пікірімен санасуға, дұрыс сөйлеу қабілетін жетілдіруге, жан-жақты білімін
көрсетуге мүмкіндік береді.
Бастауыш сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:
Мәтіндегі тірек сөздерді табуды және олармен мәтін құрауды; сөз таптарын
ажырату, талдау және оларды топтастыру, өзара салыстыруды; жіктеу
есімдіктерін табуды және оларды септеуді; мәтіннен қаратпа және қыстырма
сөздерді табуды; жай сөйлемге синтаксистік талдау жасауды; өз ойларын еркін
жеткізуді, сөйлемдерді дұрыс құрастыруды; берілген мәтінге жоспар құруды;
қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес орынды сөйлей білуді; диктант (көлемі 65-
75 сөз), мәтін бойынша мазмұндама (мәтін көлемі 150-200 сөз), көлемі 50-60
сөзден тұратын шығарма (сипаттама, баяндама, пайымдау) жазуды; бастауыш
сыныпта оқытылған пәндер бойынша жүйелі білімінің болуынан; алынған
ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен; шығармашылықпен
жұмыс істеу әдістерін меңгеруінен көрінуі қажет;
өз ана тілін жетік білуі және
құрметтеуінен.
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану ғылымындағы
сауаттылығы
Жаратылыстану бағытында 1-4 бастауыш сыныптарда «Дүниетану» пәні
оқытылады. Пәннің ерекше мәнге ие болу себебі ол – барлық жаратылыстану
пәндерінің, оның ішінде биология, география, химия, экология пәндерінің
бастамасы болғандықтан, сол пәндер бойынша элементарлық білім негізі
қаланады. Бала дүниеге келегеннен кейін өзін қоршаған барлық дүниені тануға
талпынады. Бастауыш сынып бүлдіршіні – белсенді дүниетанушы. Сондықтан
осы пәнді оқыту арқылы оқушы тұлғасын тәрбиелеуге басты назар аударылады.
Кез-келген ғылым саласы сияқты жаратылыстану бағытындағы пәндер
оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, ғылыми білім жүйесіне
негізделіп, танымның логикалық–саналы тәсілдеріне арқа сүйей отырып,
оқушыға берілетін теориялық біліммен сипатталып, ғылыми категориялар мен
дәлелдерді кеңінен пайдалануға машықтандырады.
Дүниетаным – әлемге және адамға деген жалпылай көзқарастар жүйесі, ол
адам мен қоршаған әлем арасындағы қарым-қатынастар жүйесі. Дүниетаным
жеке тұлғаның өмірлік бағдарламасын, сенімін және арман-мұраттарын,
құндылықтары мен мүдделерін анықтайды.
Дүниетанымның негізі ретінде философияның барлық құбылыстары,
жайлары, салалары бір-бірімен тығыз байланыста және бір-біріне кірігіп
жатқандықтан бастауыш мектепте қарапайым түсініктер ретінде қалыптасады.
«Дүниетану» пәнін оқыту мақсаты: оқушылардың дүниеге біртұтас
көзқарастарын қалыптастыру және ондағы адамның орнын түсінуге көмектесу.
Көзқарас қалыптастыру – дүниені танудың бір амалы. Осы тұрғысынан
алғанда 1-сыныпта дүниетанудың бастамасы балалардың күнделікті өмірімен
байланысты, күнде көріп жүрген қоршаған ортаны ғылыми тұрғыда
таныстыру болып табылады. Бізді қоршаған табиғаттың өлі және тірі
19
заттарымен таныстыру қарапайым тұрғыда, бірақ ғылыми ұғымдармен және
қарапайым терминдермен (ағаш, құс – тірі зат, күн, ай т.с.с. тірі, өлі табиғат,
зат) жүргізілуі тиіс.
Бұл ұғымдар 2, 3, 4-сыныптарда бірте-бірте дамытылып, кеңейіп,
тереңдетілуі керек.
Жаратылыс құбылыстарын толыққанды ұғыну үшін ғылымилылығы
ескерілген практикалық тұрғыда орындалатын тапсырмалармен алмасады.
Табиғат жөнінде білім беру бала санасында ғылыми әлем бейнесін
қалыптастыруда маңызы зор.
Адам қайдан шыққан? Оның өмірінің маңызы, мақсаты неде, адамның
табиғатындағы биологиялық және әлеуметтіктің ара қатынасы, байланысы
қандай деген мәселелерді талдауға материал береді. Онда, адамгершіліктің,
өнердің, діннің қайнар көзі қандай? Адам әрекетінің табиғатқа әсері қандай?
Жерде тіршілікті, адамды қалай сақтап қалуға болады?,- деген мәселелерге
үйрету арқылы сауаттылығы қалыптасады. Ал төменгі сыныпта осы
мәселелерге бастама болатын биологиялық көзқарасты дамытудың тұғыры
мықты қалануы қажет. Табиғатта болатын өзгерістер, табиғат құбылыстары
(көктем, жаз, күз және қысқы мезгілдердегі маусымдық өзгерістер, туған
жердің табиғаты, табиғатты қорғау т. с. с.) «Дүниетану» пәнінің 1-сыныптан
бастап ұғымдардың қалыптасып, бірте-бірте дамуы тұрғысында оқытылуы
қажет.
Тірі табиғатты оқып үйрену жалпы педагогиканың негізгі құрамдас бөлігі
ретінде қарастырылып оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жолдарын шешуге
мүмкіндік береді.
«
Дүниетану» пәнінде алғашқы «кірпіші» қалануы тиіс бір жағдай
әсемдік,
әдемілік сезімдері. Әдемілік (сұлулық) сезімді адамның рухани әлемін байытуға
бағыттау керек, табиғатты эстетикалық (әсемдік) тануды оны игерудің бір қыры
ретінде пайдалану керек. Оқушыға қызықтыра отырып, көрсете отырып
берілген білім оқушы санасында мықты бекіп, іскерлік дағдысының
қалыптасуына әсерін тигізеді. Ал білім мен іскерлік дағдысының қалыптасуы -
функционалдық сауаттылық қалыптастырудың көзі болып табылады.
Ендеше,
дүниетануды
оқытуда
функционалдық
сауаттылық
қалыптастырудың келесі шарттарын анықтайды, ол оқушыларда сұлулықты
көру мен түсіну, бағалау және оны қолымен ұстау, тәжірибе жасау біліктілігін
дамыту шарттары болып табылады. Егер осы шарттар бастауыш сыныпта
орындалғанда оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасады.
Егер дүниетану пәні бойынша келесі бағыттағы білім негіздері меңгеріліп,
іс-әрекетте қолдана білуге машықтанса, жаратылыстану бағытында
функционалдық сауаттылықтары (немесе құзыреттіліктері) қалыптасады. Олар
келесі құзыреттіліктермен
сипатталады:
1.
Табиғат пен әлеуметтік өмір танымының арасында тығыз байланыс
«адам-табиғат-қоғам» жүйесіндегі өзара тәуелділікті түсіну.
20