2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет151/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   176

432

қажеттігін дәлелдеп, әліппе жобасына енгізсек те, дәл осы принцип бойынша 

(Оо)-ні,  (Өө)  түрінде  қабыладата  алмаған  едік.  Бұл  тәрізді  мәселелерді, 

сондай-ақ  алфавит  тәртібін  анықтай  түсуге  комиссияның  мүмкіншілігі 

болар деп ойлаймыз. 

Ортақ латын әліппесі жобасының толық кестесі мен болашақ «Қазақ 

әліппесімен» жазылған хат үлгісі ретінде ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың 

екі шумақ өлеңі хат соңында келтірілді.

10.  Кез-келген  әліппенің  тағдыры,  тілде  атқаратын  қызметі,  сайып 

келгенде,  жазу  емлесіне  тікелей  қатысты.  Сондықтан  да  қазақ  тілі  үшін 

латын  әліппесін  қабылдаумен  қатар,  бұл  мезгілде  оның  емле  ережелерін 

де  дайындау  қажет.  Өйткені,  әліппенің  жаны,  өмірі,  барлық  мүмкіншілігі 

тек емле арқылы ғана айқындалады. Латын әліппесінің басты бір қасиеті 

емленің дыбыстық (фонетикалық) принципіне сай және сөйлеу тіліміздің 

өзіндік ерекшеліктерін толығырақ бере алуында. Бұл да ескерілетін маңызды 

мәселе. 


Құрметті президент мырза! 

Қорыта келгенде айтарымыз – бірнеше ұсыныс:

 1. Терезесі тең тәуелсіз мемлекеттер қатарында, қоғамдағы прогрессивті 

үрдісті,  замана  талабын  және  тілдің  өз  қажеттігін  ескере  отырып,  қазақ 

мемлекеттік ұлттық жазуына негіз етіп латын әліппесін қабылдауға ұйғарым 

шығарсаңыз. 

  2.  Мемлекеттік,  саяси-әлеуметтік,  ғылыми-практикалық  маңызы  зор 

бұл мәселені өз дәрежесінде және дұрыс шешу үшін бұл істің мәніне терең 

түсінетін тәжірибелі мамандар мен парасатты зиялылардан (25-27 адамнан 

тұратын) Мемлекеттік комиссия түзіп, ол белгілі мерзім ішінде ҚР Жоғарғы 

Кеңесіне өз ұсыныстарын тапсыратын болса. 

 3. Латын әліппесі негізіндегі қазақ жазуының жобасымен қатар 

оның  емле  ережелерінің  жобасы  да  жасалып,  олар  бойынша  кең 

түрде  пікір  алысу  үшін  Мемлекеттік  комиссия  тарапынан  баспа 

беттерінде жарияланса.

  4.  Латын  әліппесі  негізіндегі  қабылданатын  жазу  мен  емлені 

біртіндеп,  жоспарлы  түрде  жүзеге  асыру  мақсатымен  көп  жылдық 

бағдарлама жасалынатын болса.

 Magjan Jumabayuli

Qazaq tili

 Erlik, eldik, birlik, qayrat, bag, ardin,

Jawiz taqdir joidi bәrin ne bardin.

 Altin kunnen bagasiz bir belgi bop,



433

 Nurli juldiz, BABAM TILI, sen qaldin.

Jariq hөrmey jatsan da uzaq, ken-tilim,

Taza, teren, өtkir kusti ken tilim;

Tarap ketken balalarindi bauirina 

Aq qolinmen tarta alarsin sen tilim!



 «Ана тілі», 30 желтоқсан 1993 ж.

Түркілер алфавитінде – қазақтың «ә» әріпі

  Наурыздың  8-10-ында  Түркияның  Анкара  қаласында  6  түркі 

мемлекетінің    бірлесіп    өткізген    түркі  халықтарына  ортақ  әліппе 

және  емле  мәселелері  туралы  конференция  болды.  Оған  Қазақстан 

Республикасы  Сыртқы  істер  министрінің  орынбасары  Сайлау 

Батырашұлы,  Қазақстан  ұлттық  ғылым  академиясы  Тіл  білімі 

институтының  директоры  Әбдуәли  Қайдаров  пен  осы  академия 

жанындағы  шығыстану  орталығының  директоры  Ерден  Қажыбеков 

қатысты. 

 - Конференцияны Түркия Сыртқы істер министрлігі құзырындағы 

түркі  қарым-қатынас  және  жаңғыру  агенттігі  ұйымдастырды,  -  деді 

конференциядан  оралған  академик  Ә.  Қайдаров  ҚазТАГ  тілшісімен 

әңгімесінде.  –  Оған  Түркияның  өзінен  Зейнеп  Қорқпас,  Әбдірахман 

Гузел,  Мәкмет  Сарай,  Әзірбайжаннан  –  профессорлар  Афат  Курбанов 

пен Кемал Абдуллаев, Өбекстаннан – профессор Жаппар Гөкленов, Анна 

Гулс, Қырғыстаннан – Қырғызстан Республикасы премьер-министрінің 

орынбасары Әбдіғани Еркебаев пен мемлекеттік кеңесші Сағжан Жігітов 

сияқты мемлекет қайраткерлері мен тіл мамандары қатысты. 

 - Мұндай конференция алғаш рет өткізілмеген болар, оның қандай 

да бір тарихи негізі бар шығар?

 - Жалпы түркілердің о баста тұтас бір халық болып, кейін әртүрлі 

себептерге байланысты ұсақ ұлыстарға бөлініп кеткендігін дәлелдейтін 

негіз  мол.  Тұрмыс-салты  да,  тілі  де  ұсақ  туысқан  халықтардың  басын 

біріктіруді көптеген қайраткерлер арман етті. Соның бір көрінісі – 1926 

жылы Бакуде өткен Түркологтардың дүниежүзілік тұңғыш құрылтайы. 

Онда  түркілердің  басын  біріктіріп,  ортақ  алфавит  қабылдау  мәселесі 

қаралды.  Алайда  қазақ  елінің  делегациясын  бастап  барған  Ахмет 

Байтұрсыновтың араб алфавитіне көшу туралы ұсынысы өтпей қалып, 

түркі  мемлекеттерінң  жазуын  латын  тіліне  көшіру  туралы  шешім 

қабылданды.  Сөйтіп,  латын  әрпіне  бірінші  болып  әзірбайжандар, 

қырғыздар және ұйғырлар өтті, ал қазақтар оны 1929 жылы қабылдады. 



434

Ізгі ниет жолында түрік көсемі Кемал Ататүрік көп еңбек сіңірді. Араб 

мәдениеті  мен  сөздерін  бойына  неғұрлым  тереңірек  сіңірген  түрік  елі, 

қанша  болса  да,  бұл  іске  барды.  Сөйтіп,  1978  жылы  Ататүрік  өз  елін 

латын алфавитіне көшіру туралы шешімге қол қойды. 

 Жоғарыда аталып өткен алты мемлекеттің әрқайсысы конференцияға 

латын  тіліндегі  алфавиттерімен  келді.  Сол  6  алфавиттен  жалпы  түркі 

халықтарына  ортақ  34  әріптен  тұратын  бір  алфавит  жасадық.  Оны  үш 

күн  бойы  талқыладық.  Барлық  тілдердің  ерекшелігі,  ұлт  өкідерінің 

ұсыныстары  мұқият  қаралды.  Ортақ  алфавитке  34-інші  әріп  менің 

ұсынысыммен  қосылды.  Ол  –  «ә»  әрпі.  Өйткені,  кейбір  түркі  тілдес 

халықтардың тілінде «ә» әрпі жоқ болып шықты. 



  -  Түркілердің  ортақ  алфавиті  қабылданды,  ал  енді  оған  көшу 

барысы қалай?

 - Оны Әзірбайжан мемлекетінің ресми түрде қабылдағанына 2 жыл 

өтті. Түрікмен алфавитін латын әрпіне көшіруді 1994 жылға дейін аяқтау 

туралы республика президенті С.Ниязовтың қаулысы шықты. Бұл мәселе 

жөнінде  Қырғызстан  мен  Өзбекстанда  тіл  мамандарынан  құрылған 

арнайы  комиссия  тек  республика  Жоғарғы  Кеңестерінің  шешімін  ғана 

күтіп отыр. 

  Бұл  жерде  біз  «ала  қойды  бөлек  қырықпау»  керек  екенін,  латын 

алфавитіне  көшудің  өмірлік  қажеттіліктен  туып  отырғанын  түсінуіміз 

қерек. Жаңа жазу қабылдап отырмағанымызды, халқымыздың өзі бұрын 

пайдаланған алфавитті қайта жаңғыртпақ ниетімізді қазақстандықтарға 

баса айтқанымыз жөн. Бүкілтүркіні былай қойғанда, қазақтардың өзінің 

әлі күнге дейін ортақ алфавиті жоқ. Мәселен, қытай мемлекетінде тұратын 

1,5 миллиондай қазақ араб әрпін пайдаланады. Ол жақтың филологтары 

қазір Қазақстаннан шыққан 10 томдық фразеологоялық сөздікті аудару 

үстінде.  Былай  қарасаң,  қаншама  шығын.  Ал  егер  алфавит  тұтастығы 

болса,  мұндай  шығынға  батпас  еді.  Енді  осы  бір  кішкене  мысалды 

ортақ алфавиті жоқ бүкіл түркі тілді халықтарының сарп етіп отырған 

шығынымен салыстырып көріңізші – ол теңіздің бір тамшысындай ғана 

емес пе? Тағы бір назар аударатын мәселе, латын әрпіне көшу процесінің 

бірден жүзеге асыра салатын оңай шаруа еместігі. 



 - Қазақстан латын әрпіне көшкен жағдайда республикада тұратын 

басқа халықтың өкілдері де осы алфавитті пайдалана ма?

 - Конференция соңынан бізді Түркия мемлекетінң Премьер-министрі 

Сүлеймен Демирел қабылдап, сұхбаттасты. Түркі халықтарының басынан 

өткен  тарихты  саралай  келіп,  ол,  латын  әрпіне  көшу  әр  мемлекеттің 



жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау