ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет39/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82

84 
 
мәнерлілікті  жете  түсінуін  талап  ете  отырып  олардың  ақыл-ойларын 
белсендіреді.      Музыкалық  талғамды  қалыптастырудағы  этномәдениеттің 
мүмкіндіктері  болып,  студенттердің  оны  игеру  барсындағы  сезімдік-саналық 
қабылдау  қабілетттерінің  пайда  болуы  табылады.  Студенттің  халық 
музыкасының 
құндылықтарын 
білуге 
деген  белсенді  ұмтылысынан 
қалыптасқан  талғамы  музыкалық-эстетикалық  қабылдаудағы  белгілі  бір 
жүйелілікті  түзеді  және  халық  музыкасына  тән  қасиеттерді  біріктіруге 
қабілеттілігі  тұрғысынан  идеал,  сезімдер,  көзқарастар,  қабілеттіліктер, 
қажеттіліктері пайда болады.  
Студенттердің 
музыкалық 
талғамдарымен 
халық 
музыкалық 
шығармашылығы  арқылы  қалыптасатын  олардың  идеалы  тығыз  өзара 
байланыста  болады.  Шығармашылықтың  негізгі  кейіпкері  адам  болып 
табылады.  Ол  арқылы  халық  композиторлары  адамгершілік  құндылықтарды 
анықтайды,  ішкі  дүниенің  байлығын,  рухани  және  физикалық  бейненің 
сұлулығын  ашады.  Кемелденген  адам  бейнесінің  идеалы  халық  өнерінде 
көркем образдар арқылы беріледі. Сұлу адам туралы эстетикалық түсініктердің 
үлгісі  болып  Құрманғазының  «Сырым-сазы»,  «Саранжап»  күйлерінде, 
Махамбеттің  «Қайран    Нарын»  күйінде  көрнекті  қолбасшылардың  
бейнелерінің  берілуі  мысал  бола  алады.  Сол  сияқты  «Алпамыс»,  «Қамбар 
батыр»,  «Ер  Тарғын»  және  т.б.  эпикалық  жырларда  басты  кейіпкерлер 
жауларымен  күресте  барлық  қиындықтарды  жеңе  алған  батырлар  образдары 
арқылы беріледі.  
Жоғарыда  айтылып  өткендер  халық  музыкасының  студенттерді 
интеллектуалды  дамытудың  маңызды  құралы  болып  табылатындығын 
көрсетеді.  Өйткені,  алдыңғы  тарауда  баяндалып  өткендей  тұлғаның 
интеллектуалды  дамуы  оның  психикалық  үдерістерінің  (түйсік,  қабылдау, 
ойлау,  зейін)  дамуынан  талап  етіледі.  Осы  психикалық  үдерістердің  дамуына 
ұлттық  музыка  құралдары  тікелей  ықпал  етеді.  Олай  дейтініміз,  адам 
музыканы,  соның  ішінде  ұлттық  музыканы  оған  эмоционалдық  қатынасы 
негізінде  қабылдайды,  сезінеді,  ой  елегінен  өткізеді,  есінде  сақтайды,  зейіні 
ауады.  Ал  бұл  болса,  оның  адамгершілік  тұлғалық  қасиеттерінің  дамуына, 
ақыл-ойының өсуіне, интеллектуалды дамуына алып келеді.  
Сонымен  ұлттық  музыканың  тарихи-әлеуметтік-мәдени  тереңдігі,  халық 
философиясына бай мазмұны, эмоционалдық, эстетикалық әсерлілігі тұлғаның  

танымдық білімін жетілдіреді,  

халықтың  философиялық,  діни,  адамгершілік  көзқарастарын  талдауға 
мүмкіндік жасайды, 

музыкалық санасын, музыкалық ойлауын қалыптастырады, 

музыканың    шартты  тілін  түсінуге  және  мазмұнын  толық  қабылдауын 
дамытады, 

естігенін ойша толықтыра және байыта отырып, өзінің қиялын шыңдай 
түседі, 

музыкалық қабілеттерін аша түседі, оларды шығармашылыққа баулиды, 

сұлулыққа қызығушылықты, қажеттілікті дамытады.  


85 
 

олардың ақыл-ойларын белсендіреді, 

    сезімдік-саналық  қабылдау  қабілетттерін  арттырады.  Осының  бәрі 
оның интеллектуалды тұрғыдан дамуына негіз болады. 
Жоғары оқу орындары педагогтардың міндеті болып халықтың музыкалық 
шығармашылығының  тәрбиелік  әлеуетін  жете  түсіну,  ең  озық  дәстүрлерін 
сақтау  және  дамыту  саналады.  Студенттерге  өзінің  рухани  құндылықтарға 
деген  оң  қатынасын  сезіндіре  білуі  қажет.  Сонда  олар  өз  кезегінде  оны  жас 
ұрпаққа бере алады.  
Бұған  халықтың  музыкалық  шығармашылығына  баулу  процесінде  қол 
жеткізуге болады. Осы үдеріс  арнайы пәндерде, әр түрлі оқу және оқудан тыс 
іс-әрекеттерде  жүзеге  асырылатын  жүйелі  сипатқа  ие.  Осы  айтылған 
мүмкіндіктерді  педагогикалық жоғары оқу орнының үдерісінде тиімді жүзеге 
асыру  үшін,  ұлттық  музыка  арқылы  студенттерді  интеллектуалды  дамытудың 
моделін жасау қажеттігі туындайды. Ол туралы келесі параграфта баяндалады.  
 
2.3  Студенттерді  қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  интеллектуалды 
дамытудың  моделі 
  Педагогикалық жоғары оқу орындарында қазақ ұлттық музыка құралдары 
арқылы  студенттерді  интеллектуалды  дамытудың  әлеуметтік  маңызы  мен 
мәселенің  күрделілігі  тәжірибелік  оқыту  мен  заманауи  дидактиканың  маңызы 
болып  табылады.  Жоғары  оқу  орындарында  оқыту  үдерісі  болашақ 
мұғалімдердің  кәсіби  қызметінің  негізін  қалыптастырады.  Ұлттық  музыка 
құралдары  арқылы  студенттерді  интеллектуалды  дамытуды    жүйелі  тиімді 
жүзеге асыру үшін оның моделін құру қажеттігі туындайды.    
Модель –1) үлгі, 2) пән (объект мағынасында), 3) елестету құрылымының 
жүйесі,  4)  әрбір  элементтер  арасындағы  өзара  байланыстың  графикалық 
бейнесі.  Философиялық  сөздікте  модель  бізді  қызықтыратын  ақпаратты 
алудағы  үдерісті  жеңілдету    және  зерттеліп  жатқан  объектінің  элементі 
арасындағы  байланыс  пен  қарам-қатынас,  құрамы,  құрылымдық  түрлерін  
қарапайым, кішірейтілген формасын бейнелейтін жүйе немесе әрбір объектінің 
сызбасын, суретін көрсету деп анықталады [181].      
Ғылымда модельдер түсінігі осы объект туралы жаңа ақпаратты зерттеуді  
бейнелеп  беру  қабілеті  мен  зерттеудегі  объектіні  қабылдау  және  бейнелеудегі 
материалдық  жүйені  ұсынатын  ой  болып  табылады.  Егер  В.В.Сергеева 
модельді қызметтің соңғы нәтижесіндегі стратегиялық бейне ретінде анықтаса 
[182],  онда  Е.С.Рапацев  басқа  жүйедегі  ақпаратты  алудың  құралы  ретінде 
зерттелетін  жүйе  деп  қарастырады.  Модельдер  материалдық  және  идеялық 
(ойша)  болып  бөлінеді.  Ойша  модельдеу  модельденетін  объектінің  белгілі  бір 
бағытын  бейнелеу  мен  анықтайтын  көзқарастар  және  абстрактіленетін  болып 
табылады [183].        
Шығармашылық  модель  белгілі  бір  құрылымды  ұсынатын  элементтер 
арасындағы нақты байланысты көрсетеді. Жалпыға белгілі модель материалдық 
форма  немесе  белгілер,  ойша  болмыстар,  объектілерді  бейнелейді.  Алдымен 
әрбір  объектімен  жұмыс  істеу  үшін  адам  модельді  ойша  жоспарлау  керек. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау