«Жасыл» стандарттар
«Қазақстанға арналған жасыл қаржы жүйесі» жобасының А.6.3 міндеті
Түпкілікті есеп
Ақпарат
27.03.2017 ж.
A.6.3 «Жасыл» стандарттар
Ақпарат
Түпкілікті есеп
27.03.2017 ж.
1 / 26
Мазмұны
1. Кіріспе ......................................................................................................................................................... 3
1.1 Алғышарттар мен мақсаттар ................................................................................................................. 3
1.2 Контекст ................................................................................................................................................. 4
1.3 Тәсілдеме .............................................................................................................................................. 5
2. «Жасыл» стандарттар ............................................................................................................................... 8
2.1 Климат өзгерістерімен байланысты қаржылық ақпаратты ашу жөніндегі арнайы жұмыс тобы .......... 8
2.2 ЕҚДБ экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерін басқару рәсімдері ............................................... 10
2.3 Климат өзгерістері туралы ақпаратты ашу стандарттары жөніндегі кеңес ........................................ 11
2.4 Көпжақты банктердің жалпы қағидаттары .......................................................................................... 12
2.5 Экватор қағидаттары ........................................................................................................................... 13
2.6 «Жасыл» облигациялар саудасының қағидаттары ............................................................................ 14
2.7 Халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) Парник газдарының шығарындыларын есепке алу
стандарты .................................................................................................................................................. 14
2.8 Климаттық облигациялар саудасының стандарты ............................................................................. 15
2.9 Жауапты инвестициялау қағидаттары ................................................................................................ 16
2.10 Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының климат өзгерістері жөніндегі негіздемелік конвенциясы (БҰҰ
КӨНК) бойынша климат өзгерістеріне қатысты есептілік стандарттары ................................................. 17
3. Қысқаша ақпарат ..................................................................................................................................... 19
3.1 Таңдалған стандарттардың қолайлылығы.......................................................................................... 19
3.2
Тиісті стандарттарды таңдау ............................................................................................................... 21
3.3 «Жасыл» стандарттарды таңдау үрдісіне ықпал ететін басқа факторлар ........................................ 23
A.6.3 «Жасыл» стандарттар
Ақпарат
Түпкілікті есеп
27.03.2017 ж.
2 / 26
ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ ЖӨНІНДЕГІ МӘЛІМДЕМЕ:
Бұл есеп тек қана ЕҚДБ және АХҚО үшін арнайы дайындалған және бұл ақпарат үшінші тұлғаларға
тек иллюстрация ретінде ұсынылуы тиіс. ЕҚДБ осы есепте баяндалған ақпараттың дәлдігі мен
толықтығына қатысты ешқандай анық немесе болжамды түрде мәлімдеме жасамайды және кепілдік
бермейді. ЕҚДБ осы есептегі кез-келген ақпаратқа ешқандай тәуелсіз тексеру жүргізбеген және
ЕҚДБ осы есептегі кез-келген ақпарат немесе оған қатысты кез-келген бұрмалаушылықтар немесе
олқылықтар үшін ешқандай жауапкершілік көтермейді.
Ризашылықты білдіру
«Жасыл» стандарттар жөніндегі бұл есеп «Астана» халықаралық қаржы орталығының тұрақты
энергетика саласындағы бастамасы аясында ЕҚДБ климат өзгерістері және қуатты тиімді
пайдалану жөніндегі жұмыс тобына арналып дайындалды. Талдамалық және редакциялық жұмыс
тобына жетекшілік жасағандар Ян-Виллем ван де Вен (Jan-Willem van de Ven) (ЕҚДБ), Айгүл Кусалиева
(АХҚО) және Әсел Нұрахметова (АХҚО). Талдаушылық көмекті Зейнеп Кансевер (Zeynep Cansever)
(ЕҚДБ) ұсынды. Кристиан Брюнинг (Kristian Brüning) (Climate Wedge Oy) есеп тарауларын әзірлеуде
редакторлық топқа басшылық жасап, редакциялық шолу мазмұны жөнінен Ханна-Мария Ахонен
(Hanna-
Maria Ahonen) (GreenStream Oy) қолдау көрсетті.
A.6.3 «Жасыл» стандарттар
Ақпарат
Түпкілікті есеп
27.03.2017 ж.
3 / 26
1.
Кіріспе
1.1
Алғышарттар мен мақсаттар
Ақпаратты ашу ережелерін, өнім стандарттарын ілгері дамытатын бірқатар халықаралық ұйымдар мен
желілер, инвестор коалициялары мен "жасыл қаржыландыру" жөніндегі салалық желілер бары белгілі.
Бұл ұлттық, аймақтық және жаһандық базалық құрылымдар «жасыл» қаржы нарықтарының дамуын
қолдап отырады.
Бұл құрылымдар нарықтағы бірқатар функцияларды орындайды, соның ішінде: ашықтықты арттыру,
тәуекелдерін бөліп көрсету, идея алмасу, инвестициялардың экологиялық және әлеуметтік зардаптарын
бағалау және өлшеудің әдіснамасын анықтау және ережелерін кіргізу. Кейбір құрылымдар қаржы
нарықтарына арналған «жасыл» стандарттарды анықтаумен айналысады. БҰҰ қоршаған орта бойынша
бағдарламасының (UNEP FI) аясындағы Қаржылық бастама жөніндегі алдағы есепте тұрақты
қаржыландыру саласындағы негізгі нарықтық бастамалар мен серіктестік қатынастар көрсетілген
1
.
Төмендегі 1-суретте банк саласындағы маңызды бастамалар (мысалы, «Тұрақты банк желісі», Экватор
қағидаттары), инвестициялар (мысалы, БҰҰ жауаптылықпен инвестициялау қағидаттары, Көміртегі
шығарындылары туралы ақпаратты ашу жобасы) және сақтандыру (мысалы, Тұрақты сақтандыру
қағидаттары) мен әр бастаманың мазмұнының көлеміне шолу жасалған. «Жасыл» стандарттар сонымен
қатар компания деңгейіндегі жұмыс операциялары мен өнімдер (мысалы, ISO 14000 стандарттары),
сондай-ақ нақты секторлар (мысалы, Цемент саласын тұрақты дамыту жөніндегі бастама) мен жобалар
(мысалы, Экологиялық таза даму механизмі) бойынша қол жеткізуге болады.
Париж келісіміне сәйкес елдер климат саласындағы әрекеттер мен қолдауларға арналған
транспаренттіліктің кең көлемді жаңа құрылыммен бетпе-бет келеді, соның ішінде климат саласындағы
жобаларды қаржыландыру жөніндегі есептілік, алынған және жинақталған, сондай-ақ жағымсыз
зардаптары мен нәтижелерімен байланысты 2018 жылдың аяғына қарай анықталып, белгілі бір уақытта
түзетіліп тұруға тиісті толық шарттары, рәсімдері және басшылық қағидаттары кіреді.
2
«Жасыл» климат
қоры (ЖКҚ) аясында жағымсыз зардаптарын бағалау мен тиімділік көрсеткіштерін өлшеуге бейімделу
шеңберіндегі өзіндік бағалау рәсімдері жасақталады.
3
Париж келісіміне сәйкес келетін және ашықтық
жүйесіне қатысы бар, сондай-ақ "Жасыл" климат қоры (ЖКҚ) аясындағы тұжырымдамаларға сәйкес
келетін ақпаратты жинақтайтын "жасыл" стандарттарды қолданудың болашақта маңызы зор болуы
мүмкін.
1
БҰҰ қоршаған орта бойынша бағдарламасының (UNEP FI) аясындағы қаржылық бастама: Тұрақты
қаржыландырудың құбылмалы ландшафты: басшылық әрекеттерінен нарық трансформациясына дейін (басып
шығаруға дайындалып жатыр).
2
http://unfccc.int/resource/docs/2015/cop21/eng/10a01.pdf
3
https://www.greenclimate.fund/documents/20182/24946/GCF_B.08_07_-
_Further_Development_of_the_Initial_Results_Management_Framework.pdf/7c362a8f-7b1e-4519-9bf2-04aa93806c97