Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі



жүктеу 4,07 Kb.
Pdf просмотр
бет46/83
Дата05.03.2018
өлшемі4,07 Kb.
#11558
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   83

121
Біріншіден  -  бұл  жергілікті  басқару,  ол  жарықтандыру  аппаратурасын 
қоректендіретін  желілерге  (қосалқы  станциялар  қалқаншаларына,  магистралдық 
қалқаншаларға  жəне  т.т.)  тікелей  коммутациялық  жəне  басқару  аппараттарын  орнату 
арқылы қамтамасыз етіледі. Мұндай жүйелер тек бір қоректендіру орталығы бар шағын 
оқшауланған жарықтандыру желілерінде ғана қолданылады. 
Тарамдалған  желілерде  жарықтандыруды  қашықтан  басқару  қарастырылған, 
əдетте,  бұған  қоректендіру  жəне  топтық  жүйелер  желілеріне  магниттік  қосқыштар 
орнатудың арқасында қол жеткізіледі. 
Мұндай жүйе бірыңғай диспетчерлік пунктен қосылады. 
Оған қоса, қосалқы станциядан қоректендірілетін желіні қосу сигналы алдыңғы 
қосалқы  станциядан  қоректендірілетін  желінің  ұшындағы  кернеудің  барлығы  болып 
табылады. Яғни, қалалар мен елді мекендердің сыртқы жарықтандыру қондырғыларында 
қашықтан  басқарудың  каскадтық  схемасы  кеңінен  қолданылады.  Мұнда  сыртқы 
жарықтандырудың  тарату  желілерінің  учаскелерін  басқару  екінші  учаскенің  магниттік 
қосқышының  катушкасын  бірінші  желінің  катушкасына  үшінші  учаскенің  магниттік 
қосқышының  катушкасын  екінші  желінің  катушкасына  жəне  т.т.  жалғау  жолымен  іске 
асырылады. 
Телемеханикалық схема да ықтимал, мұнда магниттік қосықыштарды қосу жəне 
ажырату  телемеханикалық  құрылғылардың  көмегімен  диспетчерлік  пунктерден 
жүргізіледі. 
Одан  бөлек,  магниттік  қосқыштарды  жарықтандыру  желілеріне  жəне 
бағдарламалық  релеге,  фоторелеге  немесе  табиғи  жарықтылық  деңгейіне  немесе  тəулік 
мезгіліне  қарай  жарықтандыруды  қосатын  фотоэлектрлі  автоматты  орната  отырып, 
автоматты бағдарламалық немесе фотоавтоматты басқару кеңінен қолданылады. 
Қалалар  мен  елді  мекендердің  көше  жарықтандыруы  үшін  жарықтандыруды 
қашықтан  басқару  жүйелері  жарықтандыру  қондырғыларының  екі  жұмыс  режимін 
қарастырады  -  кешкі  жəне  түнгі.  Кешкі  режимде  барлық  жарықтандыру  аспаптары 
қосылады,  түнгі  режимде,  қозғалыстың  қарқыны  бəсеңдегенде,  -  жарықтандыру 
аспаптарының бір бөлігі өшіріледі (көбінесе қандай да бір немесе екі фазаға жалғанған 
шырағдандар  өшіріледі).  Алайда  бұл  ретте  жол  төсемін  жарықтандырудың  əркелкілігі 
коэффициенті рұқсат етілмеген шектерге дейін ұлғаяды.
Екіншіден,  жарықтандыру  желілерінің  жай-күйін  жəне  көше  жарықтандыруы 
шкафтарына  (КЖШ)  кіруді  жедел  бақылаудың  жоқтығы.  Жоғарыда  тізбеленген  басқару 
жүйелерін бірсыпыра себептердің болуынан энергия үнемдеу тұрғысынан тиімдігі жоғары 
деп  атауға  болмайды.  Біріншіден,  жарықтандырудың  қолмен  қосып-ажырату  жүйелері, 
тəжірибе көрсеткендей оларды пайдалану электр энергиясын артық жұмсалуына əкеледі 
(көбінесе  адами  фактормен  байланысты).  Екіншіден,  жоғарыда  айтылғандай,  түсті 
металлдарды  жəне  жабдықтарды  ұрлау  мақсатында  жүйенің  қуатын  басқарудың 
тиімділігінің аздығы (бұл əсіресе, соңғы кезде маңызды). 
Осылайша,  көше  жарықтандыруын  қосуға  ғана  емес,  өшіруге  де,  сондай-ақ 
жүйенің энергия тұтынуын ретке келтіруге, жабдықтың тұтастығы мен рұқсатсыз кіруді 
бақылауға,  жедел  персоналға  желідегі  апаттық  жағдайлар  туралы  уақтылы  хабарлауға 
мүмкіндік беретін жарықтандыруды басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (ЖБАЖ) 
құру қажеттігі туралы қорытынды жасауға болады.
Алайда  мұндай  басқару  жүйелері  жарықтандыруды  түнгі  режимге  ауыстырып 
қосқанда  бір-екі  фазаны  өшіру  əдісін  қолданады.  Бірақ  бұл  жоғарыда  айтылғандай, 
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


122
жолдарды  жарықтандырудың  əркелкілігін  арттырады.  Көше  шырағдандарына  дəстүрлі 
электр магниттік іске қосу-реттеу аппараттарының орнына электрондық іске қосу-реттеу 
аппараттарын  (ЭІРА)  пайдалану  мұны  болдырмауға  мүмкіндік  береді.  Бұл  құрылғылар 
шамның  тұтынатын  тогын  жəне  оның  жарық  ағынын  басқаруға  мүмкіндік  береді. 
Осылайша,  жүйенің  тұтынатын  қуатын  азайтуға  қол  жеткізу  үшін  жарықтандыру 
аспаптарының бір бөлігін толық өшірудің қажеттілігі жоқ. Ал бұл барлық шырағдандардың 
жарық ағыны жол төсемін жарықтандырудың əркелкілігін арттырмай, біркелкі өзгеретінін 
білдіреді. Алайда бұл схеманы айтарлықтай қымбаттатады. Қабылдағыштан – басқарушы 
сигналдарды түрлендіргіштен бөлек əр ЭІРА-да əр шырағданға басқарушы сигналдардың 
өзінің  бөлінген  желісін  тарту  қажет  болады.  Мұндай  жағдайдан  шығар  жол  басқару 
сигналдарын  тікелей  жарықтандыру  желісінің  бойымен  беруге  мүмкіндік  беретін 
құрылғыны пайдалану болады. 
220  В  желінің  бойымен  ақпарат  берудің  бүкіл  жүйесін  екі  үлкен  топқа  бөлуге 
болады:
- ақпарат сигналын жиілігі төмен 50 Гц токты модуляциялау ретінде пайдаланатын 
жүйелер; 
-  желіде  50  Гц  ерекшеленетін  бір  немесе  бірнеше  тасушы  жиіліктерде  өзіндік 
сигналын қалыптастыратын жүйелер.
Құрылғылардың бірінші тобы қабылдағыштардың қарапайым схемаларында өте-
мөте  жоғары  бөгеуілге  төзімділігімен  ерекшеленеді,  бірақ  ақпаратты  берудің  өте  аз 
жылдамдығына  ие  болады  жəне  қуаты  жоғары  тиристорлық  коммутаторларының 
таратқыштарында қолдануды қажет етеді. 
Одан  бөлек,  бөлек  алынған  тармақтағы  жарықтандыруды  іріктемелі  басқаруды 
қамтамасыз ету үшін оған жапсарлас басқару шкафтарына коммутаторлар орнату қажет, 
бұл бүкіл жарықтандыру жүйесін жаһандық қайта құру қажеттігіне əкеледі. 
Аталған түрдегі жүйелер мынадай қасиеттерге: 
- беру жылдамдығы айтарлықтай көп, дəлірек, желідегі импульстік бөгеуілдердің 
арасына ақпараттың үлкен топтамаларын беру мүмкіндігіне; 
-  ақпарат  арнасын  тек  жарықты  басқаруға  ғана  еме с,  сондай-ақ 
«интеллектуалдық»  шырағдандар,  яғни  ағымдағы  жай-күй  туралы  ақпаратты  орталық 
пультке  беру  мүмкіндігі  бар  шырағдандарды  жасақтауға  дейінгі  жүйенің  тораптары 
арасындағы байланысты (ақпарат алмасу) басқаруға пайдалану мүмкіндігіне;
- ақпараттық сигнал электр тарату желісінің тұтастығын тексеруге пайдаланылуы, 
сондай-ақ электр қуаты өшірілгенде оынң жай-күйін бағалауға қолданылуы мүмкін, бұл 
сыртқы жарықтандыру жүйелері үшін маңызды; 
-  олардың  құрылымдық  жəне  аппараттық  өзгерістерсіз  немесе  түзетулерсіз 
қолданыстағы жарықтандыру жүйелеріне кірігу мүмкіндігіне ие болады [49].
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


жүктеу 4,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау