Қарапайым математикалық ҰҒымдарды қалыптастыру



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет17/52
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13421
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52

50 
Балалар үйді шатырмен жұптастырып сызық арқылы 
біріктіреді. Педагог:  
– Олар тең болу үшін не істеу керек? – деп сұрайды.  
Рефлексия 
26–30 
 
Рефлексия. 
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. 
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы 
бағалауды ұсынады. 
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі 
сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. 
Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті 
салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын 
жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті 
салуға болады. 
 
Əліппе-дəптер
 
 
 
 
№18  ҰОҚ. Тақырыбы: Қатарға 
тұрамыз. Алдыңғы. Кейінгі 
Мектеп/МҰ: 
Күні: 
Педагогтің аты-жөні: 
Мектепалды сынып/топ 
Қатысушылардың саны:  Қатыспағандардың 
саны: 
Оқыту мақсаттары 
0.2.1.4. Кез келген санды бір санға арттырса, одан кейінгі сан 
шығатынын түсіну. 
0.2.1.5. Кез келген саннан бір санды кемітсе, одан бұрынғы 
(алдыңғы) сан шығатынын түсіну. 
Күтілетін 
нəтижелер 
Барлық тəрбиеленушілер: 
-кез келген санды бір санға арттырса, одан кейінгі сан шығатынын, 
кез келген саннан бір санды кемітсе, одан бұрынғы (алдыңғы) сан 
шығатынын түсінеді. 
Көптеген тəрбиеленушілер: 
-кез келген сан үшін алдыңғы жəне кейінгі санды атайды. 
Кейбір тəрбиеленушілер: 
-оның алдындағы жəне одан кейінгі санды біле отырып, санды 
анықтайды. 


51 
Тілдік мақсаттар 
Дағдыларын дамыту: 
-өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагог  пен тəрбиеленушілердің 
сұрақтарына жауап берген кезде сөйлемде лексика мен 
терминологияны пайдалана алады. 
Пəндік лексика жəне терминология
-кейінгі, алдыңғы
Пікір алмасуға арналған сұрақтар: 
– Осы санға қатысты кейінгі сан қалай туындайтынын жəне осыған 
қатысты алдыңғы сан қалай туындайтынын түсіндір.  
– Қалай ойлайсың, алдыңғы жəне келесі сандар орындарын 
ауыстыра ала ма? 
– Санаудың қандай түрлерін білесің?  
Жазу:  
-түрлі түсті қарындаштармен бояу, біріктіру сызықтарын 
жүргізу. 
Алдыңғы білім 
Заттардың сандық ұғымы туралы тұрмыстық білім, геометриялық 
фигуралар мен денелердің атауы. 
Жоспар 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған іс-əрекет 
  Ресурстар 
Басталуы 
0–5 минут 
Ынталандыру. 
Педагог тəрбиеленушілерді бойларына қарай қатарға 
тұрғызып, мұның не үшін керек екенін түсіндіреді. 
Өзектендіру. 
Педагог балалардан сұрайды: 
- Қандай қағида бойынша қатарға тұруға болады? (Бойына 
қарай  немесе футболкасындағы нөмірлерінің реті 
бойынша). 
- Бұл не үшін қажет? (Жаттығуларды орындаудың 
қолайлылығы жəне адамдардың қатарда ретімен тұру 
тəртібінің дұрыстығын бақылау үшін).  
- Қатардағы келесі жəне алдыңғы элементтерді қалай 
анықтау керек?  
- Олардың кезектілігі неге байланысты? (Санаудың басына 
жəне бағытына қарай.)  
 
Ортасы 
6–15 
Мақсат қою (проблемалық жағдай). 
(Ұ)  Əртүрлі  заттардың  кезектілігін  көрсету  үшін  педагог 
№6-8 
электрондық 
жиынтық 
полотноны 
немесе 
үлестірмелі материалды қолдана алады. 
 Ол  балаларға  бірінші  не,  екінші  не  бейнеленгенін 
айтуларын  сұрайды.  Реттік  санауды  дұрыс  айтқан 
балаларды  мадақтайды.  Бүгінгі  сабақта  реті  бойынша 
тұрған заттарды дұрыс атауды үйренетіндерін айтады. 
Жаңаны ашу. 
(Ұ)  Педагог  балаларға əліппе-дəптердегі № 1 тапсырма-
ның суретін қарап,  балалардың футболкаларындағы 
нөмірлері бойынша алдыңғы жəне кейінгі баланы атауды 
сұрайды.   
Одан кейін балалар педагогпен бірге 20-ға дейін санамақ-
əнді орындайды.  
Əліппе-дəптер. 
№6-8 электрон-
дық жиынтық 
полотно 
 
 


52 
Сергіту сəті. 
Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың 
соңына қараңыз.) 
 
16–25 
Жаңаны қолдану. 
(Ж) Келесі тапсырмада балаларға 11-ден 20-ға дейінгі 
сандардың реттік қатарында қалып қойған цифрлары бар 
жапсырмаларды жапсыру ұсынылады.  
Əліппе-дəптердегі 2-тапсырмада балаларға шырғалаң 
суретте цифрларды тауып, оларды қоршау жəне бояу 
ұсынылады.  
) Əліппе-дəптердегі 3-тапсырмада балалар реттік 
тəртіппен цифрларды сызып біріктіреді.  
Əліппе-дəптер 
Рефлексия 
26–30 
 
Рефлексия. 
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. 
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы 
бағалауды ұсынады. 
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі 
сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. 
Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті 
салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын 
жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті 
салуға болады. 
 
Əліппе-дəптер
 
 
 
№19 ҰОҚ. Тақырыбы: Ынтымағы 
жарасқан  отбасым. Алдыңғы. Кейінгі. 
Мектеп/МҰ: 
Күні: 
Педагогтің аты-жөні: 
Мектепалды сынып/топ 
Қатысушылардың саны:  Қатыспағандардың 
саны: 
Оқыту мақсаттары 
0.2.1.4. Кез келген санды бір санға арттырса одан кейінгі сан 
шығатынын түсіну. 
0.2.1.5.Кез келген саннан бір санды кемітсе одан бұрынғы 
(алдындағы) сан шығатынын түсіну. 
Күтілетін 
нəтижелер 
Барлық тəрбиеленушілер: 
-кез келген санды бір санға арттырса, одан кейінгі сан шығатынын 
түсінеді. 
Көптеген тəрбиеленушілер: 
-кез келген сан үшін алдыңғы жəне кейінгі санды атайды. 
Кейбір тəрбиеленушілер: 
-оның алдындағы жəне одан кейінгі санды біле отырып, санды 
анықтайды.  
Тілдік мақсаттар 
Дағдыларын дамыту: 
-өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагогпен тəрбиеленушілердің 
сұрақтарына жауап берген кезде сөйлемде лексика мен 
терминологияны пайдалана алады. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау