майлау және өңдеу учаскелерiнде
жабдықтарға қызмет көрсетумен және оны
жөндеумен тiкелей және тұрақты айналысатын 6
5) фреондық және аммиактық компрессорлар
мен тоңазытқыш қондырғыларын сынау және
жөндеу жұмыстарымен айналысатын 6
6) азотты, сутегi және сутегi-гелийлi
сұйылтқыш станцияларын жөндеу және сынау
жұмыстарымен айналысатын 6
7) автомобиль кузовтарын қорғасын
қоспасымен құю және рихтовка жасау
учаскелерiнде жабдықтарға қызмет көрсету
және жөндеумен тұрақты айналысатын 6
8) шлак сiңiргiш қондырғыларды жөндеумен
айналысатын 6
9) бакелиттi карбамидтi желiмдермен
жұмыс жүргiзiлетiн учаскелерде
жабдықтарды жөндеумен айналысатын 6
10) ыстық қазандарды жөндеумен айналысатын 12
11) платмасса бұйымдарын (бөлшектерiн)
шығару цехтары мен учаскелерiнде
жабдықтарға қызмет көрсетумен тiкелей
айналысатын 12
12) тұрақты газгенераторларына қызмет
көрсетумен тұрақты айналысатын 12
210.
Фреонды тоңазытқыш қондырғыларын қараумен,
жөндеумен айналысатын жылжымалы құраманың
слесары, слесарь жөндеушi ретiнде
194-
тармағына қатысты қолданылады 6
211.
1) химиялық шикiзат, химиялық өнiмдер,
мұнай өнiмдерi және техникалық көмiртегi
(күйе) қоймаларындағы 12
2) көмір, руда және майлау материалдары
қоймаларындағы технологиялық жабдықтарға
қызмет көрсетумен және оларды жөндеумен
айналысатын слесарь жөндеушi 6
212.
Селендiк және купрокостық түзеткiштер
өндiрiсiндегi желдеткiш қондырғыларын
жөндеумен тұрақты айналысатын желдеткiш
және кондиционерлеу жүйесiн жөндеушi
және оған қызмет көрсетушi слесарь 6
213.
Сынап насостары мен сынап толтырылған
басқа да жабдықтарды жөндеумен
айналысатын слесарь-жөндеушi 12
214.
Жерасты жылу өткiзгiштер мен ағынды сулар
жабдығына қызмет көрсетумен тұрақты
айналысатын iшкi санитарлық-техникалық
жүйелер мен жабдықтардың монтаждаушысы
(қадағалау мен жөндеу) 6
215.
Жерасты және зауыт газ торабын жөндеумен
айналысатын жерасты газ құбырларын
пайдалану мен жөндеу бойынша слесарь 12
216.
1) қышқылдармен, антисептиктермен,
химиялық шикiзаттармен, мұнай өнiмдерiмен 12
2) майлау материалдарымен iстелiнетiн
жұмыстармен айналысатын ағызушы-құюшы 6
217.
Майлаушы:
1) дизелдi және локомобилдi
электрстанцияларға қызмет көрсетумен
айналысатын 6
2) жұмыс қызу жүрiп жатқан учаскелерде
шабу, жер дайындау, қағу, қалыптау, өзек
жасау, гальваникалық, сылау және өңдеу
жұмыстары учаскелерiнде тiкелей және
тұрақты жұмыспен айналысатын 6
218.
Бакелиттi және карбамидтi желiмдер
қолданылатын учаскенiң ауысым шеберi 6
219.
Синтетикалық смолалармен желiмделген
ыстық плиталарды кесумен айналысатын
станокшы-аралаушы 12
220.
Шыныграфист (роторшы) 6
221.
Толық жұмыс күнi бойына стенограмма
жасаумен айналысатын стенограммашы 12
222.
Жұмыс қызу жүрiп жатқан учаскелерде,
құю цехының шабу жұмыстары учаскесiнде,
дәнекерлеу цехтарында және антисептиктер
сiңдiрiлген ағаштарды тиеуде тiкелей жұмыс
i
стейтiн жүктердi бiр орыннан екiншi
орынға ауыстырушы 6
223.
Бакелиттi және карбамидтi желiмдермен
майланған және олар сiңдiрiлген деталдар
мен бұйымдарды майлаумен және кептiрумен
айналысатын кептiрушi 12
224.
Битумдық эмульсияларды және силикаттарды
қолданып цементтеумен айналысатын термист 6
225.
Жөндеу мен дәлдеу жұмысымен және осыған
байланысты рентген аппараттары мен
құрылғыларын реттеу жұмысымен тұрақты
айналысатын техник (рентгентехник) пен
механик 12
226.
Қышқылдармен iстелiнетiн жұмыстармен
айналысатын өңдеушi 12
227.
Тракторшы 6
228.
Сырттағы көпшiлiк әжетханалар мен
санитарлық тораптарды жинаумен
айналысатын қызметтiк үй-жайларды жинаушы 6
229.
Тұрақты жұмыс iстейтiн өндiрiстiк
үй-жайларды жинаушы:
1) мұнай мен мұнай өнiмдерiнен босаған
мұнай қоймаларын тазалаумен айналысатын 12
2) ыстық цехтарда төбедегi әйнектер мен
фонарларды жуумен және сүртумен
айналысатын 12
3) сынап қуатымен жұмыс iстейтiн қосымша
станцияларын жинаумен айналысатын 6
4) қайрау, тегiстеу және гальваникалық
цехтардың (бөлiмшелердiң) өндiрiстiк
алаңдарын, сондай-ақ қорғасын құймасы
бұйымдарын құю және рихтовка жасау
учаскелерiн жинаумен айналысатын 6
230.
Ашық сынапты қолдану арқылы сынап
приборларын өңдеу жұмысы кезiнде сынап
приборларын футлярларға салумен
айналысатын салушы-қаттаушы 12
231.
Тұрақты газгенераторына қызмет көрсету
жөнiндегi технологиялық процеске қатысушы
фенолшы 12
232.
Пневматикалық қол сайманын қолданып
i
стелiнетiн жұмыстармен айналысатын
безендiрушi 12
233.
Кемелердiң iшiн, мұнай өнiмдерi мен
химиялық заттардан босаған цистерналарды,
резервуарларды және бактерды тазалаумен
тұрақты айналысатын тазалаушы 12 36
234.
Түтiн мұржаларын, пештердiң түтiн
шығарғыштары мен көмейлерiн тазалаумен
айналысатын тазалаушы 6
235.
Металдардың, құймалардың, бұйымдар мен
бөлшектердi мынандай жұмыстармен
айналысатын тазалаушысы:
1) жабық үй-жайларда құрғақ құммен және
метал үгiндiлерiмен жұмыс iстейтiн Бак 12 36
2) ашық ауада құрғақ құммен және метал
үгiндiлерiмен жұмыс iстейтiн 12
3) құрғақ тәсiлмен ұнтақтап жинап және
ұнтақ ағынмен тазалауда сүйектi үгiткiшпен
i
стелiнетiн және мырышталған бұйымдарды
(деталдарды) құрғақтай тазалау жұмысында
i
стейтiн 12
4) галтовтық барабандарындағы бұйымдарды
(деталдарды) тазалау жұмысында iстейтiн 6
5) металды құрғақ тәсiлмен жез және болат
щеткалармен тазалау мен тегiстеу жұмысында
i
стейтiн 6
236.
Шыны мамықпен, шыны талшықпен және
базальттi талшықпен жұмыс iстеу кезiнде
тiгiн машинасында iстейтiн тiгiншi 6
237.
Радонмен емдеу орнында жұмыс iстейтiн
швейцар 6
238.
Анодты механикалық және электр ұшқынды
тәсiлмен қайрау жұмысымен айналысатын
электрмен қайраушы 6
239.
Электр жабдықтарына қызмет көрсетушi
электр монтер және электр жабдықтарын
жөндеушi монтер:
1) жұмыстың қызу жүргiзілетiн
учаскелерiнде, кесу, жер дайындау, қағу,
қалыпқа құю, өзек жасау, гальваникалық,
майлау және өңдеу учаскелерiнде
(бөлiмшелерiнде) жабдықтарды, бақылау-өлшеу
приборларға және автоматикаға қызмет
көрсетумен және оны жөндеумен тiкелей және
тұрақты айналысатын 6
2) бакелиттiк және карбамидтiк желiмдер
дайындау және оларды қолдану учаскелерiнде
кезекшiлiкпен 6
3) пластмассадан жасалатын бұйымдар
(деталдар) цехтары мен учаскелерiндегi
жұмыспен тiкелей айналысатын 12
4) тұрақты газгенераторларға қызмет
көрсетумен тұрақты айналысатын 12
5) құю және автомобиль кузовтарына
қорғасын құймасымен рихтовка жасайтын
учаскелерде жабдықтарға қызмет көрсетумен
және жөндеумен тұрақты айналысатын 6
240.
Электр жабдықтарын жөндеушi электр монтер:
1) мипоролы вагондардың электр жабдықтарын
жөндеумен айналысатын 6
2) кiр жуу цехтарындағы жабдықтарды
жөндеумен тұрақты айналысатын 6
241.
Уытты ерiтiндiлер мен арнаулы лактарды
қолданып бұйымдарға оларды сiңiру
жұмыстарымен тұрақты айналысатын
трансформаторлардың орамын және
оқшаулағыштарын жөндеушi электр монтер 12
242.
Уытты ерiтiндiлер мен арнаулы лактарды
қолданып бұйымдарға оларды сiңiру
жұмыстарымен тұрақты айналысатын
трансформаторлардың орамын және
оқшаулағыштарын жөндеушi электр монтер 12
243.
Қорғасынды кабельдiк муфталарды
(шүмектердi) және сынаптық түзеткiштер
бойынша монтаждаумен айналысатын кабельдiк
желiлердi жөндеу және монтаждау электр
монтерi 12
244.
Жоғары кернеулi әуе желiлерi мен темiр
жолдардың түйiсу тораптарын монтаждау мен
жөндеудiң биiкте iстелетiн жұмыстарымен
электр тораптарының әуе желiлерiн
жөндеумен айналысатын электр монтер 6
245.
Электродшы 6
246.
Рентген аппараттары мен қондырғыларын
жөндеумен және қалыпқа келтiрумен және
осыған байланысты рентген аппараттары
мен қондырғыларын қалыпқа келтiрумен
тұрақты айналысатын медициналық рентген
жабдықтарын жөндеумен және оларға қызмет
көрсету жөнiндегi электрмеханик 12
247.
Эмульсия қайнатушы 6
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрi міндетін
атқарушының
2007 жылғы 31 шілдедегі
№ 182-ө бұйрығының
2-
қосымшасы
Ескерту. Бұйрық 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің 2012.04.27 N 160-ө-м (ресми жарияланған
күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
бұйрығымен.
Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы
қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғары мөлшерін беру
қағидалары
1. Жалпы бөлiм
1. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы және жыл сайынғы ақылы
қосымша еңбек демалысы (бұдан әрi - қосымша демалыс), еңбекақының жоғары
мөлшерi жұмысшыларға, мамандарға және қызметшiлерге (бұдан әрi -
қызметкерлер) Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, еңбекақының
жоғары мөлшеріне және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына
құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне,
ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе)
қауіпті жұмыстардың тізбесіне (бұдан әрi - Тiзiм) сәйкес берiледi.
2. Тiзiмде белгiленетiн қысқартылған жұмыс уақытының және қосымша
демалыстың ұзақтығы, еңбекақының жоғары мөлшерi ұйымдардың өндiрiстiк
объектiлерiне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1457 қаулысымен бекітілген Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары
бойынша міндетті мерзімдік аттестациялау қағидаларына сәйкес жүргiзiлетiн
аттестаттау нәтижелерi негiзiнде және жұмыс орындарындағы еңбек
жағдайларының iс жүзiндегi күйiн ескере отырып өзгертiлуi мүмкiн.
Қысқартылған жұмыс уақыты мен қосымша демалыстың нақты ұзақтығы,
еңбекақының жоғары мөлшерi ұжымдық шарт пен еңбек шартында норматив
ретiнде белгiленедi.
3. Жұмыс берушi ұйымның өндiрiстiк объектiлерiне еңбек жағдайлары
бойынша аттестаттау жүргiзбеген жағдайында, жұмыс уақытының
қысқартылған ұзақтығы мен қосымша демалыстар, еңбекақының жоғары
мөлшерi Тiзiмде көзделген толық көлемде берiледi.
4. Ұйымдардың өндiрiстiк объектiлерiне аттестаттау жүргізудің сапасын
және Тiзiмнiң дұрыс қолданылуын бақылауды мемлекеттiк еңбек инспекторлары
жүзеге асырады.
5. Егер бұл кәсiптер мен лауазымдар Тiзiмнiң тиiстi бөлiмдерiнде немесе
шағын бөлiмдерiнде арнайы көзделмесе, кәсiптерi мен лауазымдары
«Экономиканың барлық салаларының жалпы кәсiптерi» бөлiмiнде көзделген
қызметкерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы және қосымша
демалыс, олардың қандай өндiрiстер мен цехтарда жұмыс iстейтiнiне қарамастан
берiледi.
6. Лауазымдары Тiзiмде көзделген бригадирлерге, олардың көмекшiлерiне
жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы және қосымша демалыс тиiстi
кәсiптердiң жұмысшыларына берiлетiн ұзақтықпен бірдей берiледi.
2. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы
7. Тiзiмде көрсетiлген жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы
қызметкерлерге осы өндiрiстiң, цехтың, кәсiптiң немесе лауазымның жұмысы
үшiн белгiленген жұмыс күннiң жартысынан артық уақыт зиянды еңбек
жағдайларында жұмыс істеген күндерiне ғана белгiленедi.
8. Бөлек ұйымдардың қызметкерлерiне және ұйымдардың қосалқы
цехтарының қызметкерлерiне, осы өндiрiстер мен цехтардың негiзгi
қызметкерлеріне де, сондай-ақ жөндеу және қызмет көрсетуші персоналына да
жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленетiн жұмыс істеп тұрған
еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстер мен цехтардағы жұмыс істеген күндерi
үшiн осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тәртiпте жұмыс уақытының
қысқартылған ұзақтығы белгiленедi.
3. Қосымша демалыс
9. Тiзiмде көзделген еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстерде, цехтарда,
кәсiптер мен лауазымдарда жұмыс жылы бойы жұмыс істеген қызметкерге
қосымша демалыс іс жүзінде жұмыс істеген күніне қарай берiледi.
10. Қызметкерлер жұмыс жылы iшiнде олардағы жұмыс үшiн ұзақтығы
әртүрлi қосымша демалыс берiлетiн әртүрлi өндiрiстерде, цехтарда, кәсiптерде
және лауазымдарда жұмыс істеген жағдайда, зиянды еңбек жағдайларында
жұмыс iстелген уақыт, Тiзiмде тиiстi өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптердiң және
лауазымдардың қызметкерлерi үшiн белгiленген қосымша демалыстың
ұзақтығына қарай, әрбiр жұмыс бойынша жеке есептеледi.
11. Еңбек шарты бұзылған жағдайда оның негiздемесiне қарамастан,
қосымша демалыс алу құқығын пайдаланбаған не толығымен пайдаланбаған
қызметкерге өтемақы төленедi.
12. Еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстер мен цехтарда үнемi жұмыс iстейтiн
қызметкерлерге, қосымша демалыс толығымен немесе қызметкердiң қалауы
бойынша бөлiніп берiледi.
13. Кәсiптерi мен лауазымдары Тiзiмге кiрмеген, бiрақ жекелеген кезеңдерде
еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстерде, цехтарда, кәсiптерде және лауазымдарда
жұмыс істейтін қызметкерлерге қосымша демалыс кәсiптерi мен лауазымдары
Тiзiмде көзделген қызметкерлерге қолданылатын негiздемелермен берiледi.
14. Бөлек ұйымдардың (құрылыс, жөндеу, iске қосу-баптау) қызметкерлерiне
және ұйымдардың (механикалық, жөндеу, энергетикалық, автоматика) қосалқы
цехтарының қызметкерлерiне еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстер мен цехтарда
жұмыс істеген уақыты үшiн негізгі қызметкерлермен бірдей негізде
Қағидалардың осы тарауында көзделген тәртiпте қосымша демалыс берiледi.
15. Негiзгi және қосымша демалыстардың ұзақтығы негiзгi және қосымша
демалыстардың күндерiн күнтiзбелiк күндермен қосу арқылы есептеледi.
4. Еңбекақының жоғары мөлшерi
16. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және
қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге еңбекақының жоғары мөлшерi
Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында, салалық
келiсiмдер немесе ұжымдық шарттарда еңбекақының ең төмен стандарттарына
негiзделiп белгiленген мөлшерден төмен болмауға тиiс. Еңбекақының ең төменгі
стандарты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 122-бабы 2-тармағына
сәйкес айқындалады.
17. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және
қауiптi жұмыстарда iстейтiн азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет
қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық
кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақының жоғары мөлшерi «Азаматтық
қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың
қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу
туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №
1400
қаулысына сәйкес белгiленедi.
Достарыңызбен бөлісу: |