205
қазақ қауымында да бес ғасырға балайтын жаңалықтар жүз беріп отыр.
«Елу жылда ел жаңа, жүз жылда – қазан» дегенді қоғамның бүгінгі
жаңару, жаңалану қарқынын жоққа шығарып, оны мешеулік, мимырт
тіршілік деп отыр. Ескі қоғамның ішінен жаңа, мүлдем басқа бір қауым
өсіп келеді. Ол –бүгінгі нарықтық экономика үрдісінен өріс алып, елден
ерекше жон арқасы шодырайған, қимыл-әрекеті шалт, қалтасы қалың,
жүрісі кердең, сөзі шүлдір жандардан тұрады. Бұл қауым жаңа заманға
қажет-ақ шығар, біраз бұларға – мың жерден мемлекеттік мәртебе
алса да – ана тілінің көк тиындық қажеті болмай отыр. Ал келешекте
мемлекеттік тілдің тағдыры осы қауымның қолына өтсе, бүгінгі көрген
күнімізбен де жылап көрісетін шығармыз.
Міне, бүгінде 5 жасқа толған мемлекеттік тіліміздің өмірге келуі
үлкен қуанышпен аталса да, әлі күнге дейін тұсауы кесілмей, бір тұрып,
бір жығылып, мимырт күй кешуі де қазақ қауымын қатты алаңдатып
отыр. «Қазақ тілі» қоғамы, Тіл комитеті болып халықтың рухани
мәдени байлығы мен салт-дәстүрін сақтаушы қасиетті қазына – ана
тіліміз үшін халық арасында істеп жатқан игілікті істері аз емес. Бірақ
бұл – күрестің тек басы ғана, бұқаралық қозғалыстың аяғы әлі алыста.
Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып қалудың басты шарттарының бірі
– мемлекеттік тілімізді сақтау, оны дамытып, келер ұрпаққа мұра етіп
қалдыру.
«Ана тілі», 22 қыркүйек 1994ж.
«Ана тілі» қоғамы:
құрылу мақсаты, міндеттері, пікірлер
Республикада қазақ және басқа да ұлт тілдерінің қызметін дамыту
үшін әлі де болса нақты шаралардың, батыл қадамдардың қажет
екендігі күннен-күнге айқындала түсіп отыр. Осыған орай бұдан екі
айдай бұрын Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты
және басқа да ғылыми мекемелер, қоғамдық ұйымдар бірлесе отырып,
«Ана тілі» қоғамын құру туралы бастама көтерді. Болашақ Қоғамның
Жарғысы (Уставы) жоба ретінде республикамыздың орталық,
облыстық газеттерінде түгелдей дерлік қазақша және орысша нұсқада
жарияланды.
Газет беттерінде Уставы (Жарғысы) жарияланған Қазақ
республикалық «Ана тілі» қоғамының құрылуы – Қазақстан
жұртшылығының мәдени, рухани және әлеуметтік өміріндегі елеулі
206
оқиғалардың бірі болып саналмақшы. Бұл қоғамның дүниеге келуінде
де белгілі бір заңдылық пеи қажеттіліктің бары сөзсіз. Өйткені қоғам
өміріндегі қандай да өзекті мәселе болмасын, оның ендігі жерде
қалың көпшіліктің қалауынсыз, қолдап-қуаттауынсыз бұрынғы
дәстүрмен, елді әбден ығыр еткен әкімшілік-бюрократтық тәсілмен,
өкірек-өктемдікпен дұрыс шешілуі мүмкін емес. Халық өз тағдырын
демократиялық жолмен шешу күші өз қолында екенін аңғара бастады.
Осы орайда халықтың қабырғасына батып, жүрегін сыздатып,
бітеу жарадай уыты ішіне түсіп, ауыр дертке айналған көп жағдайдың
беті ашылып, айқындалып отыр. Ел тағдыры, жер тағдыры, тіл тағдыры
сияқты өзекті мәселелер бүгінде ер-азаматтың, ел-жұрттың бойындағы
қажыр-қайраты мен ой, парасатын сынайтын, сарапқа салатын сәттер
келген сияқты. Өйткені, елдің елдігі де, оның болашағы да осы бір
қасиетті үш ұғымға тығыз байланысты болса керек. Аса дарынды
ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың «Ең бірінші бақытым – халқым
менің... Ал екінші бақытым – тілім менің», «Үшінші бақытым бар – Отан
деген...» деп бекер айтып отырған жоқ. Сондықтан да болар, қарнының
тоқтығымен, көйлектің көктігімен өлшенбейтін, бірақ барында
бағалай бермейтін, жоқ болса, қасіретке айналатын өзара астарлас үш
бақытымыздың бүгінгі халі, жасыратыны жоқ ер-азаматтың намысын
қозғап, қалың қауымның санасын оятып отыр. Аралымызды апаттан
арашалауға, атамекенімізді атом жарылысынан қорғауға, тарихымызға
таңба болған «ақтаңдақтармен» күресуге шеру тартып шыққан
халқымыздың ендігі бір асыл мұраты, алатын белесі – елдің елдігін
танытатын рухани байлығымыз бен ұлттық мәдениетіміздің қайнар
бұлағы – ана тілімізді шалдыққан дертінен арылтып, сақтап қалу, қадір-
қасиетін арттыру, беделін көтеру болса керек. Осы мүддені ел болып,
жұрт болып, қауымдаса, қоғамдаса отырып қорғайтын жалпыхалықтық
ерікті ұйым Қазақ республикалық «Ана тілі» қоғамы болмақ.
Құрылғалы отырған бұл қоғамның программасы, алдына қойған
игілікті мақсаты, оған мүше болатын азаматтардың құқы мен міндеті,
қоғамның құрылымы мен қаражаты, статусы мен символы – бәрі де
жарияланған жобада айтылған. Ол туралы қалың көпшіліктің пікірлері
хат арқылы да, газет-журнал беттерінде де айтылып келеді.
Ендігі мәселе: «Қоғамды қашан құрамыз, қоғам құратын Құрылтай
съезі (учредительный съезд) қашан шақырылады, оған қандай
дайындық жүріп жатыр?» деген заңды сұрақтарға байланысты. Біз осы
сұрақ-сауалдарға қысқаша болса да жауап бергіміз келеді.
207
Болашақ Қоғамның Уставы (Жарғысы) жарияланғаннан бері үш
айдай уақыт өтті. Осы мерзім ішінде Қоғам құруға инициатор болған
Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институты тарапынан оның
басқа да қамқоршыларының қолдауымен Құрылтай өткізуге мұрындық
болатын Ұйымдастыру комитеті құрылған болатын. Бірнеше секциядан
тұратын бұл Комитеттің жұмыс программасы анықталып, оның
нақтылы ұсыныстары республиканың партия-совет директивалық
органдарының алдына қойылды. Ұйымдастыру комитеті атынан
жасалған бұл ұсыныстар негізінен мыналар:
а) «Ана тілі» қоғамын құруға байланысты шақырылатын Құрылтай
съезін аса маңызды әлеуметтік-саяси оқиға түрінде жоғары дәрежеде
өткізу;
ә) съездің өткізілетін мерзімін анықтау: бұл съезге делегаттар
шақыру, оларды қарсы алу, орналастыру бір өте күрделі мәселе; өйткені
қонақтар тек 17 облыстан ғана емес шамамен 170 адам республикадан
тыс жерлерден де 130 адам келуі жобаланып отыр;
б) сьездің күн тәртібін анықтау: оған съезд ашуға байланысты
кіріспе сөз: «Республикадағы тілдік ахуал және «Ана тілі» қоғамын
құрудың қажеттілігі» атты негізгі баяндама, «Қоғамдық пікір
және Қоғам Уставын жетілдіру мәселесі», «Қоғам программасы
туралы» деп аталатын екі қосымша баяндама, сондай-ақ жарыс сөзге
шығып, баяндамаларды талқылау. Қоғам Уставы мен Программасын
қабылдау. Қоғамның басқармасын, төрағасын, тексеру комиссиясын,
облыстық ұйым бастықтарын сайлау штатын, статусын, символдарын
бекіту, сондай-ақ Қоғамның органы ретінде «Қазақ тілі» газетінің
редколлегиясын және оның ғылыми мінбері ретіндс «Сөз өнері» атты
Халық университетінің жетекшісін белгілеу т.б. ұйымдық мәселелер
кіреді;
в) Құрылтайға келген делегаттардың мәдени түрде демалысы да
еске алынбақшы.
Әрине, бұлардың бәрі ел-жұрт болып отырған игілікті ісіміздің
тек бастамасы, жобасы ғана. Ал болашақ Қоғам тарапынан елмен
ақылдасу үшін жарияланған Устав пен қысқаша Программа оның бүкіл
болмысын түгел анықтап, міндетін толық айғақтап береді деп айтуға
болмайды. Тіл білімі институтына және газет редакцияларына келіп
түсіп жатқан хаттардың авторлары бұл Қоғамның құрылуын қолдап-
қуаттай отыра оған үлкен үміт артады, оны тек ана тілге (тілдерге) ғана
емес, сонымен қатар халықтың бүкіл рухани, мәдени өмірінің жарқын
Достарыңызбен бөлісу: |