Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
82
этикеті және іс-қимыл этикеті) білуі тиіс.
4-
сынып оқушылары:
1) болымды, болымсыз, сұраулы сөйлемдерді дұрыс интонациялау (дауыс
ырғағын келтіре айту);
2) er, -est, -y
жұрнақтары арқылы сын есімдер жасау, күрделі зат есімдер
жасау: toy shop, shoe shop, etc;
3) әр сұхбаттасушы тарапынан 4-5 репликадан тұратын этикеттік
сипаттағы диалог, сұрастыру диалогін, әрекет етуге түрткі болатын диалог,
пікір алмасу диалогін жүргізу;
4) өзі, туыстары, достары туралы (жұмыс түрі, кәсібі, қызығушылықтары
мен әуестігі, мектептегі оқуы туралы және т.б.), үй және жабайы жануарлар
туралы, жыл мезгілдері туралы ақпараттарды ұсыну;
5) монолог көлемі 5-6 сөйлемді құрайды;
6)
аудио-, бейнематериалдардың негізгі мазмұнын түсіну, мәтіннің
дыбысталу уақыты – 1 минутке дейін;
7) дұрыс дауыс ырғағымен және дұрыс екпінмен дауыстап мәнерлеп оқу;
8) оқудың негізгі түрлерін ажырата білу (танысу, зерделеу және, іздеу-
қарау), мәтін көлемі 50-60 сөзден артық емес;
9) жеке және электрондық хаттарды жазу, хаттың көлемі – 30-40 сөзге
дейін; өзі туралы қысқаша ақпаратты баяндау, коммуникативтік міндеттерге
сәйкес мәтіннен үзінді көшірмелер жасай білуі тиіс.
3-
сыныптан бастап шет тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді жазуға арналған
сөздіктерді енгізу ұсынылады. Оқушылардың жаттығулар мен грамматикалық
тапсырмаларды орындауға арналған жұмыс дәптерлері болуы қажет.
Бақылау жұмыстарының ұсынылатын нормалары
Алған білімдерінің динамикасын анықтау мен мониторингін жасау үшін
әрбір тоқсанның аяғында бақылау жұмысын жүргізу ұсынылады.
Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала
отырып, әрбір тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика және
грамматика бойынша 15 тапсырма, тыңдалым – 5 тапсырма, оқылым – 5
тапсырма. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға – 14-20 балл, «3» деген
баға – 1-13 балға қойылады.
Жазба жұмыстарының ұсынылатын нормалары
Жұмыстың бұл түрі оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын және жазу
дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, жеке хат, электрондық хат,
суреттегі адам туралы бірнеше сөйлем жазуды ұсынуға болады (оқушы бұл
адамның аты-жөнін, мекенжайын ойдан шығарады), мәтінді ағылшын тілінде
көшіріп жазу, оқу міндетіне сәйкес одан сөздерді теріп жазу немесе оған
сөздерді қойып жазу, үлгіге қарап отырып, қысқаша құттықтаулар жазу:
3-
сыныпта – 20-25 сөзге дейін,
4-
сыныпта – 30-40 сөзге дейін.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
83
«МАТЕМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ
«
Математика» оқу пәні бастауыш білім беру деңгейінде «Математика»
білім саласының кіріктірілген оқу пәні болып табылады. Оны оқып-білу нөл
мен 1 000 000 көлеміндегі натурал сандардың арифметикасын, маңызды
шамаларды, сондай-ақ негізгі орта білім беру деңгейінде одан әрі қарай
оқытуды жалғастыру үшін алгебра және геометрияның қарапайым алғашқы
түсініктерін қамтиды.
Математика
Оқу пәні ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның
интеллектуалды дамуының қажетті деңгейіне жетуге бағытталған
математиканың базалық негізін сапалы меңгеруді, көрнекі-бейнелік, логикалық
және абстрактылы ойлауды қалыптастыруды, негізгі орта білім деңгейінде
алгебра мен геометрияны меңгеруге практикалық негіз жасауды қамтамасыз
етеді.
3-
сыныпта қайталауға берілген сағаттар саны 4 сағаттан 14 сағатқа дейін
артты. Осыған байланысты алғашқы 14 сабақтың мазмұны толығымен
өзгертілген.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
3, 4-
сыныптарда – аптасына 5 сағат, оқу жылына 170 сағатты құрайды.
19-
кесте – Тексеру және бақылау жұмыстарының саны
Қорытынды бақылау
жұмыстарының саны
(құрама бақылау
жұмысы
3-
сынып
4-
сынып
Тақырыптық Бақылау Тақырыптық Бақылау
Тоқсан
I
2
2
2
2
II
2
1
2
1
III
2
1
2
1
IV
2
1
2
1
Барлығы
8
5
8
5
Кіріс бақылау жұмысындағы қиын тапсырмалар қосымша тапсырма
ретінде беріледі және тек қана «4» немесе «5» деген баға қойылады; кіріс
жұмысы үшін журналға «2» бағасы қойылмайды.
Қатемен жұмыс жасау барысында міндетті түрде есепті шығарудың
жолдарын талдау қажет.
20-
кесте – Бақылау ауызша есептеу және математикалық диктанттардың
саны
Жұмыс түрі
3-
сынып
4-
сынып
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
84
I жарты
жылдық
II жарты
жылдық
I жарты
жылдық
II жарты
жылдық
Ауызша
Есептеу
2
2
2
2
Математикалық
Диктант
2
2
2
2
Ауызша есептеу мен математикалық диктанттың бағалау нормалары
Бақылау ауызша есептеу: «5» бағасы – қатесіз; «4» бағасы –1-2 қате; «3»
бағасы – 3-4 қате.
Бақылау математикалық диктанты: «5» бағасы – қатесіз; «4» бағасы – 1-2
қате және 1-2 кемшілік; «3» бағасы – 3-4 қате және 1-2 кемшілік; «2» бағасы –
5 және одан көп қате.
Бағалау нормасы
Бағаның төмендеуіне әсер ететін қате мен кемшіліктердің жіктелуі
Қателер:
-
тапсырманы орындау негізінде немесе оны орындау барысында
қолданылатын негізгі ұғымдардың анықтамасын, ережелерін, алгоритмдерін
білмеу және дұрыс қолдана алмау;
-
амал, тәсілдерді дұрыс таңдамау; тапсырманың мақсаты есептеу білігі
мен дағдысын тексеру кезінде қате есептеу;
-
дұрыс жауап алуға әсер ететін математикалық есептеулер, амал,
тәсілдерді қалдырып кету;
-
түсіндірме мәтіннің, тапсырма жауабының, шама атауының орындалған
амал мен алынған нәтижеге сәйкессіздігі, орындалған өлшеулер мен
геометриялық құрылымның берілген параметрге сәйкессіздігі.
Кемшіліктер:
-
мәліметтерді (таңбалар, сандар, белгілеу, шамалар) дұрыс көшірмеу;
-
математикалық ұғымдардың, шамалардың қате жазылуы;
-
тапсырма жауабының болмауы немесе жауабында жіберілген қателер;
егер 2 кемшілігі болса, ол 1 қатеге саналады.
Өрескел қателер:
-
мысалдар мен есептердегі есеп қателері, арифметикалық амалдарды
орындау тәртібін білмеудегі қате;
-
есепті қате шығару (амалдарды орындамау, амалдарды дұрыс таңдамау,
артық амалдар);
-
есепті немесе мысалды аяғына дейін шығармау; орындалмаған
тапсырма.
Өрескел емес қателер:
-
есептеудің тиімсіз тәсілдері; есепті шығаруда амалға сұрақтың дұрыс
қойылмауы;
-
қате тұжырымдалған есептің жауабы;
-
мәліметтерді қате көшіру (сан, белгі); түрлендірулерді аяғына дейін
Достарыңызбен бөлісу: |