43
шараларымен бірге жүргізіледі. Оқушыларды әлеуметтік-еңбектік даярлау
міндеті келесілерден тұрады :
- қол жетімді және кең танымал мамандықтарды табысты меңгеруге
кедергі келтіретін ерекшеліктерді ерте анықтау және түзету, (қолдың ұсақ
моторикасының жеткіліксіздігі, көру-қозғау үйлесімінің бұзылыуы және т.б.);
- оқушыларда оқу-еңбек қызметі процесінде тапсырмаға бағытталу
дағдысын, жұмысты жоспарлауды, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылау
дағдыларын қалыптастыру;
- екінші деңгей оқушыларын кәсіптік бағдарлау;
- кәсіптік
сыныптар, топтар ұйымдастыру.
2.6. Ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқытуды ұйымдастыру
Ақыл-ой кемістігі бар балалардың ерекшеліктері
Ақыл-ой кемістігі бар балалардың санатына бас ми қабығының
диффузды органикалық зақымдануы салдарынан танымдық іс-әрекетінің
және эмоционалдық-ерік өрісінің тұрақты бұзылуы бар балалар жатады.
Бұзылыс белгілерінің көрініс беру дәрежесі зақымдалудың ауырлығына, оны
таратпау ерекшелігіне, сондай-ақ зақымдалу уақытына байланысты.
Ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың ерекшелігі – жоғары психикалық
функцияларынының, мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін реттеуінің бұзылуы
болып табылады. Ең алдымен, танымдық процестер зардап шегеді: түйсік,
қабылдау, ес, ойлау, қиял, сөйлеу, зейін. Эмоционалдық-ерік өрісінің,
моторикасының және жалпы адамның бұзылуы байқалады.
1994 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (АХЖ-10 ДДҰ)
қабылдаған жіктеуге сәйкес, ақыл-ой кемістігі зерденің төмендеуінің төрт
(негізгі) деңгейін қамтиды: жеңіл (F70), орташа (F71), ауыр (F72) және терең
(F73).
Мектепте оқыту жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылар
үшін ұйымдастырылады.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балалар санатына танымдық қызметі мен
ойлауының күрделі формаларының жетілмеуі жекелеген талдамалардың
өрескел бұзылмаған және эмоционалдық-ерік өрісінің салыстырмалы түрде
бастапқы сақталған дебильдіктің жеңіл және орташа дәрежелі олигофрениясы
бар балалар жатады.
Бұл
балалардың
айрықша
ерекшеліктері
–
мінез-құлқының
салыстырмалы сақталуы жағдайында оларға түсінікті тапсырмалар аясында
мақсатты бағытталған әрекет ету қабілеті болып табылады. Есту қабілеті
қалыпты болған жағдайда және сөйлеу органдарының құрылымында айқын
ауытқулар болмаған жағдайда оларда экспрессивті және импрессивті
сөйлеуінің дамуы тежеледі, моториканың ең күрделі түрлері дамымай қалады.