Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет81/180
Дата25.05.2018
өлшемі6,97 Kb.
#17595
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   180

172
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ИЖОРЛЫҚТАР, өз атауы – ингры, инкерикот, харьяляйн, изури.
Қазақстандағы  ижорлықлар  саны: 1999 жылғы  мəліметтер  бойынша 1 
адам, 2009 жылғы мəлімет бойынша 1 адам. 
Ижор тілі – Қазақстан ижорлықтары этностық тобының эндогенді тілі. 
Ижор тілі – оралдық тілдер семьясының фин-угор тобының балтық-фин 
бұтағының солтүстік тобына жатады.
Ижорлықлар негізінен православиеліктер.
ИНГУШТАР, өз атауы – галгай.
Қазақстандағы  ингуштардың  саны: 1999 жылғы  мəліметтер  бойынша 
16900 адам, 2013 жылғы мəліметтер бойынша 15607 адам. 
Ингуш  тілі – Ингуш  Республикасының  мемлекеттік  тілі;  Қазақстан  ин-
гуштары этностық тобының экзогенді тілі. 
Ингуш  тілі  иберий-кавказ  тілдері  семьясының  нах  ішкі  тобына  жатады. 
Жазуы кириллицаға негізделген.
Діни сенімі бойынша ингуштардың басым көбі – сүннит мұсылмандар.
2014 жылғы мəліметтер бойынша, бұлардың үлкен қоныстары Ақмола об-
лысында – 4769 адам, Павлодар облысында – 1747 адам, Солтүстік Қазақстан 
облысында – 762 адам, Алматы қаласында – 2487 адам, Астана қаласында – 
2427 адам. 
Қазақстан  аумағында  ингуштардың  облыстық  ұлттық-мəдени  бірлестік-
тері жəне қалалар мен аудандарда олардың бөлімшелері жұмыс істейді.
ИТЕЛМЕНДЕР, – ителмен, итэнми.
Қазақстандағы ителмендердің саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 2 
адам.
Ителмен тілі – Қазақстан ителмендері этностық тобының эндогенді тілі.
Ителмен  (камчадал)  тілі  палеоазиялық  тілдер  семьясының  чукот-камчат 
тобына жатады.
 КАРЕЛДЕР, өз атауы – карьяла, карьелайне.
Негізінен Ресейдің Карелия Республикасында, Ленинград, Тверь облыста-
рында, Финляндияның шығысында мекен ететін фин-угор халқы.
Қазақстан карелдерінің саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 411 адам, 
2009 жылғы мəлімет бойынша 518 адам. 
Карел тілі – Қазақстан карелдері этностық тобының экзогенді тілі.
Карел  тілі  оралдық  тілдер  семьясының  фин-угор  тілдерінің  балтық-фин 
тармағының солтүстік тобына жатады.
Дінге сенетін карелдердің көбі – православиеліктер, ал Финляндиядағы-
лар лютерандық пен православиені ұстанады.


173
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
КЕТТЕР,  өз  атауы – кет,  кето;  еск. – остяктар,  енисейліктер  (Енисей 
остяктары).
 Сібірдің тұрғылықты саны аз халқы, Краснояр өлкесінің солтүстігін ме-
кен етеді.
Қазақстан кеттерінің саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 5 адам.
Кет тілі – Қазақстан кеттері этностық тобының эндогенді тілі.
Кет тілі палеоазиялық тілдер семьясының енисейлік (кет-асан) тілдерінің 
біріне жатады.
Кеттердің діни түсініктерінің негізінде анимизм жатады, қазір көбі право-
славиені қабылдаған, дəстүрлі діни түсініктерінің де ізі сақталған.
КОМИ (ескі. орысша атауы), ЗЫРЯНДАР, өз атауы – коми-морт (коми-
адам), коми-отар (коми адамдар), коми-войтыр (коми-халық), зырян (еск.).
Фин-угор халқы, Коми Республикасының тұрғылықты жұрты.
Қазақстандағы коми-зырян этностық тобының саны: 1999 жылғы мəлімет-
тер бойынша 387 адам, 2009 жылғы мəлімет бойынша 15 адам. 
Коми-зырян тілі – Коми Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстанда 
коми жəне зырян этностық топтарының экзогенді тілі.
Коми-зырян  тілі  фин-угор  тілдері  семьясының  фин-пермь  тармағының 
пермь тобына жатады.
Коми-зыряндар арасында бұрын үстем болған дəстүрлі көпқұдайлықтың 
орнын  православиелік  басып  келеді,  тұрмысы  мен  табынушылықтарында 
жаңалықтар көп.
КОМИ-ПЕРМЯКТАР, ПЕРМДІКТЕР, өз атауы – пермяк.
Ресейдің теріскей батысын мекен ететін фин-угор халқы. 2002 жылы олар-
дың саны 125 мыңға жетті.
Қазақстандағы коми-пермяк диаспорасының саны: 1999 жылғы мəлімет-
тер бойынша 935 адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 530 адам. 
Коми-пермяк тілі – Коми-Пермяк автономиялы округы тілдерінің бірі; Қа-
зақстан коми-пермяк этностық тобының экзогенді тілі.
Коми-пермяк  тілі  фин-угор  тілдері  семьясының  фин-пермь  тармағының 
пермь тобына жатады.
Дінге сенетін пермьдіктер православиені ұстанады, ескі салтшылдар (ста-
рообрядцы) да бар.
КОРЕЙЛЕР, өз атауы – госом сарам, коре сарам, хунчук сарам ( Чосон 
елінің адамдары, Коре елінің адамдары, Ханик елінің адамдары).
Қазақстандағы корейлердің саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 99944 
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 104 406 адам. 
Корей тілі – Солтүстік Кореяның ресми (мемлекеттік) тілі; Оңтүстік Ко-
реяның ресми тілі; корей тілі (коре мар – корей тілінің юкчин жəне менчхон 


174
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
диалектілерінен тұратын корей тілінің көнеленген нұсқасы) – Қазақстан ко-
рейлері этностық тобының экзогенді тілі. 
Корей тілі (коре мар, юкчин, менчхон) – генетикалық байланысы болжам-
мен ғана белгіленіп жүрген оқшау тіл.
Бүгінде  Қазақстандағы  корей  діни  ұйымдарының  пресвитериандық, 
баптистік, православиелік жəне вон-буддалық сияқты ағымдар бар.
2014  жылғы  мəліметтер  бойынша  корей  этносы  Алматы  қаласында 
(27,18%,)  Алматы  облысында (15,8%), Қарағанды  облысында (12,67%), 
Жамбыл облысында (8,95%), Оңтүстік Қазақстан облысында (8,71%) қоныс-
танған.
Қазақстанның аумағында корейлердің республикалық жəне облыстық ұлт-
тық-мəдени бірлестіктері жəне қалалар мен аудандарда олардың бөлімшелері 
жұмыс жасайды.
КОРЯКТАР жағалауда қоныстанған коряктардың өз атауы – нымылгын
бұғы шаруашылығымен айналысатын коряктардың өз атауы – чавиын. Кам-
чатка түбегінің солтүстік бөлігінің тұрғылықты жұрты.
Қазақстандағы  коряктардың  саны: 1999 жылғы  мəліметтер  бойынша 48 
адам, 2009 жылғы мəлімет бойынша 121 адам. 
Коряк тілі – Қазақстан коряктары этностық тобының эндогенді тілі.
Коряк тілі палеоазиялық тілдер семьясының чукот-камчат тармағына жа-
тады.
Коряктар арасында орыс православиелігі кең тараған, алайда дəстүрлі на-
ным-сенімдері (шамандық) күшін сақтауда. 
КҮРДТЕР, өз атауы – күрд. Негізінен Түркия, Сирия, Иран мен Ирак ел-
дері шекараларының түйісіндегі Күрдістанда орналасқан көптеген тайпалық 
топтардың жиынтығы.
Қазақстандағы күрдтердің саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 32 764 
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 41 431 адам. 
Күрд тілі – Иран Республикасының күрд өңірінің ресми тілі, Қазақстан-
дағы күрдтер этностық тобының экзогенді тілі. 
Күрд  тілі  үндіевропалық  тілдер  семьясының  иран  тармағының  сол-
түстік-батыс тобына жатады. 
Күрдтердің көбі (85%) сүнниттік исламды, бір бөлігі (5%) шииттік ислам-
ды, бір бөлігі (2%) алевистік исламды, бір бөлігі (8%) езидизмді, бір бөлігі 
(2%) христиандықты ұстанады.
2014 жылғы мəліметтер бойынша бұл этностың шоғырланып орналасуы 
Алматы  облысында – 34,96%, Жамбыл  облысында – 34,26%, Оңтүстік  Қа-
зақстан облысында – 21,17%.
ҚАБАРДА, өз атауы – адыге


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау