Сейфуллин оқулары – 9



жүктеу 33,23 Kb.
Pdf просмотр
Дата16.05.2018
өлшемі33,23 Kb.
#14162


Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Сейфуллин оқулары – 9: жоғарғы

білім  және ғылым  дамуындағы  жаңа  бағыт»  атты  Республикалық  ғылыми-теориялық конференция

материалдары = Материалы Республиканской научно- теоретической конференции «Сейфуллинские

чтения – 9: новый  вектор  развития  высшего  образования  и  науки» посвященная  дню  Первого

Президента Республики Казахстан. – 2013. – Т.1, ч.2 – Б. 3-5



КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРЫН ӘЛЕУМЕТТІК-

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОРҒАУ ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМА

Сейлхан Г.И.

Отбасы – адам өмір, тіршілік негіздерін алатын қоғамның бір бөлігі, шағын

әлеуметтік  топ.  Бала  отбасы  мүшелерімен  тікелей  эмоциялық  қарым-қатынаста

бола отырып, тек сөйлеу мен ойлау, нысандық іс-әрекеттер мен тұлғаралық өзара

қатынастар дағдысын ғана алып қоймай, қаласын-қаламасын үлкендердің мінез-

құлық  үлгілерін  де  бойына  сіңіреді.  Ата-аналары  бала үшін  оның отбасының

өмірі  бір  бөлшегі  болып  табылатын  мәдениеттің шынайы әлемін  білдіреді.

Отбасы  бала үшін қоғамның тікелей қабылданатын  алғашқы  моделі,  ал

отбасындағы өзара қарым-қатынастар – тұлғааралық  қарым-қатынастардың

негізгі үлгісі  болып  табылады.  Бала  отбасында  дауыстардың интонациялық

реңктерін ажыратуға, ымдау тілін пайдалануға үйреніп, сол арқылы үлкендердің

өзінен жасыратын ойлары мен күйзелістерін шеше алады.

Ата-ананың

махаббаты 

мен

қамқорлығы, 



баланың

ата-анасына

психологиялық тәуелділігі (олар оның көз алдында тек қана оған тиесілі) балаға

ерте  жастан  білім  мен  дағдылар  беруге  оңтайлы  жағдай  туғызады.  Отбасының

мәдениеті  айтарлықтай  жоғары  болған  кезде әрі  отбасыішілік

қалыпты


қатынастарда отбасындағы  тәрбие  жоғарғы дәрежеде дербестендіріледі,  яғни әр

баланың бейімділіктері  мен  табиғи ұшқындарына  сәйкес  бола  алады.  Отбасы

тұлғаның өнегелік және зияткерлік даму үдерісін реттеп отырады, сыртқы теріс

факторларды  бейтараптандыра  түсіп,  оң  әсер  етулерді  белсендіре  түсуге  ықпал

етеді.  Отбасында  бала  адами өзара қарым-қатынастың барлық мүмкін  болатын

түрлерімен  іс  жүзінде танысады,  ынтымақтастық жасау  және  шиеленістерді

шешу  тәжірибесін  алады.  Онда  отбасындағы  нақты  роль  пайда  болады,  ол

шаруашылық  өмірде өзіне  жүктелген  міндеттерді  атқарады.  Нормалар  мен

міндеттемелерге баулу табиғи әрі емін-еркін өтеді [1, 153].

Балалар


мен  жасөспірімдерді

әлеуметтік  бейімдеу  олардың

басқа

адамдармен  араласудан  алған әлеуметтік  тәжірибесі  көп  болған  сайын  табысты



жүреді.  Көпбалалы  отбасы  нақ осындай  мүмкіндікті  береді. Үлкен  отбасының

мүшелерін  бақылау,  жақын  адамдардың  қателіктері  мен  жетістіктерін  талдау,

олармен  эмоциялық жақындық  қоршаған  ортаны  неғұрлым қағылез қабылдауға

ықпал  етеді.  Баланың  өмірінің алғашқы  күнінен  бастап  енетін  отбасындағы

саналуан әлеуметтік  рольдері  (ол  бірмезгілде  немере, ұл,  іні, қарындасқа  аға,

ініге  аға,  аға, жиен,  ағай  т.с.с.),  сондай-ақ отбасы  тіршілігінің басқа  да

жағдайлары өмірдің ең саналуан  жағдайларына  беріктік  пен  икемділікке

бейімделуді  дамытады.  Бұл қасиеттер қазір  адамға  ең  қажеттілері.  Ертеңгі

күннің бұлыңғырлығы,  негізгі әлеуметтік  институттардың дағдарысы  жеке

тұлғаға  деген  ерекшеліктік  (бәсекеге қабілеттілік),  интерналдылық  (өз  бетіндік,




белсенділік), 

коммуникабельділік 

және 

басқа 


көптеген 

талаптарды

қалыптастырады[2, 105].. Нақ осындай қасиеттерді көп балалы отбасы дамытады

да.


Аталған  жұмыстың мақсаттылығы  мен  тиімділігі  «Отбасы»  мектептік

әлеуметтік  бейімдеу  бағдарламасын  жүзеге  асыру  арқылы қамтамасыз  етіледі.

Бүгінгі  күнгі  аса  маңызды  проблема – түйткілді  отбасылардың саны ұлғаюы

және отбасының тәрбиелік міндетінің әлсіреуі. Сондықтан мектеп отбасына бала

тәрбилеуге көмектесуді күшейтуі тиіc.

Отбасымен  жұмыстарда  педагогтар  келесі қағидаларды  басшылыққа

алады:

1. Отбасын зерттеудің объективті сипаты.



2. Отбасының барлық мінездемелерін зерттеуге кешенді ұстаным.

3. Отбасының өзіндік ерекшеліктерін анықтау және оларды оның тәрбиелік

әлеуетін күшейтуге пайдалану.

4. Шынайы ахуалды талдау.

5. Отбасын зерттеудің екіжақты сипаты.

6.  Баланың жеке  тұлғасын,  оның тәрбиелілігін  бірдей  зерттеу  арқылы

отбасындағы тәрбие қызметін зерттеу.

7. Отбасына оптимистік ұстаным жасау.

8.  Отбасы  мен қоғамның тәрбиелік  мүмкіндіктерін  іс  жүзіне  асырудың

зерттеумен бірлігі.

9. Отбасы тәрбиесінің пайдаланылмаған резевтерін анықтау.

Біз  отбасымен  жұмыс  жөнінде ұйымдастырушылық сипаттағы  бірнеше

жұмыс түрлерін ұсынамыз:

Отбасылармен жұмыс түрлері

1.  «Ата-аналар,  сіздер  туралы  және  сіздер үшін»  лекторийі,  ол  мына

тақырыптарды қамтиды: баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы отбасы ролі;

отбасы  баланың көздерімен;  балалар  мен  жасөспірімдердің психосексуалды

дамуы;  балаларымыздың денсаулықтарының проблемалары;  таңдамайтын  бала;

ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасы проблемалары; балалар және ақша;

сіздің мазасыз жеткіншегіңіз.

2.  «Салауатты  балаларды  тәрбиелеу»  тақырыбы  бойынша әңгімелесулер

циклы: ұтымды тамақтану негіздері; тіс ауырмау үшін; көздерді сақтау тәсілдері;

ішімдік  және  жасөспірім;  темекі  тарту  және  денсаулық; ағзамыздың резервтері;

өнегелік-жыныстық

тәрбие;  алғашқы  махаббат;

әйел  мен  ер  адамның

ағзаларының физиологиялық ерекшеліктері;  бозбала,  бойжеткеннің гигиенасы;

СПИД – сырқаттың медицина-биологиялық және әлеуметтік қырлары;  сыни

ахуалдар, жыныстық зорлау және мәжбүрлеу; өзіне ие бола білу (салауатты және

сырқат тұлға туралы әңгімелер); экология және баланың денсаулығы.

3.  Іскерлік  ойындар:  «Отбасылық тәрбие  эстафетасы»;  «Отбасы  сәулеті»;

«Отбасылық тәрбие өсиеттері».

4. «Дөңгелек үстелдер»: «Қиын балалар және қиын ересектер»; «Өзгермелі

әлемдегі әкелер  мен  балалар»;  «Ата-аналар  мен  балалар»: қарсы  тұру  немесе

ынтымақтастық»;  «Балалар  мен  ата-аналардың  өзара  іс-әрекет  етуі

ынтымақтастық пен өзара түсіністік қатынастарын орнатудың жанды бастауы».



5. Отбасылық кеште: «Балалар + ата-аналар»; «Отбасы суреті».


6.  Отбасылық мерекелер:  «Әкем,  анам,  мен – тату-тәтті  отбасы»;

«Денсаулық күні»; «Жаңа жыл – отбасылық мереке».

7.  «Үй  мен  отбасы  бірге  ойнайды»  ойын-сауық банкін  жасау:  «Этикет

білгірлерінің турнирі»;  «Тып-тыныш  оқу  сағаты»,  «Грех  жаңғақтарының

кәрзеңкесі»  (баланың  қиын  проблемаларын  шешу);  «Сен  отырғызған  тал»;

«Шәйға  шақыру»,  «Бес  минут  поэзия»;  «Күлдіргіштер»;  «Достық сауалдар

конверті»;  «Жақсы  тосын  сыйлар  күні»;  «Менің досым  магнитофон»,  «Айна

алдында» [3,4].

Біз әлеуметтік педагог пен мұғалімнің жұмыстарының айырмашылықтары

бар  екенін  анықтадық, ол  мұғалім  көбіне  сыныппен  немесе  топпен  жұмыс

істейтініне,  ал әлеуметтік  педагог  жеке-жеке  баламен,  жасөспіріммен,  ал  егер

топпен  болса,  онда  шағынымен  жұмыс  істейтіндігіне  байланысты.  Отбасымен

жұмысты  да  ол  нақты  отбасының ерекшелігін  ескере  отырып,  жеке-дара  және

тұлғалық ұстанымдарды пайдалану арқылы құрады.

Әлеуметтік  педагогтың негізгі  бағыты – баланы,  жасөспірімді әлеуметтік

қорғау,  оған әлеуметтік  және  медициналық жәрдем  беруге  ықпал  ету,  оны

оқытуды ұйымдастыруға  көмектесу,  мектепте,  отбасында, қоғамда  бейімдеу

және  оңалту.  Осы  міндеттерді  шешу үшін әлеуметтік  педагог  баланың

эмоциялық-психологиялық жағдайы  мен  материалдық жағдайын  зерттейді,

дағдарыс қаншалықты  тереңдеп  енгендігін  анықтайды,  оны  еңсеру  жолдарын

жоспарлайды.  Балаға қиын  сәттерде қолдау  жасау – оңай  іс  емес.  Ең алдымен

рухани қолдау  жасау,  оны өз өміріндегі  барлық  өзгерістер  жақсы  нәрсеге  алып

келетініне сендіру керек; содан соң балаға дағдарысты ахуалдан шығу жолдарын

табуға көмектесу керек, шешім жасап, оны бірге әрі ретімен жүзеге асыру керек.

Отбасымен  жұмыстың табысты  болуы үшін әлеуметтік  педагогқа  басқа

мамандармен, әлеуметтік қорғау қызметтерімен  байланысу қажет.  Ол  кәсіби

тұрғыда  жақсы  дайындалған  болуы  тиіс,  білімді,  эрудициялы  болуы,

айтарлықтай жоғары деңгейде педагогикалық шеберлік пен ұйымдастырушылық



қабілеттерге ие болуы тиіс.

жүктеу 33,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау