Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет88/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   135

Қазақ тілі 

 

271 



Ата-ана,  жасырынбақ,  ат,  шебер,  бет,  талап,  көктем,  көк, 

жаз, ай, жұлдыз, мол, айқын. 



 

53-тапсырма.  «Күз  береке»  деген  тақырыпқа  мәтін 

құрастырыңыздар. 

   

54-тапсырма.  Берілген  сөздерден  тасымалдауға  болмайтын 

сөздерді теріп жазыңыздар. 

 

5  кг,  ақ,  10  см,  М.  Әуезов,  Қазақстан,  жақ,  кітапхана, 



жазық, жуық, қиын, тау. 

 

55-тапсырма.  «Менің  қалам»  деген  тақырыпқа  мәтін 

құрастырыңыздар.  Мәтіндегі  сөздерден  тұйық  буынды  және 

тасымалдауға болмайтын сөздерді табыңыздар. 

 

56-тапсырма.  Өлең  мәтінінен  тасымалданбайтын  сөздерді 

анықтаңыздар.  

 

Өңкей жақсы қосылса, 



Бітіреді кеңесті. 

Өңкей жаман қосылса, 

Шығарады егесті. 

Мәмлемен іс бітер, 

Бас қосып қалса көп есті. 

Жақсының жолы – жарық күн 

Жаманның жолы – көмескі. 

 (Майлықожа) 

 

Екпін 

 

Екпін  –  сөйлеген  кездегі  белгілі  бір  сөздің,  буынның  және 

дыбыстың ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы. 

Екпіннің түрлері: сөз екпіні, ой екпіні, дыбыс екпіні, тіркес 

екпіні. 

Сөз  екпіні  –  сөздегі  бір  буынның  көтеріңкі  дауыспен 

айтылуы.  Қазақ  тілінде  бұл  екпіннің  орны  тұрақты,  көбінесе 

сөздің  соңғы  буынына  түседі.  Сөзге  қосымша  жалғанғанда, 




Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

272 


екпін қосымшаға, яғни соңғы буынға ауысып отырады. Мысалы: 

еңбек, еңбекші, еңбекшілер, еңбекшілерді. 



Ой  екпіні  –  сөйлемдегі  бір  сөздің  көтеріңкі  дауыспен 

айтылуы. 



Дыбыс  екпіні  –  сөздегі  бір  дыбыстың  көтеріңкі  дауыспен 

айтылуы.  



Тіркес екпіні – сөйлемдегі бір тіркестің көтеріңкі дауыспен 

айтылуы.  



 

57-тапсырма. Мына мәтіннен сөз екпінін табыңыздар

 

Жастардың бүгінгі міндеті – оқу, білім, тәрбие жұмыстары. 



Сондықтан, жастардың жалпы назары оқуға аударылуы керек.                                                                                      

 (Ғ. Мұратбаев) 

 

58-тапсырма. Дыбыс екпіні туралы айтып, мысал келтіріңіздер. 

 

59-тапсырма.  Қазақ  тіліндегі  екпіннің  ерекшелігін  және 

екпін түрлерін айтыңыздар. 

 

60-тапсырма.  Төмендегі  шешендік  сөзден  ой  екпінін 

табыңыздар. 

 

Бостандықтың қадірін  



Жабылғанда білерсің. 

Қалтаңдағы ақшаңды 

Қағылғанда білерсің. 

Денсаулықтың қадірін  

Ауырғанда білерсің. 

Ақ бетіңнің қадірін  

Қан кеткенде білерсің.                     

 («Шешендік сөздер» кітабынан)  



 

61-тапсырма.  Мақал-мәтелден  мысал  жазып,  мағынасына 

байланысты түсінік беріп, ішіндегі тірек екпінінің атын жазыңыздар.  

 

62-тапырма.  Мәтіндегі  сөздерді  барлық  екпін  түрлеріне 

қарай  талдап,  мәтіндегі  пікірге  өз  көзқарастарыңыз  туралы 

жазыңыздар. 



Қазақ тілі 

 

273 



Біреудің  жақсы  ісін  көрсең,  оны  ардақтай  біл,  күнәліні 

кешіре  біл...  Өзің  де,  өзгеге  де  жақсылық  тіле...  Адамгершілік 

кімде болса, соны ер деп есепте.   

(Ахмед Йүгінеки) 

 

63-тапсырма.  Сөйлемдерден  дыбыс  екпінін  тауып,  астын 

сызыңыздар. 

 

Босағадан  аттай  беріп:  «Би-исми-л-лаһи-р-рахмани-рахим-



қайырымды,  шапағатты  Алла  атымен»  деп,  Ақ  інгенге  қарай 

адымдап ала жөнелді. 

Жүрегі түскір су-у-у ете қалды. Түйе үстінен бұрыла беріп, 

көріп  қалды:  –  Атпа!  –  деп,  Ақ  інгеннің  басын  бұра  бергенше 

болмады, садақтың өткір жебесі оғы зың-ң-ң етті де, сол жақ тар 

қолтықтың астынан келіп кірш ете қалды.  



                                                                    (Ж. Айтматов)  

 

64-тапсырма. 

Мақал-мәтелдер 

жазып, 


мағынасын 

түсіндіріп, ой екпіні түсіп тұрған сөздің астын сызыңыздар. 

 

Хан  мен  қадірлес,  халықпен  сырлас  қария  едіңіз.  Хан 



артында  қара  тұман  қалды,  қара  тұман  ортасында  мен  қалдым. 

Көзсіз  көбелектей  болып  қалғанымда,  осы  уақытқа  дейінгі  ат 

ізін салмағаныңызға, несін жасырайын, өкпелеп жүр едім.   

(«Шешендік сөздер») 

 

65-тапсырма. Төмендегі мәтінді екпін түрлеріне талдаңыздар. 

  

1.  Ел ішіндегі ауыр хал мен өкілдерінің озбырлығын айтып, 



Жетек  шешен  Әбілхайыр  ханға  бірнеше  рет  барды.  Бірақ  хан 

сөзге  құлақ  аспай  елдің  тұрмысын  жеңілдету  қамын  ойламады. 

Осыған  ренжіген  Жетес  рулы  елімен  бергі  көп  момынға  қарай 

көшіп кетеді. 

Әйтсе  де  көш  кеш  шығып  қалып,  мөлшерлі  жерге,  көп 

момынға жете алмай, қыс түсіп кетіп, жолда қыстап қалады.  



 

(«Шешендік сөздер») 

 

 

 

 


Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

274 


2. Мөңке би Сырымға үш сұрақ қойыпты: 

    Таудан биік не бар? 

    Судан терең не бар? 

    Оттан өткір не бар?  



(«Шешендік сөздер») 

 

  66-тапсырма.    Жемқорлыққа  байланысты  не  айтар  едің? 

«Есебін тапқан екі асайды» деген тақырыпқа ойтолғау жазыңыздар. 



 

Үндестік заңы 

 

Үндестік  заңы  дегеніміз  –  сөз  ішіндегі  дыбыстардың  бір-

бірімен үндесіп, біркелкі болып қолданылуы.  

Үндестік  заңының  2  түрі  бар:  буын  үндестігі  және  дыбыс 

үндестігі. 

 

67-тапсырма. Үндестік заңы деген не? Мысал келтіріңіздер. 

 

68-тапсырма.  Жуан, жіңішке  дауысты  дыбыстар  араласып 

келген сөздерді жазыңыздар. 

 

Үлгі: Астан-кестен (қос сөз) 

Екібастұз (біріккен сөз) 

Алгебра (басқа тілден енген сөз) 

 

69-тапсырма.  Үндестік  заңының  түрлерін  айтыңыздар. 

Мысал келтіріңіздер. 

 

70-тапсырма.  Төмендегі  мәтіннен  сөздерге  қосымшалардың 

жалғану ерекшелігін айтыңыздар. 

 

Жиналған  жұрт,  театр  келгеннен  бері  талай  қойылымды 



көріп, ләззаттанған жұрт пьеса авторын, оны қойған режиссерді, 

бас  рөлдерде  ойнайтын  Күләш,  Құрманбек,  Қанабектерді 

сахнаға шақырды.  

– Міне, бұлар – республиканың халық әртістері, пьесадағы 

көркемөнердің жаршысы. 

 



жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау