Еліміздегі және шетелдегі ғылым мен технологиялардағы қызықты



жүктеу 306,85 Kb.
Pdf просмотр
бет10/10
Дата14.05.2018
өлшемі306,85 Kb.
#12749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



28 

Knightscope компаниясы жаңа күзетші боттармен таныстырды 

 

Кремний  алқабының  жасақтаушылары  күзетші 



роботтарды 

ойлап 


табумен 

айналысуда. 

Олардың  алғашқы  автономды  машиналары 

доңғалақтары  бар  үлкен  қоқыс  жинау  багына 

ұқсайтын, 

алайда 


олар 

өздеріне 

сеніп 

тапсырылған аумақты күзетуде кемшіліктерін  



көрсеткен  емес.  Қазір  бұл  компания  күзетші  роботтың  жаңа    екі  моделін 

көпшілікке ұсынды. Оның бірі  — K1 стационарлық боты. Екінші жаңалық 

— төрт доңғалақты К7 автономды ровері. 

Ровердің  жылдамдығы  сағатына  бес  километрмен  шектеледі,  алайда 

осы  баяу  қарқынмен  де  К7  аумақты  шолу  міндетін  тамаша  орындайды. 

Сонымен  қатар  ол  бірнеше  хабаршылармен  және  камералармен 

жабдықталған,  олардың  көмегімен  ол  тиісті  ақпаратты  жинақтап,  оны 

операторға жолдап отырады. 

К1 стационарлық боты адамдар көп жиналатын жерлерге орнатылатын 

кәдімгі  металл  іздегіш  құрылғылардың  заманауи  және  озық  деңгейлі  түрі. 

Жасақтаушылардың айтуынша, К1 өтіп бара жатқан жүргіншілерді сканерлей 

отырып,  металл  бұйымдарды  анықтау  міндетін  әлдеқайда  жақсы  атқарады, 

сондықтан  жуық  арада  олар  ауруханаларда,  вокзалдар  мен  әуежайларда 

бұрынғы металл іздегіштердің орнына қолданылары сөзсіз. 

Knightscope  компаниясы  өз  күзетші  боттарын  жалға  береді. 

Жаңалықтың құны әзірге құпия, алайда мұндай күзетшілерге қызмет көрсету 

құны жанды күзетшілерден онша қымбат емес, ал олардың бөлмежайлар мен 

көшелерді  кезе  отырып,  ықтимал  қылмыскерлерді  анықтап,  сезіктерін 

операторға  хабарлап  отыру  қабілеті  адамдардан  асып  түспесе,  кем  емес. 

Дегенмен қылмыскерді үркітіп, оны райынан қайтару үшін оның түрінің өзі 

жеткілікті  болатын  сияқты.  Өйткені  бұл  алып  темірдің  келесі  секундтағы 

қимылы қандай болатынын кім біледі? 

 

Дерек 


көзі: 

https://hi-news.ru/technology/kompaniya-knightscope-predstavila-novyx-

oxrannyx-botov.html 

 

 



 


ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



29 

 

Қытайда метрлік дисплейі бар электрокар шығарылмақ. 



 

«Тачку  на  прокачку»  хабарының  жүргізушілері 

демдерін  ішіне  тартып  алды,  өйткені  Future 

Mobility  Corp  атты  электромобильдермен 

айналысатын  қытай  компаниясы  2019  жылы 

дисплейі  бағаннан  бағанға  дейінгі  бірінші 

автомобильдерін жарыққа шығармақ. 

Бұл  марка  «Byton»  деп  аталатын  болады.  Бұл  электр  жетекті  және 

автопилотты кроссоверді шығару үшін инвесторлар компанияға 200 миллион 

доллар ақша бөлгені белгілі болды. Толықтай дайын автомобиль Лас-Вегаста 

келесі қыста көрсетілетін болады, ал әзірше Future Mobility Corp өкілдері өз 

туындыларының техникалық сипаттамасын жария етуге асығар емес. 

Электрокардың рулі аса көлемді сенсорлық экранмен жабдықталатыны, 

ал  кәдімгі  құралдар  тақтасының  орнына  ені  1,25  м  болатын  үлкен  дисплей 

орнатылатыны  ғана  белгілі.  Автокөлікті  басқару  дисплей  бойынша  свайп 

жасау арқылы, дауыс және қол қимылы арқылы жүзеге асырылады. «Byton» 

бағдарламасында әдеттегі тұтандыру кілтіның орнына адамдарды танып-білу 

жүйесі  пайдаланылатын  болады.  Оның  бір  зарядының  берілген  қоры  500 

километрге жетеді. 

Бұл  әмбебап  көліктен  басқа,  компания  басқа  да  автомобильдерді 

жасақтауда, оларды келесі 5 жыл ішінде ұсынуды жоспарлап отыр. Олардың 

ішіндегі көрнектілері -седан және жеті орындық қалаға арналған көлік. Future 

Mobility  компаниясының  іргетасын  Tesla  компаниясына  лайықты  бәсекелес 

болуға ұмтылатын BMW және Nissan бұрынғы қызметкерлері қалаған. 

 

Дерек 


көзі: 

https://hi-news.ru/technology/v-kitae-vypustyat-elektrokar-s-metrovym-

displeem.html 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



30 

 

ПРОЦЕСТІК ИННОВАЦИЯЛАР 



 

 

Электр  қуатынсыз  жұмыс  жасайтын  ауаны  баптау  жүйесі 



жасақталды

 

 



Ыстық  мезгілде  көбіміз  кондиционер  көмегіне 

жүгінеміз.  Қазір  жаздың  өтіп  кеткеніне 

қарамастан, 

Стэнфорд 

университетінің 

ғалымдары 

электр 

қуатынсыз 



жұмыс 

жасайтын  ауаны  баптау  жүйесіне  негіз 

болатын  озық  технологиялық  оптикалық  беткі 

жабынды ойлап тапты. 

Онда  жылу  жеткізгіш  ретінде  оптикалық  ерекше  беткі  жабын 

астындағы жылу алмасқыштар бойымен қозғалатын су пайдаланылады. Бұл 

беткі  жабын  оған  келіп  түсетін  күн  сәулелерінің  шамамен  97%-ын 

шағылдырып, оларды сумен жан-жаққа шашыратылатын жылу энергиясына 

айналдырады.  Мұндай  «пассивті  салқындату»  сынақтары  көрсеткендей,  су 

осылайша Цельсий бойынша қоршаған орта температурасынан 3-5 градусқа 

төмендей отырып, ауаны тиісті жайлы күйге келтіреді. 

Осындай 


нәтижеге 

келген 


ғалымдар 

шартты 


ғимараттың 

математикалық  моделін  құрастырды,  мұндай  жүйені  пайдалану  кезінде 

пассивті  салқындату  арқасында  жаздың  бір  айында  электр  энергиясының 

үнемделуі  14,3  МВт*сағатты  құрауы  мүмкін.  Айта  кететін  жайт, 

математикалық    модельді  жасақтау  ыстық  климат  зоналарының  бірінде 

орналасқан Лас-Вегастағы ғимаратқа арналған электр қуатының тұтынылуы 

есепке алынды. 

Қазіргі таңда Стэнфорд университетінің ғалымдары осы технологияны 

жетілдіріп,  енгізумен  айналысатын  SkyCool  Systems  компаниясын  құрды. 

Мұндай  пассивті  салқындату  жүйесі  іс  жүзінде  үлкен  сұранысқа  ие  болуы 

мүмкін,  өйткені  ресми  деректеге  сүйенетін  болсақ,  2050  жылға  қарай  ауа 

баптауға жұмсалатын қуат мөлшері 10 есе артады деп болжамдалған.  

