Айырбастау пункттерінің жұмысын ұйымдастыру туралы ақпараттық хабар



жүктеу 16,24 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.05.2018
өлшемі16,24 Kb.
#12504


Айырбастау пункттерінің жұмысын ұйымдастыру туралы 

ақпараттық хабар 

 

ҚР  Ұлттық  Банкі  Басқармасы  «Қазақстан  Республикасында  қолма-қол 

шетел  валютасымен  айырбастау  операцияларын  ұйымдастыру  қағидаларын 

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі  Басқармасының 2014 

жылғы  16  шілдедегі  №144  қаулысына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу 

туралы» 2016 жылғы 28 қаңтардағы №55 қаулысын бекітті, ол жақын арада 

жарияланатын  болады.  Бұл  өзгерістер  мен  толықтырулар  бірінші  кезекте 

айырбастау  операцияларының  айқындылығын  арттыруға  және  халыққа 

сапалы  қызмет  көрсету  мақсатында  айырбастау  пункттерінің  үзіліссіз 

жұмысын қамтамасыз етуге бағытталады.   

Мәселен,  айырбастау  пункттері  уәкілетті  ұйымның  айырбастау 

пунктінің  кассасын  қолма-қол  ұлттық  және  (немесе)  шетел  валютасымен 

толықтыру  үшін  уәкілетті  банкпен  шарт  жасауға  міндетті.  Яғни,  егер 

айырбастау  пунктінің  кассасында  шетел  валютасы  немесе  теңге  бітсе, 

уәкілетті ұйым өзімен тиісті шарт жасаған уәкілетті банкке шетел валютасын 

сатып алу немесе сату және өзінің айырбастау пунктінің кассасын толықтыру 

үшін  жүгінуге  тиіс.  Бұл  ретте  осындай  шарт  бірнеше  уәкілетті  банкпен 

жасалуы мүмкін. 

Банктік емес айырбастау пункттері қаулы алғаш ресми жарияланғаннан 

кейін бір айдың ішінде уәкілетті банктермен тиісті шарттарды жасауға тиіс. 

Сондай-ақ,  2016  жылғы  31  желтоқсанға  дейін  бағамдарды  белгілеу 

туралы өкімді шығару уақытын Қазақстан қор биржасының жұмыс уақытына 

байланыстыру туралы норманың қолданылуы тоқтатылды. Яғни айырбастау 

пункттеріне демалыс және мереке күндері валюта нарығындағы өзгерістерді 

барабар  көрсететін  айырбастау  бағамын  белгілеу  мүмкіндігі  берілді.  Бұл 

айырбастау  пункттерінің  жұмысында  туындайтын  іркілістерді  жою  үшін 

жасалды.  Қабылданған  қаулының  қолданысқа  енгізілуімен  банктік  және 

банктік  емес  айырбастау  пункттері  демалыс  және  мереке  күндері  шетел 




валютасын  сатып  алудың  және  сатудың  белгіленген  бағамдарын  өзгертуге 

құқылы  және  тиісінше  валютаның  бір  түрі  бойынша  сатып  алу  және  сол 

сияқты сату кезінде әдеттегі режімде жұмыс істейтін болады. 

Ақшаны  жылыстатуға  және  терроризмді  қаржыландыруға  қарсы  іс-

қимылға  жәрдем  беру  және  айырбастау  операцияларының  ашықтығын 

арттыру мақсатында сатып алынатын / сатылатын шетел валютасының жеке 

тұлғаның  жүргізілген  айырбастау  операциялары  бойынша  сәйкестендіру 

деректерін  тізілімдер  журналында  міндетті  тіркеу  талап  етілетін  шегі 

айырбастау операциясын жүргізу бағамы бойынша баламада 2 млн. теңгеден 

1  млн.  теңгеге  дейін  төмендетілді.  Осылайша,  жеке  тұлғаға  айырбастау 

пункті  арқылы  1  млн.  теңгеден  астам  сомаға  айырбастау  операциясын 

жүргізу үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет. 

Егер  айырбастау  пунктінде  клиентке  валюта  болмауына  байланысты 

айырбастау  операциясын  жүргізуден  бас  тартылса,  онда  айырбастау 

пунктінің  кассирі  оның  талабы  бойынша  айырбастау  пунктінде  жоқ  болған 

валютаның  түрі  мен  сомасын,  анықтаманы  беру  күні  мен  уақытын  көрсете 

отырып,  еркін  нысандағы  анықтаманы  беретінін  еске  саламыз.  Кассир 

анықтамаға қол қояды және оны қолма-қол шетел валютасымен айырбастау 

операцияларын  ұйымдастыруға  құқығы  бар  заңды  тұлғаның  ішкі 

қағидаларында белгіленген тәртіпте тіркейді. 

Айырбастау  пунктінің  клиенті  кейіннен  Ұлттық  Банктің  филиалына 

жоғарыда  берілген  анықтаманы  қоса  бере  отырып,  айырбастау  пунктіне 

шағымын беруге құқылы. 

Түсіндірмелер  мен  консультацияларды  Алматы  қ.,  Әйтеке  би,  67 

мекенжайы  бойынша  Ұлттық  Банктің  Қоғамдық  қабылдау  бөлмесінде, 

Ұлттық  Банктің  аумақтық  филиалдарында,  сондай-ақ  +7  (727)  2788  058, 



2619-234  телефондары бойынша алуға болады.    

жүктеу 16,24 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау