Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет13/36
Дата16.05.2018
өлшемі1,05 Mb.
#14164
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36

28 

 

 



 

«Соса-Cola Былғары доп» Республикалық жасөспірімдер турнирі,  

2015 жылғы шілде, Тараз қ. 

 

2015  жылы  Балаларды  қорғаудың  халықаралық  күнін  атап  өту  аясында  

«Мы  дети  твои,  Казахстан!  Нам  жить в  новом  мире!»  атты  бүкіл  қазақстандық 

акциясы  өткізілді.  Акция  кезеңінде  «Бауыржан»  қайырымдылық  қорымен 

бірлесе  отырып,  спорттық  іс-шаралар  өткізілді:  «Навстречу  мечте»  атты  жетім 

балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасында футболдан 

республикалық  чемпионат;  2015  жылғы  20-31  мамыр  аралығында  Ақмола 

облысының  Щучинск  қ.  «Жақсы»  спорт  базасында  жетім  балалар  мен    ата-

анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар  арасында  баскетболдан    «Кубок 

надежды»  атты  республикалық  чемпионат.  Қазақстанның  Халық  банкімен 

бірлесе  өткізілген  іс-шараға  республиканың  18  балалар  үйінің  командалары 

қатысты.  

Дене  шынықтыру  сауықтыру  кешендері  (ДШСК)  бойынша  өңірлерде 

республикалық  және  жергілікті  бюджеттен  70%  және  30%  қатынасында  

жобаларды  іске  асыруды  елдегі  халық  қолдап  отыр,  себебі  бұл  ауыл 

тұрғындарына,  әсіресе  балаларға  спортқа  бейімделуге  мүмкіндік  берді.  Бүгінгі 

таңда  аталған  жобаның  аясында  2014  жылдан  бері  18  жоспарланған  ДШСК 

ішінде 15-і салынды, тағы 3-еуі ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.  

2015  жылғы  15  сәуір  –  30  маусым  аралығында  Қазақстан  Республикасы 

тұрғындарының  дене  шынықтыру  даярлығының  президенттік  тестілерінің 

нормативтерін қабылдау бойынша республикалық айлық өткізілді. Нәтижесінде 

а.ж.  1  жарты  жылдықта  Президенттік  тестілерге  қатысқан  жалпы  білім  беретін 

мектептердің  оқушыларының  саны  964 318  адамды  құрады,  бұл  2014  жылдың 

осындай  уақытымен  салыстырғанда  13,4

-ға  көп  (2014  жылғы  1-  жарты 



жылдықта  –  835 118  оқушы).  Балалардың  және  жастардың  дене  шынықтыру 

даярлығының  нормативтік  талаптарының  жиынтығын  құрайтын  президенттік 

тестілерді  тапсыруды  дамыту  және  танымал  ету  жөніндегі  белсенді  жұмыс 

жалғасуда.  

 

 Президенттік тестілерді тапсыруға қатысқан мектеп жасындағы 

балалардың саны  

 



29 

 

 

 

Мектептерде  дене  шынықтыру  сабағынан  22 131  педагог  сабақ  береді 



(ауылда  –  14 157),    жоғары  білімді  бапкер-оқытушылардың  саны  –  18 553 

(ауылда  –  11  595),  арнайы  орта  білімді  –  2  916  (ауылда  –  2146).  Жалпы  білім 

беретін  мектептердің  22 131  бапкерінің  ішінде  662  дене  шынықтыру  білімдері 

жоқ, бұл жалпы санынан 3,6

 құрайды.  



Спорт  түрлері  бойынша  бапкерлер,  спорт  әдіскерлері  мен  инструкторлар, 

сондай-ақ  бейімдеушілік  дене  шынықтыру  бойынша  мамандар  тәрізді  білікті 

кадрлардың  тапшылығы  бар.    Бұл  спортты  дамытудағы  басты  проблема  болып 

табылады,  бұған  қоса  мектеп  оқушыларының  арасында  денсаулық  жағдайына 

байланысты  «Денсаулық  топтары»  деп  аталатын  медициналық  топтарға  

20 мыңнан аса бала баратыны ескеру қажет.   

Бұл  орайда,  ҚР  Мәдениет  және  спорт  министрлігі  денсаулық  сақтау  және 

әлеуметтік  даму,  білім  және  ғылым  министрліктерімен  бірлесе  отырып,  ЖОО 

мен  колледждерде  оқыту  үшін  спорттық  кадрларды  даярлаудың  7  бағыты 

бойынша кәсіби стандарттарды әзірледі.  

 

Балалардың  демалуға,  бос  уақытын  өткізуге  және  қоғамның  мәдени 

өміріне қатысу құқығы 

Жазғы  демалыс  кезеңінде  балаларды  сауықтыру  демалысын,  бос  уақытын 

және жұмыспен қамтылуын  ұйымдастыру «2011-2015 жылдарға арналған жазғы 

каникул  кезеңінде  балаларды  сауықтыру  демалысын,  бос  уақытын  және 

жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-

Министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 86-ө Өкіміне сәйкес жүргізіледі. 

Жергілікті  бюджеттен  балалардың  жазғы  демалысын  ұйымдастыруға 

бөлінетін қаржы ұлғайды (2015 жылы  - 3,6 млрд. тг., 2014 ж.- 3,5 млрд. теңге),  

420 млн. астам демеушілік қаржы (2014 ж. -593 млн.) және 1 млрд. жуық (2014 

ж.-1,3 млрд. теңге) ата-аналардың қаржысы тартылды. 

Республикада балалардың жазғы демалысы екі бағыт бойынша жүргізіледі - 

сауықтыру  (балалардың  қаладан  тыс  және  мектеп  жанындағы  лагерьлерде 

демалысы)  және  жұмыспен  қамту  (жазғы  кезеңде  балалардың  үйірмелерге, 

секциялар және басқаларға қатысуы). 



Сауықтыру.  2015 жылы сауықтыру демалысымен  2 млн. 081 мың немесе 

84% бала қамтылды,  бұл өткен жылмен салыстырғанда 280 мыңға артық (2014ж. 

- 1 млн. 798 мың немесе  81,3% оқушылар).  



30 

 

Жыл  бойғы  (2014ж.  –  12,  2015ж.-  12),  қаладан  тыс  (2014ж.  –232,  2015ж.- 



246),  мектеп  жанындағы  (2014ж.  –10101,  2015ж.  –  10  152)  лагерьлер  желісі 

кеңейтілді. 

Мемлекеттік меншіктегі сауықтыру лагерьлерінің саны 21 бірлікке көбейді 

(2014 ж. - 126, 2015 ж. - 147). Жекеменшік лагерьлердің саны 111 бірлікке   (2014 

ж. - 118) азайды.  

Соңғы  екі  жылда  бос  уақытын  және  сауықтыруды  ұйымдастырудың  аз 

шығынды  формаларының  желісін  дамыту  тәжірибеге  кірді.  Ақмола,  Алматы, 

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында киіз үй және 

шатыр  лагерьлерінің  географиясы кеңеюі  арқасында  аталған  ұйымдардың  саны 

1628 бірлікке дейін ұлғайды.  

Балаларды  сауықтыру  мен  жұмыспен  қамтудың  инновациялық  формалары 

белсенді дамуда: Шығыс Қазақстан облысында арнайы жабдықтар және туристік 

жарақтармен  шатырлы  туристік  лагері,  Павлодар  облысында  өзін-өзі  танытуға 

және кәсіптік бағдарға бағытталған «Мүмкіндіктер терезесі» балаларға арналған 

мақсатты жоба, Батыс Қазақстан облысында «Жас құтқарушы» бейінді ауысым. 

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша жоғары көрсеткіштер 

Павлодар (98%), Батыс Қазақстан (92%), Шығыс Қазақстан облыстарында (81 %) 

байқалады.  Бұл көрсеткіштің амплитудасы басқа өңірлерде 80%-дан (Қостанай)  

52%-ға дейін (Маңғыстау). 

Жұмыспен қамту. Жұмыспен қамтудың әр түрлі түрімен ағымдағы жылы  

1 млн. 601немесе 67% оқушы қамтылды, бұл  120 мыңға көп, 2014 ж.- 1 млн.478 

мың  немесе  66,8%.  Жоғары  көрсеткіштер  Алматы,  Қарағанды  (99%),  Қостанай 

(92%),  Солтүстік  Қазақстан  (90,5%)  облыстарында.  Басқа  өңірлерде  бұл 

көрсеткіш  71 %-дан (Оңтүстік Қазақстан)  20%-ға дейін (Жамбыл). 

Балаларды  қамтудың    ұлғаюының  оң  динамикасы  Алматы  қаласында                      



(32%-дан    99%-ға  дейін),  Ақтөбе  (16%-дан  84%-ға  дейін),  Қарағанды  (1,3%-дан                            

99%-ға дейін), Павлодар (50%-дан  78%-ға дейін) областарында байқалады. 

Аталған  көрсеткіштердің  төмендеуі  4  өңірде  байқалады:  Атырау  (52%-ға 



дейін),  Шығыс  Қазақстан  (18%-ға  дейін),  Батыс  Қазақстан  (28%-ға  дейін) 

Маңғыстау (18%-ға дейін) облыстары. 

Жазғы  уақытта  балалар  үшін    12 323  мектеп  жанындағы  алаңдар,  аула 

клубтар мен қызығушылықтары бойынша үйірмелер жұмыс істеді ( 302 мыңнан 

астам бала қамтылды немесе 5,5%);  8 287 туристік жорықтар мен экскурсиялар 

(177  мың  бала  қамтылды);  653  көшпелі  спорттық  жиындар  (22041  бала 

қамтылды); 463 олимпиялық қордың жазғы мектептері (16 400 бала қамтылды); 

1411 жазғы көшбасшылық мектептері  (36573 бала қамтылды); 785 жазғы тілдер 

мектептері  (23  360  бала  қамтылды);  428  дебат  лагерьлері  (11  230  бала) 

ұйымдастырылды. 

   



жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау