Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
280
-
діни, рухани маңызды мәселелер бойынша әртүрлі ой-талқы жасау,
пікір-таластыра білу, осы саладағы маңызды оқиғалар мен құбылыстар,
тұлғалар туралы мәліметтерді сауатты жеткізе білу;
-
өз бетімен зайырлық және діни шығармалар туралы қажетті ақпараттық
деректер нұсқасында тауып және оларды сараптай отырып қолдана біледі.
Оқыту барысында мұғалім оқушыда экстремистік, террористік діни топтар
және ағымдар идеологиясы мен тәжірибелеріне қарсы имунитет
қалыптастыруға қол жеткізуі тиіс.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
281
6
ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Шағын жинақты мектептерде білім беру қызметін ұйымдастыруда «Білім
туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Білім
берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты, «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
17 қыркүйектегі №375 бұйрығы (3-қосымша) (бұдан әрі – Үлгілік қағида)
басшылыққа алынады.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шағын жинақты
мектепті білім алушылар контингенті шағын, біріктірілген сынып
жиынтықтары және оқыту сабақтарын ұйымдастырудың арнайы формасы бар
жалпы білім беретін мектеп ретінде анықтайды.
Шағын жинақты мектептер мен тірек мектептерінің (ресурстық орталық)
қызметі Үлгілік қағидаларға және өзінің жарғысымен үлгілік оқу
бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
«Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы
орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес,
шағын жинақталған мектепте:
жекелеген пәндерді оқыту кезінде және сыныпта 10-16 білім алушы
болған жағдайда кіші топтарға бөлуге жол беріледі;
-
сыныптарды бір сынып-жиынтыққа қосу және біріктіру кезінде әртүрлі
жастағы білім алушылар саны 10 адамнан аспауы тиіс;
-
сыныпты 3-10 адам аралығындағы және одан артық адамға толықтыруға
рұқсат етіледі;
-
үш немесе төрт сыныпты біріктірген кезде оқыту сабақтарын
ұйымдастырудың сырғымалы кестесі қолданылады;
-
бірінші және бітіруші сынып білім алушыларын біріктіріп оқытуға жол
берілмейді.
-
түрлі жастардағы оқыту әдістемелерін қолдану кезінде 2-ші және 3-
сыныптарды; 3-ші және 4-сыныптарды, немесе 2-ші және 4- сыныптарды; 5-ші
және 6-сыныптарды, 6-шы және 7-сыныптарды; 7-ші және 8-сыныптарды
біріктіруге рұқсат етіледі.
Шағын жинақты мектептегі оқу іс-әрекетін ұйымдастыру дамытушы
педагогикалық орта құруды талап етеді, оның негізінде әртүрлі жастағы білім
алушылардың өзара өнімді іс-қимылдарын және өз білімін жетілдіру идеясын
жүзеге асыруға болады. Шағын жинақты мектеп өзінің білім беру әрекетінде
келесі ұстанымдар мен тәсілдерді басшылыққа алады:
-
білім алушылардың әртүрлі жаста екендігін ескеру;
-
бір пәндік және бір тақырыптық ұстанымдарға негізделген кіріктіре
оқыту сабақтарын ұйымдастыру;
-
біріктірілген сыныптар үшін өзгермелі сабақ кестесін құрастыру;
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
282
-
даралап және саралап оқыту;
-
оқу процесінің технологиясы мен мазмұнын бейімдеу және
вариативтілігі;
-
білім алушылардың өздігінен білім алу қабілетін дамыту;
-
тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда мәдени орталықтардан шалғай
орналасқандығын ескеру;
-
білім алушылардың оқу барысындағы бір-біріне өзара көмектесуі және
ынтымақтастығы.
Өз кезегінде, түрлі жастағы топтарда сабақты ұйымдастыру келесі
қағидаттарға негізделеді:
−
түрлі жастағы білім алушыларды оқыту құралдарын, оқыту мазмұнын,
тапсырмаларды кіріктіру және саралау;
−
өзара оқыту;
−
әртүрлі жастағы білім алушылардың өзара әрекеттерін басқару;
−
балалардың психологиялық қорғанысын қамтамасыз ету;
−
оқу сабағындағыбілім алушылар құрамының жас ерекшеліктік ауқымын
оңтайландыру. Білім алушылардың тиімді өзара әрекеттестігі үшін кеңес
берілетін жас ерекшелік ауқымы – 3-4 жастан артық емес.
Сыныптарды біріктіру екі есе дайындалуды, сондай-ақ екі сабақ
жоспарын бір жоспарға біріктіруге және сабақ барысында барлық білім
алушылардың толық әрекеттілігін қамтамасыз етуге негізделген арнайы
жоспарлауды талап етеді. Бұл жағдайда білім алушылардың өзіндік жұмысы,
сондай-ақ топтық немесе жұптық жұмысы сабақтағы білім алушылар әрекетінің
міндетті және жүйелі түріне айнала отырып, мұғалімге бір немесе екінші білім
алушылар тобына кезек-кезек көңіл бөлу мүмкіндігін ұсына отырып, маңызды
мәнге ие болады.
Бұл жұмыстар бағдарламаның талаптары мен білім алушылардың
қабілетіне қарай, олардың мүмкіндіктерін ескере отырып, саралап жүргізіледі.
Әртүрлі жастағы білім алушыларға өзіндік жұмыс ұйымдастыру оқу
материалының мазмұнын тиянақты саралауды талап етеді. Әр сыныптың
бағдарламасына сәйкестік деңгейін, білім алушылардың жас ерекшелігін ескере
отырып, қосымша үлестірме материалдар әзірленеді.
Шағын жинақты мектептің ерекшелігі – сабақтың барлық кезеңдерінде
жүргізілуі мүмкін күн сайынғы білім алушылардың өзіндік жұмысына
негізделеді. Бір сабақтағы өзіндік жұмыстар саны реттелмейді. Жаңартылған
білім мазмұнына көшу барысында білім алушылардың өз бетінше білім алу
қабілеттерін арттыру маңызды орын алады. Өздігінен білім алатын, жан-жақты
ізденетін, өмір жолын өзі болжай алатын тұлғаны қалыптастыруда өзіндік
жұмыстардың құрылымын, мұғалім ізденіске бағыттайтын жетекші позициясын
ұстанатын, жүйеленген дамытушылық бағыттағы іс-әрекетке айналдыру қажет.
Сонымен қатар, бастауыш мектеп білім алушыларының өзіндік жұмысы
үшін уақыт шектеулері белгіленген: 2-сыныптағы жазу сабағында – 20
минуттан артық емес, 3-сыныпта – 25 минуттан артық емес; 2-сыныптағы
Достарыңызбен бөлісу: |