57
плазмасындағы оны тасымалдайтын липопротеидтер деңгейін түзейтін
факторларын қадағалауға негізделген.
Қанда төмен тығыздықты липопротеиндер мен холестериннің
жинақталуын азайту үшін тағаммен қаныққан майларды (жануар тектес),
транс-майлар (маргарин) жəне холестеринді қабылдауды шектеу керек.
Бұл шектеу холестеринді артығымен қабылдау тенденциясы жоғары
еркектерге қойылса өте орынды болып табылады. Қабылданатын қаныққан
майлар мөлшері қабылданатын калориялардың 10 пайызын ғана
қамтамасыз етуі керек. Құрамында жеткілікті мөлшерде линоль қышқылы
мен α-линолен қышқылы (өсімдік майлары жəне балықтық тағам өнімдері)
бар рациондарға назарды баса аударуға кеңес беріледі. Мұндай
диеталарда, əдетінде, қаныққан май қышқылдары аз мөлшерде болады.
Қан липидтері атеросклероз туындату қауіпті факторлары ретінде
Атеросклеротикалық жаппалардың міндетті компонентіне холестерин
жатады. Төмен тығыздықты липопротедтерге қан плазмасындағы
холестериннің сала қан тамыр қабырғаларына еніп топталынатын бөлігі
енген. Адамның қан плазмасында ТТЛП деңгейінің артуы атеросклероз
дамуының негізгі қауіп факторлары қатарына жатады.
Басқа қауіп факторларына қан плазмасында ЖТЛП деңгейінің төмен
болуы жатады, өйткені олар қан тамырларының қабырғаларына
холестерин жинақталуын төмендетеді немесе болдырмайды.
Ішкі органдар қан тамырларының бүлінуінің тағы бір қауіптілік
факторларына қандағы триглицеридтер концентрациясының артуы
жатады, олар миокард инфарктысы немесе бас миының инсультының
дамуына соқтыратын қан тамырларында тромбтардың пайда болуына
немесе олардың бітеліп қалуына септігін тигізеді.
Бұдан өзге, əрине басқа да қауіп факторлары аз емес - мысалы, темекі
тарту, қан қысымының артуы, семіздік, алкогольге əуестену.
Қаныққан май қышқылдарының əсері
Жануар тектес майлардың құрамы аса бай болып келетін қаныққан
май қышқылдары, қандағы жалпы холестерин мен ТТЛП холестеринінінің
деңгейін арттырады жəне сол арқылы атеросклероз дамуына жол ашады.
Холестеринді арттыратын май қышқылдарына үш қаныққан май
қышқылдары кіреді (лаурин, миристин жəне пальмитин), сонымен қатар
моноқанықпаған май қышқылдарының транс-изомерлері.
58
Моноқанықпаған олеин қышқылы қан сарысуындағы холестерин
мөлшерін іс жүзінде көбейтпейді, яғни холестерин деңгейіне бейтарап
қасиет танытады. Осыған орай, басқа май қышқылдарының əсерін олеин
қышқылының əсерімен салыстыруға болады, Бұл əдіс рациондағы
майлардың холестерин алмасуына əсерін анықтауға қолданылады.
Көпқанықпаған май қышқылдарының əсері
Көпқанықпаған май қышқылдарына аса бай өсімдік майлары мен
балық майы (немесе жай балық өнімдері) холестерин деңгейін
арттырмайтындығын былай қойғанда, кейбір жағдайларда оның деңгейін
төмендетеді, яғни антиатеросклеротиқалық қасиетке ие. Сондықтан КҚМҚ
бай тағамдық өнімдер жеткілікті мөлшерде күнделікті қабылдануы керек.
Қан плазмасында холестерин деңгейін төмендететін тағамдық фактор
ретінде танылған КҚМҚ омега-6 тобындағы линоль қышқылы өсімдік
майларында (жүгері, мақта, соя, күнбағыс майлары) аса көп. Басқаша
сөзбен айтсақ, линоль қышқылының гипохолестеринемиялық əсері бар.
Рациондағы КҚМҚ мен қаныққан май қышқылдарының ара қатынасы
бойынша қабылданатын тағамның қан плазмасындағы холестерин
деңгейіне қалай əсер ететін болжауға мүмкіндік береді.
Омега-3 тобындағы май қышқылдарының көш басшысына линолен
қышқылы жатады. Линолен қышқылына аса байлар майларға соя, рапс
жəне зығыр майлары жатады. Теңіз түбі балықтарының майлары омега-3
тобының бүйір шынжырлы эйкозапентаен жəне докозагексаен май
қышқылдарының жоғарғы концентрациялы КҚМҚ болып табылады. Бұл
екі қышқылдың мөлшері балық майының басқа қышқылдарының жалпы
мөлшерінің 25% артығын алып жатыр
.
Омега-3 тобының КҚМҚ қан липидтеріне негізгі əсері триглицеридтер
деңгейін түсіретіндігінде. Осы майлармен рациондағы қаныққан жануар
майларын алмастырғанда, ТТЛП холестеринінің деңгейі линоль
қышқылының əсерінен төмендегеніндей болып түседі.
Қазіргі кезде омега-3 тобының КҚМҚ жүрек-қан тамыр ауруларын
емдейтін заттар ретінде, тəуліктік қажеттіліктен артық фармакологиялық
дозада қабылдайды. Қазіргі кезде Қазақстанның сауда орындарында омега-
3 май қышқылдарымен байытылған сиыр сүттері пайда болды.
Жүрек жəне бас миының қан тамырларының
атеросклеротикалық
жарақаттануымен байланысты аурулардың – миокард инфарктысы мен ми
инсультының алдын алу үшін тамақтануда май компонентін таңдап
қолдану негізгі байлам болып табылады
.
59
МАЙЛАР МЕН МАЙ ҚЫШҚЫЛДАРЫНА ҚАЖЕТТІЛІК
Əртүрлі жынысты жəне жастағы балалар мен жасөспірімдердің
энергияға мұқтаждығына байланысты қабылдауға кеңес етілген майлардың
(г/күндігіне) деңгейі 15-ші кестеде көрсетілген
.
Линоль қышқылы рационның жалпы тəуліктік калориялылығының 3-
5% пайызын қамтамасыз етуі керек. Массасы бойынша ол 8-10 г линоль
қышқылы немесе 1-2 ас қасық өсімдік майына баламаланады.
Тамақ рационында омега-6/омега-З ара қатынасы 10:1-ден артпағаны
жөн. Омега-6 жəне омега-3 тобы май қышқылдарының арасындағы
балансты қамтамасыз ету аса маңызды, өйткені олардың зат алмасу
процесстерінде өзара байланыстылық бəсекелестік байқалады.
ТАҒАМДЫҚ ӨНІМДЕРДЕГІ МАЙЛАР МӨЛШЕРІ
Барлық тоң жəне сұйық майлар – сары май, шошқа салосы, күнбағыс
майы жəне өзге де өсімдік майлары 100% дерлік майлардан түзілген.
Сиырдың, шошқаның, қойдың еттерінен майдың ағарған қабаттарын
байқауға болады. Өзге майлар көптеген өсімдік тектес жəне жануар тектес
тағамдардың құрамына кіреді, бірақ олар көзге көрінбейді
.
Оралған
тағамдық өнімдердің қаптамасына əр уақытта майдың саны (массасы)
немесе майлардың кіру пайызы көрсетіледі. Сүт жəне кефирге нольден 6%
май енеді, қаймақта – 15-тен 40 %-ға шейін, кілегей - 6 дан 20%.
Майлар ену деңгейіне байланысты тағамдар тобы 17-кестеде
берілген.
Астықтық тағамдарда (ұн, нан, макарондар, жармалар) майлар өте аз.
Бірақ ұннан жəне астықтан жасалынатын тағамдарға əдетінде май
қосылады, ал олар бұл тағамдардың калориялылығын жəне жалпы май
қабылдау мөлшерін қатты көбейтеді. Дəл осылай деп басқа өнімдерден
дайындалатын тағамдарды да қосуға болады, мысалы картоптен, еттен,
балықтан, жұмыртқадан жəне басқалар.
Өндірістік дамыған елдердегі тағам рационында майлар энергияның
30-45% құрайды, ал Азия мен Африканың дамушы елдерінде - 15-25%.
Алмастырылмайтын май қышқылдарына деген мұқтаждықты
(оқушылардың энергияға қажеттілігіне байланысты) күнделікті 1-2 ас
қасық өсімдік майын қабылдау арқылы өтеуге болады.
Майлар есебінен
кеңес етілген энергия қабылдау мөлшері 20-30% құрайды. Қазақстанда май
қабылдаудан рацион энергиясының орта есеппен 35% қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |