Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет86/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   95

288
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
бірінші кезекте, Ләйләға арналған немесе Ләйлә бейнесі сомдал ған 
өлеңдерден іздеген дұрыс.
«Көмкеріп маусым біткенде қырқаны гүлмен»... өлеңінде Ләйлә 
бейнесін дәріптеудің ерекше көркем тәсілін ойлап тапқан. Мұн-
да ақын туындыларында идеал деңгейіне көтерген тұлпар бейнесі 
де (Кенежирен), лирикалық қаһарманның сері тұлғасы да беріледі. 
Ал Ләйлә олардың бәрін көзіне ілмеу арқылы ерекше асқақ тай 
түседі. Ақын көркем мазмұнға орай ерекше көркем шешім ойлап 
тапқан. Өлең жолдарының күрделілігінен оны ерекше үңіліп оқу 
қажет. Қабылдау күрделі логикалық процестер арқылы жүреді. Бұл 
да оқырман қызығушылығын туғызатын көркемдік шешім. Мысал 
ретінде туындының соңғы екі шумағын келтіре кетейік.
Аршалы таудан естіді самалды далам,
Құшақтап сүйді осынау хабарды ғалам!
Алаяқ жирен бәйгеден алдымен келді,
Өткен ғасырдан жолдаған бабамның маған
Сәлемі құсап, елетпей жердегі майда
Күңкіл-шүңкілді. Қайтейін, көрмедің, Ләйлә!
Аспаннан сүйіп жүрсе егер қырқаны қыран,
Оны да сонау атамның ұрпағы қылам.
Ақшамда келіп, ауылыма атыңды айтып,
Киіз туырлықты қазақтың шырқадым бір ән
Ақаны құсап, елемей жердегі майда
Поп-музыкаларды. Қайтейін, көрмедің. Ләйлә! [24. 30-31].
«Қалмақтың Бұрханы мінген Сетеріне», «өткен ғасырдан кел ген 
бабамыздың сәлеміне» ұқсаған Кенежиреннің, «Аспанды сүйген 
қыранға», Ақанға ұқсаған лирикалық кейіпкердің жердегі «майда, 
күңкіл-шүңкілден» биік тұрған бейнелерін, іс-әрекеттерін «көзге 
ілмеген Ләйлә» асқақтық шыңына шығарылған.
Жұматай жырларындағы Ләйләға тән тағы бір мінез – «көк 
түлкіше бұлаңдаған көйлегі» бар еркелік. Ақынның оны «күн мінез 
Ләйлә» [25] деп атауы,
Ханшадай өзін ұстаған,
Қара алмас көзді, бал ерін,
Басынан құс та ұшпаған,
Бұла өскен асқақ жан едің [25.245], – деп суреттеуі лирика лық 
бейненің осы қасиетін тікелей танытса, кейде ақын санасынан берік 
орын алған бұл ерекшелік өлең жолдарында автор еркінен тыс та 
бейнеленіп отырады. 
Бір ескерткіш қойдым тірі кезіңде 
Ол да саған ұқсамайды қайтейін [25. 271], – деп Ләйласына шақ-
қан лирикалық кейіпкер мұңынан көп сыр аңғарылады. Ақын ның 
мұңды өлеңдері, көңілді, ерке мінез Ләйлаға әрине ұқсамайды. 


289
А қ ы н ә л е м і       Үш і н ш і б ө л і м
Ғашық жан бейнесіндегі лирикалық тұлғаның сезімін жеткізу-
дегі әсірелеу жиі бой көрсетіп отырады. «Ел ескерер ерлігім жоқ не 
түрлі…» өлеңінде кейіпкер өзінің мұңды жанын айтып шағынады. 
Сағыныштан өлең жаздым қаншама,
Қағаз екеш қағаз да одан сарғайды [25.266]
немесе
Өмір кештім өң мен түстей бір халде,
Енді өлсем де арманым жоқ жандаймын. [24.32]
Жұматай өлеңдеріндегі өзінің және Ләйләнің бейнесінен жаса ған 
қияли әлем көрінісі оқырманды осы екі тұлға қарым-қатынас ы ның 
өмірлік деректерін іздеуге итермелейді. Әрине ол деректердің ешбір 
мұрағаттық жазбалардан немесе ресми құжаттардан табылмасы 
белгілі. Сондықтан ақын өмірінің құпияларына ынтыққан оқыр-
ман ауызша әңгімелерге құлақ түрері хақ. Ал мұндай әңгіме лердің 
онсыз да романтикалық сипаттағы қатынасты әсірелеусіз, күйкі 
тіршіліктің қарабайыр көріністерін алып тастамай, әрлеусіз жеткізуі 
мүмкін емес. Ақын жөніндегі өмірлік аңыз осылай пайда болады. 
«Ләйлә» жыр шоғырынан басқа махаббат тақырыбын 
дағы 
өлеңдерде де Ләйлә бейнесін елестетерлік белгілер жеткілікті. Алай-
да Ләйләға арналған өлеңдерде шынайылық, мұң, шағыну ба сым 
болса, одан басқа махаббат жырларында ойнақылық жиі көрінеді, 
жеңіл юмор араласып отырады. Ләйләға арнаған өлеңдердің барлық 
қасиеттерін бойына жинақтаған «Қиялым едің қаршадай кезден 
жастанған…» өлеңіне назар аударайық.
Қиялым едің қаршадай кезден жастанған,
Көретін болдың өмірден енді түрлі сын.
Сүюден сені жоқ еді менде басқа арман.
Қылыққа сол бір қызығып, күліп жүрмісің?
Күле ғой жаным, күрсініп шыққан өр үнге,
Гәнжауи жазған жырдағы қызбен аттас ең,
О, Ләйлә, егер болмасаң өзің өмірде,
Басқа мұратты бас қатырсам да таппас ем. 
Арманшыл жанның бәрі де қиял мол шақта,
Жандарын өртеп, түсетін шығар отты ізге,
Махаббат даңқын шығарар ақын болсақ та,
Өмірде, мүмкін сүюден опа жоқ бізге?!
Дегенмен кейде телміртіп әрбір асылға,
Жаныңды жұлып, жадағай үміт тонайды-ақ,
Басымды сипап басқа бір қыздың қасында,
Далаға қарап отырам сосын сені ойлап [25. 246].
Осы өлеңдегі қолы жетпес асқақ арманға айналған тұлғаны 
дәріптеу өмірден опа таппаған лирикалық қаһарманның көкірек 
керген күрсінісі, оның осы арманындай жанның деңгейіне жете 
алмай, тіршілік тұтқынына айналған аянышты халі өзге махаббат 


290
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
жырларында ерекше байқала бермейді. Мәселен «Мамыр әуендері» 
жыр шоғырындағы
Қамбасы толы қашан да алтын, күміске,
Біледі бәрін қазына кешкен бұла ақын;
 
Бақыттың белі, қасы да өте жіңішке,
Кірпігін қақса бетіңе тиіп тұратын [24.40].
немесе
Не ойлайсың сонша сұлу басыңмен,
Не табасың жасытқанда, қылықтым, 
Абылайдың сапысындай қасыңмен,
Абылайдай атағы бар жігітті?! [24.42]
немесе
Шуберт төккен ауыр да әдемі үнге 
Көп елтисің: «Күш көп», – деп кәне, кімде?!»
Менің күйім жоқтығы батып-ақ тұр
Сен сүйетін музыка әлемінде [24. 43], – деген шумақтар 
дан 
танылатын эмоциялық күй жоғарыдағы «Бір күлермін…» өлеңінен 
мүлдем басқа. Мұнда жеңіл әзілдің лирикалық кейіпкердің өз 
сезіміне өзі бақылай қараудың өрнектері бар. Әрі мұндағы объект 
етілген қыз – Еуропаның классикалық музыкасына әуес, кептерге 
жем беруді хоббиіне айналдырған қала тұрғыны. Бірақ тақырып 
ақынды, бәрібір, Ләйлә бейнесіне тән айшықтарға бұрып әкетеді. 
Бір мін жоқ менің күнімде,
Жалғызды жалғыз дейік те,
Сол ғана келер түбінде
Жұлдыздай биік бейітке [24.44], – деп аяқтайды ақын.
«Мамыр әуендері» жыр шоғырынның соңын «Қасоқ ғазал дары» 
өлеңіндегі лирикалық объектінің Ләйлә екенін З.Елғондинова 
жоғарыда біз келтірген естелікте айтқан. Мұндағы лири 
калық 
субьектінің көңіл күйі де осыны растайды. Оның үстіне, Ләйлә 
жыр шоғырындағы «Жанға айтпай, жақсы ұрының бір өзі үптер…», 
«Ұстамды ұлыға тән қылығыңды-ай» өлеңдерінде айты 
латын 
сүйікті жанның фотосуреті жөнінде мұнда да айтылады. «Қасоқ 
ғазалдарының» төртінші өлеңінде көрініс тапқан бұл деталь, яғни 
арудың жансыз бейнесінің жоғалуы ақын өміріндегі кездес кен жайт 
болуы мүмкін. Ал «Гүл. Қасида» өлеңінде де «шықтай жан ның» 
бейнесін жасай алмаған қаламгер өкініші өзек етілген. 
Ақынның Ләйләдан өзге өмірлік негізі бар аруларға деген 
махаббат сезімі жырланған біршама өлеңдері бар. Ол өлеңдерде 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау