С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қоғамдық бірлестігінің бастауыш
кәсіподақ ұйымының
ЕРЕЖЕСІ
Жалпы Ереже
1.1 Бастауыш ұйым өз қызметін Конституцияға, Қазақстан
Республикасы заңдарына, Кәсіподақ Жарғысына және осы бастауыш
кәсіподақ ұйымы туралы Ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
1.2 Бастауыш ұйым өз қызметінде мемлекеттік өкімет органдарынан,
жұмыс берушілерден, саяси және басқа да қоғамдық ұйымдардан тәуелсіз,
оларға есеп бермейді және бақылауында болмайды. Олармен өзара қарым-
қатынасын жұмыс ынтымақтастығы және әлеуметтік әріптестік принциптері
негізінде құрады. Бастауыш кәсіподақ ұйымы Кәсіподаққа немесе оның
филиалына ғана есеп береді және бағынады.
2. Бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметінің негізгі бағыттары.
2.1 Экономикалық жағдайды және кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін
ескере отыра:
кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық еңбектік және басқа
құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған өзінің қызмет барысын
анықтайды;
жұмыс берушімен ұжымдық шарт жасауға қатысады және ұсыныстар
енгізеді;
кәсіподақ мүшелері үшін тегін құқықтық кеңес көмегін
ұйымдастырады;
қажет болған жағдайларда кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек
көрсетеді;
кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасылары үшін сауықтыру,
мәдени-демалыс шараларын ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдеседі;
еңбек ұжымы тарапынан салалық Кәсіподақ талаптарын қолдап,
заңға сәйкес жиналыстар, митингтер, көше шерулерін, қажет болғанда
ереуілдер өткізуді ұйымдастырады;
Кәсіподақ Жарғысында және Қазақстан Республикасының
заңнамасымен белгіленген басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырады.
3. Бастауыш кәсіподақ ұйымының құрылымы және басқарушы
органдары
3.1 Бастауыш ұйымның құрамында құрылымдық бөлімшелер-кәсіподақ
топтарын құруға болады.
3.2 Кәсіподақ жиналысы бастауыш кәсіподақ ұйымының жоғары
органы болып табылады. Кәсіподақ жиналысы жылына кем дегенде бір рет
өткізілуге тиіс. Қажет болған жағдайда бірнеше рет өткізуге болады.
Жиналыстың күн тәртібін, өткізілетін орны мен мерзімін кәсіподақ комитеті
белгілейді. Кәсіподақ мүшелеріне белгіленген мерзімнен бір апта бұрын
хабарлануға тиіс.
3.3 Жалпы жиналыстың құқығы:
кәсіподақ комитеті мен тексеру комиссиясының есебін тыңдау,
олардың жұмысына баға беру;
бастауыш ұйым қызметінің негізгі бағыттарын анықтау;
бастауыш ұйымның төрағасын, кәсіподақ комитетін, тексеру
комиссиясын сайлау;
жұмыс беруші мен кәсіподақ мүшелері арасындағы ұжымдық
шарттарды бекіту, оның орындалу барысы жайлы ақпараттарды тыңдау;
Қазірі қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін
наразылық акцияларын өткізу туралы шешім қабылдау;
жоғары тұрған кәсіподақ органдарына делегаттарды ұсыну және
сайлау;
Қазақстан Республикасы заңнамаларына, Кәсіподақ Жарғысына
сәйкес әрекеттің өзге де түрлерін жүзеге асыру;
3.4 Кәсіподақ жиналысының, сайланбалы органдар мәжілісінің шешімі
жиналысқа, мәжіліске қатысушылардың жартысынан көбі дауыс берген
жағдайда қабылданды деп есептеледі.
3.5 Кәсіподақ жұмысын жүргізу үшін басшы органдары сайланады.
3.6 Кәсіподақ комитеті бастауыш ұйымның қызметін ұйымдастырады,
жұмыс берушімен әлеуметтік әріптестік принципі бойынша өзара қарым-
қатынасын құрады. Кәсіподақ комитетінің Төрағасы мен мүшелеріне
«Кәсіптік одақтар туралы» заңда, кәсіподақ Жарғысында, ұжымдық
шарттарда және өзге де заң актілерінде белгіленген құқықтар мен қорғау
функциялары кепіл болады.
3.7 Кәсіподақ комитетінің құқығы:
ҚР заңнамаларына, Кәсіподақ Жарғысына сәйкес бастауыш кәсіподақ
ұйымы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жұмыс
жүргізу;
кәсіподақ мүшелерінің тапсыруы бойынша жұмыс берушімен
ұжымдық шарттар жасауда және келісімдер жүргізу кезінде заңнамаларда,
ұжымдық шарттарда қарастырылған жағдайлар бойынша олардың
мүдделерін қолдау;
кәсіподақ мүшелерінің тапсыруымен қолданып жүрген заңға сәйкес,
кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау
бойынша өткізілетін жиналыстар, митингтер және басқа наразылық
акцияларына қатысуға шешім қабылдау;
жеке еңбек дауларын қарауға қатысу;
жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын
сақтауына, еңбек заңнамасын орындауына қоғамдық бақылау жасайды;
сауықтандыру, мәдени-ағартушылық шараларын, байқаулар,
сайыстар өткізеді, ұйым мүшелері және олардың балалары үшін жазғы
демалыс ұйымдастырады;
Кәсіподақ мүшелеріне материалдық және қайырымдылық көмек
көрсетеді;
Кәсіподақ мүшелерін есепке алуды және олардың жалақысынан
кәсіподақ жарнасын ұстау туралы өтініштерді жинауды ұйымдастырады;
еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторды сайлайды;
Қазіргі заңнамаға және Кәсіподақ Жарғысының талаптарына сәйкес
басқа да функцияларды жүзеге асырады.
3.8 Өз жұмысында кәсіподақ комитеті Кәсіподақ жиналысына және
жоғары тұрған кәсіподақ органына есеп беруге міндетті.
3.9 Кәсіподақ комитетінің төрағасы:
кәсіподақ мүшелерінің жұмыс берушімен, басқа органдармен өзара
қарым-қатынасындағы өкілетті өкілі болып табылады;
кәсіподақ мүшелері атынан ұжымдық шарттарға, сондай-ақ кәсіподақ
комитетінің тарификациялық, аттестациялық парақтарға, демалысқа шығу
кестелеріне, еңбек тәртібі ережелеріне және т.б. қол қояды;
кәсіподақ комитетінің жұмысын ұйымдастырады;
Кәсіподақ Жарғысында белгіленген өзге де функцияларды атқарады.
4. Бастауыш кәсіподақ ұйымының қаражаты
4.1 Бастауыш ұйымның ақшалай қаржысы кәсіподақ мүшесінің ай
сайынғы жалақысынан түсетін мүшелік жарналардан тұрады.
4.2 Бастауыш кәсіподақ ұйымының қаржысы:
кәсіподақ мүшелері және олардың балаларын демалтуға және
сауықтыруға;
кәсіподақ мүшелеріне материалдық және қайырымдылық көмек
көрсетуге;
мәдени-ағарту шараларына;
ұжымдық қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін мақтау қағазы
және сыйақылармен марапаттауға;
қайырымдылық мақсаттарына;
Кәсіподақ жарғысында, аталмыш Ережеде және кәсіподақ
жиналысының шешімдерінде белгіленген басқа да мақсаттарға жұмсалады.
4.3 Бастауыш ұйымның төрағасы мүшелік жарналарды толық жинау,
оларды міндетті түрде аудару және жұмсау тәртібін сақтау үшін жауапты;
4.4 Бастауыш ұйымның қаржы-шаруашылық және өзге қызметіне
бақылауды, оның тексеру комиссиясы мен жоғары тұрған кәсіподақ органы
жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |