Регламент ҚР қолданыстағы заңнамаларын, жоғары кәсіби білім



жүктеу 46,17 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.05.2018
өлшемі46,17 Kb.
#16432
түріРегламент


КАФЕДРА  ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 

 

1.Жалпы ережелер 

1.Бұл  регламент  ҚР  қолданыстағы  заңнамаларын,    жоғары    кәсіби    білім 

берудің    білімдік    бағдарламаларын    жүзеге  асыратын  білім  беру  ұйымдары 

қызметінің типтік ережелерін, білім беру және сапа саласындағы мемлекеттік 

стандарттарды,  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  нормативтік  және 

әдістемелік  құжаттарын,  факультеттің,  университеттің  Ғылыми  кеңес 

шешімдерін, 

университет 

басшылығының 

ұйымдастырушылық-

басқарушылық  құжаттарды,  Университет  Жарғысын,    ИСО  9001:2008  ХС,  

сапа менеджменті жүйесі құжаттарынегізге алынып осы ереже түзілді. 

2.  Кафедра  университет  Кеңесі  нұсқауы  негізінде  ректорының 

бұйрығымен ұйымдастырылады және жойылады.  

3.  Кафедра  бейініне  (профиліне)  сай  оқытушылық-профессорлық 

құрамның  (ОПҚ)  10  штаттық  бірліктен  кем  емес,  олардың  30-45%  ғылыми 

дәреже,  ғылыми  атағы  болуы  тиіс  болған  жағдайда  кафедра  болып 

ұйымдастырылады. 

 4. Кафедраны  ережеге  сай  ғылыми  дәрежесі,  ғылыми  атағы  және 

педагогикалық, басқарушылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі 

бар кафедра меңгерушісі басқарады.  

5. Кафедраның штатына кафедра меңгерушісі, профессорлар, доценттер, 

аға оқытушылар, магистр оқытушылар және оқу-қосалқы персонал кіреді. 

6. Кафедра жұмысының мазмұны мен регламентін кафедраның жылдық 

және стратегиялық жұмыс жоспарлары анықтайды. 

7. Кафедра қызметінің мәселелерін талқылау, тиісті шешімдер қабылдау 

үшін  айына  бір  реттен  кем  емес  ОПҚ  қатысуымен  кафедра  отырысы 

өткізіледі.  Кафедра  отырысына  басқа  ұйымдардың,  факультет  деканатының, 

кафедралардың өкілдері шақырыла алады.  



2. Негізгі ұғымдар және олардың анықтамалары 

1.  Кафедра  бір  немесе  бірнеше  ұқсас  мамандықтар  бойынша  оқу,  оқу-

әдістемелік,  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын,  жаңа  білім  беру  технологиялары 

мен инновациялық жобаларды әзірлеу және ендіру, білім алушылар арасында 

тәрбие  жұмыстарын,  сонымен  қатар  ғылыми-педагогикалық  кадрларды 

дайындау  мен  қайта  даярлау  және  олардың  біліктілігін  арттыруды  жүзеге 

асыратын  университеттің негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып 

табылады. 



Кафедра меңгерушісі – кафедрада басшылық жасауды жүзеге асырушы 

лауазымды  тұлға.  Кафедра  меңгерушісі  оқытушы-профессорлық  құрамына 

жатқызылады. 

3. Негізгі бөлім 

1.  Кафедра  ұлттық  және  жалпы  адамға  тән  құндылықтар  мен  ғылыми 

және  тәжірибелік  жетістіктер  негізінде  білім  алушыларды  қалыптастыру, 

дамыту  және  кәсіби  дайындау  мақсатында  оқу,оқу  -  әдістемелік    және 

ғылыми-  зерттеу  жұмыстарын  тәрбие  жоспарлы  және  мақсатты  түрде 

жүргізеді. 




2. Кафедра қызметінің негізгі міндеттері: 

-  кафедраның  мамандар  даярлау  бағыттары  мен  мамандықтары  бойынша 

даму  стратегиясын  жасайды,  жұмыс  берушілермен,  білім  беруді  басқару 

органдарымен сыртқы байланыстарды нығайтады және дамытады; 

-  білім  беру  қызметінің  және  кафедраның  мамандар  даярлау  бағыттары  мен 

мамандықтарының кәсіби даму деңгейін зерделейді; 

- университеттің сапа менеджменті жүйесін әзірлеуге және ендіруге, сонымен 

қоса оның нәтижелілігін ұдайы жақсартып отыруға қатысады; 

-  оқу  үдерісін  жоғары  сапамен  қамтамасыз  ету  мақсатында  педагогикалық 

әдістер  мен  оқыту  құралдарын  айқындай  алады.  Оқытудың  барлық  түрлері 

бойынша барлық оқыту сабақтарының өткізілуін ұйымдастырады; 

-  жоспарланған  және  ағымдағы  қызметкерлердің  оқу,  ғылыми,  әдістемелік 

мәселелерін талқылау бойынша кафедра отырысын өткізеді; 

-  кафедра пәндері бойынша оқу бағдарламаларын дайындап ұсынады. 

-  кафедра жұмысының жоспары мен кафедра оқытушыларының жеке жұмыс 

жоспарларын бекітеді; 

 -  кафедра  қызметкерлерінің  арасында  педагогикалық  жүктеме  мен 

лауазымдық  міндеттерді  бөлуді  жүзеге  асырады,  олардың  уақытылы  және 

сапалы орындалуына бақылау жасайды;   

 

 



 

 

 



-  оқыту  сабақтарын  өткізуде  оқытудың  қазіргі  техникалық  құралдарын 

таңдауды жүзеге асырып, оны пайдалану мүмкіндігін жасайды;   

-  оқыту  сабақтарының  барлық  түрлерін  жүргізеді,  курстық  және  дипломдық 

жұмыстарға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық етеді;  

-    студенттердің  оқу-танысу  өндірістік  (педагогикалық)  дипломалды 

практикасын  ұйымдастырады,  жетекшілік  жасайды,  курстық  және 

дипломдық жұмысқа басшылық жасайды; 

 

 



 

 

 



 

-    жекелеген  пәндер  бойынша  студенттерге  емтихандарды,  сынақтарды, 

сондай-ақ,  аралық  бақылауды  өткізуді  қамтамасыз  етеді.  Олардың 

нәтижелеріне талдау жасап, кафедра мәжілістерінде баяндайды;   

-  кафедрада  ғылыми-зерттеу  жұмысының  өткізілуін  ұйымдастырады, 

студенттердің 

ғылыми-зерттеу 

жұмыстарына 

басшылық 

жасайды. 

Орындалған  ғылыми-зерттеу жұмыстары мен олардың ғылыми нәтижелерін 

ғылымға  енгізу  мүмкіндіктерін  талқылайды.  Қол  жеткізген  ғылыми 

нәтижелерді баспада жариялауды қамтамасыз етеді;   

 

 



-  оқулықтарға,  оқу  құралдарына,  әдістемелік  құралдарға  қорытынды  пікір 

дайындауды қамтамасыз етеді; 

оқулықтардың,  оқу  құралдарының,  оқу-әдістемелік  құралдардың 



дайындалуын ұйымдастырады және басшылық жасайды 

-  кафедрадағы  оқытушылар  мен  басқа  да  қызметкерлердің  жеке  жұмыс 

жоспарларының сапасы мен орындалуына бақылау жасайды; 

-  кафедраның педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады; 

-  кафедра  педагог  оқытушылар  құрамының  тәжірибесін  талқылайды 

таратады; 




-    жұмысты  жаңа  бастаған  оқытушыларға  оқыту  және  әдістемелік  тұрғыдан 

көмек  көрсетеді.  Ғылыми  педагог  мамандарды  дайындауға  басшылық 

жасайды; 

-  кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруды жоспарлайды; 

-  мамандар    даярлайтын    бағыттары  бойынша  және  ЖОО-ның  оқу-

әдістемелік комиссияларының жұмысына қатысады;  

 

 

 



-    ғылыми-әдістемелік  көмек  көрсету  мақсатында  білім  беру  ұйымдарымен 

және басқа да ұйымдарымен байланыс орнатады; 

-    кафедраның,  факультеттің,  жоғары  оқу  орнының  халықаралық  байланыс  

қызметіне қатысады және қамтамасыз етеді; 

-    кафедраның  барлық  құжаттарының  және  есептерінің  дайындалуын  және 

сақталуын қамтамасыз етеді; 

- кафедра жұмысының қорытындысы бойынша есеп береді,                                                                      

-  кафедраға  қарасты  мамандықтардың  студенттері  мен  кафедраның 

профессор  оқытушылар  құрамының    еңбекті  қорғау  және  техника 

қауіпсіздігі,  өндірістік  санитария,  өрт  қауіпсіздігі  ережелерінің  сақтауына 

бақылау  жасайды  және  еңбекті  қорғау  және  техника  қауіпсіздігі,  өрт 

қауіпсіздігі нормаларын орындайды; 

- кафедра ұжымы ЖОО-ғы мәдени іс – шараларға қатысады және қолдайды; 

-  бекітілген  тәртіппен  кафедра  қызметкерлерін  жұмыс  нәтижелері  бойынша  

материалдық және моральдық қолдау көрсетуге ұсынады; 

- пән бойынша қорытынды бақылаудың сұрақтарына, оның мазмұнына және 

сапасына жауап береді. 

4.Кафедра меңгерушісі құқылы: 

-  өз  өкілеттіліктері  шегінде  кафедраның  барлық  қызметкерлері  мен 

студенттерімен  орындалуға  міндетті  кафедра  бойынша  оның  қызметін 

реттейтін өкімдер шығаруға;  

 

-  кафедра  қызметкерлерінің  кәсіби  қызметі  үшін  жағдайлармен  қамтамасыз 



етуге; 

-  кафедра  қызметінің  мәселелері  талқыланып,  шешілетін  университеттің 

барлық бөлімшелерінің жұмыстарына қатысуға; 

-  бекітілген тәртіппен біліктілігін арттыруға; 

-    бекітілген  тәртіппен  халықаралық  және  республикалық  конференциялар 

мен оқу-әдістемелік жиналыстарға қатысуға;  

-  факультет кеңесіне, басқарудың басқа ұжымдық органдарына сайлануға; 

-  факультет,  университет  кеңесіне  кафедраны  ұйымдастыру  және  басқару 

бойынша ұсыныстар беруге; 

-  кафедраны  кадрмен  қамтамасыз  ету  бойынша  шешім  қабылдау,  оның 

сапалы құрамы бойынша ұсыныстар беруге; 

-  кафедраның  және  оның  қызметкерлерінің  кез  келген  жұмыс  жоспарына, 

жұмыс  бағдарламаларына  және  басқа  оқу  құжаттарына  олардың  бекітілген 

тәртіппен кезекті бекітілуімен қажетті түзетулер енгізуге;  

-    кафедра  қарауына  оның  оқытушылық,  ғылыми  және  басқа  қызметтерін 

жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге; 




орындалатын 

жұмыстың 

кез 


келген 

түрі 


бойынша 

кафедра 


қызметкерлерінен жазбаша есеп талап етуге; 

-  бекітілген  тәртіппен  университет  басшылығына  кафедра  штатына 

қызметкерлерді  қабылдау,  жұмыстан  шығару  және  кафедра  қызметкерлері 

лауазымына  орналастыру,  оларды  моральдық  және  материалдық  қолдау, 

қызметкерге  оны  жұмыстан  босатуға  дейін  жаза  қолдану  туралы  ұсыныстар 

беруге. 



 

5. Кафедра меңгерушісі мынандай жұмыстарға жауапты: 

-  мамандық  бойынша  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартындағы  білім 

беру бағдарламаларын жүзеге асыруға; 

-  кафедраның  оқу,  оқу-әдістемелік,  ғылыми-зерттеушілік  және  тәрбие 

жұмысының ұйымдастырылуына;  

-  кафедрамен  бекітілген  пәндер  мен  мамандықтар  бойынша  мамандарды 

даярлау сапасына; 

- кафедра қызметкерлерінің, келісім шарттарының бұзылуына ұсыныс беруге  

студенттердің құқықтарын қорғауға;  

-  қолданыстағы  ҚР  еңбек  заңнамасы  шегінде  анықталған  осы  қызметтік 

нұсқауда  қарастырылған  өзінің  қызметтік  лауазымдық  міндеттерін  дұрыс 

орындауға; 

-  кафедра  қарамағындағы  ғимараттарда  оқыту  сабақтары  кезінде  студенттер 

мен  кафедра  қызметкерлерінің  өмірі  мен  денсаулығы  қауіпсіздігін 

қамтамасыз етуге; 

-  қарамағындағы  құрылымдық  бөлімшелер  мен  бекітілген  ғимараттарда  өрт 

қауіпсіздігі мен өртке қарсы шараларды орындауға;   

 

- қажетті мәліметтің сенімділігі мен объективтілігіне;  



-  қаржылық,  штаттық  тәртіптің,  университет  жарғысының  және  кафедра 

туралы ереженің сақталуына; 

-    оқу  үдерісін  және  ғылыми  қызметті  қамтамасыз  ету  үшін  кафедраның 

жедел басқару құқығына берілген құрал-жабдықтың сақталуына; 

-  ҚР  қолданыстағы  еңбек  және  азаматтық  заңнамалары  шегінде  анықталған 

материалдық залалды басшылыққа хабардар ету; 

-  ҚР  қолданыстағы  әкімшілік,  қылмыстық  және  азаматтық  заңнамалары 

шегінде  анықталған  өз  қызметін  жүзеге  асыру  процесінде  болған  құқық 

бұзушылықтарды болдырмауға; 

- кафедра қызметінің жағдайы мен нәтижелеріне. 



 

 

Document Outline


жүктеу 46,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау