбасымызбен, 

бала­шағамызбен көшіп келдік. Содан бері 

мешітте бас имамдық қызмет атқарудамын. 

Мешітте  30­35  бала  арабша  хат  танып, 

намаз сабақтарын алуда. Ислами тәрбиеге, 

адамгершілікке,  ибалыққа  баулудамын. 

Ауыл  жастарымен  де  етене  жұмыс 

жасаймын.  Мешітке  жасы  15­ке  толған, 

одан  кішкентай  ер  балалар  мен  қыз 

балалар да келеді. Мешіт имам ағзам Әбу­

Ханифа мәсхабын, яғни дәстүрлі дінімізді 

ұстанады.  Дін­өте  нәзік  әрі  күрделі 

құбылыс.  Халықтың  діни  сауатының 

аздығын  пайдаланып  қалуды  мақсат  еткен 

көптеген  діни  ағымдар  мен  секталардың 

жан­жағымызда  қаптап  жүргені  жасырын 

емес.  Біреулері  ислам  дінін  жамылып,  өз 

пиғылдарын  іске  асыруды  көздесе,  енді 

біреулері  мұсылман  бауырларымызды  жат 

дінге өтуге итермелеп, қитұрқы әрекеттерге 

баруда.  Дін  күресінде  адам  қолына  қару 

алып,  ашық  шайқаспайды.  Дегенмен 

рухани  жағынан  азғындап,  сананы 

білдіртпей  улау,  арам  ниеттерін  жүзеге 

асыру­мысық пиғылдылардың басты қаруы 

болып алған. Діни сауаты аз немесе діннен 

алыстау  жастарымыздың  секташылар  мен 

түрлі  ағымдардың  құрған  торына  оп­оңай 

түсіп,  соның  құрбаны  болып  жататыны 

сондықтан.  Осы  ретте  жасөспірімдер 

мен  жастарға  түсіндірмелер  жасаймыз. 

Көкейлеріндегі  сұрақтарына  жауаптар 

береміз. Толғандырып, ойландырып жүрген 

мәселелері болса ортақ шешуге тырысамыз. 

Мектепте  дінтану  пәні  жүретіні  белгілі. 

Арасында  уақыт  тауып  білім  ордасында 

боламыз. Оқушылармен кездесулер өткізіп, 

пікір алмасамыз. Қорыта айтқанда, асыл да 

ардақты  дінімізді  насихаттап,  дәріптеуде 

жүйелі  жұмыстар  жүргізіп  келеміз,­дейді 

бас имам бізбен әңгімесінде. 

Мырзағали  ағамыз  мешіт  қызметшісі 

болумен  қатар,  салауатты  өмір  салтын 

қалыптастырушы да. Жас  кезінен спортпен 

тұрақты  шұғылданады.  Ат  спортымен 

және  шығыс  жекпе­жегімен  айналысады. 

Шығыс  жекпе­жегінен  ІІ­дан  және  “қара 

белбеу” иегері. Ол балаларды имандылыққа 

баураумен  бірге,  спортқа  да  тәрбиелеп 

жүрген ізгі жан. 

­Жалаңтөс 

Баһадүр 


Самарқандты 

билеп  тұрған  шақта  Мақтум  Азаамды 

Самарқандқа 

шақыртып, 

сұлтанның 

жанында  шариат  істері  басқармасын 

басқартқан.  Дәуірінде  танымал  ғұлама 

болған. Халық арасында “Мағзаман әулие” 

атанған.  Осы  кісінің  Һақназар,  халық 

арасында  Ақназар  аталып  кеткен  жалғыз 

ұлы  болған.  Ғұлама  “ахун­ишан”  деген 

дәреже  алған.  Мағзаман  бабаның  жалғыз 

ұлы  болғандықтан  Кедей  деген  кісі  оны 

“өкіл”  немесе  “қияметтік  бала”  ретінде 

асырап  алған.  Сол  себепті  де  “Ақназар­

Кедей”  атымен  көпке  танылған.  Ғұлама 

“Майлыбас” деген елді мекенде жерленген. 

Ишанның  ұрпақтары  Алла  разылығы 

және  халық  игілігі  үшін  осы  мешітті  өз 

қаражаттарына салып берді. Баба атындағы 

мешітте  қызмет  еткеніме  қуаныштымын. 

Имандылық шуақ шашқан жерде әрқашан 

бірлік,  береке,  бақыт  өркен  жаяды,­дейді 

Мырзағали Ахметов жылы жүзбен.



Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ.

НАСИХАТШЫСЫ



Ғибратты ғұмыр


жүктеу 397,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау