Диссертациялық кеңестің _2016_ жылғы жұмысы туралы
ЕСЕБІ
________М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің _______
(ұйымның
атауы)
жанындағы диссертациялық кеңес_6D074400 – Гидротехникалық құрылыс
жəне ғимараттар, 6D081000 – Мелиорация, жерді баптау жəне
қорғау____________________________________________________________
(кеңестің шифры)
Диссертациялвқ кеңестің төрағасы _т.ғ.д., профессор Қойбақов С.М.______
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Білім жəне
ғылым
саласындағы
бақылау
комитетінің
_2016
ж. «_31_»
_____наурыз________ № __316___ бұйрығымен бекітілген.
Диссертациялық кеңеске
___6D074400 – Гидротехникалық құрылыс жəне ғимараттар ___ мамандығы
бойынша;
___6D081000 – Мелиорация, жерді баптау жəне қорғау_________мамандығы
бойынша диссертация қорғауды қабылдауға рұқсат берілген.
Есеп берген (16.04.2016ж. мен 31.12.2016 ж.) кезеңде PhD докторлық
диссертацияларды қорғау диссертациялық кеңесінің жұмыс жоспарына
сəйкес 1 отырыс өткізілді (докторанттар Молдамуратов Ж.Н. жəне
Жабағиева Қ.Р. докторлық диссертацияларын қорғау).
2. ЖШС «СШҒЗИ» бас директоры а-ш.ғ.д. Балғабаев Н.Н. ресми түрде
іс сапарда болды (басқа облыста), Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық
инновациялық техникалық университеттің (ҚазҰИТУ) профессоры, т.ғ.д.
Шинибаев А.Д. денсаулығына байланысты (отадан кейін ауруханада
жатуына байланысты) диссертацияны қорғауға қатыса алмады, бірақ скайп
арқылы on-line түрінде диссератцияның қорғауына қатысып, сын пікірін
оқыды.
3. Докторанттар Молдамұратов Ж.Н. жəне Жабағиева Қ.Р.М,Х,Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 6D074400 – Гидротехникалық
құрылыс жəне құрылымдар мамандығының докторанттары.
4. Молдамұратов Ж.Н. диссертациялық жұмысы «Пішіні көлденең
қималы гидравликалық жəне статистикалық тұрақты каналдардың тасынды
тасымалдау қабілетін жəне құрылыс технологиясын зерттеу» тақырыбына
арналған жəне Қазақстанның тау жəне таулы аймақтарында орналасқан
өзендердің тасындарын тасымалдау сұрақтарына арналған. Бұл процестер
өзендер сағасының деформациясын дамуына жəне каналдардың су өткізу
қабілетін азайтуға алып келеді.
Өзен арналары мен каналдардың қалыптасуын негіздейтін жəне арна
түзілуінің өзекті мəселелерін сипаттайтын процестердің күрделілігін,
ағынның тасынды тасымалдау қабілеті мəселесімен кешенді түрде қарастыру
қажет. Бұл арналардың морфодинамикалық түрлері, олардың өтім қималары
мен жағалар жəне арна түптерінің шайылуы жылдамдығын, суландыру
каналдарына тасындылар түсуі мөлшерін болжауға мүмкіндік береді.
Өзен арналары мен каналдардың қалыптасуын негіздейтін жəне арна
түзілуінің өзекті мəселелерін сипаттайтын процестердің күрделілігін,
ағынның тасынды тасымалдау қабілеті мəселесімен кешенді түрде қарастыру
қажет. Бұл арналардың морфодинамикалық түрлері, олардың өтім қималары
мен жағалар жəне арна түптерінің шайылуы жылдамдығын, суландыру
каналдарына тасындылар түсуі мөлшерін болжауға мүмкіндік береді.
Гидромелиоративтік құрылыста өзекті ғылыми бағыттардың бірі
болып, каналдарға ең ұтымды параболалық пішін түріндегі көлденең
қимасының гидравликалық жəне статикалық орныққан формасын беру болып
табылады, ол ағынның тасындыларды тасымалдау қабілетін мүмкіндігінше
ұлғайтуға жəне жаңа үлгідегі машиналар мен механизмдерді оптимизациялау
критерийін қолданып, оларды соғу жəне тазалау жұмыстарының орындалуы
кезінде кезеңдері мен құнын əлдеқайда қысқартуға мүмкіндік береді.
Диссертация
тақырыбы
бойынша
ғылыми
зерттеулер,
автор
докторантурада оқыған, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ ҒЗЖ тақырыптық
жоспарларына сəйкес орындалды. Зерттеулер келесі тақырыптар (тема)
шеңберінде орындалған: «Методологические основы многофакторного
анализа и прогнозирования состояния орошаемых земель юга Казахстана на
основе ГИС-технологий», «Предупреждение чрезвычайных ситуаций
природного и техногенного характера, связанных с использованием водных
ресурсов», «Состояние и рациональное использование водных и земельных
ресурсов региона» (2013-2016 ж.ж.).
Жұмыстың ғылыми жаңалығы парабола пішінді каналдардың тұнба
тасымалдау мүмкіндігін бағалау жəне құрылыс технологиясын жетілдіру мен
топырақсорғышпен тазалауды қарастыру болады.
Жұмыстың жаңалығы, су шаруашылығы құрылысы саласындағы
теориялық жəне эксперименталдық зерттеулерді ғылыми жүйелендіруден
жəне табиғи-техникалық жүйелерді модельдеуден тұрады. Қорғауға
шығарылатын негізгі қағидаттар: суару каналдары жұмыстарының жобалық
көрсеткіштерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, тиімді шаралар
ұсынылған жəне əдістемелік тұрғыда негізделген; тасынды тасымалдау
қабілеті жоғары каналдарды тиімді пайдаланудың критерийлері анықталған;
каналдың ең ұтымды қимасының негізгі критерийлері мен көрсеткіштері
анықталған; канал өтім қимасының тиімді параболалы пішіні ұсынылған
жəне негізделген; гидромелиоративтік жүйелердегі каналдардың құрылысы
жəне жұмысшы күйде күту кезіндегі канал өтім қимасының параболалық
пішінін жасау үшін машиналар мен механизмдердің оптималды құрамы
анықталды;
топырақсорғыш
құрылғыларды
таңдау
номограммасы
ұсынылады; ағынның тасынды тасымалдау қабілетін жақсартудың
техникалық шешімдері жасалынды.
Жабағиева
Қ.Р.
диссертациялық
жұмысының
тақырыбы
«Гидротехникалық құрылымдарда қолданатын гидроциклонды насос
қондырғылардағы арын шығынын анықтаудың əдістемесін жасау».
Гидроциклон, жіктеуші (қойылтқыш) аппарат ретіндегі қысқа,
жартылай цилиндрлі-конусты құбыр, өндірістің барлық дерлік саласында
кеңінен қолданыс тапты. Соңғы жылдары вакуумды гидроциклонды насос
қондырғылардың
жаңа
кластары
жасалып
шығуына
байланысты
гидроциклондарды қолдану саласы өте жылдам кеңеюде.
Гидроцилонды насос қондырғылар (ГЦНҚ) негізінен екі түрлі болады:
арынды жəне вакуумды. Бірінші жағдайда гидроциклонды камера сорғының
айдау желісінде орналасады. Ал, екінші жағдайда, гидроциклонды камера
насостың сору желісінде орналасады. Тек, бұл нұсқада гидроциклонның
конусты бөлігінің төбесіне ақпалы аппарат орналасады. Ақпалы аппарат
вакуум жасайды, гидроциклоннан бөлінген тасындыларды сорады да, оны
қажетті өңдейтін орнына дейін тасымалдайды. Егер алғашқы сұйықтық екі
компонентті болса, онда оны арынды жағдайда немесе вакуумды жағдайда
(су+қатты фаза) құраушы бөліктерге бөлуге болады. Бірінші нұсқаның
артықшылығы: гидроциклонда сұйықтықтың кіру қысымы жоғары (радиусы
бойынша қысым градиенті үлкен), бөлшектердің минимальді өлшеміне
жеткізу
мүмкіндігі,
ГЦНҚ
конструкциясының
қарапайымдылығы,
гидроциклонның құмды тесігінде тұнбаны (шлам) қойылту дəрежесінің
жоғарғы өнімділігі мен реттелуі. Кемшіліктері: сорғының жұмыс органдары
мен гидроциклонның ішкі бетінің қарқынды гидроабразивті тозуының болып
тұруы. Мұндай ГЦНҚ жұмыс қабілетін ұзарту үшін сорғының жұмысшы
бөлшектерін
(детальдарын)
төзімді
материалдардан
жасайды,
ал
гидроциклонды резинамен немесе басқа материалмен қаптайды. Сонда да,
арынды сорғы қондырғылары гидротехникада, су шаруашылығында, кен-
байыту фабрикалары мен халық шаруашылығының басқа салаларында
кеңінен қолданыс тауып келеді.
Ортадан тепкіш насостың жұмыс бөлшектерінің гидроабразивті
тозуымен күресу үшін, гидроциклонды насостың сору желісінде орналастыру
жұмыс доңғалағының, дискінің, втулканың жəне басқа бөлшектердің
абразивті тозуын тудыратын бөлшектер насосқа түспейді. Қатты фазаны
гидроциклон тосып алады да, гидроэлеватормен жабдықталған құмды
тетікпен алынып тасталады. Сондықтан, насос қатты фазалардан болатын
абразивті тозуға ұшырамай, толық қызмет өтеу уақытында жұмыс жасайды.
Бірақ, енді гидроциклон мен гидроэлеватор тоза бастайды. Вакуум
жағдайында жұмыс істеп тұрған гидроциклон, вакуумды гидроциклон деп, ал
гидроцилонды қондырғы – вакуумды гидроциклонды насос қондырғысы
(ВГЦНҚ) деп аталып кетті. Ескере кететін нəрсе, насостың сору желісіндегі
вакуумды гидроциклон, айдау желісіндегі гидроциклонға қарағанда аз
тозады, өйткені бірінші жағдайда, кіре беріс жəне суаққыш түтіктердің
арасындағы
қысымның
(вакуумның) төмендеуі
өте аз.
Ақпалы
аппараттардың (гидроэлеватор) абразивті тозу ерекшеліктері бүгінгі күнге
дейін көңіл толарлықтай зерттелмеген. Осы орайда, гидроэлеваторлардың
пайдалы əсер коэффициенті (ПƏК) эжекция коэффициентіне тік
пропорционал екенін ескерсек, онда құйынды гидроэлеваторлардың
тиімділігі артатыны анық. Осы күнге дейін құйынды аппараттарды қолдану,
олардың ПƏК-нің төмендігінен тиімсіз деп есептелінген. Енді бұлай деуге
болмайды, құйынды гидроэлеваторлардың ПƏК-і, аз өнімділікті ортадан
тепкіш сорғылардың ПƏК-нен аз емес. Гидроэлеваторлардың ПƏК-нің
жоғарылататын - белсенді беттің санын екіге дейін ұлғайтатын, басқаша
айтқанда жұмысшы ақпаны гидроэлеваторға айналмалы келте құбыр арқылы
жеткізетін тағы да бір тəсіл пайда болды. Бұл жағдайда, екі басқа баяу
ағындарды ішкі жəне сыртқы келте құбырлармен соруға болады. Ақпалы
аппараттың ПƏК-і міндетті түрде өседі. Егер ағынның айналмалы келте
құбырға бұралған түрде келуін ескерсек, онда гидроэлеваторлардың даму
болашағы əлі де жеткен деңгейде шектеліп қалмайды.
Вакуумды гидроциклонды насос қондырғылардағы гидроэлеватордың
эжекция коэффициентін жоғарылату соңғы мақсат болып табылмайды,
мұнда, гидроциклонның құмды тесік аумағында гидроэлеватордың
жұмысшы ақпасының шығынын аз кетіретін жеткілікті тереңдікті вакуум
жасау маңызды. Мұндай жағдайда құйынды гидроэлеваторлар өте тиімді.
Гидроциклонды насос қондырғылар гидравликасында өте маңызды
сұрақтардың бірі гидроциклондағы үлесті энергияның (арынның)
шығындалуы болып табылады.
Екі компонентті сұйықтық (су+қатты фаза), сору, сондай-ақ айдау
желілерде орналасқан гидроциклонды камерада екі құрама бөлікке жақсы
бөлінеді. Қатты бөлшектерден тазаланған су гидроциклонның суаққыш, ал
қатты фаза құмды келте құбыр арқылы шығады.
ГЦНҚ-ның
технологиялық
жəне
экономикалық
тиімділігі
гидроциклонда гидроқоспаны жіктеу (қойылту) кезіндегі үлесті энергия
шығынының мөлшеріне бүтіндей тəуелді. Бүгінге дейін гидравликада арын
шығынының теориялық анықталуы тек бірнеше жағдайларда ғана қол
жеткізілді: құбыр желінің ұзындығы бойынша (Вейсбах-Дарси формуласы),
құбырдағы ағынның күрт ұлғаюында (Борд-Карно теоремасы) жəне жетілген
гидравликалық шапшымада. Барлық басқа жағдайларда арын шығыны тек
тəжірибелік жолмен анықталады. Ал бұл гидроциклонды насос
қондырғыларының
жаңа
конструкцияларын
алдын-ала
жобалауды
қиындатады. Сонымен қатар, ГЦНҚ-дағы ағыс негізінен бұралған, ал қолда
бар ғылыми нəтижелер тіке ағысты ағындарға тиесілі болып тұрғандығы
проблеманы күрделендіреді. Жалпы, тіке ағысты (өстік) ағындар үшін
шешімі табылған арын шығындарына байланысты барлық сұрақтарды,
бұралған ағындарға деген көзқараспен қайта қарастыру қажет. Мұндай
жұмыстар
көлемі
өте
үлкен
жəне
көптеген
теориялық
жəне
экспериментальдық зерттеулер жүргізуді талап етеді. Бұл жағынан
диссертациялық жұмыстың тақырыбы осындай талдаулардың бүкіл
топтамасының негізі болап табылады. Сондықтан, гидроциклондағы арын
шығынын анықтаудағы міндет - уақытқа сай жəне өте өзекті.
Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін, келесі мəселелер
қарастырылды: гидроциклонның гидродинамикасын зерттеу; гидроциклонды
камерадағы ағын араласуындағы тұтқырлыққа байланысты арын шығынын
анықтау; гидроциклон камерасындағы бұралып аққан сұйықтықтардың
кедергісіне
шығындалатын
энергияны
анықтау;
гидроциклон
қабырғасындағы жəне қақпағандағы үйкеліске шығындалатын үлесті
энергиясын анықтау.
Диссертацияның ғылыми жаңалығы: сыртқы-төмендегіш жəне ішкі-
жоғарылағыш ағындар араласуына байланысты арын шығындалуының
механизмі анықталды; жергілікті кедергілерге үлесті энергия шығынының
шамасы табылды; гидроциклондағы сұйықтық қозғалғандағы ішкі
тұтқырлыққа арынның шығындалуы анықталды; гидроциклон қабырғасына
жəне қақпаққа сұйықтық үйкелгендегі үлесті энергияның шығыны
анықталды.
Гидроциклондағы арын шығынын есептеу əдісін қолдануда
туындайтын
мүмкіншіліктер
анықталды:
гидроциклон
жұмысының
тиімділігін жоғарылату; гидроциклонның барлық элементтерінің өлшемдерін
үйлестіру арқылы оны жобалау сапасын жақсарту; гидроциклонды
қондырғыға насосты жəне басқа қосымша элементтерді дұрыс таңдау жасау.
5.
Рецензенттер докторанттардың диссертациялық жұмыстарына сын
пікірлерін сұраныстарға сай жəне тиісті мерзімінде жасады. Сапасыз сын
пікірлер жоқ. Докторлық диссертацияларды қорғау кезінде ақпараттарды
инновациялық түрде беру əдістері қолданылды, мысалы, рецензент т.ғ.д.,
профессор Шинибаев А.Д. (Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰИТУ, Алматы қ.)
денсаулығына байланысты диссертацияны қорғауға келе алмады, сондықтан
on-line түрінде тікелей қосу жүргізілді.
6. Ғылыми кадрларды - докторанттарды даярлау жүйесін одан əрі
жетілдіру мақсатында қажетті ақпараттарды инновациялық тарату түрлерін
қолдану арқылы жақын жəне алыс шет мемлекеттерден рецензенттер мен
ғылыми консультанттарды on-line түрінде тікелей қосу əдісін жүргізуді
қолдану. Диссертацияны қорғау кезінде шет елдік ғылыми консультант
т.ғ.д., профессор М.Ю.Калинин (Минск қ., Беларусь Республикасы)
диссертациялық жұмысқа пікірін on-line түрінде тікелей қосу жүргізу
арқылы баяндама жасады.
7.
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми
дəрежесіне ізденушілердің қаралған диссертациялары туралы деректер.
Көрсеткіштер
Мамандық
Қараудан алынып тасталған диссертациялар -
Оның ішінде диссертациялық кеңестің алып
тастағандары
-
Рецензенттердің теріс пікірін алған
диссертациялар
-
Қорғау қорытындысы бойынша оң нəтиже
алғандары
Құжаттар ҚР БҒМ Білім
жəне ғылым саласындағы
бақылау
комитетіне
тапсырылды
Достарыңызбен бөлісу: |