 

Дерек  көзі:



 

https://hi-news.ru/science/sozdana-sistema-kondicionirovaniya-rabotayushhaya-

bez-elektrichestva.html 



ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



31 

 

 



Jaguar автомобильдерінде «ақылды» рөл пайда болады 

 

Әдеттегі 



автомобильдерден 

автономды 

автомобильдерге 

біртіндеп 

өту 

түрлі 


компаниялардың  инженерлерінің  алдына  жаңа 

міндеттер  қоюда.  Әзірлеушілердің  өздігінен 

басқарылатын  көлік  тұжырымдамасына  үйлесіп 

кетуге қабілетті жаңа шешімдер жасауына тура  

келуде,  сондықтан  олар  иесінің  өз  дербес  көлігімен  өзара  әрекеттесуі 

қағидаттарына  қатысты  жаңа  шешімдер  ұсынуда.  Осылайша,  Jaguar 

компаниясы  автомобильге  арналған  манипулятор  -  дербес  алмалы-салмалы 

рөлдің концептін көрсетті. 

Sayer  деген  атау  алған  жаңа  құралдың  рөлі  бізге  үйреншікті  рөлден 

айтарлықтай кішкентай. Дұрысы, құрал манипулятор мен Siri немесе Cortana 

үлгісіндегі  виртуалды  ассистенттің  арасындағы  дүние  болады.  Jaguar  әзірге 

әзірлемеге 

қатысты 

егжейлі-тегжейлі 

хабарламағандықтан, 

оның 


тағайындалуы  жайында  жорамалдар  жасап,  ресми  жарияланған  баспасөз-

релизін  күту  ғана  қалады.  Қазір  инженерлер  Sayer  жүргізушілер  үшін 

жүздеген  міндеттерді  орындай  алатын,  жасанды  интеллекті  бар  "таптырмас 

көмекші" бола алатындығын атап өтуде.  

«Теорияда,  көріп  отырғанымыздай,  иесі,  мысалы,  рөлге  ертең  белгілі 

бір  уақытқа  кездесу  белгіленгендігін  хабарлай  алады,  ал  ақылды  гаджет 

автомобильді өз бетімен оталдырып, иесі айтқан уақыттан жарты сағат бұрын 

сол жердің алдына алып келеді», — деп жазады New Atlas. 

Басқару  элементі  1951  жылдан  1970  жылға  дейінгі  аралықта 

компанияда  жұмыс  жасаған  Jaguar  конструкторы  Малькольм  Сэйердің 

құрметіне  аталған.  20  жылғы  жуық  жұмысында  ол  компанияның 

болашақтағы  даму  векторын  айшықтай  отырып,  осы  маркадағы 

автомобильдердің дамытылуына баға жетпес үлес қосты. 

Әзірлеушілер  Sayer-ді Лондонда  2017  жылдың  сегізінші қыркүйегінде 

ашылатын Land Rover Tech Fest көрмесінде көруге болатындығын атап өтті. 

Оның кейбір функцияларын да сол жерде сынап көруге болатын болар.  

 

Дерек көзі: https://hi-news.ru/technology/u-avtomobilej-jaguar-poyavitsya-umnyj-rul.html 




ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



32 

 

МАРКЕТИНГТІ ИННОВАЦИЯЛАР 



 

 

Dell Visor VR гарнитурасының алдын ала тапсырсын ашты 



 

2017  жылдың  тамыз  айының  соңында  Dell 

компаниясы өзінің Visor VR виртуалды шынайылық 

гарнитурасын  ұсынып,  қазан  айында  гаджеттің 

сатылымын 

бастастайтындығын 

хабарлады. 

Кеше  Dell  өзінің  Microsoft-тан  Windows  Mixed 

Reality  платформасына  арналған  құралдарына 

алдын  ала  тапсырыстар  жинау  басталғандығы 

туралы жариялады.  

Visor  VR-дың  ажыратылымдығы  линзаға  шаққанда  1140  пиксельге 

1440-тан  құрайды,  аппарат  2,9  дюймдік  сұйықкристаллды  дисплеймен 

жабдықталған.  Гарнитурааның  шолу  бұрышы  -  110  градус,  жаңартылу 

жиілігі - 90 Гц. 

Dell  шығарған  компьютерлердің  бірнеше  моделі  жаңа  гарнитурамен 

үйлестіруге  келеді,  олардың  арасында  Inspiron  15  7000  Gaming  және 

өндірушінің кейбір ойындар тізбегінен басқа да ДК бар. 

Осындай тұрғыдағы өзге құралдардан Dell гарнитурасы тек виртуалды 

ғана  емес,  қосымша  шынайылықпен  де  жұмыс  жасай  алатындығымен 

ерекшеленеді. 

Бұл 


оны 

Microsoft-тан 

HoloLens 

гарнитурасымен 

жақындастырады.  Dell  әзірге  AR-ы  бар  жобаларын  көрсеткен  жоқ,  алайда 

олардың болашақта пайда болатындығына уәде берді. 

Базалық  жиынтық  350  доллар  тұратын  болады,  ал  екі  сенсорлы 

контроллері  бар  жинақ  жүз  долларға қымбатқа  түседі. Гарнитураның ресми 

сатылымы 2017 жылдың 17 қазанында басталады.  

 

Дерек көзі:



 

https://hi-news.ru/technology/dell-otkryvaet-predzakaz-garnitury-visor-vr.html 

 

 

 



 

 

 



 


ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



33 

OUKITEL K10000 MAX алдын ала тапсырыс беру үшін қолжетімді 

 

Тек 


теңдессіз 

дербестігімен 

ғана 

емес, 


таңданарлық 

физикалық 

төзімділігімен 

де 


ерекшеленетін,  көптен  күткен  OUKITEL  K10000 

MAX  смартфоны  алдын  ала  тапсырыс  беру  үшін 

ресми 

түрде 


қолжетімді 

болды. 


Егер 

алғашқылардың  қатарында  болсаңыз,  сіз  онсыз  да 

арзан аппаратты 60 доллар мөлшеріндегі қосымша 

сілтемесімен сатып ала аласыз. 

K10000  MAX-тың  Full  HD  ажыратылымды  5,5-дюймді  дисплейі,  IP68 

стандартына  сай  келетін  су  өткізбейтін  корпусы  және  керемет 

сыйымдылықты — 10 000 мАч батареясы бар. Оған 3 ГБ ОЗУ, сегіз ядролы 

процессор  мен  13-мегапиксельді  сыртқы  камераны  қосамыз  -  сіздің 

алдыңызда  сатып  алғаннан  кейін  көпке  дейін  ауыстыруға  тура  келмейтін, 

қалаған смартфоныңыз.  

K10000 MAX-ты 256,99 долларға емес, 199,99 долларға сатып алу үшін 

осы  сілтеме  бойынша  Gearbest  онлайн-дүкенінің  авторизацияланған 

бөлімінде алдын ала тапсырысты ресімдеу қажет. Асығуға кеңес береміз, 60 

доллар - әркім де үнемдеп қалғысы келетін сома емес пе. 

Жақында  OUKITEL  компаниясы  екі  жаңа  OUKITEL  Mix  2  және 

OUKITEL  C8  смартфондарын  анонстағандығын  естеріңізге  сала  кетеміз. 

Оның біріншісі Xiaomi Mix 2 дизайнымен жігерлендірілген, алайда бірнеше 

есе арзанырақ.  

 

Дерек көзі:



 

https://hi-news.ru/promo/oukitel-k10000-max-dostupen-dlya-predzakaza.html 

 

 

 



 

 

 



 


ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



34 

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 

Швейцарияда 



медициналық  дрон-курьерлер 

жұмыс 


жасай 

бастайды 

 

Дрондардан  тұратын  курьерлік  желі  әртүрлі 



жағдайларда керемет көмек көрсете алады. Бұл 

ретте  әңгіме  танымал  сауда  интернет-

алаңдарыннан  сатып  алынған  түрлі  ұсақ-түйек 

әшекей заттарын жеткізу жайында ғана емес, 

әлдеқайда  маңызды  дүниелер  жөнінде  болып 

отыр. Мысалы, өмірді құтқару немесе қажетті  

дәрі-дәрмектерді  не  донорлық  қан  мен  органдарды  оларға  зәру  болып 

отырған жерлерге жеткізу жайында. Осы мақсатта Matternet компаниясы 

бірыңғай жүйеге қосылған медициналық дрон-курьерлерден тұратын өзіндік 

желісін іске қосуға дайындауда.  

Компания  2017  жылдың  соңында  Швейцарияның  қалаларындағы 

аудандық  ауруханаларды,  зертханаларды  және  жарақаттану  бекеттерін 

байланыстыратын шағын желілерді орнатпақ.  

Әзірлеушілер  жүкті  алудың  және  жеткізудің  барлық  процесі 

автоматтандырылған  болатындығын  хабарлайды,  сондықтан  ауруханаларға 

штатта  ұшқышсыз  ұшу  аппараттарына  қызмет  көрсететін  мамандарды 

ұстаудың қажеті болмайды. Мысалы, дәрігер үлгілерді талдауға жіберу үшін 

оларды  арнайы  контейнерге  орналастырып,  смартфонға  арналған  қосымша 

арқылы дронды шақыртса болғаны. QR-кодты сканерден өткізіп, контейнерге 

тиеуге жібереді. Қалғаны — техниканың ісі.  

Дрондарды  басқаратын  бағдарлама,  бір  мезгілде  оңтайлы  маршрутты 

жасайды  және  тапсырманы  орындау  үшін  аккумуляторы  қуаттандырылған 

аппаратты  таңдайды.  Matternet-тің  осы  жүйені  әзірлеушілері  жеткізудің 

мұндай  әдісі  дәрігерлердің  жұмысын  оңтайлы  етуге  және  көп  өмірді 

құтқарып  қалуға  септігін  тигізіп  қана  қоймай,  госпитальдар  әдетте 

талдауларды,  басқа  да  үлгілер  мен  донорлық  қанды  тасымалдау  үшін 

шығындайтын ақшаларды да үнемдеп қалатындығына сендіреді.  

 

Дерек  көзі:



 

https://hi-news.ru/technology/v-shvejcarii-nachnut-rabotat-medicinskie-drony-

kurery.html 



ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



35 

 

Қытайдың робот-дантисті алғашқы отасын өзі жасады  



 

Қытайлық  әзірлеушілермен  жасалған  робот-

дантист жұмысына кірісті, тіпті бірінші отасын 

өз  бетінше  өткізді.  Нәтижесі  жаңа  жақ  пайда 

болды - робот пациентке жаңа тістер салды. 

Роботқа  және  “дантисттің”  өзіне  арналған  бағдарламалық  қамтамасыз 

етуді  бес  жылға  жуық  жасады  -  конда  пациенттің  денсаулығы  мен  өмірі 

тұрғандықтан  барлық  ықтималды  қателіктерді  жою  қажет  болды.  Дегенмен 

де робот өзін жақсы жағынан көрсете білді, ол имплантты 0,2 миллиметрлік 

қателікпен орнатты. Бір сөзбен айтқанда, міндетін орындауда өзінің қан мен 

тәннен тұратын әріптестерінен ешбір кем түскен жоқ. 

Процесті  білікті  хирургтар  мен  басқа  да  медициналық  қызметкерлер 

бақылап отырды, алайда жұмысқа олардың қажеті болмады - бар болғаны бір 

сағаттан кейін Сиань қаласының тұрғыны жаңаша күлімсіреп, мақтана алды.   

Қытайда тіс дәрігерінің қызметін қажет ететін адамдар өте көп, алайда 

мамандар  бәріне  бірдей  жете  бермейді.  Қазір  тістерді  орнату  үшін  оларды 

3D-принтерде  басып  шығаратындығын  есепке  алғанның  өзінде  де,  ұзын-

сонар кезекке  тұруға тура келеді.  Аталмыш  жұмыстар  осындай  мәселелерді 

жартылай болса да шеше алатын болады.  

 

Дерек 



көзі:

 

https://hi-news.ru/robots/kitajskij-robot-dantist-sam-provyol-pervuyu-



operaciyu.html

 

 



жүктеу 306,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау