Хамза есенжановты ң шы ғ армашылы қ шеберханасы



жүктеу 34,69 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.05.2018
өлшемі34,69 Kb.
#15729


ХАМЗА ЕСЕНЖАНОВТЫҢ  

ШЫҒ АРМАШЫЛЫҚ  ШЕБЕРХАНАСЫ 

(«АҚ  ЖАЙЫҚ » ТРИЛОГИЯСЫ БОЙЫНША) 

 

Сапарова Ж.,  

«Филология: қазақ тілі», 4 курс  

Ғылыми жетекші:  

ф.ғ.к. Сұлтанғалиева Р.Б.  

 

Көрнекті жазушы, Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының иегері 



Хамза Есенжанов кесек туындыларымен қазақ әдебиетіне қомақты 

үлес  қосқан  дархан  дарын  иесі.  Ақтандақтар  қасіретін  басынан 

кешірген,  алмағайып  дәуірдің  зұлматын  басынан  өткіз-ген  қайсар 

жандар қатарында Хамза Есенжановтың есімі ерекше.  

Абайша  айтсақ,  Хамза  Есенжанов  –  артына    өлмейтұғын  сөз 

қалдырған  саңлақ  суреткер,  яки  өзгелерін  өз  алдына  қойғанда, 

шындық пен сырға, ой мен образға, сезім мен суретке, парасат пен 

философияға  толы  бір  трилогия,  бір  диалогия  біріне  бірі  жалғаса, 

бірін бірі толықтыра, бірінен бірі туындай тұтасқан бес том тарихи 

революциялық  романдар  циклін  жазып  қалдырып  кеткен  тамаша 

сөз зергері.  

Сондықтан да ол,  Гогольше айтсақ, ажалсыз адам, біздің бүкіл 

тыныс-тіршілігімізге  бізбен  бірге  қолма-қол  араласып,  әдеби 

әлемнің адамдарымен күнбе-күн бірге жүрген тірі адам.  

Хамза Есенжановтың қиын да қызық творчестволық тағдырына 

көз  тоқтатып,  көңіл  аударар  болсақ,  оның  қолынан  шыққан  өнер 

туындыларының  өзіне  тән  ерекшеліктерін  байыптап  байқасақ, 

бәрінен  бұрын  жазушының  қаусырымы  мол  эпикалық  құлашын 

аңғару қиын емес.  

Көрнекті қаламгер есімін бүкіл қазақ жұртына, оқырман қауымға 

«Ақ  Жайық»  романы  танытса,  толқыны  жағаға  соққан  асау  Жайық 

өңірінің  Алашорда  кезіндегі  тарихи  өмірі,  халық  шежіресі  жазушы 

Хамза Есенжанов арқылы танылды десек артық айтпаймыз.  

Осы күнгі әдебиеттану ғылымы кемеліне келген ғылым. Өйткені, 

орыс  тілінде  де,  қазақ  тілінде  де  әдебиет  тарихы  ғылыми  түрде 

әлдеқашан  жазылып,  айнала  жұмырланып,  ғылым  біткеннің  жалпы 

өрлеуіне  сай  келетін  пәнге  айналып  кетті.  Сонымен  бірге  оның  төл 

теориясы  мен  ғылыми  сыны  да  көңілге  толымды  дәрежеде.  Неге 

десеңіз,  бұл  жөніндегі  ғалымдарымыздың  еңбектері  оқулық  түрінде 



де, жеке монографиялық қалпында да орта және жоғары дәрежелі оқу 

орындарында  оқылып  жатыр.  Ал,  жеке  зерттеулер  мен  мақалалар 

жинақтары да баспа арқылы көңілдегідей таралып келеді. Сондықтан 

біз  романның  тегі  жайын  тек  ретін  тап-таза  теориялық  жағына 

соқпастан, тек қана роман қалай жазылды дегенге ғана тоқталмақпыз. 

Мұның өзі де әрі кеңірек, әрі тереңірек сөз етуді тілейді. Неге десеңіз, 

ол  жазу  процесіне  адамның  ішкі  психологиялық-әлеуметтік 

болмысына тікелей қатысты.  

     ...Тәңірінің күні жарқырап,  

  Ұйқыдан көңіл ашар көз.  

Қуатты ойдан бас құрап  

Еркеленіп шығар сөз, -  

дегендегі  Абайдың  «көңіл  көзін»  ұйқыдан  аштырып  жіберетін 

күшке  тіреледі.  Бұл  күштің  не  екеніне  жауап  бермей  тұрып, 

«көркем  шығарма  қалай  жазылды?»  дегенді  баяндау  мүмкін  емес. 

Ендеше, біртіндеп, жол-жөнекей, осындай қосымша мәселелерге де 

тоқтала кетейік.  

Сарқылмас  рухани  күш  халықтың  ілгерілей  беруіне  керекті 

шарттың  бірі,  тіпті,  бастысы  десең  де  боларлық.  Сөйтіп,  өз 

ортасынан  керек  кезеңдерде  шешені  мен  ақыны,  әншісі  мен 

күйшісін,  батыры  мен  биін  лек-легімен  шығарып  отырған.  Бұған 

әріден келе жатқан ауыз әдебиеті айғақ. Тарихтың айнасы есебінде. 

Сондықтан  да  Абай:  «Өмірдегі  қызықтың  бәрі  өлең-мен...»  деп 

өмірдің сәні де, мәні де өреңде екенін аңғартады – білім алу жүйесі 

осымен байланысты дейді.  

Қандай  бала  болса  да  жас  шақта  үлкендердің  аңыз-әңгімелерін 

тыңдамағаны  кемде-кем  шығар.  Әрине,  жыр  мен  аңызға  құмарлық 

себептен  себепсіз  тумақ  емес.  Ол  құлақ  құрышы  қанғанша 

тыңдайтын ән мен жыр бар жерде ғана туатын рухани ынтықтық. Бұл 

өскен  ортада  көрумен,  тыңдаумен,  үйренумен,  еліктеумен  келіп, 

жатсаң-тұрсаң  ойында  жүріп,  көз  алдында  елестеп,  еркіңнен  тыс 

жетектеп,  «мен  де  жыршы  болсам,  бәрін  білсем,  дүние  тілін  мол 

ұқсам» деген та лпыныстан басталады...  

«Ақ Жайықтың» бас қаһармандары қандай десек: Оралда 1918 

жылы бірінші облыстық Совдеп құрған жандар. Олардың басшысы 

Петр  Дмитриев  –  Орал  гимназиясының  оқытушысы,  Петроград 

пролетариатының  өкілі.  Бірнеше  жыл  каторгада  болып,  айдалып 

келген  большевик.  1861  жылы  құлдықтан  құтылған  Ресей 

қарашекпенінің баласы.  



Екіншісі  –  юрист  Бақытжан  Қаратаев.  Үшінші  –  Доссордың 

жұмысшы мектебінде істейтін учитель Павел Червяков. Жұмыс-шы 

Петр  Парамонов,  Меңдігерей  Епмағамбетов,  Әбдірахман  Әйтиев, 

солдат Иван Белан.... 

Совдептің  тұңғыш  председателі,  жалынды  үгітші,  шешен 

Дмитриев Оралдың атамандар басқарған әскери үкіметінің қолында 

өлім  жазасына  кесілген  түні  у  ішіп  өлді.  23  Совдеп  мүшесі  дарға 

асылды.  

Халық қозғалысында түрлі топтардың күреске шығатыны анық. 

«Ақ  Жайық»  романында  жалшы,  балықшы,  егінші,  орыс,  қазақ 

шаруалары сол ұлы кезеңнің шындығына сай теңдік жорығынан өз 

орнын алған сияқты.  

Қарсы  тараптан  бейнеленген  генегалдар  мен  атамандар, 

қазақтың  буржуазияшыл  оқымыстылары,  байлары  мен  старшина-

лары  тұрмыста  қандай  болса,  кітапта  да  өз  рольдеріне  шақ 

бейнелерін тапса керек... 

Көркем  әдебиет  қаһарманы  өмірде  болған  қайраткерлердің  құр 

көшірмесі  емес  деген  пікірді  ескерттік.  Қажырлы  Әйтиев  пен  Мең-

дігерей  Епмағамбетовтің,  Белан  мен  Гречконың  бейнелері  көркем-

деу  құралымен  сырланған,  жұмырланған  бейнелер.  Алайда,  тарихи 

шығарманың салыстырмасы қасында тұрады. Ол – тарихи (ғылы-ми) 

еңбек.  Сондықтан  көркемдік  дәлдік  тарихи  дәлдіктен  алшақ-тауға 

жол  жоқ.  Әйтпесе,  шығарма  нанымдылық  деген  сөздің  аста-ры 

сынды.  Сол  үшін  жалғыз  ғана  адам  бейнесі  емес,  жердің,  судың  – 

айнала қоршаған тіршілік шеңберінің бәрі танымал болуға тиіс.  

Хамза  Есенжанов  екінің  бірінің  батылы  бармайтын  үлкенге 

құлаш  сермеді,  әдебиетіміздің  нар  жүгін  арқалауды  ниет  етті. 

Әдебиетіміздің бағына орай, осы екі тілегі де орындалды. Жазушы 

халық  өмірін  кең  қамтып,  тұтас  бір  тарихи  кезеңнің  панорамасын 

жасап  қана  қойған  жоқ,  ол  ел  тірлігіне  терең  бойлап,  оның  қалың 

қабатына  ой  жүгіртіп,  түрлі  сырларын  ашты.  Естен  кетпес  көркем 

бейнелер, ұрпақтан ұрпаққа жетерлік, тозбайтын, өлмейтін ұлттық 

характерлер жасады.  

Хамза  Есенжанов  қоғамдық  өмірге  де  белсене  араласты. 

Қазақстан  Жазушылар  одағы  басқармасының  мүшесі,  «Жұлдыз» 

журналының  редколлегиясының  мүшесі  болды,  жас  әдебиетші-

лерді тәрбиелеуге көп күшін жұмсады.  

Жазушының  шығармашылық  қызметін  партия  мен  үкімет 

жоғары  бағалады.  Ол  Еңбек  Қызыл  Ту,  Құрмет  Белгісі  орденде-



рімен марапатталған. Хамза  Есенжанов «Ақ  Жайық» романы үшін 

Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды [10] .  

Осындай  тамаша  шығармашылық  және  қиын  тағдыр  иесі 

болған  Хамза  Есенжанов  қазақ  әдебиеті  төрінен  алатын  орны 

қашанда биік, парасаты жоғары.  

Алмағайып  заманда  өмір  кешіп,  өзі  туған  өңірдің  тұтас  бір 

тарихи  кезеңі  мен  тұлғаларын  мәңгілікке  сомдап  кеткен  дархан 

дарын,  пайымды  парасат  иесі  ұрпақтар  есінде  мәңгі  сақталып, 

шығармалары мәңгілік рухани мұра болып қала береді.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.  Әдібаев Х. Уақыт пен суреткер. А: Жазушы, 1967. 228 бет.  

2.  Есенжанов  Х.  Томдық  шығармалар  жинағы.  Есенжанов  Х. 

Томдық шығармалар жинағы. А: Жазушы. 1981.  

3.  Қабдолов З. Арна. Зерттеу сын эссе. А: Жазушы. 1988. 256 бет.  

4.  Қажымұлы Қ. «Орал өңірі»., 7 маусым, 2005 жыл.  

5.  Сейітов С. «Қазақ әдебиеті».  

6.  «Қазақ әдебиеті», 1 желтоқсан, 1961 жыл.  

7.   «Жұлдыз», № 26. 29 маусым, 1973 жыл.  

8.  «Қазақ әдебиеті», № 23. 4 маусым, 1999 жыл.  

9.  «Қазақ әдебиеті», № 31. 5 тамыз, 1997 жыл.  

10.  «Қазақ әдебиеті», №50. 16 желтоқсан, 1974 жыл.  

 

 



жүктеу 34,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау