Экологиялық басқарудың негіздемелік жоспары әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы: медициналық қызметтердің



жүктеу 442,19 Kb.
Pdf просмотр
бет8/14
Дата14.05.2018
өлшемі442,19 Kb.
#12950
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

18 

 

IV қауіптілік класына құрылыс қалдықтары жатады: құрылыс топырағы, қалдықтар, бетон, 



ерітінділер,  кірпіш  қалдықтары,  керамикалық  бұйымдар  қалдықтары,  саман,  саз  балшық  және 

т.б. 


IV қауіптілік класының өндірістік қалдықтары конус пішінді үйінді ретінде өндіріс алаңдарында 

ашық сақталуы мүмкін, ол жерден оны автожүктеу арқылы автокөлікке жүктейді де  пайдалану 

немесе  көму  орындарына  жеткізеді.  Бұл  қалдықтар  соңғыларды  көму  орындарында  тұтыну 

қалдықтарымен  біріктіруге  болады  немесе  оны  жекелегіш  материал  түрінде  немесе 

аймақтардағы  жоспарланған  жұмыстарға  пайдалануға  болады.  Өндірістік  қалдықтарды 

залалсыздандыру  үшін  (III–IV  қауіптілік  класындағы)  тиісті  мекемелерде  өндірістік  қалдық 

бөлшектерін  тұтыну  қалдықтарымен  біріктіріп  өңдеуге  болады  және  өндірістік  қалдық 

бөлшектерін  ТБО  полигонында  қаптауға  болады  және  ол  жекелегіш  материал  ретінде 

пайдаланылады. 

 

ЖДҰ  мәліметтері  бойынша  зертханалық  зерттеулердің  салыстырмалы  салмағы  емдеу 



мекемелерінде  науқасқа  жүргізілетін  барлық  зерттеу  түрлерінің  жалпы  санынан  75–90% 

құрайды.  Сонымен  бірге,  ЖДҰ  мәліметтері  бойынша  медициналық  мекеменің  қызметі 

нәтижесінде  түзілетін  қалдықтардың  жалпы  санынан  шамамен  80%  қарапайым  қоқыс  болып 

табылады. 

Қалған 20% инфекциялық, токсикалық немесе радиоактивті әсері бар қауіпті медициналық 

материалдар болып табылады. 

Емдеу-профилактикалық  мекемелерінде  түзілген  қалдықтар  құрамы  бойынша  әртекті. 

Олардың құрамында инфекциялық ауру қоздырғыштары немесе қауіпті әсерге ие заттар болады. 

Бұл  қолданылған  таңу  материалдары,  бір  реттік  пайдаланылатын  шприцтер  және  инфузиялық 

жүйелер,  қолғаптар,  халаттар,  рентген  пленкалары,  ас  әзірлейтін  блоктың  инфекцияланған 

қалдықтары,  зақымдалған  қан,  тері  кесінділері,  алынып  тасталған  ағзалар.  Медициналық 

қалдықтарға  сонымен  бірге  мерзімі  өткен,  бұрмаланған  және  тәркіленген  дәрілік  заттар; 

инфекцияланған  қалдықтар:  қанмен  және  оның  өнімдерімен  зақымданған  қалдықтар, 

инфекциялық агенттердің өсінділері мен инфекциялық агент қорлары; қан, несеп және басқа да 

ағзаның  биологиялық  сұйықтықтарынан  тұратын  диагностикалық  үлгілерді  жоятын  жеке 

палаталардағы пациенттердің қалдықтары, сонымен бірге зақымдалған материалдар(тампондар 

мен  таңылар)  мен  жабдықтар  (медициналық  мақсаттағы  бір  рет  қолданылатын  құралдар); 

патологиялық  қалдықтар:  сәйкес  ағза  бөліктері;  өткір  құралдар::  шприцтер,  инелер,  бір  реттік 

қолданылатын    скальпелдер  мен  жүздер  және  т.б.;  радиоактивті  қалдықтар:  радиоактивтік 

диагностикалық  немесе  радиотерапевтикалық  материалдармен  зақымданған  шығы  ыдыстар; 

ауыр металл қалдықтары: қорғасынды термометрлер жатады.  

Қауіптілік дәрежесі бойынша медициналық қалдықтар бес қауіптілік класына бөлінеді: 

А класы –ТБО тәрізді қауіпсіз медициналық қалдықтар; 

Б класы – қауіпті (қатерлі) медициналық қалдықтар; 

В класы –өте қауіпті медициналық қалдықтар; 

Г класы –құрамы бойынша өндірістік қалдықтарға жақын медициналық қалдықтар; 

Д класы – радиоактивті медициналық қалдықтар. 



19 

 

Медициналық  қалдықтарды  жинау,  қабылдау  және  тасымалдау  бір  реттік  пайдалануға 



арналған  пакеттерде,  сыйымдылықтарда,  пайдалануға  қауіпсіз  контейнерлерде  (УҚК)  жүзеге 

асырылады.  Медициналық  қалдықтардың  әр  класының  қалдықтарын  жинауға  арналған 

контейнерлер,  сыйымдылықтар  мен  пакеттердің  түстері  (таңбалануы)  әртүрлі  болуы  қажет. 

Контейнерлердің  конструкциясы  ылғалды  өткізбейтін,  ішіндегісімен  басқа  тұлғалардың 

байланысын болдырмауы қажет.  

Медициналық  қалдықтарды  қолмен  тығыздауға  және  жеке  қорғаныш  құралдарының 

көмегінсіз жинауға, талдауға жол берілмейді. 

Б класының медициналық қалдықтары арнайы жағдайларда залалсыздандырылады. 

Алдын  ала  талдауды  қажет  етпей  пайдалануға  жататын  шанышпалы  және  басқа  да  өткір 

қолданылатын заттар УҚК пайдаланылады (инелер, ұстаралар, ампулалар). 

Инфекциялық емес аурулардың операциялық органикалық қалдықтары (ағзалар, ұлпалар) 

зираттардың арнайы жеке орындарында көмілуге жатқызылады. 

Пайдаланылған люминесцентті лампалар, құрамында қорғасын бар құралдар мен сақтау 

және  тасымалдау  кезінде  сынуды  алдын  алатын  тығыз  жабылмалы  сыйымдылықтарда 

сақталады және тығыз жабылады.  

Медициналық  қалдықтарды  өртеу  кезіндегі  өнімдер  немесе  күл  А  класының  қалдықтары 

сияқты жойылады.  

Г  класының  медициналық  қалдықтарын  көму  токсикалық  қалдықтарға  арналған 

полигондарда жүзеге асырылады. 

Медициналық  қалдықтарды  тасымалдау  Қазақстан  Республикасы  тұрғындарының 

санитариялық-эпидемиологиялық  саулығы  саласындағы  органның  көлікке  санитариялық  – 

эпидемиологиялық  қорытындысы  болған  жағдайда  су  жібермейтін  жабық  себетімен 

жабдықталған, залалсыздандыру жұмыстарын оңай жүргізуге болатын көлікте жүргізіледі. 

Медициналық  қалдықтарды  шығарғаннан  кейін  құрал  жууға  және  залалсыздандыруға 

жіберіледі, тазалықта ұсталады. 

Арнайы  қондырғылардан  тыс  объектілер  мен  елдімекендер  аймағында  медициналық 

қалдықтарды өртеуге тыйым салынады. 

Медициналық  қалдықтарды  термиялық  әдіспен  залалсыздандыру  (өртеу)  –  медициналық 

қалдықтарға  800-1000

  о


С  төмен  болмайтын  температурада  термиялық  әсер  ету  арқылы 

жүргізіледі. 

Залалсыздандыруға медициналық қалдықтар қалдықтардың класы мен көлемін көрсету арқылы 

денсаулық  сақтау объектісінің басшысымен  (жауапты тұлғамен) қол қойылған ілеспе актісінің 

болуы кезінде қабылданады. 

Медициналық  қалдықтарды  қабылдау  қапталған  түрде  арнайы  журналға  сапа  мен  санын 

есепке алуды енгізумен жүзеге асырылады. 

Медициналық 

қалдықтарды 

зазалсыздандыру 

бойынша 

арнайы 


қондырғыны 

дайындаушының  техникалық  құжаттарына  сәйкес  орналастыру  және  пайдалану  қажет. 

Медициналық қалдықтарды іріктеу және уақытша сақтау бөлмесі 12 шаршы метрден (бұдан әрі 

–  м


2

)  кем  болмауы  қажет  және  биологиялық  қалдықтарды  сақтауға  арналған  ағымдық-сорғыш 

желдеткіш  жабдықтарымен, стеллаждармен, медициналық қалдықтары бар пакеттерді  жинауға 



жүктеу 442,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау