Мектебінде



жүктеу 0,89 Mb.
Pdf просмотр
бет7/30
Дата20.05.2018
өлшемі0,89 Mb.
#15273
түріЛитература
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30

24

25

керек, олардың кейбіреулері қысқа жауапты, қалғаны 



толық  жауаптарды  және  өзіндік  пікірді,  өз  көзқа-

расын айқындауды талап етеді. 

Жалпы, PISA тапсырмаларын орындау барысында 

туындаған  қиындықтар  себептерінің  бірі  -  қарама-

қайшылықты мәліметтері бар, аралас немесе құрамдас 

мәтіндердің  ұсыныла  бермеуі.  Мысалы,  Өздеріңізге 

жейдені фирмалық белгі бойынша таңдамаңыздар.

Жейдедегі  фирмалық  белгі  және  биркада 

көрсетілген жоғары баға тек бір бұйымның сапасын 

білдіреді.

Қалай  болғанда  да,  жейде  шығаратын  фирмалар 

сіздің дәл осылай пайымдауларыңды қалайды.

Бірақ, әмбебап сауда үйлері мен дүкендерде төмен 

бағамен,  мысалы  900  теңгеге  сатылатын  жейделер 

5000  теңге  немесе  одан  қымбат  тұратындарынан 

анағұрлым  жақсырақ  болып  шығуы  мүмкін  екені 

белгілі.

Тұтынушылар  Қауымдастығы  берген  мәліметтер 

бойынша бұл арзан жейделер тек жақсырақ тігілген 

ғана емес, олардың киілу мерзімі де ұзағырақ және 

машиналық жуудан кейін түрін жақсырақ сақтайды. 

Эксперимент  үшін  ер  адамдардың  27  ақ  жейделері 

таңдалып  алынды,  олар  матаның,  ілгектердің  және 

тігісінің сапасы бойынша салыстырылды. Жағалары 

мен жеңдерінің пішімі дәлдігін бағалау үшін мұқият 

өлшеулер жүргізілді, сондай-ақ күнде кигеннен кейін 

жағасы мен манжеті қалай көрінетінін анықтау үшін 

эксперимент жүргізілді.

Жейделер  25  рет  жуылды,  яғни,  олардың  әдетте 

алты ай ішінде қанша рет кірін жуса, сонша рет, ал 

одан кейін отыруын және бүлінуін тестіледі. Кәдімгі 

әмбебап  дүкендер  мен  жай  дүкендерден  сатып 

алынған жейделер жақсы сапаға ие екені анықталды.

Жүргізілген  зерттеулер  полимақталы  маталардан 

тігілген  бұйымдардың  ішінде  бағасы  1400  теңге 

тұратын «Дәулет» (Т45 классикалық), мақта матадан 

тігілгендердің ішінде 4100 теңге тұратын «Салтанат 

С» жейделері ең жақсы екенін көрсетті.

Құрамында  мақта  бар  жейделердің  ішінде 

1700  теңге  тұратын  «Салтанат  Д»  бұйымы  және 

қыртысталмайтын  және  де  1700  теңге  тұратын 

«Жетісу» жейдесі ең жақсы болып шықты.

Бұл  зерттеудің  нәтижесі  осы  жылы  фирмалық 

жейделердің  бедел-бейнесіне  (имиджіне)  екінші 

соққы берді.

Өткен  айда  Джеймс  Бонд  туралы  кең  тараған 

шиеленіскен  сюжетті  «Ертеңгі  күн  ешқашан 

өлмейді» атты фильмді жасаушылар экран жұлдызы 

Пирс  Броснанға  әдеттегі  дүкеннен  сатып  алынған, 

қымбат  емес  жейделер  кигізгені  анықталды, 

өйткені,  олардың  пікірі  бойынша,  бұл  жейделер 

экранда фирмалық дүкендерден алынған жейделерге 

қарағанда жақсырақ көрінеді.

1-сұрақ.  Жейделер.  Соңғы  абзацтың  алдындағы 

абзацта:  «Бұл  зерттеулердің  нәтижелері  осы  жылы 

фирмалық  жейделердің  бедел-бейнесіне  екінші 

соққы берді»,- дейді. 

- Бірінші соққы қандай болды? [7: 84-86-б.].

Жауабы:  Джеймс  Бонд  туралы  фильмді 

жасаушылар экран жұлдызы Пирс Броснанға кәдімгі 

әмбебеп  дүкеннен  сатып  алынған  қымбат  емес 

жейделер кигізді.




26

27

Халықаралық  зерттеу  жүргізушілері  дайындаған 



тапсырмалар оқулықтағы мәтіндер мен сұрақтардан 

өзгеше:


√ Мәтін мазмұнында сұрақтарға қатысы жоқ басы 

артық  мәліметтер,  қарама-қайшылықты  ақпарат 

болуы мүмкін.

√ Мәтін бөліктері арасында байланыс пен реттілік 

сақталмауы ықтимал.

Сынақталушыға 

қойылатын 

талаптардың 

кейбіреуіне тоқталайық:

Қарама-қайшылықты, қиын ақпаратты түйсіну.

Бірнеше  ойды  және  олардың  өзара  байланысын 

толық түсінгендігін көрсету. 

Мәтінді интерпретациялау.

Таныс  емес  тақырыптағы  күрделі  мәтінді  сыни 

тұрғыдан бағалау, т.с.с.

Сондықтан  да  бір  тақырып  бойынша  немесе 

тұтас тақырыптық блок бойынша сабақтарды (сабақ 

циклін)  жоспарлау  кезінде  мұғалім  тұтас  емес 

(дискретті), аралас, құрамдас мәтіндерді қолданғаны 

тиімді деп санаймыз.

Қазіргі  әлемдік  білім  кеңістігіндегі  халықаралық 

стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық 

тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған 

білімінің  түпкі  нәтижесі  құзыреттіліктер  болып 

белгіленуі  білім  беру  жүйесінде  «функционалдық 

сауаттылықты»  қалыптастыру  мәселесін  негізге 

алудың өзектілігін арттырып отыр. 

Сауаттылық  тұлғаның  тұрақты  қасиеті  болып 

табылатындықтан,  функционалдық  сауаттылық  сол 

тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс 

табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам 

нақты  білім  алу  кезеңдерінен  өткеннен  кейін  қол 

жеткізеді.  Бұл  орайда  білім  белгілі  бір  сауаттылық 

деңгейін  қамтамасыз  ететін  құрал  және  нақты  іс-

әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады. 

Функционалдық  сауаттылық  –  оқушылардың 

сыртқы  ортамен  қарым-қатынас  жасау  қабілеті, 

оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, 

оқушылардың  жеке  бас  қабілеттерін  дамытудың 

тетігі,  оқушылардың  әлеуметтік  дағдыларын 

дамытудың  негізі,  әлеуметтік-мәдени  дамуының 

өлшемі,  білім,  білік  дағдыларының  құзыреттілікке 

ұласу  жолы.  Тұлғаның  мектеп  қабырғасында  алған 

білімдерін  өмірде  қолдана  алу  дағдыларын  дамыту 

үшін  курстарда  белсенді  оқытудың  стратегиялары 

меңгертіліп, оқу үдерісіне енгізілуде, яғни, педагогтің 

өзіндік  әрекетін  жобалау,  зерттеу  дағдыларын 

дамытуға  жұмылдыру  негізінде  кәсіби  шеберлікті 

шыңдау іске асырылуда. 

PISA  тапсырмаларын  оқу  жоспарына  кіріктіруді 

(қазақ тілі мен әдебиеті оқулықтарымен жұмыс) іске 

асыру  мұғалімнің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабағын 

дұрыс ұйымдастыра алу шеберлігіне байланысты. 

Әдебиеттер:

1  Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

дамыту  жөніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған 

ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана, 2012.

2  PISA  халықаралық  зерттеуін  жүргізу  аясында 

оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту 

әдістері  бойынша  Қазақстан  Республикасы  педагог 

қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. 

Тыңдаушының жұмыс дәптері // NIS- PEARSON.



жүктеу 0,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау