Кеңес пен жаңа билік жүйесі – Президенттік басқарудың өзара келісімі ретінде қабылданған
ҚР бірінші Конституциясы өміршең болмай шықты. Бірінші Конституция елдегі басталған
түбегейлі реформаларды одан әрі тереңдетуге қабілетсіз болып шықты.
Ескі мен жаңаның арасындағы болмай қойсайтын күрес басталды. Бірінші конституция
елдегі басталған түбегейлі реформаларды одан әрі тереңдетуге қабілетсіз болып шықты. Ол
туралы Президент ретінде сол Конституция шеңберінде қызмет етуге тиіс болған,
сондықтан оның барлық кемщіліктерін дер кезінде сезіне білген Н.Ә.Назарбаев : «Еліміздің
алғашқы Конституциясы 1993 жылы қаңтар айында күшіне енген бойда-ақ, кемшіліктерін,
әлеуметтік – экономикалық және саяси процестердің шын ахуалынан аулақ жатқандығын
көрсетті.
Желпіністің желі тез ыдырады. 1993 жылғы үлгідегі Конституция егемен Қазақстанды
құрудың күнбе- күнгі қарапайым да ауыр қызметіне құқықтық негіз бола алмайтындығын
аңғартты. »
Объективті қалыптаса бастаған жаңа жағдайға бейімделуге қабілетсіздік танытқан билік
тармақтарының бірі – Жоғарғы Кеңес өзінің төменгі құрылымдарының бастамшылығымен
таратылды. 1994 жылы 7 наурызда сайланған Қазақстанның тұңғыш кәсіби парламенті де
ұзақ жұмыс істей алмады. Ол да Конституциялық соттың 1995 ж. 10 наурыздағы шешімімен
заңсыз деп танылды.
Еліміздің саяси билік жүйесінде дағдарыстық ахуал қалыптасты. Осындай жағдайда
Қазақстан халқы өз Президентінен батыл шаралар қабылдауды талап етті. Уақыт талабынан
шыға отырып, Н.Ә.Назарбаев, Мемлекет басшысы ретінде референдум өткізуге шешім
қабылдады.
1
995 ж. 29 сәуірде өткізілген референдум қортыдысында ҚР Президенті өкілдігінің
мерзімін ұзартуды жақтап сайлаушылардың 95, 46 пайызы дауыс берді. Ол экономиканы
жандандыруға бағытталған 511 Жарлық шығарды, оның 132-сінің заң күші бар еді.
Бұл заңдар, сөз жоқ, елдегі түбегейлі қоғамдық өзгерістерді терңдетіп, олардың негізгі
бағытының бұлжымастығын бекіте түсті. Дегенмен, басталған реформаларды жалғастыру
және тереңдету үшіін ҚР Президентінің басшылығымен және тікелей қатысуымен әзірленген
ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумның маңызы аса
зор болды. 1995 жылғы 30 тамызда өткен референдумға қатысушылардың 89 пайызы жаңа
Конституцияны жақтап дауыс берді. Жалпыхалықтық қолдауға ие болған ҚР жаңа
Конституциясының қабылдануына байланысты түбегейлі қоғамдық өзгерістердің де жаңа
кезеңі басталды.
Әдебиет:
1.Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.
2.Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,269 бет
3.Пушкарев Л. Н. Типологическая классификация русских письменных источников.
4. Источниковедение: теория, история, метод. Источники Российской истории: учебное
пособие. М., РГТУ. 1998.
5. Медушевская О.М. Современное зарубежное источниковедение. Москва, 1983
6. Источниковедение истории СССР. Под ред. Ковальченко И.Д. Москва, 1981
Апта №14
1 кредит сағат
Дәріс №27
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы тарихының деректері
Дәріс мазмұны:
1.
1995 жылғы референдум.
2.
ҚР Президентінің жарлықтары
Еліміздің саяси билік жүйесінде дағдарыстық ахуал қалыптасты. Осындай жағдайда
Қазақстан халқы өз Президентінен батыл шаралар қабылдауды талап етті. Уақыт талабынан
шыға отырып, Н.Ә.Назарбаев, Мемлекет басшысы ретінде референдум өткізуге шешім
қабылдады.
1995 ж. 29 сәуірде өткізілген референдум қортындысында ҚР Президенті өкілдігінің
мерзімін ұзартуды жақтап сайлаушылардың 95, 46 пайызы дауыс берді. Бұл
Н.Ә.Назарбаевтың реформашыл жолын бүкіл халық болып қолдайтындығының айқын дәлелі
болды. Бұл Н.Ә.Назарбаевқа , халық қолдауына толық ие болған Президент ретінде,
парламент тараған кезде бар жауапкершілікті өз мойнына алып, елдегі түбегейлі өзгерістерді
одан әрі тереңдетуге мүмкіндік беретін жаңа әрі жеткілікті нормативтік- құқықтық база
жасауға жол ашты. Ол экономиканы жандандыруға бағытталған 511 Жарлық шығарды, оның
132-
сінің заң күші бар еді.
Олар реформаны жалғастыру үшін өмірлік қажеттіліктен туындаған: «Жер туралы»,
«Мұнай туралы», «Ұлттық банк туралы», «Акциздер туралы» , «Банкроттық туралы» және
басқа да заңдар еді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы
сайлау туралы» , «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан
Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан
Республикасының Үкіметі туралы», «Республикалық референдум туралы», «Қазақстан
Республикасындағы шет ел азаматтарының құқытық жағдайы туралы», «Мемлекеттік қызмет
туралы»,
«Қазақстан
Республикасының
прокуратурасы
туралы»,
«Қазақстан
Республикасының ұлттық қауіпсіздігі органдары туралы» және де басқа көптеген
мемлекеттік құрылыс мәселелеріне арналған заң актілеріне қол қойды.
Басталған реформаларды жалғастыру және тереңдету үшіін ҚР Президентінің
басшылығымен және тікелей қатысуымен әзірленген ҚР жаңа Конституциясын қабылдау
жөніндегі республикалық референдумның маңызы аса зор болды.
1995 жылғы 30 тамызда өткен референдумға қатысушылардың 89 пайызы жаңа
Конституцияны жақтап дауыс берді. Жалпыхалықтық қолдауға ие болған ҚР жаңа
Конституциясының қабылдануына байланысты түбегейлі қоғамдық өзгерістердің де жаңа
кезеңі басталды.
Әдебиеттер:
1.Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.
2.Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,269 бет.
3.Пушкарев Л. Н. Типологическая классификация русских письменных источников.
4. Источниковедение: теория, история, метод. Источники Российской истории: учебное
пособие. М., РГТУ. 1998.
5. Медушевская О.М. Современное зарубежное источниковедение. Москва, 1983
2 кредит сағат
Дәріс №28
Тақырыбы: Н.Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі.
Дәріс мазмұны:
1. Н.Назарбаев еңбектері – тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі.
2. Н.Назарбаев еңбектері – тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы
мен ерекшеліктері
3. Н.Назарбаев еңбектерінің пайда болу объективтілігі, тарихи жағдайы және оларды
сыныптау проблемалары.
Тағдырдың жазуымен тарихымыздың ең бір күрделі кезеңінде ел басшылығына ие болған
Н.Ә.Назарбаев ел басқару ісімен қатар көптеген еңбектер жазып, тәуелсіз Қазақстан
тарихының деректік негізін қалауға да өз үлесін қосып келеді. Елбасы ретінде Н.Назарбаев
еңбектерінде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихы ең алғашқы күндерінен бастап-ақ,
барлық қырынан дерлік бейнеленген. Сондықтан, Н.Назарбаев еңбектерін тәуелсіз Қазақстан
тарихының дерек көзі ретінде пайдалана білмей, ең жаңа тарихымызды ашып көрсету
мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |