Умкд ќТ дерек



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет31/56
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15388
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56

дайындалса,  енді  оны  министр  қарастыруына  ақпарттың  жалпыланған  мәтіні  әкелініп 
отырды. 
Министрлік басқару кезінде  хат алмасудың қатаң ережесі сақталды. Хат алмасудың 
бір  түрі  ретінде  ұсыну  болып  табылады.  Оның  мәтіні    нақты  белгіленген  құрылыммен 
жазылып,  барлық  деңгейде  де  сақталды.  Ұсыну  келесі  тараулардан  құрылды:  істі  ашып 
көрсету; себептері; қиыншылықтары; қорытынды. Құжаттың бұндай бөлігі арқылы төменнен 
жоғары қарай жіберілген кезде ақпаратты ресмилендіру процесі байқалады. Сондай тараулар 
министрден императорға қарай жіберілген кезде болды. 
XIX ғ. бірінші  жартысында құжаттардың келесі ағымы пайда болды:  министрліктер 
императорға  жыл  сайынғы  бүкіл  қызметтік  есептерін  тапсырып  отырды.  Басқарудың 
жоғарғы  органдары  төменге  указ,  бұйрық,  қаулы,  предписание  бағыттап  отырды.  Тең 
құқылы  мекемелер  бір-біріне    қатынас,  хабар,  хат  алмасу,  ведения  (ведения  –  Сенат  пен 
Синод арасындағы құжат; ведения мен известия арқылы департамент, бөлімше және жалпы 
Сенаттағы  жиналыста  қатынастары  бекітіліп  отырды)  жолдап  отырды.  Ал,  басқарудың 
төменгі  органдары  жоғары  органдарына  доклад,  рапорт,  ұсыныс  және  жолдама  жіберіп 
отырды.  
XIX ғ. ортасында министрліктің жұмысы бұйрық арқылы жүзеге асырылып отырды. 
Министрліктің  пайда  болуымен  коллегиялар  толығымен  жойылған  жоқ.  Ол  Сенат 
жұмысында әлі де сақталды. 
XIX  ғ.  бірінші  жартысындағы  іс  жүргізудің  ерекшелігі  бірқатар  құжаттардың 
стандартизациялауында болды. Ол типографиялық тәсілмен дайындалған бланкті қолдануға 
мүмкіндік  берді.  Құжаттың  алдын-ала  дайындалған  трафареті  I  Петрге    XVII  ғ  аяғында 
ұсынылды.  Алайда,  бұл  ұсыныс  XIX  ғ.  30  жж.  ғана  жүзеге  асырылды.  Петр  кезіндегідей 
құжаттарды толтыру заң жағынан бекітілген формаларға сәйкес қажет болды. Тек қана осы 
кезде ғана құжат заңды күшке ие болды. 
 
 
Әдебиет: 
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. А., 2002. 
2. Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828). т. ІV. М.-Л., 1940. 
3. Материалы по истории Казахской ССР (1741-1751). т. ІІ. ч.2. Алма-Ата, 1948. 
4. Казахско-русские отношения ХVІ-ХVІІІ вв. Алма-Ата, 1961. 
5. Казахско-русские отношения ХVІІІ-ХІХ вв. Алма-Ата, 1964. 
6. История Казахстана в русских источниках ХVІ – ХХ веков. Т. І-ІХ. - Алматы:  
    
Дайк-Пресс, 2005.  
 
Апта №11 
1 кредит сағат  
Дәріс №21  
Тақырыбы: Мерзімді басылым. 
Дәріс мазмұны: 
1. 
Мерзімді басылымның дерек көзі ретіндегі ерекшеліктері мен маңызы. 
2. 
Мерзімді басылымдарды классификациялау мәселелері 
Мерзімді басылымдардың дерек көзі ретіндегі ерекшеліктері мен                                                                    
 
маңызы. 
 
   
Бейнелеп  айтсақ,  XIX  ғасырдың  соңғы  ширегіндегі  қазақ  жерінің  отарлану  тарихынан 
бастап бүгінгі тәуелсіз мемлекет құру тарихына дейінгі қазақ халқының жүріп өткен жолын 
сарғайған  газеттер  беттерінен  көруге  болады.  Көп  жағдайда  баспасөз  материалдары  біздің 
өткеніміздің кейбір сәттері туралы мәлімет бере алатын бірден бір дерек көзі болып шығады. 
Демек,  XIX  ғасырдағы  қазақ  тарихын  мерзімді  басылымсыз  толық  ашып  көрсету  мүмкін 
емес  деп,  сеніммен  айта  аламыз.  Олай  болса,  алдымен  сол  мерзімді  басылымдарды  тарих 


дерегінің  көзі  ретінде  зерттеу  бүгінгі  деректану  ғылымының  алдында  тұрған  міндеттердің 
бірі.  
    
Мерзімді басылымдарды түрлі мамандық иелері әр түрлі мақсаттармен, әр түрлі қырынан 
зерттеуі мүмкін. Егер, журналистерді нақтылы басылымның әдеби публицистикалық сапасы, 
автордың  матералды  бере  білу  шеберлігі  қызықтырса,  тарихшыны  өзі  зерттеп  жүрген 
тақырыбы  бойынша  жариаланған  фактылық  материалдар  қызықтырады.  Ал,  деректанушы 
баспасөзді  оның  деректік  маңызы  мен  ерекшеліктерін  көрсету  үшін,  жалпы  тарих  дерегі 
ретіндегі  ғылыми  құндылығын  анықтау  үшін  зерттейді.  Мерзімді  басылымды 
деректанушылық  талдауға  жататын  мәселелердә  зерттеуші  И.Я.  Биск  төмендегідей  төрт 
топқа бөлуді ұсынады: 
1)  сыртқы  белгілеріне  қарай:  қағазы,  мерзімділігі,  таралымы,  оқырмандардың  әлеуметтік 
құрамы, таралым жолдары және аймағы; 
2)  иелеріне,  қызметкерлеріне  және  экономикалық  базасына  қарай:  баспагер-  шығарушы, 
редакторы, редакция және оның ақпарат көздері, танымал авторлары, баспаханасы, қағаздың 
және  басқа  да  қажетті  шикі  заттардың  бағасы,  қызметкелердің  жалақысымен  қаламақысы, 
сату бағасы жәнежарнама төлемі, жалпы ақша қоры, бәсекелестері; 
3)  мерзімді  басылым  тарихы  ретінде:  қашан  шықты,  атының  өзгеруі,  бқрын  кімдердің 
иелігінде  болғандығы,  әр  түрлі  кезеңдегі  қоғамдық  өмірдегі  алған  орны,  дәстүрі;негізгі 
мәселелерді, қоғамдық ой пікірді көрсете білу дәрежесі. 
4) мазмұнына қарай; мерзімді басылымның таптық сипаты және партиялық бағыты, әр түрлі 
материалдар  мен  бөлімдердің  ара  салмағы,  қарастырылып  отырған  күнделікті  негізгі 
мәселерді, қоғамдық ой пікірді көрсете білу дәрежесі. 
    
Әрине, орыс деректанушысының бұл ұсынысымен негізінен келісуге болады. Көрсетілген 
мәселелерді  анықтаудың  мерзімді  басылымның  деректік  құндылығын  ашуға  көмектесері 
даусыз. Дегенмен, қазақ баспасөзінің өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес. Ол өзі пайда болып 
кең  тарала  бастаған  132  жыл  ішінде  әр  түрлі  қоғамдық  саяси  жүйеде  шығарылып  тұрады. 
Мысалы  тек  бір  ғана  1917  жылдыңбарысында  қазақ  баспа  сөзі  үш  түрлі  саяси  жағдайды 
басынан  өткерді.  Оның  әрқайсысы  да  басылымдардың    бағыт  бағдарына,  мақалалар 
мазмұнына әсер етпей қоймайды. Сондықтан біздер үшін баспасөзге қатысты мәселелердің 
бастысы  оның  қандай  тарихи  жағдайда  шығып  тұрғандығын,  қандай  мақсат  мүдде  үшін 
күрескендігін, қандай құндылықтарды қорғағандығын анықтау. 
    
Барлық  өркениетті  елдерде  газет  –  журналдарға  қатысты  мәселелермен  арнаулы 
«газеттану» ғылымы немесе деректану ғылымы айналысады. Мысалы Германияда газеттану 
ғылымы өткен ғасырдың 20жылдарында пайда болды. Сол жылдары елде газеттану әдебиеті 
көптеп  шығарылды.1926  жылдан  бастап  «Цайтунгсвиссенншафт»  (Газет  туралы 
ғылым)журналы  шыға  бастады.1930  жылы  О.Гроттың  «Газета»  деп  аталатын  төрт  томдық 
еңбегі  жарияланады.  Жалпы  Веймар  республикасы  жылдарында  газеттану  саласында  552 
диссертация  қорғалып,  олардың  көбі  жарияланды.Ол  еңбектерде  баспасөз  ісінің  теориясы 
мен  методикасы  басылымдар  жағдайы,  мамандар  туралы  мәліметтер,  рецензиялар  т.т 
басылып  тұрды.  Дәстүрлі  деректану  мектебі  қалыптасқан  Ресейде  мерзімді  басылымдарға 
тарихи  дерек  ретінде  әр  түрлі  еңбектерде  талдау  жасалынған.  Егер,  С.И  Антонова  өз 
еңбегінде баспасөзді қазан төңкерісіне дейінгі КСРО тарихының дерегі ретінде қараса, А.М 
Панфилова  кеңестік  мерзімді  басылымдарды  қазан  төңкерісінен  кейінгі  КСРО  тарихының 
дерек  көзі  ретінде  қараған.  Осылардың  және  басқа  да  орыс  ғалымдарының  еңбектерінде 
баспасөз мәліметтерін ғылыми еңбектерде пайдалана білудің маңызы көрсетілген. 
    
Сөз  жоқ  ұлт  тарихының  деректерңн,  соның  ішінде  мерзімді  басылымдарды  да  ,  тарих 
деректері  ретінде  тану  ісін  енді  ғана қолға  ала бастаған  біздер  үшін,  Ресей  ғаламдарының 
осы саладағы еңбектерімен жете танысудың тигізер пайдасы мол. Дегенмен, мына нәрселерді 
ескергеніміз  дұрыс:  біріншіден,  көрсетілген  еңбектер  кеңес  өкіметі  кезіндедайындалып 
жарық көрген. Сондықтан мерзімді басылымдар сол кездегі үстем коммунистік  идеологияға 
сай  таптық  тұрғыдан  қаралып,  негізінен  тап  күресінің  қуатты  қаруы  ретінде  зерттелінген, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау