3
munaily@mail.ru
№18 (469) 13 наурыз 2015
ж
.
Амал келді, жыл келді!
Сайысқа Маңғыстау жол бөлімшесі ғимаратында
орналасқан бөлімдер мен Маңғыстау станциясы
ұжымы қатысты. 3 кезеңнен тұрған жарыс қызықты
да тартысты болып өтті. Логистика және жүк бөлімі,
экономика және жоспарлау бөлімі, есепшілер мен
кадр бөлімінен құралған топ «Бәйшешек» деп атал-
са, шұғыл басқару, техникалық өндірістік бөлім мен
статистика бөлімі «28 қыз» тобы, спорт, аударма-
шы, курьер, әскери есепке алу бюросынан құралған
бірінші қабаттың бөлімдері «Шығыс жұлдыздары»
деп аталды. Маңғыстау станциясы «Жас темір»
деген атауымен де, өнерлерімен де айрықша көзге
түсті. Таныстыру, комедиялық қойылым және
жыл дамдық сұрақтарынан тұрған сайыс барысын-
да барлық топ мүшелері ашық- жарқын қалыпта,
көңіл ді ойнай білді.
Көрерменнің көңілін жайдары етіп, күлкі сый-
лаған қойылымдар, әсем әндер мен билер, ұтқыр
әзілдер қа тысушылардың мерейін көтеріп, әділ
қазыларды да риза етті. Теміржолшылар на ғыз
маман ғана емес, сонымен қатар ән мен биге,
өнерге деген құштарлықтарын паш етіп, өзде-
рін жаңа қырларымен танытты. Әсіресе «Шығыс
жұл дыздары» тобының мүшесі, Маңғыстау жол
бөлімшесінің экспедиторы Қалыбаев Мұсаның әр-
тістік таланты, биге деген икемі ерекше байқалды.
Ол қойылым кезінде Күлпаш рөлінде сәтті ой-
нап, кө рер менді қыран-топан күлкіге бөлесе, «Жас
темір» тобының мүшесі Маңғыстау станциясының
дөңес пост кезекшісі жанындағы оператор Якуб-
паев Жалғас өзінің ән айту өнерін, сахналық қойы-
лым кезінде пысықтығын көрсете білді. Ал «28
қыз» тобының мүшесі, Маңғыстау жол бөлімшесі-
нің шұ ғыл басқару бөлімінің диспетчері Сейсено-
ва Ләззат жарыс сәтінде ерекше көрініп, өзінің ән
айту қабілетін, қойлымда әртістік шеберлігін, топты
басқара білуде озықтығын көрсетті.
Жарыс соңында бас жүлде сайыстың барлық
шартынан сүрінбей өткен «28 қыз» тобына берілсе,
1-ші орынды «Жас темір», 2-ші орынды «Шығыс
жұлдыздары», 3-ші орынды «Бәйшешек» тобы
иеленді. Сондай-ақ, қатысушы топтарға «Ең үздік
қабат», «Ең тапқыр топ», «Ең үздік әзіл» номи-
нациялары берілді. Маңғыстау жол бөлімшесінің
бас шысы Нәжімедин Ғұбашев жеңім паз дарды ма-
рапаттап, арнайы сыйлықтар табыс етті. Сондай–
ақ, теміржолшы ардагерлер Қожахмет Уәзір мен
Амандық Алдаберген барлық қатысушыларды көк-
тем мерекесімен құттықтап, жұмыстарына игілік
пен табыс тіледі.
Анаргүл ЖЕКСЕМБАЙҚЫЗЫ,
«Мұнайлы»
– Халықаралық жағдайлардың құбылмалы
тұ рақсыздығымен әлемдік саяси күштердің ши-
кізат және мұнай сияқты өндірістік қуат көз-
деріне деген қызығушылығы күннен-күнге
өрес кел өзімшілдіктің бүркемелі әрекетіне ай-
налып бара жатқаны жасырын емес. Күллі
қазақ даласы секілді Маңғыстау өлкесі де ши-
кізат қорына, әсіресе, мұнай кендеріне өте бай.
Тарихи таным тұрғысынан өндірістік өңірді
өміршең ету үшін Отпан тауға Адай-Ата кесе-
несі салынды. Бұл Тәуелсіздіктің тұғырын бе-
кемдей түсу бағытындағы қажет болған қадам.
Амал-әрекеттерді бұқара халық тың санасында
қалыптасқан салт-дәстүрлерден алу ды мақсат
тұттық. Ұлттың ішкі тұтастығы мен бірлігін кез
келген сыртқы саяси ойындардың қақпанына
түс пейтіндей дәрежеде қалыптастыру негізін
сол халықтың өз бойынан іздеген жөн. Еңсесін
көтерген халық ерлік пен бірлікті ту қылып
ұстайтын болады. Бұл жерде ескеретін жағдайлар
да жоқ емес. Біріншіден, өлкемізбен көршілес
отырған елдердегі кейбіреулер Маңғыстау
сияқты мұнайлы түбекті өздеріне теліп, өздеріне
қарай икемдеу ниеттерін үнемі білдіріп келеді.
Қажет жағдайда араға от салып, айдап салушы
алпауыттар да табылады. Ал, Адай-ата кесе-
несі атамекенімізді мәңгілік айғақтап тұрады,
ол қазақтың Отпан тауға басқан мөрі іспетті.
Екіншіден, қазақ зұлмат заманның талайын
көріп, басынан қиындықты көп кешіп, ғасырлар
бойы күресіп, Тәуелсіздікке әзер жеткен халық.
Ортақ ұлттық ар-намыс пен қандастық тан,
түсіністік пен сүйіспеншіліктен, салт-дәстүрден
шегініп, жатпен жақындасып, тасбауыр, суық
бола бастағанымыз да рас. Өзге мәдениет пен
діндерге еліктеп, басқаларға бас иіп, сырттан
сүйеніш іздеу де жанды ауыртатын көрініс.
Осындай жағдайда ресми билік пен мемлекеттік
қызметкерлерге қарап отыра бермей, біз алды-
мен өзіміз бұқара болып халықтың күнделікті
тұрмысындағы ақыл-санасына сіңісті болған
ұлттық салт-дәстүр негізіндегі қарапайым
қағидаларды елеп-екшеп пайдамызға жара-
туымыз керек. Мемлекетке көмектесе отырып,
бұқара халықтың өзін-өзі сақтау және салт-дәстүр
мен рухани құндылықтарын бағалау сезімін оята
беруіміз керек.
– Қарашаңырақ, қарақазан, көрісу, ұран-
от жағу сияқты салт-дәстүрлерді түсіндіре
кетсеңіз?..
– Қазақ жері қандай кең болса, халқының да та-
рихы соншалықты терең, сол сияқты ұлтымыздың
мәде ние ті, салт-дәстүрі де өте бай. Ата-бабалары-
мыздан мұра болып келе жатқан салт-дәстүр, әдеп-
ғұрыптарымыз негізінен бір болғанмен, еліміздің
барлық аймақтарын да біркелкі сақталмаған.
Азын-аулақ ерекшеліктері болғандықтан, кейбірі
тіпті ұмытыла бастағандықтан бүгінгі жастарға
оны түсіндіре кеткеннің еш артық шылығы жоқ
қой деп ойлаймын.
Қазақ халқының жадында сақталған рулық
шежіреде бүгінгі қазақ баласының барлығы қазақ
атадан өсіп-өнген бір кісінің баласы екендігі
айтылады. Мәселе, ұлттық шежіренің ғылыми
және тарихи танымдық зерделеу тұрғысынан
қаншалықты нақтылығында емес, тегін іздеп
тереңдеген сайын бүгінгі барлық қазақты бір
атаның баласы қылып шығаратын тұтастыққа
негізделген – тайға таңба басқандай құрылымдық
құн дылығы мен сабақтастығында.
Қарашаңырақ – ұлы, негізгі, киелі, байырғы,
мұ рагер, бас шаңырақ деген ұғымдарды береді.
Ұлт тық салт-санада қарашаңырақ ұғымы өте
әділ шешімін тапқан. Мысалы, бір әкенің үш
ұлы бар делік. Күн дердің күнінде үлкен екі ұлын
үйлендіріп, жеке отау тігіп бөлек шығарады. Ал,
кенже ұлы әке-шешенің қолында, қарашаңырақта
қалады. Негізгі мұрагер кенже ұл болады. Ата-
дан, әкеден қалған қарашаңыраққа мұрагер
болғандықтан, кенже ұлдың жасы кіші болса
да, жолы үлкен болады. Ұлдың кенжелігін қара-
шаңыраққа берілген жол мен аманат толтырып,
еселеп, теңестіріп тұрады. Сол шаңырақтан
отау тігіп бөлек шыққан ұлдары мен қыздары
сәлем беріп, төркіндеп, амал айында көрісіп
ата-ананың бар кезінде де, жоқ кезінде де
қарашаңыраққа келетін болады. Бұл ата-бабасы-
на және ұшқан ұясына деген құрмет. Туыстықты,
бауырластықты баянды ету. Ұлттық тұрғыдан кең
көлемде қарайтын болсақ, үш жүздің кіші жүзі
сол қарашаңырақтың иесі. Өзге ағалары ат басын
бұрып келіп тұрса жарасымды.
Қарашаңырақтың қарақазаны. Қазақтың қара-
шаңы рағы – Маңғыстау. Бұл – Маңғыстау лық-
тарға берген артықшылық емес, қазақ шежіресінің
негізіндегі ортақ мүддеге икемделу. Оның үстіне,
Маңғыстаулықтар үшін Қа рашаңырақ ұғы-
мына сай жауапкершілікті де жүктейді. Елдің
қарақазаны да сол бірлік пен берекенің, құт пен
жасампаздықтың рухани және заттық бейнесі
мен тұғыры. Қазан Түркістандағы Иассауи ма-
зарында да бар. Бірақ, ол исламдық тұтастық қа
үндейтін рухани мұрамыз. Ал, Отпан таудағы
қарашаңырақтың қарақазаны – ұлттық, тектік ру-
хани мұрамыз. Наурызда «Амал» мерекесінің 13-і
мен 14-інде Отпан тауға жиналып, Қазақтың үш
жүзінен шақырылған ақсақалдары мен азаматта-
ры сол ортақ қарашаңырақтың қарақазанынан
дәм татса, жылма-жыл жаңғыртып үрдіске ай-
налдырса, ұлтымызға бірлік пен бақ, береке мен
ырыс-құт келеді.
Дәм тату. Қазақтың «бір күн дәмге – қырық
жыл сәлем» дейтіні бар. «Дәм аттаған оңбас»
деп жататын да сол қазақ. Қазақтың үйге келген
қонаққа: «Наннан ауыз ти, ағарғаннан ауыз ти…»
– деп қиыла қарағаны – «барымды бөлісіп, бауыр
болғым келеді» дегені ғой. Осы адал дәстүрді
ұлттың ішкі бірлігіне пайдалансақ жаман ба?..
Қарашаңыраққа көрісіп келу дәстүрі. Көрісу –
жүздесу. Жүздесу – танысу, білісу, достасу, сыр-
ласу, мұңдасу, түсінісу, сену, қанағаттану. Ойлап
қараңыз: түсінісу, сену, қанағаттану – адамдарды
барлық жақ сылыққа бастайтын рухтың тәңірлік
нәрі емес пе!.. Маңғыстау халқы амал айының (на-
урыз) он үшінен он төртіне қараған жұлдызында,
өз әулетінің қарашаңырағынан бастап, ел ақса-
қалдарына, жас үл кендерге, ағайын-туыс, жек-
жат-жұрағаттарға жол-жоралғысымен көрісіп
шығады. Осы салт-дәстүрді жалпы ұлтымыздың
ішкі тұтастығын нығайтуға пай даланып жылма-
жыл үрдіске айналдырсақ деймін. Араласпаса,
ағайын жат болады. Отпан тау – жер жү зіндегі
қазақтардың жылына бір рет көрісе келіп дидар-
ласып, туыстық, қандастық махаббатына нәр ала-
тын жері болады.
Бата беру. Бата – Алланың тара¬пынан нұр-
ланып, сәулеленіп рухани күш-қуатқа ие болған
шын алғыс пен тілек. Жеке тұлғаның және
көпшіліктің жалқы мен жалпыға бағышталған
көңіл ілтипаты. Бата алу – Алла тарапынан рахма-
ни және рухани күш-қуат алумен қатар, нысаналы
бағытыңның шындығы мен ақиқатына қоғамдық
негізде көз жеткізіп, кепілдікке ие болу. Қазақта:
«Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас»,
«Батамен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер»,
«Батасыз іс - баянсыз» деген мақал-мәтелдерді
мысалға алсақ та жеткілікті.
Ат мінгізіп, шапан жабу деген де бір кере-
мет дәстүр бар. Ат – ердің қанаты, шапан –
ердің қамсауы, абыройы. Ат мінгізіп, шапан
жапқанда да барынша дәріптеп, бағалап, тиісті
рәсімдер орындалуы керек. «Бере салу, ала салу,
жаба салу, міне салу» сияқты жадағайлық пен
жалпақшешейлік құнын кетіреді. Жалпы ұлттық
салт-дәстүр мен өнерді көздің қарашығындай
сақтау бүгінгі біздердің парызымыз.
Бірінші. Отпан тау – Қаратаудың ең биік шың-
да рының бірі. Сол биік шыңды халықтың сырт-
қы жау дан қорғанатын тұғырына айналдырып,
бабалары мыз жау келген жағдайда «Ұран-от»
жаққан. Бірақ, бұл мәселенің бір жағы. Оның
үстіне кейбіреулер: «Бейбіт заманда ұран-оттың
қажеті қанша» деген сөзді алдыға тартып, жоққа
шығарғысы келеді. Бірақ, ол дұрыс емес.
Екінші. Ұран – ойлануға, белгілі бір іс-әрекетке
дер кезінде мән беруге, аса маңызды шаралар
мен шаруаларды айшықтап көрсетуге шақыру,
көпшілікті қоғамдағы ең бір өзекті мәселеге
қарай жұмылдыру, үндеу. Демек, «Ұран салудың»
барлығын бірдей жаугершілік пен жамандықтың
шылауына байлап беруге болмайды. Ұлттық ер-
лік пен елдікке бастайтын рухани мұралардан
безініп, жамандық күтетін болсақ, онда, ауыз
әдебиетіміздіге ерлік дастандарды, тарихи мұра-
ғаттарды, әскери шерулерді, ұлттық батырла-
рымыз бн қаһармандарымыздың өмір жолы мен
еңбектерінің барлығын жоққа шығаруға тура ке-
леді ғой. Сондықтан, ұлттық құндылықтарға абай
болу керек.
Үшінші. От – жарық, сәуле, жылу, қозғалыс
және өнеркәсіп пен өндірістіктің, мәдениеттің
күш-қуаты. От – күннің жарығы, айдың сәулесі.
Күн – тіршіліктің көзі. Шырақ жағып, май түтету,
от жағып аластау да бабалардан қалған дәстүр.
Қазақта: «Жалынды жастық», «Сәулелі ғұмыр»,
«Отты жүрек», «Қазаныңнан ырыс, ошағыңнан от
кетпесін», «Көзінде от бар екен», «Жанартаудай
лапылдап, жасындай жарқылдап» – деген сияқты
мақал-мәтелдер мен сөз тіркестері көп емес пе?!
Демек, «от» деген сөзден де теріс айналудың
қажеті жоқ. Міне, осы айтылғандарды ойға түйіп,
Отпан тауда жыл басы – «Амал» мерекесінде
Ұран-от жақсақ жарқын болашақ, сәулелі ғұмыр,
жасампаз еңбек, жалынды намыс және бірлік пен
берекетке, ұлттық тұтастыққа шақыру деген сөз
болып шықпай ма?!
– Аталмыш орталықтың ашылғанына біраз
уақыт болыпты, нәтиже қандай?
– Мысалы, мына мәселеге мән берейік.
Амалдың 13-14-де көрісу дәстүрі қазаққа ортақ
қағида. Бұрын Маңғыстау халқы көрісу салта-
натын әртүрлі деңгей де өткізіп келді. Кейінгі
жылдар мейрамханаларда бас қосатын бол-
ды. Бәрі де дұрыс, халық ұйғарған нәрсе нің
жаттығы жоқ. Алайда соңғы жылдары ақсақал-
дар дың шешімімен, мемлекеттік қолдаумен От-
пан тауда бір орталықта өткізіле бастады. Енді,
міне, биылғы мерекеге Қазақстанның он төрт
облысы мен екі қаласы нан ақсақалдар, қоғам
қайраткерлері шақырылып, ұлтымызға ортақ
мерекеге айналудың алғы шарттары жасалуда.
Көрісу салтанаты бұған дейін дәл осылай жал-
пы қазаққа ортақ мәнге ие болып көрген жоқ.
Ұлттық тұтастық пен бірлікке жетелеу деген
осы. Қаншама жастарымыз бұл жерді тамашалап,
тағзым етіп келіп-кетіп жатыр. Шетелдіктер де,
алыстан келген ағайындар да міндетті түрде атба-
сын Отпанға тірейді. Өзгелер өзін-өзі сыйлайтын
ұлтты ғана мойындайды. Бабалар рухы-баянды
тарихымыздың бастауы, оларды көкке көтеріп
дәріптеу арқылы, Атамекенімізді, Отанымызды
асқақтатамыз. Нәтижесі – осы.
- Сабыр аға, «Амал» мерекесінің алдында
оқыр манға не айтасыз?
- Жалғыз түп жусан түбінде – қазаққа ортақ на-
мыс бар екендігін ұмытпауымыз керек. «Ескі жыл
есіркеп, жаңа жыл жарылқап, жақсылығымен кел-
сін» - деп жататын еді үлкен кісілер. Тыныштық
болсын!
Сұхбаттасқан
Ақбаян ҚОЖАМЖАРҚЫЗЫ
ҚАРАШАҢЫРАҚ – БІРЛІКТІҢ ОРДАСЫ
Маңғыстаудағы «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Амал» мерекесін тойлау дәстүрге айналды
Аудандық мә де ниет үйінде «Әжелер – ал-
тын қазығым» атты сайыс ұйымдастырылды.
Қатысушылардың дені батыр аналар. Ұлын ұяға,
қызын қияға қондырып, өмірден лайықты орын таба
білген олар, өнерден де құралақан емес екен. Ұрпақ
тәрбиесіндегі рөлі ас қақ екендігін Абайдың Абай
болып қалыптасуында Зеренің, Мұхтардың әжесі
Дінәсілдің бесіктен берген тәрбиесі айқындап-ақ
тұр.
Дегенмен, бүгінгінің әжесі туралы әңгіме қоз-
ғалса, «Бұрынғылары ертегі-қиссаларымен ақыл ай-
тса, қазір гілері сериал айтатын болды», деген сөздер
де естіліп қалады. Бірақ, жарысқа келген біздің
әжелер бұл ойдың бұрыстығын дәлелдегендей бол-
ды. «Шаңы рағым – шаттығым» шарты бойынша
өздерінің шағын мемлекеттерінің шырайын бай
тілімізбен және домбырамен мың құбылта баянда-
са, «Ескірмеген есті сөз», «Мен ханның әйелі бол-
сам», «Ұршық иіру» шарттарында тапқырлық пен
ұқыптылықтарын паш етті. Қызға құда түсуден
баланың ит көйлегін ше шу рәсіміне дейінгі жөн-
жоралғыларды да орындап, салт-дәстүрді жаң-
ғыртты. Әсіресе, Қамажай кейуана сомдаған 40
жастағы кәрі қыз бейнесі қоғамдағы ащы бір
шындықтың бетін ашқандай еді. Ол осы об-
разымен бүгінде қалып бара жатқан қазақ
қыздарының әкеге бөлек, шешеге өзгеше,
аға-жеңгеге, ауыл-жұртқа арнап айтылатын
сыңсу өнерін шебер көрсете алды.
Жарыс қорытындысында аудан ақсақал-
дары мен аудандық мәдениет бөлімі бас-
шысынан құралған қазылар алқасының ше-
шімімен әжелер түрлі номинациялар және
бағалы сый лықтармен марапатталды. Күләш
Артықова «Тапқыр әже», Қамажай Аманчаева
«Өнерлі әже», Ханшайым Ақмолдаева «Мейірбан
әже», Сәнім Құлбаева «Бұл бұл көмей әже», Үміт
Айболатова «Сымбатты әже», Жансұлу Алғашбаева
«Білгір әже» атанды.
Ақ самайлы аналарымызды мерекесімен құт-
тықтаған ақсақалдар «Білгір әже» номинациясын
жеңіп алған Жансұлу Алғашбаеваның «Мен хан-
ның әйелі болсам» шартындағы «Әркімнің өз
отағасы – ханы. Хан қандай сый құрметке ие болса,
жұбайымызды да солай ардақтауымыз қажет» деген
орамды ойына риза болғандықтарын атап, жастарға
үлгі етті.
Алайда, ұлттық құндылықтар дәріптеліп, тұнып
тұрған тәрбиеге бай бұл шарада жастар жағының
қа расы кемдеу көрінді. Жан-жақтылығымен көрер-
менін тәнті еткен әжелердің ақыл-парасатына
риза көңілмен тарасып жатқан аға буын өкілдері:
«Әттеген-ай, осындай берері мол іс-шараға мектеп
оқушылары көптеп қатыстырылғанда, біраз нәр сені
түйген болар еді-ау» деген пікірлер айтты.
Шахида ЖҰМАН,
«Мұнайлы»
Қыздар сайысы
КӨҢІЛГЕ КӨКТЕМ СЫЙЛАҒАН КЕШ ТӘЛІМІ МОЛ ШАРА
Жасампаздық жаршысы көктем жерді жаңар-
тып, берсе − шуақ, әйел-қыздар − шаңыраққа сәуле
шашар шамшырақ. Бұл мезгілден табиғат ана тір-
шілік бастауын алса, адамзат тіршілігі әйел-анамен
жалғасады.
Жыл сайын шұғылалы көктемнің алғашқы аптасын Маңғыстау жол бөлімшесі ерекше
атап өтеді. Биыл да осы үрдісті жалғастырған олар бұл жолы «Ал, қане, қыздар» сайысын
ұйымдастырды.
Белгілі ақын Сабыр Адайдың «Үш қиян» газетінің №27 (179) 2004 жыл, 1-шілдеде-
гі санында «Адай-ата рухына арнап ескерткіш-кесене тұрғызу керек» деген мақаласы
жарияланды. Халық қолдады, 2007 жылы оның ашылу салтанаты өтті. Ой қозғаған
автор ретінде Сабыр ағадан «Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық, этно-мәдени
орталығы туралы қысқаша айтып беруін өтіндік.
Әжелер сыны