Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет22/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
52 
құндылықтары  енгізілген.  Бастауыш  білім  деңгейінің  1-4-сыныптарына 
арналған  «Дүниетану»  пәнінің  Үлгілік  оқу  бағдарламасында  оқыту 
мақсаттарының  ішінде  –  Қазақстанның  ресми  емес  рәміздерінің  маңызын 
түсіндіру  («Алтын  адам»,  «Бәйтерек»  монументтері,  «Мәңгілік  Ел»  салтанат 
қақпасы). 
Осындай  жұмыстар  негізгі  және  жоғары  мектеп  пәндерінің  Үлгілік                    
оқу бағдарламаларында да жалғасады. 
Мектептердің  2017-2018  оқу  жылындағы  тәрбие  жұмысының  тағы  бір 
ерекшелігі  Мемлекет  басшысы  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар: 
рухани  жаңғыру»  атты  мақаласындағы  қоғамды  рухани  жаңғыртудың  
ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерді терең зерделеу және білім 
алушылар  арасында  таратуды  ұйымдастыру  болып  табылады.  Елбасы: 
«
Мақсатқа  жету  үшін  біздің  санамыз  ісімізден  озып  жүруі,  яғни  одан  бұрын 
жаңғырып  отыруы  тиіс.  Бұл  саяси  және  экономикалық  жаңғыруларды 
толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», – деп атап көрсетті. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  бағдарламалық 
құжаттың  «ХХІ  ғасырдағы  ұлттық  сана  туралы»  1-  бөлімінде  тұтас 
қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын 
атап өтеді. 
1. Бәсекелік қабілет 
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін 
арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. 
2. Прагматизм 
Нақты  мақсатқа  жетуге,  білім  алуға,  салауатты  өмір  салтын  ұстануға, 
кәсіби  тұрғыдан  жетілуге  басымдық  бере  отырып,  осы  жолда  әр  нәрсені 
ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы. 
Бүгінде  радикалды  идеологиялар  ғасыры  келмеске  кетті.  Реализм  мен 
прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды. 
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау 
Ұлттық  жаңғыру  деген  ұғымның  өзі  ұлттық  сананың  кемелденуін 
білдіреді. 
4. Білімнің салтанат құруы 
Мақалада  құндылықтар  жүйесінде  білімді  бәрінен  биік  қоятын  ұлт  қана 
табысқа жететіндігі баса айтылады. 
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы 
Мемлекет Басшысы ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да 
зұлмат ғасыр болғандығын атап өтті. 
Біріншіден, ұлттық дамудың көнеден жалғасып келе жатқан өзімізге ғана 
тән  жолы  біржола  күйретіліп,  қоғамдық  құрылымның  бізге  жат  үлгісі  еріксіз 
таңылды. 
Екіншіден,  ұлтымызға  адам  айтқысыз  демографиялық  соққы  жасалды. 
Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді. 
Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады. 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
53 
Төртіншіден, еліміздің көптеген өңірлері экологиялық апат аймақтарына 
айналды. Мұндай жағдайда білім алушылармен апат қауіп-қатерінің азаюы мен 
қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылау маңызды.  
Сонымен қатар, Президент ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де 
бергеніне назар аударды. 
Бүгінде  революциялар  өңін  өзгертіп,  ұлттық,  діни,  мәдени,  сепаратистік 
перде  жамылды.  Бірақ,  бәрі  де,  түптеп  келгенде,  қантөгіспен,  экономикалық 
күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз. 
«Сондықтан,  –  деп  жазады  Н.Ә.  Назарбаев    –  әлемдегі  оқиғаларды  ой 
елегінен  өткізіп,  қорытынды  жасау  –  қоғамның  да,  саяси  партиялар  мен 
қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани 
жұмысының бір бөлігі». 
6. Сананың ашықтығы 
Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді. 
Біріншіден,  ол  дүйім  дүниеде,  Жер  шарының  өзіңе  қатысты  аумағында 
және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.  
Екіншіден,  ол  жаңа  технологияның  ағыны  алып  келетін  өзгерістердің 
бәріне  дайын  болу  деген  сөз.  Таяудағы  он  жылда  біздің  өмір  салтымыз 
түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек. 
Үшіншіден,  бұл  –  өзгелердің  тәжірибесін  алып,  ең  озық  жетістіктерін 
бойға сіңіру мүмкіндігі. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  өзінің  іргелі 
еңбегінің «Таяу жылдардағы міндеттер» тарауында алдағы жылдарда мықтап 
қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынады. 
Біріншіден,  қазақ  тілін  біртіндеп  латын  әліпбиіне  көшіру  жұмыстарын 
бастау қажет.  
Екінші,  қоғамдық  және  гуманитарлық  ғылымдар  бойынша  «Жаңа 
гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. 
Ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім беруге 
мүмкіндік береді. Жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет 
сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты 
күшке  айналады.  Осылайша,  болашақтың  негізі  білім  ордаларының 
аудиторияларында қаланады.  
Үшіншіден,  Президент  «Туған  жер»  бағдарламасын  қолға  алуды 
ұсынады. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. 
Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен 
атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген 
халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- 
генетикалық кодының негізі. 
Патриотизмнің  ең  жақсы  үлгісі  орта  мектепте  туған  жердің  тарихын 
оқудан көрініс тапса игі. 
Төртіншіден,  Елбасы  жергілікті  нысандар  мен  елді  мекендерге 
бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан 
да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз қажет деп 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау