Бағдарламасы бакалавриат



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет4/16
Дата25.05.2018
өлшемі0,5 Mb.
#17675
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

11 

 

Ғылыми  зерттеулер  мен  таным  ретіндегі  радиациялық  гигиенаның  шығу 



және  даму  тарихы. В.К.  Рентген,  А.  Беккерель,  Э.Резерфордың  XIX  ғасырдың 

соңында  иондаушы  сәулелер  саласында  ашқан  әйгілі  жаңалыктары.  XX 

ғасырдың  басындағы  ғалымдар  Ф.  Жолио-Кюри,  М.  Кюри,  Д.Ж.  Чедвик,  Д.Д. 

Иваненко,  Э.  Фермидің  қосқан  үлестері.  Рентген  және  радий  сәулелерінен 

қорғану  бойынша  Бүкілхалыктық  комиссия  (І928  ж),  одан  кейін  радиациялық 

қорғану бойынша Бүкілхалыктық комиссия құрылды. 

Радиациялық  гигиена  -  гигиена  ғылымыньң  жаңа  өз  бетінше  саласы 

ретінде. Оның XX ғасырдың 40-шы жылдарындағы дамуы. Атомдык энергияны 

әскери  және  бейбіт  мақсатта  қолдану.  Атомдық  бомбаны  жасау  және  қолдану 

(Хиросима,  Нагасаки).  Қазақстан  территориясындағы  ядролық  қарудың  көп 

жылдық сынақтары (Семей сынақ полигоны, «Азғыр», «Капустин Яр» және т.б. 

полигондар).  Атомдық  өнеркәсіптің  дамуы  (атомдық  электростанциялар, 

гамма-сәулеленулер,  өлшегіш  аспаптар).  Ресей  ғалымдары  И.В  Курчатов, 

Ф.Г.Кротков,  В.А.  Книжниковтың  радиациялық  гигиенаның  дамуындағы 

қосқан үлестері. 

Радиациялық гигиена мен санитариялық тәжірибенің негізгі мақсаты және 

міндеттері.  Иондаушы  сәулелерді  қолдану  саласында  және  тұрғындардың 

радиациялық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етудегі  радиациялық  гигиенаның 

міндеттері.  Радиациялық-гигиеналық  зерттеулерде  қолданылатын  әдістер  -

дозиметрия, радиометрия, спектрометрия, радиохимиялық анализ және т.б. 

Кәсіптік  топтар  мен  бүкіл  тұрғындардың  радиациялық  қауіпсіздігін 

қамтамасыз  етудегі  Қазақстан  Республикасының  заңдылық  құжаттары.  ҚР 

Конституция  баптары,  «Тұрғындардың  радиациялық  қауіпсіздігі  жөнінде», 

заңдары,  «Радиациялық  кауіпсіздік  нормалы  (РҚН-99),  СЕ  2.6.1.758-99», 

«Семей 

сынақ 


ядролық 

полигонын 

жабу 

жөніндегі», 



«Қазақстан 

Республикасындағы азаматтар денсаулық жағдайын жақсарту бойынша бірінші 

кезектегі  шаралар  жөніндегі»  ҚР  Президентінің  Жарлықтары  және  тағы  басқа 

құқықтық пен нормативтік актілер. 

 

Радиацнялық гигиенадағы ядролық физнка элементтері 

Радиациялык  гигиенадағы  ядролық  физика  элементтері.  Радиобелсенділік 

жөніндегі  түсінік,  осы  құбылыстың  табиғаты  мен  маңызы.  Радиобелсенді 

айналулар. Радиобелсенді айналулар түрлері: альфа-ыдырау, электрондық бета-

ыдырау,  позитрондық  бета-ыдырау,  К-қармау,  ядролардың 

бөлінуі, 

термоядролық  реакциялар.  Радиоактивті  ыдыраудьң  негізгі  заңы,  оның 

анықтамасы.  Радионуклидтердің  белсенділігі,  жартылай  ыдырау  жөніндегі 

түсінік. Си жүйесіндегі өлшеу бірлігі - беккерель (Бк) және жүйеден тыс - кюри 

(Ки) және олардың туындылары. 

Иондаушы  сәулелер  (гамма-кванттар,  рентген  сәулелену,  альфа-

бөлшектер,  бета-бөлшектер,  нейтрондық  сәулелену),  олардың  табиғаты, 

сипаттамасы.  Иондаушы  қабілеттілігі,  өткізгіштік  қабілеттілігі,  сәулелену 

энергиясы.  Иоңдаушы  сәулеленудің  заттармен  өзара  әсерлесу  түрлері. 




12 

 

Сеулелену  дозасы.  Экспозициялық  доза,  жұтылған  доза,  ішкі  және  сыртқы 



сәулеленуге  ұшыраудың  эквивалентті  дозасы,  эффективті  доза,  болжамдап 

кұтілетін    эквивалентті  (эффективті)  доза,  ағзаға  арналған  доза,  эффективті 

ұжымдық  доза.  Олардың  Си  жүйесіндегі  өлшеу  бірліктері  -  Кл/кг,  грей  (Гр), 

зиверт  (Зв)  және  жүйеден  тыс  -  рентген  (Р),  рад,  бэр.  Сәулелену  түріне 

байланысты  өлшенетін  коэффиценттер  жөніндегі  түсінік.  Доза  қуаттылығы 

жөніңдегі түсінік. Доэа қуаттылығьның өлшем бірліктері. 

 

Иондаушы сәулелерді тіркеу әдістері 

Иондаушы сәулелер көздері, олардың сипаттамасы және иондаушы 

сәулелердің биологиялық әсері 

Радиациялық  фон,  табиғи  радиациялық  фон  (ТРФ),  технологиялық 

өзгерген  ТРФ  және  жасанды  радиациялық  фон  түсініктері.  Табиғи  иондаушы 

сәулелер  көздері.  Космостық  сәулелену.  Біріншілік  және  екіншілік  космостық 

сәулеленулер.  Уран,  радий,  торий,  актинийдің  табиғи  радиобелсенді 

тұқымдастары.  Шашыраңқы  радиобелсенді  элементтер.  Тау  жыныстарының, 

топырақтың,  жер  асты  және  беткей  су  көздерінің,  атмосфераның,  құрылыс 

материалдарының  табиғи  радиобелсенділігі  сипаттамасы.  Өсімдіктер  мен 

жануарлар  ағзасындағы  табиғи  радиобелсенділіктің  сипаттамасы.  Табиғи 

радиациялық фон есебінен адамның сәулеленуге ұшырау дозалары. 

Биологиялық  субстратқа  иоңдаушы  сәулелердің  әсер  ету  ерекшеліктері. 

Иондаушы  радиация  әсері  кезіндегі  ағазада  болатын  біріншілік  үрдістер. 

Иондаушы  сәулелердің  жасушаға,  көп  жасушалы  ағзаға  әсері.  Иондаушы 

сәулелердің жылы қанды жануарлар ағзасына әсер ету ерекшеліктері. 

Адамның  сыртқы  және  ішкі  сәулеленуге  ұшырауы.  Радиосезімталдық 

туралы  түсінік.  Сезімтал  ағзалар  топтары.  Биологиялық  әсердің  иоңдаушы 

сәулелердің  дозасына,  сулеленуге  ұшыраған  тіндердің  көлемдік  мөлшері  мен 

сипатына  тәуелділігі.  Аса  маңызды  биологиялық  реакциялар:  жедел 

зақымданулар мен оқшауланған салдар. Детерминирленген және стохастикалық 

әсерлер. 

 

Адамға радиациялык әсерлерді гигиеналык нормалау және болжамдау 

Радиациялық  гигиенадағы  гигиеналық  нормалау.  Иондаушы  сәулелер 

әсерлері  жөніндегі  қазіргі  кездегі  көз-қараста  бақылауға  алынған  жағдайдағы 

техногенді  сәулеленуге  ұшырауындағы  негізгі  регламенттелетін  мөлшерді 

негіздеу. 

"Доза-эффект" 

табалдырыктық 

емес 


сызыктық 

тәуелділік 

концепциясы.  Иондаушы  радиацияның  аз  дозаларының  мәселелері.  "Доза  -

эффект"  тәуелділігінің  математикалық  модельдері.  Стохастикалық  әсерлердің 

пайда  болуының  абсолюттік  және  салыстырмалы  қауіп-қатер  модельдері. 

Қабылдауға болатын қауіп-қатер концепциясы. 

"Радиациялық  қауіпсіздік  нормаларына  (РҚН-99)"  сәйкес  радиациялық 

қауіпсіздік принциптері. 

Сәулеленуге ұшыраған адамдардың санаттары. 



жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау