«ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген



жүктеу 315,15 Kb.
Pdf просмотр
бет4/9
Дата14.05.2018
өлшемі315,15 Kb.
#13114
1   2   3   4   5   6   7   8   9

10 

 

34.  Өндірістік  қызметі  электр  қондырғыларымен  байланысты 



жұмыскерлер  өз  қызметтерін  электр  техникалық  (электр  технологиялық) 

қызметшілер бойынша пұрсат ету тобына сәйкес жүзеге асырады. 

35.  Жұмыскерлердің  орындайтын  жұмысқа  сәйкес  кәсіби  даярлығы 

болуы міндетті. 

36.  Электр  қондырғылары  сынақтан  өткізілген,  пайдалануға  дайын 

қорғаныш құралдарымен жинақталады.  

37.  Жұмыс  істеп  тұрған  электр  қондырғыларындағы  жұмыс  наяряд-

пұрсатпен,  өкіммен  ресімделеді  және  Қағидалар  талаптарына  сәйкес 

ағымдық пайдалану тәртібінде жүргізіледі. 

38. Жұмыс орнын кернеуді алуды талап ететін жұмыстарды орындауға 

дайындау кезінде мынадай техникалық іс-шаралар орындалады: 

1)  коммутациялық  аппаратураны  қажетті  ажырату  жүргізіледі  және 

оның  жаңсақ  немесе  өздігінен  қосылуына  кедергі  жасайтын  шаралар 

қабылданады; 

2)  коммутациялық  аппаратураны  қолмен  қосу  жетектеріне  және 

қашықтан басқару кілттеріне қауіпсіздік плакаттары ілінеді

3)  ток  жүретін  бөліктерде  кернеудің  жоқтығы  тексеріледі,  олар 

адамдарды электр тогының ұруынан сақтау үшін жерге тұйықталады; 

4) жерге тұйықтау орнатылады;  

5)  жұмыс  орындары  немесе  кернеуде  тұрған  ток  жүретін  бөліктер 

қажет  болған  ретте  қоршалады,  қоршауларға  қауіпсіздік  плакаттары  ілінеді. 

Ток  жүретін  бөліктер  жергілікті  жағдайға  қарай  олар  жерге  тұйықталғанға 

дейін немесе содан кейін қоршалады. 

39. Жұмыс орындарын дайындау кезінде ажыратылады: 

1) жұмыс жасалатын ток жүретін бөліктер

2)  адамдар,  механизмдер  және  жүк  көтеретін  машиналар  Қағидаларда 

көрсетілгеннен кем қашықтықта кездейсоқ жақындауы мүмкін қоршалмаған 

ток жүретін бөліктер;   

3)  ажыратылған  жоғары  вольтті  желідегі  жұмыс  кезінде,  осы  жоғары 

вольтті желі элементтерінің кернеуде тұрған жоғары вольтті басқа желілердің 

ток  жүретін  бөліктеріне  Қағидаларда  көрсетілгеннен  кем  қашықтықта 

жақындауы мүмкін екендігі жойылмаған кезде, басқа желілер ажыратылады. 

40.  Құбырлардың  желілік  бөлігінде  ажыратылатын  нысандардың 

кедергі  жасайтын  бөліктеріне  құлып  орнату  міндетті.  Кедергілерді,  ескерту 

белгілерін  алуға  (ажыратуға)  және  жабдықтарда  барлық  жұмыс  толық 

аяқталғанша жабдықтарды қуат көздеріне қосуға тиым салынады. 

 

6.3. Айналатын механизмдер 

 

41.  Айналатын  механизмдерді  пайдалану  мына  жағдайлар  сақталған 

кезде жүзеге асырылуы тиіс: 

1) қоршаулардың және қаптамалардың болуы қамтамасыз етілуі; 




11 

 

2) қоршаудың іске қосатын батырмамен жарақталуы немесе жабдықты 



іске қосу қолмен басқаруға көшірілуі

3)  белгі  беру  бояуы  жағылуы  және  ескерту  қауіпсіздік  белгілерінің 

болуы; 

4) қоршаудың жылдам алынуы және құрастырылуының ыңғайлылығы; 



5) қорғаныш экрандарының орнатылуы; 

6) дереу ажырату мүмкіндігінің көзделуі (әдеттен тыс ахуалдарда). 

42.  Қорғаныш  құрылғылары  және  айлабұйымдар  болмаған  немесе 

бұзық кезде пайдалануға тиым салынады. 

43.  Айналатын  механизмдерді  жөндеу  жүктелім-пұрсат  ресімделе 

отырып қана жүзеге асырылады. 

44.  Айналатын  механизмдерді  жөндеуге  дайындау  жүктелім-пұрсатта 

көрсетілген  жұмыстарды  жүргізу  шарттарына  сай  жүзеге  асырылады.  Бұл 

рете 

механизм 



тоқтатылады 

және 


бекітіледі. 

Механизм 

электр 

қозғалтқышының және темір арқау жетектерінің кернеуі алынады, ал электр 



қозғалтқыштың қоректендіруші кабелі жерге тұйықталады. 

45.  Айналатын  механизмде  және  электр  қозғалтқышта  жалғастырғыш 

ажыратылады. 

46.  Механизмнің  ілмек  темір  арқауы  (ысырмалары,  жапқыштары, 

сұқпажапқыштары,  қақпақшалары  және  т.б.)  жұмыстарды  қауіпсіз 

орындауды қамтамасыз ететін жағдайда орнатылады. 

47. Темір арқауды басқару жетектерінің тұтқалары шынжырдың немесе 

басқа  да  құрылғылардың  және  айлабұйымдардың  көмегімен  құлыппен 

жабылады.  Механизмнің  ажыратылған  жетектерінде  және  іске  қосу 

құрылғысында кернеу беруге және ілмек темір арқауды қосуға жол бермейтін 

белгілер,  ал  жұмыс  жүргізілетін  орында  «Осы  жерде  жұмыс  істеу  керек» 

деген қауіпсіздік белгісі ілінеді.  

48. Электр жетекті айналатын механизмдерді жөндеуге шығару кезінде 

электр қозғалтқыштан және темір арқау электр жетектерінен кернеуді алуды 

электр техникалық қызметшілер жүргізеді.  

 

6.4.  Тұйық  кеңістікте  (сұйыққоймаларда,  құдықтарда,  ыдыстарда 



және т.б.) жұмыс істеу  

 

49.  Тұйық  кеңістікте  және  сұйыққоймаларда  жұмыс  жүктелім-пұрсат 



бойынша ғана орындалады. 

50.  Жер  асты  имаратында  немесе  сұйыққоймада  жұмыс  басталғанға 

дейін  және  жұмыс  кезінде  оны  табиғи  және  мәжбүрлі  желдету  қамтамасыз 

етіледі.  

51.  Имарат  немесе  сұйыққойма  ауасында  мейлінше  ықтимал  зиянды 

заттардың болуы газталдауышпен анықталады. Ауа сынамасы имарат немесе 

сұйыққойма қақпағы арқылы түсірілетін түтік көмегімен алынады. 

52.  Ауа  сынамасы  имараттың  немесе  сұйыққойманың  жоғарғы  және 

төменгі аймақтарынан мейлінше нашар желдетілетін орындардан алынады. 



12 

 

53.  Имараттағы  немесе  сұйыққоймадағы  (отын  мен  майды  сақтауға 



арналған  сұйыққоймалардан  басқа)  жұмысқа  олардағы  ауа  температурасы 

32ºС-тан жоғары болған кезде айрықша жағдайларда ғана (апат болып, егер 

ол адамдардың өміріне, жабдықтың және басқаның бүлінуіне қатер төндірсе) 

жұмыстар  жетекшілерінің  рұқсатымен  және  оның  тікелей  басшылығымен, 

қызметшілердің  күйіп  қалуын  болдырмау  үшін  қажеті  шаралар  қабылдана 

отырып қана жол беріледі. 

54.  Жер  асты  имаратында  немесе  сұйыққоймада  сұйық  орта  болған 

ретте резеңке аяқ киімді қолдану қажет. 

55. Газ, мұнай, қышқыл және басқа да белсенді заттар таралуы мүмкін 

құбырлар  имараттарындағы  немесе  сұйыққоймаларындағы  жұмыстарға 

қызметшілерді жіберер алдында олар ажыратылады және олардың ернемекті 

жалғасқан  жерлеріне  бітеуіш  орнатылады,  ал  жабық  темір  арқауға 

«Ашпаңыздар,  адамдар  жұмыс  істеп  жатыр»  деген  қауіпсіздік  белгілері 

ілінеді. 

56.  Ұзындығы  немесе  тереңдігі  үлкен  имараттағы  немесе 

сұйыққоймадағы  жұмыс  кезінде  жұмыс  істеп  жатқандарды  көзбен  бақылап 

тұру  мүмкін  болмаған  ретте  олармен  байланыс  жарылыстан  қорғалған 

қабылданған 

белгілер 

немесе 


байланыс 

құралдары 

арқылы 

ұйымдастырылады. 



57.  Жұмыстар  басталғанға  дейін  газтұмша  мен  түтіктердің 

жарамдылығын  тексеру  қажет.  Ауа  мәжбүрлеп  берілетін  газтұмшада 

ауаүрлегіш пен оның жетектерінің жарамдылығы тексеріледі. 

58. Жұмыскерлер тартылған тұйық кеңістіктегі жұмыстар оларды адам 

қатыстырмай  орындаудың  қолайлы  балама  тәсілі  болмаған  жағдайда  мына 

шарттар сақтала отырып жүргізілуі тиіс: 

1)  қуат  көздерінің  және  технологиялық  коммуникациялардың  барлық 

түрі ажыратылуы; 

2)  жұмыстар  жүргізілетін  орынға  ол  жерде  қалыпты  ауа  жағдайын 

қамтамасыз ететін таза ауаны үздіксіз кепілді берудің қаматасыз етілуі; 

3) ауа жағдайын бақылаудың қамтамасыз етілуі;   

4) бақылаушылардың тиісті санының татылуы; 

5)  тұйық  кеңістік  жұмыстардың  қауіпсіз  жүргізілуі  үшін  дайындалуы, 

оның  ішінде  жерге  тұйықтау  талабы  міндетті  сыйымдылықтың  және 

жабдықтың жерге тұйықталуы; 

6)  жұмыстар  жүргізу  орнына  жақын  жерде  дабыл  және  байланыс 

(жарық,  дыбыс)  құралдарының,  қажет  болған  ретте  радио  байланыстың 

болуы;  


7) сырттан зиянды және жарылыс-өрт қауіпті булардың және газдардың 

таралу мүмкіндігін болдырмау; 

8)  тұйық  кеңістікте  барлық  жұмыс  істеушіде  түтікті  немесе 

оқшаулаушы газтұмшалардың «дайын» жағдайда болуы; 

9) көрудің немесе жарық берудің жақсы болуы



жүктеу 315,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау