Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 наурызда № 13422 болып тіркелді
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-12)
сәйкес
:
тармақшысына
БҰЙРАМЫН
1. Қоса беріліп отырған Дуальды оқытуды ұйымдастыру
бекітілсін.
қағидалары
2. Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті (Қаленова
Д.Ж) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін
мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде
орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат
орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми
интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен
кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң
департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы
туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым
Министрі А. Сәрінжіпов
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
2016 жылғы 2 ақпан
__________________
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2016 жылғы 5 ақпан
__________________
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 21 қаңтардағы
№ 50 бұйрығымен
бекітілген
Дуальды оқытуды ұйымдастыру
қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 2015 жылғы 23
қарашадағы Қазақстан Республикасының
, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі
Еңбек кодексіне
Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының
сәйкес әзірленді және дуальды
46-12) тармақшасына
оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Осы Қағида меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін бағдарламаларын іске асыратын оқу
орындарына, дуальды оқытуға қатысатын оқу орталықтарына, ұйымдарына (кәсіпорындарға) таратылады
.
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру
процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін
бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;
2) білім алушы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымындағы білім алушы адам;
3) біліктілік беру – нақты мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде
жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, шеберлік пен дағдылар жиынтығын
растау рәсімі;
4) дуальды оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең
болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере
отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен
ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
5) дуальды оқыту туралы шарт – білім алушы, өндірістік оқыту мен практикадан өту үшін
жұмыс орнын ұсынатын ұйым және оқу орны арасындағы, өндірістік практикадан өту жағдайлары мен
практиканы өту тәртібін регламенттейтін жазбаша келісім;
6) білім беру саласындағы
– білім беру саласындағы басшылықты және
уәкілетті орган
салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
7) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағыттталған
өзара байланысты іс-қимыл жинағы;
8) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және
астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын алқалы атқарушы орган,
білікті жұмысшы кадрларды және дуальды оқыту бойынша орта буын мамандарын даярлауды
ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
9)
– болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін
кәсіптік практика
орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен
құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;
10) кәсіптік бағдар – білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен
психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында,
кәсіп пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен
консультациялық көмек беру;
11) кәсіптік даярлықты бағалау – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлегінің біліктілік (қабілеті)
деңгейінің тиісті кәсіптік қызмет түрі шеңберінде жұмысты орындауға сәйкестігі дәрежесін
айқындау;
12) өтемақы төлемдері – еңбек қатынастарында тұрмайтын жұмыскерлерді немесе басқа да
адамдарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олпрдың біліктіліктерін арттыруға байланысты
ақшалай төлемдер;
13) оқу орны – дуальды оқыту нысанында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
14) оқу орталығы
өндірістік практиканы міндетті ұйымдастырумен қоса қосымша білім
–
берудің білім беретін бағдарламаларын іске асыратын меншіктің тәуелсіз нысаны;
15) оқу жоспары – оқу пәндерінің (еңбек сыйымдылығы), сабақтардың (модульдердің),
практикалардың тізімін, дәйектілігін, көлемін, білім беру деңгейі мен бақылау нысандарына
сәйкес білім алушылардың оқу қызметінің өзге де оқу қызметінің түрлерін регламенттейтін құжат;
16) өндірістік оқу – кәсіптік білім берудің құрамдас бөлігі және оқу-өндірістік
шеберханаларда, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында, сондай-ақ тікелей өндірістегі және
тиісті бейіндегі ұйымдарда жүзеге асырылады;
17) тәлімгер – білім алушыны өндірістік оқытуға практикалық көмек көрсететін
технологиялық өндірісті меңгерген ұйымның (кәсіпорынның) білікті қызметкері;
18) тыңдаушы – қосымша білім беру немесе даярлық бөлімінің білім беру бағдарламалары
бойынша оқу орталықтарында оқитын адам;
19) ұйым (кәсіпорын) – осы Қағидаға сәйкес дуальды оқытуға қатысатын заңды тұлға немесе
жеке кәсіпкер.
2. Дуальды оқытудың қатысушылары
3. Дуальды оқытудың қатысушылары:
1) меншік нысанына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;
2) меншік нысанына қарамастан ұйымдар (кәсіпорындар);
3) білім алушы – студент (тағылымдамашы), тыңдаушы.
3. Дуальды оқытудың міндетті компоненттері
4. Дуальды оқытудың міндетті компоненттері:
1) дуальды оқыту туралы шарт;
2) ұйыммен (кәсіпорынмен) келісілген дуальды оқытудың жұмыс оқу жоспары;
3) өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы іске асыру үшін жабдықталған оқу, жұмыс
орындары және/немесе ұйымдардағы (кәсіпорындардағы)
;
кәсіптік оқу орталығы
4) ұйымдарда (кәсіпорындарда) өндірістік оқытудың және кәсіптік практиканың білікті
тәлімгерлері болып табылады.
4. Дуальды оқытуды ұйымдастыру және жүргізу
5. Дуальды оқыту дуальды оқыту туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
6. Дуальды оқытуға арналған конкурстық іріктеу білім алушылармен ұйым (кәсіпорын)
өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүргізіледі.
7. Дуальды оқыту шеңберінде оқу процесін ұйымдастыру оқу орны бекіткен және ұйыммен (
кәсіпорынмен) келісілген оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Оқу орнындағы оқу процесі теориялық сабақтарды және өндірістік оқуды,
зертханалық-тәжірибиелік және есеп-айырысу-графикалық сабақтарды,
, курстық
кәсіби тәжірибені
және дипломдық жобалауды оқу өндірістік шеберханаларында, оқу шаруашылықтары мен оқу
полигондарында, сондай-ақ тікелей өндірісте және тиісті бейінде оқытуды қамтиды.
9. Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың нысаны, мазмұны және көлемі тиісті мамандық
пен біліктілік бойынша қолданыстағы білім беру бағдарламаларының негізінде айқындалады.
10. Дуальды оқытуды қолданумен бірге техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білімнің оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламалары оқыту орындарындағы теориялық оқуды және
ұйым (кәсіпорын) базасында өндірістік оқыту мен практиканың кемінде 60 пайызын көздейді.
11. Өндірістік оқыту теориялық оқытумен сүйемелденеді, онда оқу процессінің кестесі
ұйыммен (кәсіпорынмен) келісіледі.
12. Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезеңінде білім алушыға 2015 жылғы 23
қарашадағы Қазақстан Республикасының
сәйкес кәсіпорынның еңбек тәртібі қағидасы
Еңбек кодексіне
қолданылады.
13. Білім алушы өндірістік оқыту мен практикадан өту уақытында білім алушының еңбек
өтіліне есептелетін белгілі бір функционалдық міндеттерді орындайды және сол уақыт үшін өтемақы
төлемі жүргізіледі.
14. Ұйымның (кәсіпорынның) қалауына қарай білім алушыға айына «2014-2016 жылдарға
арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
белгіленген тиісті кезеңге бір жалақының
кем болмайтын мөлшерде
Заңында
ең төмен мөлшерінен
өтемақы белгіленеді.
15. Дуальды оқыту шеңберінде білім алушы аралық аттестаттаудан өтеді, (2, 3-оқу курсынан
кейін), қорытындысына сәйкес оған нақты мамандық бойынша кәсіби біліктіліктің қол жеткізген
деңгейі (дәреже, класс, санат) беріледі және «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың
түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 28 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
бекітілген нысан бойынша
(сертификат)
қаулысымен
құжат
беріледі.
16.
оқу орны өткізеді, ол үшін дуальды оқытуда қатысатын ұйымдардан
Аралық аттестаттауды
(кәсіпорындардан) (тәлімгерлерді аттестаттаумен байланысты емес) мамандарды тарта отырып
емтихан комиссиясы құрылады.
17. Білім алушы толық оқу курсын аяқтағаннан кейін оқу орында
қорытынды аттестаттаудан
өтеді, оның ішінде ұйымдардың (кәсіпорындардың) базасын пайдаланып және кәсіптік даярлықты
бағалаудың нәтижелері бойынша білім алушыға біліктілік беріледі.
18. Б
кәсіптік даярлықты бағалау және біліктілікті беру
іліктілік практикалық жұмыс
кезінде ұйымдардың (кәсіпорындардың) базаларында да өткізіледі, қорытындылары бойынша білім
алушыға, нақты мамандық бойынша біліктілік (білікті жұмысшы және және/немесе орта тобының
маманы) беріледі және «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын
және оларды беру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы
Үкімет қаулысымен бекітілген белгіленген үлгі бойынша құжат беріледі.
19. Білім алушы, қорытынды аттестаттаудан табысты өткенде мемлекеттік үлгідегі
диплом
кәсіптік даярлықты бағалау және біліктілікті беру сертификаты беріледі.
және
5. Дуальды оқытуды ұйымдастыру процесіне қатысушылардың функциялары
20. Білім беру саласындағы уәкілетті орган дуальды оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру
мәселелері бойынша консультативті көмек көрсетеді, дуальды оқытуды ұйымдастыру мониторингін
және дуальды оқыту шеңберінде басқа да құзыреттеді жүзеге асырады.
21. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дуальды оқыту туралы
үшжақты шарттарды бекітуге жәрдемдеседі, өңірлік кәсіпкерлер палаталардың жұмысын үйлестіреді,
дуальды оқыту шеңберінде басқа да құзыреттерді орындайды.
22. Оқу орны:
1) оқу процесіне қажетті жағдайлар туғызады;
2) ұйымдармен (кәсіпорындармен) дуальды оқыту бойынша білім алушыларды дайындау үшін оқу
жоспарларын және бағдарламаларды келіседі;
3) ұйымдардың (кәсіпорындардың) талаптарын ескере отырып, дуальды оқыту бойынша білім
беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді;
4) ұйымдарда (кәсіпорындарда) білім алушылардың практикадан өтуіне бақылау жүргізеді;
5) оқу орнында
және
оқу орындарында өткізеді және
аралық
қорытынды аттестаттауды
біліктілікті тағайындау мен кәсіби дайындық деңгейін бағалауға қатысады;
6) ұйыммен (кәсіпорынмен) келісім бойынша ұйымға (кәсіпорынға) инженер-педагог
жұмыскерлерді тағылымдамадан өтуге жібереді;
7) дуальды оқыту бойынша білім алған және өз біліктілігін растаған түлектерді жұмысқа
орналастыруға көмек көрсетеді.
23. Ұйым (кәсіпорын):
1) дуальды оқыту үшін бөлінетін оқушы, жұмыс орындарының санын анықтайды;
2) оқу процесіне түзету бойынша ұсынымдарды енгізу мақсатында оқу орнының
материалдық-техникалық базасымен танысады;
3) оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жәрдемдеседі;
4) дуальды оқыту шеңберінде кәсіпорындарда жұмыс, оқушы орындары туралы өңірлік палатаға
өтінімдер береді;
5) оқу орындарының жұмыс оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларын сондай-ақ
оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге қатысады;
6) білім беру бағдарламаларына сәйкес кәсіпорында өндірістік оқыту мен кәсіптік
практиканы өткізуді ұйымдастыруды келісімге сәйкес қамтамасыз етеді;
7) білім алушыны ұйымның (кәсіпорынның) нұсқаулықтарына, оқу үшін қажетті
құралдарға
сәйкес жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз етеді;
8) техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жабдықталған оқушы, жұмыс орындарын ұсынады;
9) білім алушылардың өндірістік оқу мен кәсіптік практикадан толық өту кезеңіне
тәлімгерді бекітеді;
10) аталған саланы реттейтін жұмыс шарттарымен, нормативтік құқықтық актілермен,
қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарымен таныстырады;
11) еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі бойынша
және ұйымда (кәсіпорында)
заңнамада
жергілікті құжаттар да көзделген барлық нұсқамалықтардың түрлерін жүргізеді;
12) білім алушының
және
қатысады;
аралық
қорытынды аттестаттауға
13) өз ұйғарымы бойынша Қазақстан Республикасының
және дуальды оқыту
Еңбек кодексіне
туралы шарттың талаптарына сәйкес білім алушыларды еңбекке өтемақы төлемдерімен қамтамасыз
етеді;
14) дуальды жүйе бойынша білім алған және өз біліктілігін растаған бітірушілерді жұмысқа
орналастыруға жәрдем көрсетеді.
24. Білім алушы:
1) аталған саланы реттейтін жұмыс шарттарымен, нормативтік құқықтық актілермен,
қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарымен танысады;
2) оқу және өндірістік тәртіпті, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және
қауіпсіздік техникасы бойынша талаптарды сақтайды;
3) оқу жоспарымен белгіленген көлемде толық оқу курсынан өтеді;
4) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту туралы күнделік жүргізуді, жасалған
жұмыс туралы тәлімгерге есеп ұсынады;
5) аралық аттестаудан және дуальды оқыту аяқталғаннан кейін қорытынды атестаттаудан өтеді
.
25. Дуальды оқыту саласындағы жергілікті атқарушы орган:
1) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадарлар мен орта буын мамандарын даярлауды
ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
2) өңірде дуальды оқытуды ұйымдастыру мониторингін жүзеге асырады;
3) дуальды оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультациялық
көмек көрсетеді;
4) өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен бірлесіп дуальды оқытуға ұйымдар (кәсіпорындар) мен
оқу орындарын тарту жөніндегі жұмысты жүргізеді;
5) өңірлік палатамен бірлесіп дуальды оқыту туралы шарттар жасауға жәрдем көрсетеді;
6) дуальды оқыту бойынша білім алған бітірушілерді жұмысқа орналастыру жөнінде мониторинг
жүргізеді және жәрдемдеседі;
7) дуальды оқыту шеңберінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
26. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы:
1) дуальды оқытуға қатысуға бойынша, кәсіпорында оқушы, жұмыс орындарын ұсынуға ниет
білдірген ұйымдар (кәсіпорындар) тараптарынан өтінімдер қабылдайды;
2) ұйымдардың (кәсіпорындардың) өтініштері бойынша оқу орындарын оқушы, жұмыс орындарын
құруға жәрдемдеседі;
3) дуальды оқыту туралы шарт жасауға жәрдем көрсетеді;
4) дуальды оқыту туралы шарттарды тіркейді және тізілімін жүргізеді;
5) дуальды оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультативтік
көмек көрсетеді;
6) ұйымдарда (кәсіпорындарда) тәлімгерлерді бекітудің мониторингін қамтамасыз ету және
тәлімгерлерді оқытуға жәрдем көрсетеді
;
7) дуальды оқытуды оқыған бітірушілерге біліктілікті тағайындау мен біліктілікті беруді
өткізуге жәрдемдеседі;
8) кәсіптік даярлықты бағалауды және түлектерге біліктілікті беруді ұйымдастыруда
кәсіпорындар өкілдерінің және жұмыс берушілер қауымдастығы қатарынан тағайындалатын біліктілік
комиссиясының төрағасы мен құрамын келіседі;
9) дуальды оқыту саласындағы өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
27. Тәлімгер:
1) тікелей басшының келісімімен білім алушыны қосымша білім алу үшін ұйымның (
кәсіпорынның) басқа мамандарын тартады;
2) білім алушыдан өндірістік қызметке байланысты мәселелер бойынша нұсқаулардың орындалуын
талап етеді;
3) өзінің қамқорлығындағы оқушының қолайлы еңбек қызметі үшін жағдайлар жасау туралы
басшылық алдында өтініш жасайды;
4) білім алушыдан ауызша және жазбаша нысанда жұмыс есептерін талап етеді;
5) білім алушыға жұмысшы разрядын беру және оның кәсіби мінездемесін талқылауға қатысу
туралы ұсыныс енгізеді;
6) білім алушының қызметтік, қоғамдық қызметіне байланысты мәселелерді талқылауға
қатысуға, ұйымның (кәсіпорынның) оны көтермелеу, тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы
тікелей басшыға ұсыныс жасайды;
7) білім алушыға өндірістік қызметпен, корпоративтік мәдениетпен танысуға және кейіннен
кәсіби дамуына, жұмыс орнында кәсіби қызметті бекітуге жәрдемдеседі;
8) білім алушыны практикалық тәсілдерге және лауазымдық міндеттер мен тапсырмаларды
сапалы орындау әдістеріне оқытады;
9) ұйыммен (кәсіпорынмен) келісілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес білім алушыны оқытуды
жүзеге асырады;
10) білім алушыға берілген тапсырмалардың орындалуына бақылайды;
11) білім алушы жіберген қателіктерді анықтауға және бірлесіп жоюға, бар кемшіліктерді
жеңуге көмек көрсетеді;
12) білім алушының бойында өзінің кәсіби міндеттерін орындауға жауапты қарауға, сондай-ақ
жұмыстағы әріптестеріне дұрыс қарым-қатынасты қалыптастырады;
13) білім алушыларды еңбек етушілерге, олардың еңбегіне және еңбек нәтижелеріне, сонымен
қатар жеке еңбекке деген жауапты қатынасты құрметтеуге тәрбиелейді;
14) білім алушыға пікір жазады.
28. Жергілікті атқарушы органдар, өңірлік кәсіпкерлер палаталары, оқу орындары, ұйымдар (
кәсіпорындар) дуальды оқытуға тарту бойынша орта білім беру ұйымдардың оқушыларын, жұмыссыз
және табысы төмен, өзін-өзі жұмыспен қамтитын халық тобымен жүйелі түрде кәсіптік бағдар
жүргізеді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |