2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет15/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   176

38

жағдайдың өзгешелігінен туған шешім емес. Советтік еліміздің қай 

түкпіріне бармайық, қай ұлттық өлкені араламайық – барлық жерден 

біз  аралас-құралас  өмір  сүрген  көпұлтты  халықтардың  өкілдерін 

көреміз. Мүмкін бір республикада олар аз, енді біреуінде көп шығар. 

Бірақ бұл әрқашан да өзгеріп отыратын құбылыс. Қалай болғанда да 

жергілікті халықтың өз жерінде басқа ұлттардан аз, не көп болуына 

қарамастан  ана  тілін  дамытуға,  оның  толыққанды  тіл  ретіндегі 

әлеуметтік  қызметін,  қолданыс  аясын  кеңейтіп,  өмірдің  барлық 

саласында пайдалануға праволы болса керек.

Мәселенің  осы  ыңғайда  қойылып,  қазақ  тілін  республика 

көлеміндегі мемлекеттік тіл деп тануға итерамелеп отырған жағдайдың 

бірі,  сайып  келгенде,  ана  тіліміздің  көптеген  объективті  себептер 

салдарынан  беделінің  төмендеуі,  қолданыс  аясының  тарылып, 

атқаратын  қоғамдық  қызметінің  ауқымы  «от  басы,  ошақ  қасымен» 

шектеле  бастауы  болса  керек.  Сондықтан  да  оны  мемлекеттік  тіл 

дәрежесінен  көруге  талпынуды  –  есейген  елдің  елдігін  танығысы 

келетіндігі, ұлттық санасы оянып, ана тілінің аянышты халін терең 

сезіне  білгендігі,  демократия  жағдайында  мәселені  ашық  айтып, 

халықтың конституциялық правосын талап етуі деп білген жөн.

Осы  бір  шындықты  бұрмаламай,  бұзбай,  бәріміздің  де  дұрыс 

түсінгеніміз    жөн.  Бұл  ескертудің  себебі  де  жоқ  емес.  Мәселенің 

байыбына  терең  барса  да,  бармаса  да  «қазақ  тіліне  мемлекеттік  тіл 

статусын беру керек» деп оның күн тәртібіне қойылуына мұрындық 

болып  жүргендер,  қазірше  ғылыми-творчестволық  зиялылар  мен 

студенттер қауымы. Дегенмен, бұл талаптың орынды екеніне, оның 

ерте ме, кеш пе, әйтеуір, бір дұрыс шешімін табатынын іштей сезсе 

де, кейбір жолдастардың бұл жөніндегі пікірі басқаша.

Сөйтіп, республикамыздағы тілдердің статусы жайында бүгінде 

елге белгілі екі түрлі пікір, принцип бар. Оның бірі – газет беттерінде 

біршама  қолдау  тауып  отырған,  «мемлекеттік  қостілділік»,  яғни 

қазақ және орыс тілдерінің мемлекет тілі ретінде қатар қолданылуы 

болса, екіншісі – біз сөз еткендей, тек қазақ тіліне ғана мемлекеттік 

статус беру, орыс тілінің ұлтаралық қатынас қызметін сақтай отыра 

республикадағы басқа ұлт тілдерінің толық дамуына мүмкіндік жасау.

Осы  арада  біз  екінші  принципті  қолдай  отырып,  «мемлекеттік 

қостілділік»  принципін  мүлде  жоққа  шығара  алмаймыз.  Ол  күні 

бүгінге дейін орын алып келген (қазақ тілі мен орыс тілінің және басқа 

ұлт тілдерінің ара қатынасының, нақтылы жағдайын айтып отырмыз) 



39

тілге деген стереотипті көзқарастан әлдеқайда прогрессивті принцип. 

Мұнда тоқырау заманындағы тілдік тоқыраудан шығудың ізденістері 

бар. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге тырысу, қайткен күнде де 

ана тілді сақтап қалу тенденциясы байқалады.

«Қазақ әдебиеті», 1989 . 3 наурыз, 

(Сұхбаттасқан Ж.Қалыбаев)

Тіл тағдырына ғалымдар да жауапты

«Құлдан  да  –  бір  ауыз  сөз»  дегендей,  «тілден  де  –  бір  ауыз  сөз» 

айтудың  реті  келген  сияқты.  Өйткені  еңсесі  биік  ғылымның  бұл 

сарайында қазақ тілінің үні бұрын-соңды көп естілмейтін. Бүгін де оны 

тосырқайтындар аз емес.

Өмір  шындығы  ғылымның  алдына  әрқашан  да  өзінің  өзекті 

мәселесін  көлденең  тартатыны  белгілі.  Сондықтан  биылғы  алқалы 

кеңестің  күн  тәртібі  ел  басына  келген  экономикалық  қиыншылықтың 

ғылым  мен  ғалым  тағдырына  қатысты  қойылуы  да  заңды  нәрсе.  Ел 

бұрын «ғалым» десе болды, «қалтасы қалың» қауым деп түсініп келсе, 

енді, міне, олардың да қарны ашып, қадірі қашатын пенде екенін, еңбегі 

еш болып, бағасы кондуктордан екі есе төмен түсіп кеткенін өзі көріп, өз 

құлағымен естіп отыр.

Ал бұдан үш жыл бұрын дәл осы үлкен залда өткен алқалы кеңесте 

ғұлама  ғалымдар  экология проблемасын  сөз етіп, уланған аспанымызды, 

лайланған  суымызды,  жараланған  жеріміз  беп  қасіретке  ұшыраған 

халқымызды апаттан құтқарудың жолын іздеп, ой-толғаныстарын ортаға 

салған еді.

Сол  бір  жиналыста  табиғатты  ғана  емес,  бүкіл  мәдени,  рухани 

өмірімізді  де  түгел  шаршыған  экологиялық  нәубеттің  ана  тілімізге  де 

тигізген тақсіреті жайында біз де бір-екі ауыз сөз айтқан едік. Қазақтардың 

ішінде  өз  тілін  білмейтін  және  білсе  де  шала  білетіндердің  саны  40 

процентке  жетіп  отырғанын  біз  сол  жолы  айтып,  өзімізше  дәлелдеген 

едік. Ондағы мақсат – ана тіліміздің мүшкіл қаліне ғалымдар қауымының 

назарын аударып, оған төніп келе жатқан қауіптің қаншама қатерлі екенін 

ескерту еді. Амал нешік, бізді түсінбеді ме, әлде біз түсіндіре алмадық 

па,  әйтеуір,  сол  бір  жиналыста  дүйім  жұрттың  алдында  бастықтардың 

сөгісін естігеніміз бар, оған осы отырған қауымның бәрі куә.

Содан бері, міне, үш жылға аяқ басты, көп нәрселерге көзіміз жетті. 

Біреу көп, біреу аз десе де, 40 процентті халық мойындады. Ол енді ресми 

құжаттарда да жиі келтіріледі. Тілге байланысты коғамда біраз өзгерістер 



40

жүз берді. «Тіл туралы заң» қабылданды, қазақ тілі мемлекеттік мәртебе 

алды,  оны  дамытудың  2000  жылға  дейінгі  мемлекеттік  бағдарламасы 

қабылданды,  тіл  мәселелерін  үйлестіру,  термино логия,  ономастика 

комиссиялары  мен  республикалық  «Қазақ  тілі»  қоғамы  құрылып,  олар 

заңды жүзеге асыруға байланысты біршама жұмыстар атқарып келеді.

Бұл  салада  республика  академиясы  да  қарап  қалған  жоқ,  аз  да  болса 

ана  тілімізге  бетбұрыс  жасағаны  рас.  Бұдан  бір  жыл  бұрын  академия 

тарихында  бірінші  рет  жалпы  жиналыстың  сессиясы  ғылымдағы  қазақ 

тілінің тағдырына бағышталып, оны дамытудың біраз нақтылы шаралары 

белгіленген  болатын.  Бұл  өте  қажет  еді,  өйткені  ғылым  тілі  мемлекеттік 

әдеби тіліміздің жон арқасы бола тұрса да, оның күні бүгінге дейін өзінің осы 

бір жауапты қызметін өз дәрежесінде атқара алмай келгені баршаға аян. Сол 

жиналыста баяндама жасауға байланысты біз академия құзырындағы 30-дан 

астам институтқа арнайы анкета-сұрақтар таратып, ондағы тіл жағдайының 

анық-қанығына біршама көзіміз жеткен еді. Сондағы біздің аңғарғанымыз: 

а) бір- екі институт (тіл, әдебиет) болмаса, басқасының бәрінде де ғылыми 

өмір, қоғамдық (жиналыс, ғылыми кеңестер, конференциялар, диссер тация 

қорғау  т.  б.)  тіршіліктің  барлығы  тек  орыс  тілінде  ғана  өтіп  жатқандығы; 

академияның  жартысынан  (көбі  қазақтар  болғандықтан  қазақ  тіліндегі 

қарым-қатынасты  мүлдем  жоқ  деп  айтуға  әрине,  болмайды,  бірақ  мәселе 

толыққанды  ғылым  тілі  жайында  болып  отыр  ғой);  ә)  ал  ғылым  тілін 

ғалымдардың шығып жатқан еңбегімен болжамдайтын болсақ, ол, міне, 50 

жыл бойы негізінен орыс тілінде дамып, оның тек он-ақ проценті қазақша 

жазылады екен. Оның өзінде де бұлар филология профиліне жататын бір-екі 

институт үлесіне тиетін үлес.

Осы  бір  деректің  өзі-ақ  жартысынан  көбі  қазақ  ғалымдары  болып 

саналатын ұлттық академияның бүгінге дейін тұтынып келген ғылым тілі 

мемлекеттік мәртебе алып отырған қазақ тілінен іргесі тым алыс жатқанын 

толық дәлелдейтін сияқты.

Осы бір қиын да қынжыларлық жағдайды жақсы түсінген ғалымдар 

былтырғы үлкен жиналыста қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытуға ат 

салысатындығын айтып, нақтылы шаралар белгілеп, каулы алған еді. Сол 

қаулыда,  мәселен,  1995  жылға  дейін  қазақ  тілінде  жазылатын  ғылыми 

зерттеулердің санын ең болмаса 40-50 процентке жеткізу, әрбір институтта 

өз саласындағы ғылыми-техникалық терминдерді реттеп, жетілдіре түсу 

үшін екі тілді жетік білетін бір-екі маман сайлап, ғылыми бөлімшелер 

жанынан арнайы терминологиялық топ құру, салалық сөздіктер шығару, 

көпшілік  қолды  ғылыми  еңбектер  жазу,  бұқаралық  тәсілдер  арқылы 



жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау