Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ:
Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғылардың басым параметрлерін орнату
Түймешік теңшелімі, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш
құрылғыларына арналған параметрлерді теңшеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір
параметрлерін қолданыңыз.
Тінтуір сипаттарына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Устройства и принтеры (Құрылғылар мен
принтерлер) тармақтарын таңдаңыз. Одан кейін компьютеріңіз болып табылатын құрылғыны
тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Настройки мыши (Тінтуір параметрлері) пəрменін
таңдаңыз.
30
Бап 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар
Imagepad пайдалану
Жетілдірілген Imagepad тақтасы дəлдігі жоғары қимылдарды қамтамасыз ететін тінтуір
альтернативасы болып табылатын əдеттегі сенсорлық тақтаның орнына ауысады. Меңзерді
басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды Imagepad тақтасының беті арқылы қалаған бағытқа
жылжытыңыз. Imagepad тақтасының сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
Imagepad тақтасын өшіру немесе қосу
Imagepad тақтасын өшіру немесе қосу үшін, Imagepad тақтасын қосу/өшіру түймешігін екі рет
жылдам түртіңіз.
ЕСКЕРІМ:
Imagepad тақтасының шамы тақта қосулы болғанда өшірулі.
Imagepad шамы жəне экрандағы дисплей белгішелері Imagepad күйін көрсетеді.
Imagepad шамы
Белгіше
Сипаттама
Сары
Imagepad тақтасының өшірілгенін көрсетеді.
Өшірулі
Imagepad тақтасының қосылғанын көрсетеді.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
31
Шарлау
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды Imagepad тақтасының беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз.
Таңдау
Imagepad тақтасының сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері
сияқты пайдаланылады.
Imagepad қимылдарын пайдалану
Imagepad тақтасы бірқатар қимылдарды қолдайды. Imagepad тақтасы қимылдарын пайдалану
үшін Imagepad тақтасына екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Imagepad тақтасы қимылдарына компьютердегі бағдарламалардың барлығында
қолдау көрсетіле бермейді.
32
Бап 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар
Қимылдың көрсетілімін көру үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1.
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Жабдық
жəне дыбыс) > Synaptics ClickPad тармағын таңдаңыз.
2.
Көрсетілімді бастау үшін, қимылды басыңыз.
Қимылдарды ажырату немесе қосу үшін, мына əрекеттер орындаңыз:
1.
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Жабдық
жəне дыбыс) > Synaptics ClickPad тармағын таңдаңыз.
2.
Қимылды қосу үшін, қимыл ұяшығына құсбелгі қойыңыз. Қимылды ажырату үшін, қимыл
ұяшығынан құсбелгіні алып тастаңыз.
3.
Применить (Қолдану) түймешігін, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
Жылжу
Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде
қажет əрекет. Жылжыту үшін екі Imagepad тақтасының үстіне бөлек қойып, оларды сенсорлы
тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады.
ЕСКЕРІМ:
Жылжу қимылы зауытта қосылған.
Шымшу/Масштабтау
Шымшу суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді.
●
Ұлғайту үшін, екі саусақты Imagepad тақтасына бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
●
Кішірейту үшін, екі саусақты Imagepad тақтасына арасын алшақ қойып, одан кейін олардың
арасын жақындатыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Шымшу/масштабтау мүмкіндігі зауытта қосылады.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
33
Айналдыру
Айналдыру мүмкіндігі фотосурет жəне беттер сияқты элементтерді айналдыруға мүмкіндік
береді. Екі саусақты Imagepad тақтасына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жақындатпай
шеңбер бойынша жылжытыңыз. Шеңбер бойынша сол жаққа жылжу нысанды солға
айналдырады; шеңбер бойынша оң жаққа жылжу нысанды оңға айналдырады.
ЕСКЕРІМ:
Айналдыру мүмкіндігі зауытта іске қосылады.
Сызу
Сызу қимылы мына əрекеттерді жылдам орындауға мүмкіндік береді:
●
Интернетке жылдам шығу.
●
Фотосуреттерді көру құралында фотосуреттерді қарап шығу.
●
Экрандар арасында ауысу.
●
Құжаттарды қарап шығу.
●
Фотосуреттерді көру құралының слайд көрмелері режиміне кіру немесе шығу.
Сызу үшін, үш саусақты пайдаланып, Imagepad тақтасында жоғары, төмен, сол жаққа немесе
оң жаққа тез сызыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Үш саусақпен сызу мүмкіндігі зауытта іске қосылады.
34
Бап 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар
5
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру
●
Қалпына келтіру
●
Қалпына келтіру құралын жасау
●
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
●
Мəліметтердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру
Компьютердің ақпаратты қорғауға жəне керек болғанда қалпына келтіруге көмектесетін
амалдық жүйе жəне HP компаниясы ұсынған құралдар бар.
Бұл тарауда келесі тақырыптар туралы ақпарат беріледі:
●
Қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру флэш-жадын жасау (HP
Recovery Manager бағдарламалық құралының мүмкіндігі)
●
Жүйені қалпына келтіру (қалпына келтіру бөлімінен, дискілерінен немесе флэш-жадынан)
●
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
●
Бағдарламаны немесе драйверді қалпына келтіру
35
Достарыңызбен бөлісу: |