БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН ТҮРМЕЛЕРІНДЕ ҚАМАУДАҒЫЛАРДЫҢ РАДИКАЛДАНУЫ
ЖӘНЕ ЗОРЛЫҚШЫЛ ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ
ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ФОРУМ
БҮГІН
30 мамыр күні Астанада Қазақстан түрмелерінде қамаудағылардың радикалдануы
және зорлықшыл экстремизммен күрес мәселелері жөніндегі ұлттық форум өтіп жатыр.
Халықаралық түрме реформасы осы Форумды бейінді мемлекеттік органдармен бірге
ұйымдастыра отырып, түрме қызметкерлерінің зорлықшыл экстремизмнің алдын алу және
түрмелерді дағдарысты жағдайларда басқару әлеуетін нығайтуды мақсат тұтады.
Форум шеңберінде Penal Reform International жүргізген, мекемелердегі шынайы жағдайды
және мекемелердің ішінде де, сыртында да теріс ықпалдың таралып кетуінен туындауы мүмкін
салдарды көрсететін толық ауқымды зерттеуінің нәтижелері көрсетілетін болады. Әлемдік
ауқымда аталмыш мәселе ғасыр мәселесі, біздің заманымыздың мәселесі ретінде мойындалған.
Диалог алаңы сотталғандандың радикалдануымен күресудің және зорлықшыл экстремизмнің
алдын алудың әдіс-тәсілдеріне қатысты мәселелері сындарлы талқылауға арналған.
«Соңғы жылдары қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде радикалды исламның
таралуы айтарлықтай өзекті мәселеге айналды, себебі, дәл осындай бас бостандығынан айыру
орындарында діни экстремизм және лаңкестік үшін сотталған тұлғалар шоғырланған. Айта кету
қажет, бас бостандығынан айыру орындары зорлықшыл экстремизмнің жолын ұстанушылар үшін
жаңа мүшелер жинауға қолайлы орта болып табылады, осыған байланысты түзеу мекемелерінің
және ҚАЖ органдарының қызметкерлеріне осы салада жеткілікті кәсіби білімге және дағдыларға
ие болу қажет», - деді Аймақтық PRI директоры Азамат Шамбилов. Бүгінгі таңда елде экстремизм
және лаңкестік үшін 400-ден астам адам сотталған. 2012 жылдан 2016 жылға дейін әскери
қимылдарға қатысу үшін шетелге кеткендер саны 5 есе өскен. 2017 жылдың мамырындағы
мәліметтер бойынша қамаудағылардың жалпы санынан діндарлар саны 3500 адамды құрайды,
олардың 763 – салафизмге ерушілер, ал 90-нан астам адам радикалды ұстанымдарынан айнымай
отыр. Үкіметтің пікірінше, лаңкестік тудыратын деңгейге дейін радикалдану және лаңкестер
қатарына қосылу қаупі алдында елдің оңтүстік және батыс өңірлері аса ұрымтал болып келеді.
Шетелдік лаңкес жауынгерлердің қатарын толықтыратын негізгі мақсатты топ – 14-29 жас
аралығындағы жастар. Экстремизммен және лаңкестікпен байланысты қылмыстық құқық
бұзушылықтардың жалпы саны: 2014 жыл – 154, 2015 жыл – 317, 2016 жыл – 554. Соның ішінде,
дәл осы кезең ішінде экстремизммен байланысты қылмыстар - 130, 193, 327 және лаңкестікпен
байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар - 24, 124, 227.
Диалогқа Ұлыбританиядан және Иорданиядан келген халықаралық сарапшылар, түзеу
мекемелерінің қызметкерлері, азаматтық қоғамның, мемлекеттік органдардың, ғылыми
қауымдастықтың, сонымен қатар, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады. Зерттеуді
әзірлеушілер мен сарапшылар маңызды көрсеткіштер және сапалық сипаттамалар келтіреді.
«ҚР ІІМ, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне халықаралық және ұлттық
бейүкіметтік ұйымдармен, ҚР қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен, арнаулы мемлекеттік
және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, сотталғандар арасындағы соғысқұмар
экстремистермен жұмыс жасау бойынша сәйкес заңға қосымша нұсқаулықтар, ережелер, талаптар
жасап шығарып, оларды қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысына енгізуге кеңес беріледі», - деп
атап өтті сарапшы, з. ғ. д., профессор М.Ч.Қоғамов.
Форум аяқталған соң, зорлықшыл экстремизм ықпалының таралуына жол бермеу
және/немесе оның алдын алу және радикалсыздандыру бойынша бірқатар сарамандық ұсынымдар
әзірленеді. Форум жұмысын түрме қызметкерлерінің осы құбылыспен күрестегі әлеуетін күшейту
мәселелеріне қатысты екі күндік кездесулер және жұмыс топтары жалғастырады.
Қосымша ақпарат алу үшін Орталық Азиядағы Аймақтық PRI Өкілдігіне
келесі байланыс мәліметтері арқылы хабарласыңыздар: +7-7172-79-88-84
немесе
aissayeva@penalreform.org
и
pricentralasia@penalreform.org
АНЫҚТАМА РЕТІНДЕ: «БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЗОРЛЫҚШЫЛ ЭКСТРЕМИЗМ»
PRI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРМЕ РЕФОРМАСЫНЫҢ ШОЛУЫ
✓
Балалар лаңкестік әрекеттерге қатысатынын және заңға қайшы әрекет жасаған балаларға қатысты
қолданылатын барлық шаралар халықаралық стандарттарға сай болуы тиіс екенін ашық мойындау үшін
лаңкестікпен күрес бойынша халықаралық стандарттарға және ұсынымдарға құлақ асатын уақыт келді. Балалар
толығымен түсінікті немесе немесе зерттелмеген кең ауқымды факторлар кесірінен радикалдану алдында осалдық
танытады. Аталмыш факторларға келесілер кіруі мүмкін: маргиналдану; білім және денсаулық сақтау сынды
қызметтерге қол жеткізе алмау; кедейшілік; қаржылай ынталандыру; тұрақсыз мемлекеттерде тұрғындарды
мәжбүрлі көшіру және қоныс аударту; идеология ықпалына түсу; және өзін-өзі айқындауға талпыну. Радикалдану
аясында заңға қайшы әрекет жасайтын балалар санын азайтудың ең тиімді тәсілі – алдын алу шаралары. БҰҰ Бала
құқықтары жөніндегі комитетінің №10 жалпы тәртіптегі ескертуінде мемлекеттер балалардың қылмыс жасауына
қатысты мәселені шешуде алдын алу шараларына «кәмелетке толмағандарға арналған әділ сот жүйесінде кәмелетке
толмағандардың құқық бұзушылық жасауын болдырмауға бағытталған шаралардың толық кешені болмаса, орны
толмас кемшіліктерге бой алдырады» деген ұстаныммен қарауы қажет екеніне назар аударылады. Бұл қылмыстың
алдын алу балалар үшін де, олардың отбасылары, қауымдастықтары және жалпы қоғам үшін де әлдеқайда жақсырақ
екенімен түсіндіріледі.
✓
Жаһандық деңгейде қылмыстар жасайтын немесе қылмыс жасады деген күдікке ілінетін балалармен жұмыс
жасау әдістемелері сан-алуан түрлі, яғни, құқықтық саладағы, мемлекетішілік және халықаралық саяси
бағдарламалардағы айырмашылықтар тым көп және балалық ұғымын мүлдем әркелкі түсіндіру және түсіну белең
алған деген сөз. Бірдей екі жүйе жоқ, бірақ, бүкіл әлемдегі балаларға арналған қылмыстық әділ сот жүйелері
қоғамның кімді «жақсы» немесе «жаман» бала деп қабылдайтынын көрсететін, дәлдігі таңқаларлық айна сияқты.
Көп жағдайда заңға қайшы әрекет жасаған балалар қоғамның ең кедей және әбден азып-тозған топтарынан шығады,
әрі жоқшылық, теңсіздік және балалар қылмысы арасында өзара байланыс тым күшті.
✓
Бірнеше мемлекет жақында радикалдануға шалдыққан немесе шалдығуы мүмкін балалар тарапынан төнетін
қауіпке жауап ретінде заңдарына түзетулер енгізді немесе енгізуді жоспарлады. 2016 жылы Ресей лаңкестікпен
байланысты бірқатар қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын 14 жасқа дейін төмендетті, оның
себебін лаңкестік топтар балаларды өз қатарына оңай қосып ала алады, ал 14 жаста балалар өз әрекеттерін түсуніге
қабілетті деген желеумен түсіндірді. Қырғызстанда да жаңа заң жобасы дайындалып жатыр, оған сәйкес лаңкестік
және діни экстремизм үшін 14 жастан бастап жазаға тарту көзделген. 2016 жылдың қарашасында Австралия
қадағалау ұйғарымдары лаңкестік әрекеттерге барды деген күдіктілерге 16 жастан емес, 14 жастан бастап-ақ
қолданылады деп шешті.
✓
Кейбір елдерде арнаулы лаңкестікпен күрес соттары құрылған, олардың жұмысы халықаралық тәуелсіздік
және бейтараптық стандарттарына сай келе бермейді; басқалары әскери соттарға лаңкестерді қудалау өкілеттіктерін
беріп қойған. Бұл балалардың істерін олардың құқықтары турасында тиісті білімге ие білікті қызметкерлермен
жасақталған мамандандырылған соттарда қараудың орнына ересектерге арналған соттарда, әскери соттарда немесе
арнайы құрылған лаңкестікпен күрес жөніндегі соттарда қаралу мүмкін екенін білдіреді. Мысалы, Пәкістанда 2014
жылдың желтоқсанында Пешавардағы әскери мектепте 140-қа жуық оқушыны жаппай қыру оқиғасынан кейін,
әскери соттарға лаңкестікке байланысты істермен айналысу өкілеттіктері берілді. Халықаралық заңгерлер
комиссиясы 2015 жылдың ішінде әскери соттар көпшілікке жария етілмеген, құпия сот отырыстарында кем дегенде
40 адамды жазаға тартқан, олардың ішінде балалар да болуы мүмкін деп мәлімдеді.
✓
Мысырда 12 жастан асқан балалар арнайы балалар істері жөніндегі бөлек сот алдында жауап береді. Бірақ,
Балалар туралы заңда (2008) балалар 15 жастан асқан болса, оларды ересек сыбайластарымен бірге соттау «қажет»
болғанда Қылмыстық сотта немесе Мемлекеттік қауіпсіздік жөніндегі Жоғарғы сотта жауапкершілікке тартуға
болады делінген. Соңғы жылдары осы ереже негізінде саяси ереуілдер кезінде қамауға алынған жүздеген бала
ересектерге арналған соттарда қудаланды, мұндай соттарда олардың қорғаушы алу және әлеуметтік қамсыздандыру
қызметтерін пайдалану сынды кепілдіктері сақталуы екіталай. Оған қоса, 2011 жылғы көтерілістен кейін іле-шала,
сондай-ақ, жақында ғана, 2014 жылы әскери соттардың өкілеттіктерін кеңейту туралы жарлық шыққалы бері
балаларды әскери соттарда жауапкершілікке тарту жалғасып келеді.
✓
Австралияда лаңкестік туралы істер қылмыс жөніндегі мемлекеттік комиссиялармен қаралады. 2016 жылы
Жаңа Оңтүстік Уэльстің Жоғарғы соты 16 жасар баланы оның ағасын соттау кезінде осы сот алдында куәлік ету
үшін шақыруға болады деген қаулы қабылдады. Бірақ, Жоғарғы сот түсіндіріп өтті, аталмыш орган әдеттегі құқық
нормаларынан, сонымен қатар, БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясының талаптарынан босатылмаған, әрі
балаларды куәлік етуге мәжбүрлеу туралы шешім қабылдау кезінде баланың ең игі мүдделерінің сақталуын
қамтамасыз ету қағидасын ескеруі тиіс.
✓
Ересектерден бөлек ұстау. Көптеген мемлекеттердің заң құзыретінде балалар бұрынғыдай қамауда
ересектермен бірге отырады, бұл көптеген қауіп-қатерлерге, соның ішінде, радикалдану қаупіне жол ашады.
Ересектерден бөлек ұстау адам құқықтарының ең маңызды стандарты болып табылады және балалардың туылуын
тиісінше тіркеуге және құжаттауға негізделеді.