Мектебінде



жүктеу 0,89 Mb.
Pdf просмотр
бет12/30
Дата20.05.2018
өлшемі0,89 Mb.
#15273
түріЛитература
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30

48

49

Ертеден  қазағымыз  түнге  қарамай  жолға  шыға  берген, 



өйткені олар кез келген үйге түсіп, сыйлы қонақ бола алған. 

Шәкірттердің  сөздік  қорын  синоним,  антоним,  омоним 

сөздермен толықтыра отырып, ережелерді қайталаймыз. 

Зат –нәрсе, бұйым, дүние, жасау, жиһаз, мүлік;

Тамақ –ас, тағам, ырыс, несібе, дәм-тұз, ас-су;

Қарт –қария, егде, кәрі, кексе, жасамыс, мосқал; қонақ – 

мейман. 

Жоғарыда айтылғандай, оқушылар топқа бөлініп, берілген 

тақырып бойынша ізденіп, қажетті мәлімет жинайды. Нан, 

сүт, ет тағамдарының дәстүрлі  түрлерімен қоса қазіргі кезде 

қолданыстан шыққан түрлері туралы мәлімдеді. Ол туралы 

ересек адамдар да біле қоймайды. Мысалы, сүт тағамының 

түрі – сүмесүт. Ол жорықта, ел көшкен кезде пайдаланылған 

тағам.      Қазақ  халқы    сонымен  қатар  ыдысқа  ерекше  мән 

берген. Қазіргі уақытта да жарық ыдысқа ас құйып бермейді, 

өйткені  жаман  ырымға  жатады.  Оқушылар  ыдыс    туралы 

қызықты мағлұмат берді.   Осы сабақта мақал-мәтелдерге,  

нақыл  сөздерге,  фразеологиялық  тіркестерге  көп  көңіл 

бөлемін.

Мақал-мәтелдер:

Таспен атқанды- аспен ат.

Қазаны оттан түспейді.

Бір күн дәм татқан үйге қырық күн сәлем.

Ас иесімен тәтті, тағамымен жақсы.

Абысын тату болса – ас көп,

Ағайын тату болса - ат көп.

Бүгінгі  таңда  ұстаз  оқушыларды  грамматикаға  жақсы 

үйретіп,    ҰБТ-да    өз  білімдерін  100%  көрсетіп  жүр.  Бұл, 

әрине,  үлкен  жұмыстың  нәтижесі.  Оқушылар  сұрақтарды 

түсініп оқып, дұрыс жауап береді. Бұл оқушының тілге деген 

құштарлығы, қызығушылығы және тілді үйрену қажеттілігі. 

Егер  тілді  түсінбесе,  грамматиканы  жақсы  білмесе,  жақсы 

баға  алуы  мүмкін  бе?  Әрине-жоқ.  Сондықтан  қазақ  тілін 

үйренген кезде осындай қажеттілік туу керек.

Сонымен  қатар  мұғалімнің  алдында  үлкен  бір  мәселе 

оқушыны қазақ тілінде еркін сөйлету. Әрине бұның мәселесі 

тереңде-  қоршаған  ортада,  қоршаған  ортада  қазақ  тілінің 

қажеттілігінде.  Қажеттілік    тумай,  қазақ  тілін  өз  еркімен 

ешкім  үйренбейді.  Біз  ұстаз  ретінде  оқушыларға  қазақ 

тілін тек ҰБТ-да жақсы баға алу үшін ғана емес, жоғарыда 

айтылғандай ұлттық құндылықтарды құрметтей, қастерлей 

отырып, өмірде қолданып, келешек ұрпаққа үлгі болатындай 

жағдайға жеткізсек, тілдің дамуы да жоғарылай түседі. 

Бүгінгі  таңда  Қазақстандық  жаңатұрпатты  мұғалім 

алдында екі үлкен міндет тұр. Біріншісі – уақыт ағымынан 

қалмай,  алға  ұмтылған,  заманның  талаптарына  сай  жауап 

беретін  кәсіби  шебер  маман  болу.  Екіншісі  –  кейінгіге 

қайта  оралып,  ата-бабамыздың  мұраларын  қазіргі 

жастардың бойына сіңіру. Осы екі міндетті шешкенде ғана 

біз  ұлтымыздың  білім  мен  мәдениетін  әлемдік  деңгейге 

жеткізетін жас ұрпақ тәрбиелей аламыз.



50

51

Мұғалімдерге көмек



А.ИЗБАСОВА,

А.С.Макаренко атындағы

  №6 жалпы орта білім 

беретін мектеп.

Батыс Қазақстан облысы,

Орал қаласы.

ЖАС ҰРПАҚТЫ 

АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ  

ҚҰРАЛДАРЫ

Жаңа кезеңде білім берудің өзекті мәселесі – жас ұрпаққа 

адамгершілік-рухани  тәрбие  беру  болып  отыр.  Бұрынғы 

кезде  білім  беру  саласында  білімнің  сапасына  үлкен  мән 

берілсе,  бүгінгі  күні  білім  сапасымен  бірге  оқушының 

рухани, ішкі дүниесіне де көңіл бөлінуде.  Баланың бойына 

жалпы  адамзаттық  қасиеттерді  сіңіру  –  өміріміздің  мәні, 

сәні,  мәртебесі.  Өйткені,  баланың  әдепті  өсуі,  ұядан 

көрген  тәрбиесімен  қоса,  мектептен  алған  тәрбиесіне  де 

байланысты.

Қыз тәрбиесі де, ұл тәрбиесі де ерекше мән беруді қажет 

етеді.  «Ұл  тәрбиелей  отырып,  жер  иесін  тәрбиелейміз, 

қыз  тәрбиелей  отырып,  ұлтты  тәрбиелейміз»  деп  бекер 

айтылмаса керек. Халқымыз ерте кезден-ақ адамгершілікті, 

әдепті  жоғары  бағалай  білген.  Әдептілік,  инабаттылық, 

сыйласу  жағынан  халқымыз  алдына  жан  салмаған.  Бір 

өкініштісі: уақыт өткен сайын осынау асыл қасиеттерімізден 

айырылып  бара  жатқандаймыз.  Ұлттық  ізгі  дәстүрімізді 

ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қарамай, осы заманға 

лайықтысын  таңдап  алып,  инабатты  қыз,  ұлағатты  ұл 

тәрбиелеу – біздің міндетіміз.

Адам  -  ең  әуелі  адамгершілігімен,  парасатының 

биіктігімен көрікті.

Мәдениеті 

жоғары 

адам 


айналасындағылармен 

қарапайым қарым-қатынаста болады.

Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген 

пікірлер қалдырды.

Оның бірінші қоятын талабы – мораль жағынан ұстамды, 

таза  болу,  сыпайы  мінезді,  жақсы  қылықты,  әділетшіл, 

шыншыл болу.

«Адамгершілікке  тәрбиелеу  құралы  –  еңбек  пен  ата-

ана үлгісі» - деп, Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды 

қасиеттерге  ие  болу,  рухани  бай  адамды  қалыптастыру 

баланың  туылған  кезінен  басталуы  керек.  Халықта  «Ағаш 

түзу  өсу  үшін  оған  көшет  кезінде  көмектесуге  болады, 

ал  үлкен  ағаш  болғанда  оны  түзете  алмайсың»  деп  бекер 

айтылмаған.

Адамгершілік  тәрбиенің,  адам  бойында  осы  жақсы 

қасиеттердің болуы, отбасына, өскен ортасына байланысты. 

Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін 

дереу  жөндеп,  демеп  жіберу    –  ата-ана  мен  тәрбиешіге 

жүктелер  міндет.  “Адам  бойында  жақсы  қасиеттер  көп 

болса, оған бақ та, бақыт та қонады” деген сөзге сүйенсек, 

жағымсыз  қылық-қасиеттер  болса  одан  арылту  қажет. 

Көптеген қайырымды істер жасап, жақсы мінез-құлықтарды 

өн бойыңа жинап, ақылдылық танытсаң, міне адамшылдық 

болғаны.


Адам  бойындағы  асыл  қасиеттердің  бірі  –  әдептілік. 

Адам  өзін  әр  түрлі  жағдайда  эстетикалық  және  этикалық 

талаптарға  сай  ұстай  білуі  қажет.  Шын  жүректен  шыққан 



жүктеу 0,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау