Дербес деректер тізбесі



жүктеу 46,75 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.05.2018
өлшемі46,75 Kb.
#15307


Дербес деректер тізбесі  

 

Дербес  деректер  –  электрондық,  қағаз  және  (немесе)  басқа  да  материалдық  тасушыда 



тіркеліп,  төмендегілердің  қамтуы  мүмкін  (қоса  алғанда,  бірақ  мұнымен  шектелмей), 

субъектіге қатысы бар кез келген мәліметтер:  

1)  сауалнаманы  толтыру  үшін  және  сәйкестендіру  үшін  қажетті  мәліметтер  [тегі,  аты, 

әкесінің  аты;  азаматтығы;  жеке  басты  куәландыратын  құжаттың  деректері;  жеке 

сәйкестендіру  нөмірі;  туған  күні  және  туу  туралы  деректер;  жынысы;  фотосурет;  қолы; 

биометрлік  деректер  (Банкпен  арада  жасалған  тиісті  жазбаша  келісім  болған  жағдайда) 

және т.с.с.];  

2)  отбасы/әлеуметтік  жағдай  туралы  мәліметтер  [неке  қию  туралы  куәліктің  деректері, 

жұбайының(зайыптың)  тегі,  аты,  әкесінің  аты,  төлқұжатының  деректері;  асырауындағы 

тұлғалардың және(немесе) басқа да отбасы мүшелерінің болу/болмауы; туыстық дәрежесі, 

өзге  отбасы  мүшелерінің,  асырауындағы  тұлғалардың  тегі,  аты,  әкесінің  аты;  субъект  

ресми  өкілі  және(немесе)  қамқоршысы  болып табылатын жеке  тұлғалардың тізімі;  басқа 

мәліметтер];  

3)  байланыс  орнатуға  қажетті  мәліметтер  [тіркелген  орны,  іс  жүзінде  орналасқан  орны, 

жұмыс  орны  және  лауазымы;  телефон  нөмірі  (үй,  жұмыс,  ұялы),  электрондық  пошта 

мекенжайы; мекенжай кітапшасында жазылған ақпарат және т.с.с.];  

4)  Банктің  қызметтер  көрсетуіне  (операциялар  жүргізуіне,  мәмілелер  жасасуына,  іс-

әрпекеттер  орындауына)  қатысы  бар  мәліметтер  –  шарттардың  (келісімдердің),  оған 

қосымша  келісімдердің,  өтініштің  және  келісімнің  мәтіні,  хат  алмасу,  операциялардың 

(төлем, кассалық және басқа да құжаттар) жүргізілуі туралы нұсқаулар, құқық белгілейтін 

құжаттар, төлем карточкалары мен банк шоттарының нөмірлері және т.с.с.;  

5) іскерлік қарым-қатынастардың мақсаты мен сипаты туралы мәліметтер;  

6) білім, кәсіби қызмет, қызметтік жағдай, іскерлік бедел туралы мәліметтер: білім, кәсіп, 

біліктілік  (біліктіліктің  арттырылуын  қоса  алғанда),  лауазымы,  оқу  дәрежесі,  оқу  атағы, 

кәсіби палаталарға/ұйымдарға мүшелік, шет тілін меңгеру және басқа да мәліметтер; жеке 

кәсіпкерді  мемлекеттік  тіркеу  туралы  куәліктің  деректері,  лицензияланатын  қызмет 

түрімен айналысуға арналған лицензияның, аттестаттардың, патенттердің, дипломдардың, 

сертификаттардың 

деректері; 

сотталу/сотталмау 

туралы, 

қылмыстық/әкімшілік 

жауапкершілікке тартылу туралы ақпарат;  

7)  несие  (басқа)  тарихы  туралы  мәліметтер,  төлемге  қабілеттілікті  бағалау  үшін  қажетті 

мәліметтер  (зейнетақылық  аударымдар,  кіріс  пен  шығыс туралы  мәліметтер  және  т.с.с.); 

банк салымдарының болуы/болмауы туралы мәліметтер (шоттардың, арнайы карточкалық 

шоттардың,  нөмірлері,  орналасу  түрі,  мерзімі,  сомасы,  салым  шарттары  және  басқа  да 

мәліметтер);  несиенің (қарыздың), банк шоттарының (соның ішінде арнайы карточкалық 

шоттар),  ақшалай  қаражаттың  және  бағалы  қағаздардың,  соның  ішінде  сенімді 

басқарудағы  және  сенімді  сақтаудағы  болу/болмауы  туралы  мәліметтер  (шарттарға 

қатысты  деректер,  соның  ішінде  шоттардың, арнайы  карточкалық шоттардың  нөмірлері, 

банк карталарының нөмірлері, несие тарихының кодтары, сатып алынған жылжымайтын 

мүлік  нысандарының  мекенжайлары,  несие  немесе  қарыз  сомасы  және  валютасы, 

несиелендіру шарттары, кепілзат туралы мәліметтер, қалған қаражат әне шоттар бойынша 

қозғалыстағы сомалар, банк карталарының түрлері, лимиттер және басқа да  мәліметтер)];  

8) мүлік (мүліктік) жағдай туралы мәліметтер: субъектінің несие бойынша қамсыздандыру 

болып  табылатын  мүлігі  және/немесе  үшінші  тұлғалардың  мүлігі  туралы  мәліметтер, 



сондай-ақ субъектінің басқа да мүлігі туралы мәліметтер, мұндай (кез келген) мүліктің кез 

келген  форматтағы  бейнесі  (фотосуреті)  және  т.б.,  мүлікке  салынған  ауыртпалықтың 

болу/болмауы  туралы  мәліметтер;  сәйкестендіру  деректері,  тіркеу,  ауыртпалық  туралы 

деректер;  мүліктің  жалпы  сипаттамасы;  мүліктің  құны;  мекенжайы  (орналасқан  жері), 

мемлекеттік тіркеу деректері және басқа да мәліметтер);  

9)  Банкке  қажетті,  соның  ішінде  сауалнаманы  толтыру,  істі  (клиенттің/жеке  істі) 

Қазақстан  Республикасы  заңнамасының  талаптарына  және  Банктің  ішкі  құжаттарына 

сәйкес  толтыру  үшін  қажет  басқа  да  мәліметтер  [соның  ішінде,  субъектінің  заңды 

тұлғалардың капиталына қатысуы туралы ақпарат  – қатысу үлесі, акциялар саны (үлесі); 

атқаратын 

лауазымдар, 

сондай-ақ 

мұндай 

деректердің 



өзгеруі 

және(немесе) 

толықтырылуы  туралы  ақпарат;  субъект  өкілі  болып  табылатын  заңды  тұлғалардың 

тізбесі];  

сонымен қатар 

10) жоғарыда аталған деректердің өзгеруі және(немесе) толықтырылуы туралы ақпарат.  

Субъектінің  дербес  деректерін  жинау,  өңдеу  және  пайдалану  (қағаз  тасушыларда 

және(немесе)  электрондық  форматта  массивтерде  және(немесе)  Банктің  деректер 

базасында  жиналуын,  өңделуін  және  сақталуын  қоса  алғанда),  соның  ішінде  келесі 

мақсаттар үшін:  

1)  субъектінің  Банк  Қазақстан  республикасының  заңнамасына  сәйкес  көрсетуі  мүмкін 

банк  және(немесе)  басқа  да  қызметтерді  алуға  өтінімін  қарастыру  үшін  (субъект  өкілі 

болып табылатын тұлғаның өтінімдері);  

2)  субъектіге  (субъект  өкілі  болып  табылатын  тұлғаға)  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасымен  қарастырылған,  Банк  субъектіге  (субъект  өкілі  болып  табылатын  тұлғаға) 

тиісті  шарттардың  (келісімдердің)  талаптарымен  көрсететін  банк  және(немесе)  басқа  да 

қызметтерді көрсету үшін, операцияларды/төлемдерді орындау үшін, қателесіп есептелген 

сомаларды қайтару үшін, сомаларды іздеу үшін және т.б;  

3)  Банкпен  арада мәмілелердің  жасалу  мүмкіндігін  қарастыру  үшін,  Банк операцияларды 

жүргізу үшін Банк субъект атап көрсеткен іс-әрекеттерді орындау үшін;  

4)  ақшалай  аударымдарды  жүргізу  үшін  субъектінің  дербес  деректерін  Банк  субъектінің 

контрагентіне  (субъект  өкілі  болып  табылатын  тұлғаның  контрагентіне)  және  олар 

арқылы  субъектінің  аударымы/бағыттауы/  тапсырма(лар)  процессингі  өтетін  (субъект 

өкілі  болып  табылатын  тұлғаның  тапсырмасы(лары))  барлық  банктерге/  процессингтік 

ұйымдарға/ МПС (төлем жүйелеріне) ұсынуы мүмкін;   

5)  тапсырмалардың,  бұйрықтардың,  өкімдердің,  тапсырыстардың  және  т.б.  шеңберінде, 

соның  ішінде  Қазақстан  Республикасының  бағалы  қағаздар  нарығында,  халықаралық 

ұйымдастырылған/ұйымдастырылмаған  шетелдік  нарықта  субъектінің  дербес  деректерін 

Банк  есепке  алу  ұйымдарына,  депозитарийлерге,  кастодиандарға,  қор  биржаларына, 

халықаралық есеп айырысу (төлем) жүйелеріне, субъект  контрагенттеріне (субъект өкілі 

болып 

табылатын 



тұлғаның 

контрагенттеріне) 

және 

мәмілелердің 



жасалуына/операциялардың    орындалуына  тапсырмалар  және(немесе)  бұйрықтар 

(тапсырыстар)  аударымнан/бағыттаудан/процессингтеуден  өтетін  барлық  банктерге/ 

процессингтік ұйымдарға мәмілелер/ операциялар жасасу/жүргізу/орындау үшін;  

6)  Банкті  ішкі  бақылау  және  есепке  алу  үшін,  сонымен  қатар  субъектінің  (субъект  өкілі 

болып  табылатын  тұлғаның)  және  Банктің  тиісті  шарттар  (келісімдер)  бойынша  өз 

міндеттемелерін орындауын бақылау және тиісінше орындауын бақылау үшін;  




7)  Банк  (қаржылық  мониторинг  субъекті  сияқты)  іскерлік  қарым-қатынастар  орнатқан 

уақытта  және  клиент  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес  операциялар 

жүргізген  кезде  өз  клиентін  тиісінше  тексеру  бойынша  өз  міндеттерін  орындау  үшін, 

валюталық бақылау қызметтерін орындау үшін;   

8)  Банк  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес  санкцияланбаған  операциялар 

тәуекелін азайту мақсатында клиентті сәйкестендіру міндеттерін орындау үшін;   

9)  Банк  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  белгіленген  мерзім  аралығында 

бухгалтерлік  есепте  пайдаланылатын  бастапқы  құжаттарды  сақтау  және  есепке  алу 

міндеттерін орындауы үшін;   

10)  Банк  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкімен,  сондай-ақ  Қазақстан 

Республикасының  басқа  да  нормативтік  құқықтық  актілерімен  белгіленген  құжаттарды, 

материалларды, істерді сақтау міндеттерін орындауы үшін;  

11) Банк пен субъектінің (субъект өкілі болып табылатын тұлғаның) арасында субъектінің 

және(немесе)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  осындай  құқығы  бар 

үшінші  тұлғалардың  сұрауымен  тиісті  шарттар  (келісімдер)  бойынша  операциялардың 

жүргізілгенін растау үшін;   

12)  Банк  құқықтарын  сотта  және  соттан  тыс  қорғау  үшін:  (i)  тиісті  шарттар  (келісімдер) 

бойынша міндеттемелер бұзылған жағдайда; (ii) даулы жағдайлардың үшінші тұлғалармен 

арада туындауын қоса алғанда, даулы жағдайлар туындаған жағдайда;  

13)  мұндай шарттар  (келісімдер)  бойынша  міндеттемелер  бұзылған  жағдайда  Банк  тиісті 

шарттар (келісімдер) бойынша берешекті өндіріп алу шараларын  орындау тапсырылатын 

коллекторлық  агенттіктермен  және  (немесе)  басқа  да  мамандандырылған  тұлғалармен 

немесе  Банк  жұмыскерлерімен  жұмыс  істеу  мақсаттары  үшін,  сонымен  қатар    кепілдегі 

мүліктің сатылуына байланысты сауда-саттықтарды өткізу үшін;   

14)  заңнама  талаптарының  сақталуымен  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  ашық 

(ашылған) деректер мен мәліметтер орналастыру үшін;  

15) Банк бір қарыз алушыға тиесілі тәуекелдің барынша зор көлемін есептеп шығару үшін 

және  пруденциалды  және  басқа  да  нормативтер  мен  лимиттерді  орындауы  үшін  және 

«ашық болуды» тексеру үшін;  

16)  Банк  субъект  (субъект  өкілі  болып  табылатын  тұлға)  пен  Банк  арасында  жасалған 

(жасалуы  ықтимал)  кез  келген  мәмілелердің/операциялардың  жасалуына  және(немесе) 

орындалуына қатысы бар және(немесе) қатысы болуы мүмкін үшінші тұлғалармен өзара 

әрекеттесуі үшін;  

17)  уәкілетті  органдарға,  аудиторлық,  бағалау  және  басқа  да  құзыретті  ұйымдарға, 

мемлекеттік    және  жекеменшік  несие  бюросына  есептілік  және(немесе)  ақпарат  ұсыну 

үшін;  


18) статистикалық моделдерді әзірлеу, сақтау және қолдану үшін;  

19)    тәуекелдерді  сақтандыру  үшін  және(немесе)  егер  мұндай  сақтандыру  тиісті 

шарттардың  (келісімдердің),  Банк  өнімдерінің  талаптарымен  қарастырылған  болса, 

сақтандырудың  басқа  да  түрлерін  жүзеге  асыру  үшін,  «Қазақстанның  жеке  тұлғалардың 

депозиттеріне кепілдік беру қоры» АҚ ақпарат ұсыну үшін;  

20)  ақпарат  алмасу  үшін,  соның  ішінде  субъектінің  (және/немесе  үшінші  тұлғалардың) 

арыздарын, шағымдарын, ұсыныстарын, ұсынымдарын, наразылықтарын, тапсырмаларын 

және т.б. қарастыру және(немесе) оларға жауаптар ұсыну үшін,  субъектінің (субъект өкілі 

болып  табылатын  тұлғаның)  мекенжайына  курьердің,  курьерлік  қызметтің,  экспресс 

поштаның және т.б. қызметтері арқылы хат-хабар (пошта) жіберу (алу) үшін; 




21)  егер  мұндай  талап  қою  субъект  (субъект  өкілі  болып  табылатын  тұлға)  мен  Банк 

арасында жасалған тиісті шарттардың (келісімдердің) талаптарымен қарастырылған болса, 

Банк субъект (субъект өкілі болып табылатын тұлға) мен Банк арасында жасалған шарттар 

(келісімдер)  бойынша  талап  қою  құқықтарын  пайдалану  үшін  (сондай-ақ  Банк 

секьюритизация мәмілесін(мәмілелерін) жасасу және(немесе) орындау мақсаттары үшін);  

22)  маркетингтік  мақсаттар  үшін,  субъектіге  телефон,  факсимиле  байланысы,  басқа  да 

байланыс құралдары арқылы, сондай-ақ ашық байланыс арналары бойынша (соның ішінде 

SMS,  e-mail,  факс  және  т.с.с.)  кез  келген  ақпараттық  материалдар,  соның  ішінде  Банктің 

өнімдері  және(немесе)  көрсететін  қызметтері  туралы  ақпарат,  сонымен  қатар  басқа  да 

хабарламалар ұсыну үшін; 

23)  маркетингтік  және  жарнамалық  науқандар  әзірлеу  үшін,  субъектінің  (субъект  өкілі 

болып табылатын тұлғаның) Банкпен арада орнатылған қарым-қатынастарының тарихын 

ескере отырып, банк қызметін  одан ары көрсету үшін; 

24)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  белгіленген  (белгіленуі  мүмкін)  басқа  да 

мақсаттар үшін.  

 

 



жүктеу 46,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау