Есептік
жылда
патенттік-лицензиялық
жұмыс
аясында
өнертапқыштық саласында берілген өтініштер негізінен жеңіл, тамақ, химия
өнеркәсібі, гидротехника, энергетика, құрылыс салалары үшін өнімділігі
жоғары машиналарды және технологияларды құруға бағытталды. 2013-2014
оқу жылында өнертабысқа барлығы 48 өтініш беріліп, Ұлттық зияткерлік
меншік институтында тіркелінді. Аталған институттан университет
ғалымдары 34 инновациялық патент және өнеркәсіптік үлгіге 11 патент
алынды. 2013-2014 оқу жылында алынған инновациялық патенттер саны
2012-
2013 оқу жылымен салыстырғанда 7 патентке артық (2012 жылы 27
инновациялық патент алынған). Ерекше атап өтетін жай, Қазақстанда алғаш
рет ұлттық тағамға, оның ішінде қымызды ұзақ мерзімге сақтау
технологиясына инновациялық патент алынды.
Патенттік ізденіс жұмыстарын оңтайландыру және патенттік қорды
молайту мақсатында үстіміздегі жылы 2011-2013 жылдарда алынған
өнертабыс жазбаларының мәліметтер базасы және арнайы іздеу
бағдарламасы алынып, пайдаланылу үстінде.
Университет бойынша 2012-2013 жылдағы өнертабыс көрсеткіштері
Осы графиктен университет кафедраларының 2013 жылы өнертабыс саласындағы
белсенділігін бағамдауға болады. Нақты айтар болсақ, өнертабыс саласында «Су
ресурстары» (Ә.Ә.Әбдіраманов; С.М.Қойбақов, С.Қ.Жолдасов); «Сәулет және құрылыс»
(И.И.Бекбасаров, А.А. Сағындықов,); «Механика және машинажасау» (Б.А. Қойайдаров),
«Машинал мен жабдықтар» (М.Әбдіғалиев); «Дизайн және тоқыма бұйымдарының
технологиясы» (Е.А. Никитюк; У.С.Келесова, А.Б. Мынбаева); «Бейорганикалық
заттардың химиялық технологиясы және химия» (А.Асанов) кафедралары белсенді жұмыс
атқарды.
0
10
20
30
40
50
60
2012
2013
59
44
20
57
23
54
Өнертабысқа өтініш
Инновациалық патентке қорытынды
Инновациалық патент
2014 жылы Университетіміздің Ғылыми жұмыстар
жөніндегі проректоры
С.М.Қойбақов «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті
атағының жеңімпазы атанды.
2012 жылы өнертапқыштық саладағы ІХ республикалық «Шапағат» байқауының
қорытындысы бойынша «Су ресурстары» кафедрасының профессоры, машина жасау және
гидроциклон саласында 114 өнертабыстың бірлескен авторы Әбдіраманов Әбдіманап
Еуразия патенттік ұйымының В.И. Блинников атындағы «Өнертапқыштық және патенттік
іс саласына енгізген үлесі үшін» алтын медалін жеңіп алды. Ал техника ғылымдарының
кандидаты, ғылыми бағдарламалар орталығының директоры К.Қ. Шилібекке өнеркәсіптік
меншік объектілерін патенттеуді белсенді түрде насихаттағаны үшін Дүниежүзілік
зияткерлік меншік ұйымының марапаты – «Үздік өнертапқыш» дипломы мен алтын
медалі табыс етілді.