С. В. Киселев и. Л. Киселев желілік технологиялардың негіздері



жүктеу 0,59 Mb.
Pdf просмотр
бет14/20
Дата22.05.2018
өлшемі0,59 Mb.
#15861
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

 

 

 



 

 

2.13 -сурет. Outlook Express бағдарламасындағы папкалар ағашы 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Сүзгі үшін критерийлері ретінде жіберушінің немесе алушының мекен-жайлары 

яки хат тақырыбында немесе хабарламаның өз мәтінінде кездесетін жай сөз бола алады. 

Қазіргі заманғы пошта бағдарламасының тағы бір аса маңызды мүмкіндігін атап 

өтуге болады. Қазір электрондық мекен-жайды алу өте оңай, себебі көпшілігіңізде 

бірнеше пошта жәшіктері болуы да мүмкін. Пошта клиенттердің көпшілігі бірнеше 

пошта жәшіктерімен бір мезгілде жұмыс істеуге ықпал етеді.  Кейбір жағдайда бұл өте 

ыңғайлы болады. Бір жәшік жеке хат алмасуға, енді біреуі — қызметтік хат алмасуға 

және т.б. қызмет көрсетуге арналады. 



WWW арқылы поштамен жұмыс істеу. Электрондық поштамен жұмыс істеудің 

жаңа тәсіліне қатысты әдетте браузерді пайдалану үлкен танымал жетістіктерге ие болып 

отыр. Егер пошта серверінде арнайы бағдарламамен қамтамасыз ету орнатылған болса, 

онда WWW арқылы электрондық поштаға қол жеткізуге мүмкіндік беретін осындай 

мүмкіндіктер пайдаланушыда да бар.Осындай бағдарламаның қол жеткізу тәсілі түрінің 

бірі Web mail деп аталады. 

Оның бірнеше артықшылықтары бар: біріншіден, пошта клиенттеріне қосымша 

бағдарламаны іске қосу қажет емес,бәрі браузер арқылы жасалады; екіншіден, көптеген 

пайдаланушылар үшін үлкен қиындықтар тудыратын пошта жәшігінің параметрлерін 

есте сақтау және баптау қажет емес, егер  Web mail пайдаланған жағдайда сайтқа кіру 

керек және логин мен құпия сөзді енгізу керек; үшіншіден, әрбір компьютерде браузер 

бағдарламасы бар болғандықтан, кез келген компьютерден, кез келген жерден өз 

поштаңызға қол жеткізуге оңай және тез жүзеге асады. 

Алайда, поштамен көп және жиі жұмыс істейтін пайдаланушылар үшін  бірқатар 

кемшіліктер бар: навигация ыңғайлылығы,  автоматты  түрде сүзгі мүмкіндіктері және 

қолмен сұрыптау анағұрлым пошталық клиенттерден қалып қояды; Web mail-мен жұмыс 

істеу жылдамдығы әдетте айтарлықтай төмен әрі пошта пайдаланушының компьютеріне 

жүктелмейді, тек WWW арқылы бейнеленеді.Қалған Web mail-мен жұмыс істеу тәсілдері 

 

 

 



 

 

44

 

тарау 

2 

Ғаламдық компьютерлік желілер

 



 

 

 



Телеконференциялар мен веб-форумдар. Электрондық поштадан басқа да off-line 

режимінде ақпаратпен алмасу технологиялары бар. Олардың ішінде веб-форумдар 

арқылы қарым-қатынас айтарлықтай танымал болып келеді. 

Веб-форумдар ізашарларымен ұжымдық қарым-қатынас тәсілі ретінде 

телеконференциялар ашылды, ол электрондық пошта сияқты, интернеттен бұрын 1980 

жылдың басында пайда болған.Телеконференциялар пайдаланушыларға көптеген 

бөлімдер мен әрқайсысының өз тақырыбы бар жаңалықтар топтамасын ұсынды. 

Сонымен қатар топтың әрбір қатысушысы басқа қатысушылар топқа орналастырған 

хабарламаны оқып, оларға жауап бере алады және топтың барлық қалған 

қатысушыларына  қол жетімді болатын өз хабарламаларын орналастыра алады. 

Телеконференция жаңалықтар сервері – мамандандырылғансерверлер желісі 

арқылы таратылады. Жаңалықтар серверіне қол жеткізу үшін бұрын арнайы 

бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану қажет еді. 

Қазіргі уақытта көптеген пошта клиенттерінің, соның ішінде Outlook Express-тің 

телеконференциялармен жұмыс жасауға арналған кіріктірме мүмкіндіктері бар және 

қосымша бағдарлама орнату қажет емес. 

Телеконференцияның гүлденуі мен орасан танымалдылыққа ие болуы 1980-1990 

жылдары орын алды. Қазіргі уақытта «классикалық» телеконференцияны негізінен 

компьютерлер мен телекоммуникация саласындағы кәсіпқойлар және университеттердің 

қызметкерлері пайдаланады. WWW пайда болуы мен даму  салдарынан WWW- 

конференциялар немесе веб-форумдар тарату артып келеді. Веб-форумдар әлдеқайда көп 

мүмкіндіктер береді — олар WWW-дің барлық заманауи мүмкіндіктерін, соның ішінде 

мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдалануға жағдай жасайды. Веб-форумдардың 

танымал болуының басты себебі Web mail сияқты: қосымша бағдарламаны пайдалану 

қажет емес — барлығы браузер арқылы жасалады. 

Қарым-қатынастың тағы бір түрі блогтар болып табылады. Блог (ағылш.web log 

— вебжурнал) үй парағы мен веб-форумның синтезі болып табылады. 

Әрбір блог өзі блогтың авторы – пайдаланушының жазбаларын үнемі жаңартып 

отыратын парақтарды білдіреді. Жазбалар хронологиялық тәртіппен және кейбір 

жағдайларда тақырыптық айдарларға бөлініп сұрыпталады. 

Блогқа кірушілердің әрбір жазбаға өз пікірлерін жазуға, жазбалар мазмұны 

туралы пікірлерін қалдыруға мүмкіндіктері бар.Блогқа кірушілер автордың жазбаларын 

ғана емес, сонымен қатар басқа да келушілердің оған жазылған барлық пікірлерін көре 

алады, содан кейін өз хабарламасын қосуға мүмкін болады.Блогта қарым-қатынас 

жасауды осымен қортындылауға болады. 

On-line коммуникациясы. Коммуникацияның екінші түріне (on-line) тоқтала 

кетейік, бірақ интернетте әртүрлі ресурстардың көптеген түрлерін табуға болады. 

Олардың ішіндегі негізгі түрлерін атап өтейік. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

45

 

Желілерді логикалық ұйымдастыру

 

2.4

 



жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау