Оқушылардың салауатты тамақтануы туралы əңгіме



жүктеу 5,28 Kb.
Pdf просмотр
бет6/37
Дата25.05.2018
өлшемі5,28 Kb.
#17628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

 
22
Тағамдарда  сонымен  қатар  флеворлік  деп  аталынатын  заттар  да 
болады–  олар  тағамға  түс,  дəм,  иіс,  хош  иіс  береді.  Тағамда  өте  шағын 
мөлшерде болатын бұл заттардың тəбетке үлкен əсері байқалады.  
Барлық  тағамдық  заттар  мен  талшық  адам  организміне  аса  қажетті 
жəне  маңызды.  Оларды  адамдар  қалыпты  өмір  сүруді,  өсу  мен  дамуды, 
денсаулықты  жəне  түрлі  аурулардың  алдын  алу  қызметтерін    қамтамасыз 
ету  үшін    жеткілікті  көлемде  қабылдауы  қажет.  Алайда  бəрінің  шамадан 
артық  болмағаны  абзал – тағамдық  заттарды  көп  қабылдауға  болмайды, 
өйткені бұл жағдайда керексіз өзгерістер басталады. 
Жасына  байланысты  тағамдық  заттарға  деген  мұқтаждық  шамасы  да 
өзгеріп  отырады.  Ересек  адамға  қарағанда  жас  өскін  организміндегі 
қажеттілік  əлдеқайда  жоғары,  ал  қарттармен  салыстырғанда  ересектердің 
де  қажеттілігі  жоғары  екені  рас.  Кейбір  нутриенттер  кейде  тағаммен  өсу 
мен даму жəне науқастықтан кейін қалыпқа келу үшін жеткіліксіз көлемде 
түседі.  Бұл  жағдайларда  қажеттілікті  өтеу  үшін  тағаммен  бірге  қосымша 
биологиялық белсенді тағамдық қоспаларды (ББҚ) қабылдауға тура келеді. 
Алайда  ББҚ  өздігімен  толыққұнды  тамақтануды  алмастыра  алмайды. 
Тағамдық заттар адам организміне құрамында сан алуан нутриенттер жəне 
сонымен байланысқан құрамдастарымен тағамдық азық-түліктермен түсуі 
керек, өйткені олардың өзі адамның денінің саулығына аса маңызды.  
 
ТАҒАМДЫҚ ЗАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ АДАМ ОРГАНИЗМІНІҢ 
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ МҰҚТАЖДЫҒЫНА СƏЙКЕСТІГІ 
 
Көптеген адамдар, оның ішінде оқушылар да калорияны организм 
қажеттілігінен артық қабылдайды. Сондықтан организмге түсетін 
тағамдық заттар мөлшері қажеттіліктен əлдеқайда жоғары. Тамақтану 
кезінде тағаммен бірге жеткілікті тағамдық заттарды қабылдауға кеңес 
етіледі, ал калория мөлшері шектеулі болуы керек. Басқалай айтсақ, 
тамақтануға кеңестер бойынша тағаммен түсетін тағамдық заттар мен 
калория қатаң бақылануы керек. Оқушыларға түсетін тағамдық заттар мен 
калория қалыпты өсу мен дамуды, еңбекке жоғары қабілеттілікті, жақсы 
денсаулықты жəне бұрыс тамақтанудан пайда болатын көптеген 
аурулардың алдын алуды қамтамасыз етуі керек.  
Салауатты тамақтанудың негізгі постулаты – бұл тағамдық заттар мен 
калорияның көлемі қалыпты өсу мен дамуға, денсаулықты сақтауға 
қаншасы керек болса, соншасын ғана қабылдау керек. Сонымен қатар 
тағамдық заттар негізінен тамақпен түсуі керек.  Мұның маңыздылығы 
тағамдық өнімдердің құрамына тек қана тағамдық заттар (белоктар, 
майлар, көмірсулар, витаминдер мен минералдар) емес, адамға қажетті 
өзге де жүздеген қосындылар кіретіндігінде.  Бұндай қосындыларға 


 
23
Жоғары құндылықты 
тағамдар  
9
 
Көкөністер, жемістер жəне 
жидектер 
9
 
Тазартылмаған дəндік 
тағамдар (қарақұмық, сұлы, 
ірі тартылған ұннан жасалған 
нан жəне т.б.) 
9
 
Майлылығы кем ет жəне сүт 
тағамдары 
9
 
Балық тағамдары 
9
 
Ас бұршақтар – ас бұршақ, 
бұршақ, ноқат, маш, 
жасамық 
каротиноидтар, флавоноидтар, изофлавондар, протеаза ингибиторлары 
жəне т.б. кіреді. Олар созылмалы аурулардан тиімді қорғайды жəне 
қалыпты өсу мен даму үшін аса маңызды.  
Тағамда микронутриенттердің (витаминдердің, микроэлементтердің) 
жеткіліксіздік жағдайы сирек кездесетін оқиға емес. Бұндай жағдайларда 
ББҚ қабылдау қажеттілігі туындайды, олар əдетінде аз мөлшерде 
пайдаланылады, алайда олар адам организміне аса қажетті тағамдық 
заттардың, əсіресе микронутриенттердің қосымша көзі. Кейбір тағамдық 
өнімдердің тапшылығын ел арасында таралған микронутриенттерді 
байыту арқылы кемітуге кеңес беріледі. Байтудың бұл түрі фортификация 
деп аталынады. Мысалы, фортификацияланған тағамдық өнімдерге 
темірмен байытылған бидай ұны немесе йодпен байытылған тұз жатады. 
Мұндай фортификацияланған тағамдарды пайдалану анемия дамуын, йод 
жетіспеушілікті жəне адамдардың, сонымен қатар оқушылардың да 
ауруларының ішіндегі назар аударарлық кейбір ауыр түрлерінің алдын 
алып болдырмауға көмектеседі.   
 
ЖОҒАРЫ ТАҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕР 
 
Тағамдық құндылығы жоғары 
азық-түліктер – бұларға жеткілікті 
мөлшерде толыққұнды 
алмастырылмайтын амин 
қышқылдарына бай белоктар, 
витаминдер мен минералдық 
заттардың (микронутриенттер) 
түсуін қамтамасыз ететін, бірақ 
төмен деңгейлі калориялық 
тағамдық өнімдер жатады.   
Керісінше, калорияға аса бай, бірақ 
нутриенттік құрамы жұтаң тағамдар 
тағамдық құндылығы кем өнімдерге 
жатады. Тағамдық құндылығы кем 
тағамдық өнімдер мен сусындарды 
неғұрлым көп қабылдаса, соғұрлым 
дене салмағын арттырмай қажетті 
нутриенттер мөлшерін қабылдау 
қиынға түседі. Бұл, əсіресе кем қимылдылық өмір қалпын кешетін 
жандарға тиесілі. Кейбір тағамдар энергияға бай болғанымен тағамдық 
құндылығы кем азық-түліктерге (тəттілер, жануар майлары) жатады.  
 


 
24
Тағамдық азық-түліктердің 
негізгі тобы  
9
 
Көкөністер, жемістер жəне 
жидектер 
9
 
Дəнді дақылдар (нан жəне 
нан-күлшелік өнімдер, 
жармалар, макарондық 
өнімдер) 
9
 
Ет жəне ет өнімдері 
9
 
Балық жəне балық өнімдері 
9
 
Жұмыртқа  
9
 
Ас бұршақтар 
9
 
Тағамдық майлар (өсімдік  
жəне жануар тектес майлар) 
Өзге сөзбен айтқанда, майлылығы төмен жəне тез сіңетін көмірсулары 
аз  тағамдарды  пайдалану,  яғни  тағамдық  құндылығы  жоғары  тағамдарды 
қабылдау  салауатты  тамақтанудың  негізі  болып  саналады.  Өкінішке  орай 
көптеген  адамдар  бұл  кеңестік  нұсқауларды  орындамайды – олардың 
рационы қаныққан майлар мен көмірсуларға арқа сүйейді.  
Егер  рационда  тағамдық  құндылығы  жоғары  тағамдық  азық-түліктер 
басым болса, бұл керек емес калория мен көмірсулардың түсуін шектейді. 
 
ТАМАҚТАНУДЫҢ ƏРТҮРЛІЛІГІ 
 
Мектепке дейінгі жəне мектеп 
жасындағы балалардың тағам 
рационына барлық негізі тағамдық 
азық-түлік топтары енуі керек – 
көкөністер, жемістер мен жидектер, 
дəндік (нан жəне нанкүлшелік 
тағамдар, жармалар, макарондық 
тағамдар), ет жəне ет өнімдері, балық 
жəне балық өнімдері, сүт жəне сүт 
өнімдері, тағамдық майлар (өсімдік 
тектес жəне жануар тектес майлар) 
жəне ас бұршақ түрлері. Тек осылай 
болған күнде ғана балаларды барлық 
тағамдық заттармен қамтамасыз ете 
аламыз. Жəне керісінше, рационнан 
кейбір тағам түрлерін алып тастау 
немесе кейбір тағам түрлерін 
артығымен қабылдау балалар 
денсаулығы жағдаятының 
бұзылыстарына əкеліп соқтырады.    
Əрбір тағамдық азық-түліктер тобы кем дегенде бір тағамдық 
заттардың көзі, табиғатында олар көптеген маңызды нутриенттердің 
қайнар бұлағы. Түрлі тағамдық азық-түліктердің нутриенттік құрамы 
əртүрлі. Осыған байланысты диетаны əртүрлі етіп өзгертіп жəне организм 
үшін қажетті нутриенттердің сан алуан түрлі спектрін қабылдау 
мақсатында түрлі азық-түлік топтарына жататын тағамдарды күнделікті 
пайдалануға тырысу керек-ақ.    
Түрлі азық-түлік өнімдерін пайдалануға кеңестік нұсқаулар беріледі, 
əсіресе тағамдық құндылығы аса жоғары категориясына жататын 
тағамдарды. Оларға түрлі дəнді дақылдар, көкөністер мен жемістер, ет, сүт 


жүктеу 5,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау