6 сынып. Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Астана - бас қала.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Білімдері мен түсініктерін кеңейту, Менің Отаным Қазақстан
модуліндегі алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; оқушылардың
дүниетанымын кеңейту; ауызша ойлау мен сөйлеу қабілетін дамыту; сөз
тіркестерін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру; өзара
сұхбаттасуда ақпарат алу үшін сұрақтар қоюға үйрету.
Тәрбиелік: Туған жеріне деген сүйіспеншілігін, туған қаламызға деген
патриоттық мақтаныш сезімін туғызу, бір-біріне көмек беруге,
ұйымшылдыққа, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесу.
- Жылдың қай мезгілі?
- Қыстың қай айы?
- Бүгін желтоқсанның нешісі?
-Аптаның қай күні?
- Сыныпта кім кезекші?
-Сыныпта кім жоқ?
Бүгін біздің сабағымыз ерекше.Бүгін сабағымызда қонақтар отыр Осы
қонақтарға бар білгенімізді көрсетіп, сабаққа белсенді қатысайық. Ал енді
барлығымыз қол ұстасып , бір-бірімізге сәттілік тілейміз.Ал қазір сабақты
бастамас бұрын спикерлерді таңдайық.
1 топ «Думан» спикер Ленинг Александр
2 топ «Ханшатыр» спикер Ануаров Мадияр
2 топ «Ханшатыр» спикер Герасимова Наталья
Сіздер сабақта оқушыларға әр тапсырма бойынша баға қойып
отырасыңдар, сабақтың соңында кім жақсы жұмыс істегенін айтасыңдар.
Бағалау парағы таратылады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1 топ Қазақстан – менің Отаным әңгіме
2 топ Отан туралы өлең
3 топ Қазақстан Республикасының мерекелері
Балалар біз ҚР мерекелерін еске түсірдік. Ал ертең қандай күн ? – Дұрыс
айтасыңдар.16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні.
-Біздің тәуелсіздігімізге неше жыл болды?
.
ІІІ. Жаңа сабақ
Ал қазір мына бейне клипті көрейік. (Алтынай Жорабаеваның Астана әні
мен Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттерінен презинтация)
Кім айтады бейне клип қай қала туралы?
Астана қаласы туралы.
-Ендеше балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сонда қандай
болды?
-Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Астана қаласы туралы.
-Дұрыс айтасыңдар біздің бүгінгі сабағымыздың тықырыбы «Астана бас
қала»
-Астана қаласында кім болды?
-Біз Астана қаласы туралы не білеміз? Астана қаласы туралы не білеміз?
Ал қане айтып отырып мына класстерді толтырайық.
Ендеше бүгін сабағымызда не істейміз, не үйренеміз, кім айтады?
(Оқушылар сабақтың мақсатын өздері анықтауы керек)
Онда оқулықтарыңның 71 бетін ашыңдар.
Сөздік жұмыс. Тыңдалым. Айтылым. Жазылым.
Мәтінмен жұмыс істемес бұрын жаңа сөздермен танысайық. Жаңа
сөздерді оқу, аудару, сөздік дәптерге жазып алу.
Өзенінің бойында - на берегу реки
Сарайы - дворец
Қонақүй- гостиница
Жастар - молодежь
Танымастай өзгерді - изменилась до не узнаваемости
Тұрғын үйлер - жилые дома
Ескерткіштері қойылған - поставлены памятники
Ұлт өкілдері тұрады – живут представители нации
Тұрғындарының саны – численность населения
Болашағы - будущее
Гүлденеді - процветает
Өзгерді - изменилась
Салынды - построили
ә) Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру.
4.Аудирование. Оқушылар мәтінді тыңдайды.
Оқулықтарыңдағы бет-72 , 2 –жаттығуды іштей оқып шығыңдар, ал енді
мәтінмен жұмыс істеіміз. Оқылым.
Астана –бас қала.
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана. 1997 жылы астана Ақмола
қаласына көшірілді. 1998 жылы Ақмола қаласының аты Астана деп
өзгертілді. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан . Аз
уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында Елбасы
Резиденциясы,Парламент үйі, “Интерконтиненталь” қонақ үйі, Жастар
сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер салынды. Парламент үйінің алдында
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Астана
қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала тұрғындарының саны
518 мың адам. Астана – болашағы үлкен қала. А) Мәтінді оқып. Бейтаныс
сөздері бар сөйлемдерді аударып, мағынасын түсіну.
1 топ «Думан» Мәтін бойынша диалог құрастырасыңдар
2 топ «Ханшатыр» мәтінді әңгімелейді.
2 топ «Ханшатыр» грамматикалық тапсырмалар орындайды.Сын есімнің
шырайларына 2 мысал келтіріп , жазыңдар.
1.Астана қаласы Қазақстанның қай жерінді орналасқан?
2.Есіл өзеннің бойында қандай ғимараттар бар?
3.Парламент үйінің алдында кімдерге арналған ескерткіш бар?
4.Астана қаласында қанша ұлт өкілдері тұрады?
Мәтінмен жұмыстан соң оқушылар бағалау парақтарына бағаларын
қояды.
5.Келесі тест тапсырмасын істеңдер.
Тест.
1.Астана қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқан.
а) Сарыарқа б) шығыс в) батыс с )оңтүстік
2.Астана қаласының символы:
а)ту б)елтаңба в)әнұран с)Бәйтерек
3.Астана .... қала:
а)көне б)ескі в)бас с)таза
4.Астана – Қазақстан Республикасының нешінші астанасы
а) бірінші б) алтыншы в) екінші с) төртінші
5.Астана қаласының тұсаукесер тойы:
а)1998 б)1991 в)1997 с)1995
6.Астананың бұрынғы аты:
а)Ақтобе б)Алматы в)Ақмола с)Орал
7.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
а)Еділ б)Есіл в)Қарасу с)Жайық
8.Астана қаласында қанша ұлт өкілдері тұрады?
а )100 –ден астам б) 130-дан астам в). 200-ден астам с.) 50-ден астам
9.»Астана-столица Казахстана» аудармасын тап:
а)Астана күшті қала б)Астана-Қазақстанның астанасы в)Астана-Қазақстан
қаласы с)Астана жас қала
10.Астананың туған күні:
а)6 шілде б)10 шілде в)10 маусым с) 6 маусым
Жауабы:1.а 2.с 3.в 4. С 5.а 6.в 7.б 8.а 9.б 10.а
Ал енді дәптерлеріңді ауыстырып , бір-бірін бағалаңдар, спикерлер
бағаларды бағалау парағына жазыңдар.
6. Дұрыс, бұрыс
1. Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана
2. 1997 жылы астана Ақмола қаласына көшірілді.
3. 1998 жылы Ақмола қаласының аты Астана деп
өзгертілді.
4. . Ол Ертіс өзенінің бойында Сарыарқа жерінде
орналасқан.
5. Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері
тұрады.
6. Қала тұрғындарының саны 50 мың адам.
7. Астана – болашағы үлкен қала.
IV. Сабақты қорытындылау. Рефлексия
Сонымен балалар біз бүгінгі сабағымызда не үйрендік? Нені білдік?
VII. Үйге тапсырма.Деңгейлік тапсырмалар
ІІІ деңгей
Жаңа сөздерді жаттау
ІІ деңгей
Қ.Мырзалиевтің «Астана» өлеңін жаттап келу.
І деңгей
«Астана – бас қала» шығарма
Ал енді спикерлерге сөз берейік. Бүгін сабақта кім жақсы жұмыс істеді?
Қандай баға қойдыңдар?
Бағалау парақтары байынша оқушыларға баға қою.
Сабағымыз аяқталды . Сау болыңдар!
«Павлодар қаласының №23 ЖОББМ» ММ
ГУ «Средняя общеобразовательная школа №23 города Павлодар»
Ашық сабақтың тақырыбы:
«Астана – бас қала»
Дайындаған:қазақ тілі мен әдебиеті
Жерғасинова Г.Е.
15 желтоқсан 2014 ж
Достарыңызбен бөлісу: |