17
семей қаласындағы №3 балалар үйінде тәрбиеленушілердің
рухани-өнегелік дамуы үшін «Душой и сердцем край родной люб-
лю», «Салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні», «Балбөбек», «Дорогою
добра», «Ребенок и компьютер» сияқты авторлық жұмыстар пайда-
ланылады.
семей қаласындағы «подросток» балалар баспанасы ба-
лаларды емдеу-сауықтыру, тәрбиелеу жұмысын және бос уақытты
«Тәрбиеленушіде салауатты өмір салтын қалыптастыру» бағыты
бойынша ұйымдастырады, ол: «Гигиена өмір мен денсаулықты
сақтау шарты ретінде», «Өмірдің әдептік нормалары – адамдар мінез-
құлқының реттеушілері», «Балалармен және ересектермен қарым-
қатынас, өмірдің құқықтық нормалары», «Еңбек дағдылары мен
икемділіктерін қалыптастыру, өмір-тіршіліктің қауіпсіздік негіздері»
сияқты бағдарламалармен орындалады. Есірткілер, алкоголь, темекі
тарту мен уытқұмарлық проблемалары жөніндегі фильмдерді көру
және талқылау ұйымдастырылады.
Республикада сонымен бірге балалардың өмірі отбасылық үлгіде
ұйымдастырылған балалар үйлерінің тәжірибесі де жинақталды.
Отбасылық үлгідегі балалар үйлері, балалар ауылдары бар, ол жерде
құрылған әрбір отбасында өз үйі, өз аналары бар, өзіндік шаруашы-
лық жүргізіледі. Балалар патронаты жүйесі де дамып келеді. Балалар-
ды асырап алуды, қамқорлыққа алуды қолдау жөнінде байыпты шара-
лар қабылдануда. Балалар үйлерін бітірушілердің тұрғын үй пробле-
маларын шешу мен қолдау мақсатымен қалада әлеуметтік мекемелер-
ді бітірушілердің бейімделу орталығы, «Жастар үйі», Жасөспірімдер
үйі (29 жасқа дейін), SOS жасөспірімдер үйі жұмыс істейді. Аналары
нақ осы уақытта материалдық тұрғыда ерекше қиындықтарды басы-
нан өткізіп жатқан аналардың 7 жасқа дейінгі балалары үшін «Үміт»
атты Үміт үйі жұмыс істейді.
Осылайша, Қазақстан Республикасындағы жетім балалар мен ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда
әлеуметтік рөлдердің икемділігі мен саналуандылығын дамытуға
жағдай жасайтын жобалар енгізілуде. Кез келген бағдарлама бұл
жайтты тікелей немесе жанамалай қамтиды.
Жоғарыда сипатталған бағдарламалар арқылы өз қабілеттілік-
терін дамыта отырып, тәрбиеленушілер ән айту мен билеу өнерінде
табыстарға қол жеткізді, спорттың әр түрлерінен өткізілген қалалық,
18
республикалық жарыстардың жүлдегерлері атанды, көркем
шығармашылық бойынша Қазақстанда, АҚШ-та, Англияда, Гол-
ландияда, Ирландияда, Францияда және де басқа елдерде өткізілген
халықаралық және республикалық конкурстардың Гран-приін иеле-
нушілер болып табылады.
1.2. отбасынан тыс тәрбиеленетін баланың жеке
тұлғалық ерекшеліктері
Балалар үйлерінде тәрбиеленетін балалардың психикалық да-
муын көп жылдар бойы зерттеген психологтар И.Лангмейер мен
З.Матейчик [6] «психикалық депривация» түсінігін енгізді. Олар
мұны ұзақ уақыт бойы субъектіге кейбір негізгі өмірлік маңызды
психикалық қажеттіліктерін жеткілікті мөлшерде қанағаттандыру
үшін мүмкіндік берілмейтін өмірлік жағдаяттардың нәтижесінде ту-
ындайтын псхикалық жағдай ретінде түсіндіреді.
Баланың
зияткерлік
дамуының
жеткіліксіздігі
та-
нымдық процестердің дамымағандығынан, әлсіреуі немесе
қалыптаспағандығынан, ойлаудың (көрнекілік-бейнелік, абстракті-
лі-қисындық, ауызшалық және т.б.) нашар дамуынан, есте сақтаудың
нашарлығынан, назар аударудың тұрақсыздығынан, білімдарлықтың
төмендігінен, пәндер мен оқиғаларға ұзаққа созылмайтын
қызығушылықтың нәтижесінде басталған істі аяқтай алмаушылық-
тан, танымдық уәжделудің төмендеуінен және т.б. көрінуі мүмкін.
Психологиялық зерттеулер тәрбиеленушілерде көңіл бөлу
мен есте сақтау даму деңгейінің орташа статистикалық норма-
дан ауытқымайтынын дәледейді. Алайда ішкі күштерді, тірек-
сіз іс-тәжірибелік әрекеттерді талап ететін міндеттерді шешудегі
қабілетсіздіктен көрінетін жағдайда аса тәуелділік, абстрактілік-
қисындық ойлау мен ауызша-қисындық ойлау дамуының төмендеуі
айқындалды. Бұл мәліметтер балалар үйлерінде тәрбиеленушілерді
зияткерлік дамудағы төмендеудің негізгі себептері туа біткен тұқым
қуалаушылық факторлары, орталық жүйке жүйесі жұмысының
анатомиялық-физиологиялық бұзушылықтары емес, ортаның
ықпалы, педагогикалық, жаңсақтықтар болып табылатынын
дәлелдейді. Себептердің біреуі ересектермен сапалы, мазмұнды
қарым-қатынастың жоқтығы болып табылады [8].
Барлық зерттеушілер балалар үйлері тәрбиеленушілерінің жеке
19
тұлғасының қалыптасуындағы көп қиындықтар эмоциялық-ерік-
тік салада: әлеуметтік өзара әрекеттестіктің бұзылуынан, өзіне
деген сенімсіздіктен, өзін-өзі ұйымдаструшылық пен мақсатқа
ұмтылушылықтың төмендеуінен, дербестіктің жеткіліксіз дамуынан,
өзін өзі барабар емес бағалауынан, айналасындағылармен қалыпты
өзара қарым-қатынастар жасауға қабілетсіздіктен, ынтымақтасу
үрдісінің мүлдем жоқтығынан көрініс табатынын атап көрсетеді. Осы
тектес бұзылушылықтар көбінде аса алаңдаушылықтан, эмоциялық
ширығудан, психикалық қажудан, эмоциялық торығудан, әр тек-
ті кедергілерге аса сезімталдықтан, қиындықтарды жеңуге дайын
еместіктен, жетістіктер мен табысты қажетсінудің төмендеуінен,
сенімсіздіктен, қызбалықтан, ұстамсыздықтан, шамадан тыс им-
пульстік белсенділіктен, эмоциялық салқындықтан, өзін өзі
күштеуден, айналасындағылармен эмоциялық қарым-қатынастардың
бұзылуынан, енжарлықтан, торығудан және т.б. байқалады [8].
Балалар үйлерінің жасөспірімдеріндегі бірқатар ерекшеліктер
олардың айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынастары-
нан көрініс табады. Он жасқа жеткенде жасөспірімдерде олардың
ересектермен, құрдастарымен бала үшін іс жүзіндегі пайдалылығына
негізделген қатынастары орнайды, «жақындыққа тереңдемеу»
қабілеттілігі, сезімдердің үстірттігі, моральдық арамтамақтық (нұс-
қау бойынша өмір сүру әдеті), өзінің зияндылығын, қажет еместігін
ойлап, күйзелу қалыптасады.
Араласа білмеу мінез-құлықтың барабар емес ниеті түзулік
немесе озбырлық (мысалы, барлығы үшін айналасындағыларды
кінәлау, өз кінәсін мойындай алмауы мен оған ниет білдірмеуі және
басқалары) сияқты қорғаныстық формаларының басымдыққа ие бо-
луына себеп болады. Бір жағынан, балаларда ересек адамның назар
аударуы мен достық пейілін, адамдық жылуды, мейірім мен оңды
эмоциялық қарым-қатынастарды қажетсінуі артады, екінші жағынан
бұл қажетсінуге толықтай қанағанттанбау байқалады: ересектер та-
рапынан балаларға аз көңіл бөлінуі, бұл қатынастарда жеке тұлғалық
мәселелер сөз болуының аздығы, олардың эмоциялық жұтаңдығы
мен негізінен мінез-құлықты тәртіптеуге бағытталған мазмұнды
бір сарындылық, ересектердің жиі алмасуы. Ересектермен қарым-
қатынастағы санамаланған ерекшеліктер балаларды біріншіден,
толыққанды жеке тұлға қалыптасуының негізінде жатқан өзінің
Достарыңызбен бөлісу: |