56
жылдары ИКТ секторындағы Қазақстанның биік жетістіктері тіркелуде. 2014
жылдың наурызында жарық көрген “Адамдарға арналған электрондық үкімет”
атты БҰҰ – ның рейтингінде Қазақстан 2012 жылмен салыстырғанда 8 саты
жоғары көтеріліп, 38 – орынға иеленді. “Е – қатысу индексі” бойынша
Қазақстан Сингапурмен 2 – орынды бөлісті [14].
Дегенмен, Қазақстандағы телекоммуникацияның қолжетімділігі өз
шарықтау шегіне жеткен жоқ, және нақтылай осы қызметтердің дамуы мен
қолжетімділігі
қазіргі
күннің
өзекті
мәселесіне
айналды.
Телекоммуникациялық
қызметтердің
қолжетімділігі
үшін
мемлекет
телекоммуникациялық компанияларға Қазақстандағы байланыс нарығын
қолдауға, ал халықты қызметтермен қамтуға жол ашатын экономикалық
тұтқаларды барынша пайдалануда. Қазақстан Республикасында ақпараттық
және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2012-2016
жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламаны іске асыру шеңберінде,
“Қазақтелеком” GPON (Gigabit Passive Optical Network) желісін құру бойынша
операторлар
арасында
алдыңғы
қатарлы
болып
есептеледі.
Телекоммуникацияның қалалық орталықтары, яғни осы компанияның
филиалдары өз абоненттеріне халықаралық стандарт деңгейіне сәйкес түрде
телекоммуникация қызметтерін ұсыну үшін тиісінше қалаларда желіні
жаңғыртып, ауқымды енгізуге кірісті.
Қазіргі таңда еліміздің бас операторы «Қазақтелеком» АҚ тұрақты түрде
алға ұмтылып, әрдайым өзінің қызметтерін, оның ішінде, ғаламторлық рұқсат
желілерін де жетілдіріп отырады. Күн өткен сайын Қазақстандағы ғаламтор
тұтынушылардың деректерді жіберу жылдамдығы мен қызмет көрсету
сапасына қойылатын талаптары тым жоғарылап барады. Компания еліміздің
барлық қалалары мен елді мекендерінде 4 миллиондай абоненттер санын
тұрақты телефон байланысымен, сонымен қатар 1,5 миллион абоненттерді кең
жолақты ғаламторлық рұқсат желісімен қамтамасыз етті [14].
Exclusive.kz журналының нұсқауы бойынша «Қазақтелеком» АҚ ең
беделді 50 компаниялардың көшін бастады. Эксперттік топтың жоғарғы
бағасы мен тұтынушылардың ризашылдығы сервистік компанияның ең
керемет жетістігі. Компанияның тұрақты жағдайы кредиттік рейтингпен
расталған.
2014 жылдың 8 – мамырында «Standard&Poors» халықаралық
рейтингтік агенттігі Қоғамның «Тұрақтылық» болжамы мен «BB»
деңгейіндегі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін құптады. 2015 жылдың 10 –
қаңтарында «Fitch Ratings» халықаралық рейтингтік агенттігі «Қазақтелеком»
АҚ - ның дефолт эмитентінің ұзақ мерзімді рейтингі (РДЭ) бойынша
болжамын «Келеңсіз» - ден «Тұрақты» - ға жөндеп, РДЭ – ні «BB» деңгейінде
растады.
Нарықта тұрақтау үшін казіргі таңда “Қазақтелеком” операторына
инвестициялық тартымды жобаларды іздеумен шұғылданғаны және
шығындарды азайтып өзінің кейбір бұрынғы ұстанымдарын қайта
қарастырғаны
абзал.
Телекоммуникациялық
нарықтың
барлық
57
сегменттеріндегі бәсекелестіктердің күшеюі компанияның негізінде өзіндік
бәсекеге қабілеттілігі тұрғысында біршама ойлануына алып келді.
Қазір «Қазақтелеком» үшін маңыздылығы жоғары болып ғаламторлық
рұқсат желілерінің нарығы есептеледі. Бірақ ұялы телефон операторларының
да бұл маңыздылыққа басымдылық беретінін ескерсек, енді, GSM
стандартында 3G пайда болғаннан бастап «Қазақтелеком» өмірі де біраз
күрделенді.
Деректер жіберілімінен келетін ақшалай түсім компанияның жалпы
пайдасын өсіруде негізгі жеделдеткіш ретінде саналады және бұл табыс көзіне
төнген кез келген қауіп қаржылық көрсеткіштеріне өз жағымсыз әсерін тигізуі
әбден мүмкін. Басқа сегменттерде де бәсекелестік өсуде, мәселен,
байланыстың талшықты – оптикалық желілерін жалға беру не алу аясында
байқалады. Көбіне бұл аймақта басымдылық көрсету ең мықты оператордың
үстемді ұстанымдарын қаматамасыз етеді, алайда қазір бірнеше операторлар
өзінің байланыс желілерін құруда. Әзірше сымды және сымсыз телефондық
байланыстарына қызмет көрсету «Қазақтелеком» үшін негізгі табыс көзі
болып отырғанымен, бұл табыстар мардымсыз екпінмен өсуде, демек оларға
аса үміт артуға болмайды. Сол себепті компания өзіндік дамуды басқа
сегменттерде жоғарылатуды көздейді. Дегенмен «Қазақтелеком» АҚ
жеткіліксіз бағалаудың қажеті жоқ.
Компанияның таза пайдасына «GSM Казахстан Казақтелеком АҚ»
ЖШС-ға үлесітк мүшесі болғандықтан елеулі әсер етеді, ал бұл өз кезегінде
жақсы потенциалды өсімі бар актив болып табылады. Бүгінде «Казақтелеком»
телекоммуникациялық нарықтың 37 пайызын иемденген, қалғаны «ұялы
телефондылар» - ға тиесілі [15].
4.2 сурет – Компанияның нарықтағы сегменттер бойынша үлесі
Сегмент бойынша негізгі бәсекелестері:
1. Тиянақталған телефония: «КазТрансКом» АҚ, «Транстелеком» АҚ,
Ducat (Арна), Sky Silk, аймақтық операторлар;
58
2.Мобильді байланыс: Билайн, Kcell,Tele2
3.
Деректер
жіберілімі
және
ғаламтор:
«КазТрансКом»АҚ,
«Транстелеком» АҚ, Ducat (Арна), Astel, ГК Beeline;
4. Операторларға қызмет көрсету: «КазТрансКом» АҚ, «Транстелеком»
АҚ, СА-Телеком, KZ-Trans.
5. Ақылы ТД қызметтері: Алма-ТВ, Айна-ТВ, Секател, ICON, Digital TV
Жоғары жылдамдықты ғаламторды пайдалану қарқындылығының
дәрежесі активті түрде өсуде, 2014 жылы КРЖ порттарының саны 100 үйлік
шаруашылыққа 29-дан түсіп отырды. «Казақтелеком»АҚ тиянақталған КРЖ
көлеміне байланысты жоспарына сай, 2015 жылы бұл көрсеткіш 33,3-ті мәніне
жетуі шарт. АО «Казахтелеком» АҚ-ның КРЖ нарығындағы үлесі 83,7%-ды
құрайды.
Компания тобы қазір клиенттерге адалдық және қосымша қызметтерді
ендіру бағдарламалары атты екі блоктан құралған инвестициялық бағдарлама
шеңберінде қаржыландыру мақсатын алға қоя отырып ірі инфрақұрылымдық
жобаларды ізденумен шұғылданып келеді.
«Казақтелеком» АҚ компаниясының тобы – Қазақстан мен шетелдер
нарығындағы өз акционерлеріне келесі түрде баға шығарып белгілейтін
инфокоммуникация нарығындағы ең ірі аймақтық біріктірілген оператор
болып саналады [15]:
1) ҚР инфокоммуникация нарығының барлық негізгі сегменттерінде
басты ұстанымдарын қалыптастыру және нығайту;
2) өнім жиынтығының кеңейтілуі;
3) бизнес географиясын кеңейту және телекоммуникациялық нарықта
белсенді қатысушы елдердің арасында жетекші орындарды иемдену;
4) инфокоммуникация аймағында ең жаңа әлемдік технологиялар мен
үздіксіз өсу мен озаттылыққа кепіл болатын бизнес-үрдістерін ендіру;
5) ҚР телекоммуникациялық нарығында компанияның байланыс
қызметіндегі клиенттік топтарының барлық сұраныстарын қанағаттандыратын
толық инфокоммуникациялық шешімдер ұсыныстарының арқасында жетекші
орындарды иеленіп, ұстап тұру;
6) топтың өзінің еншілес компаниялары үшін шығаратын, әсіресе
қызметтік
тиімділікті
арттыратын
және
корпоративтік
басқаруды
жандандыратын аймақтарда қосымша бағаларды қолдану.
7) әрбір адамның әдеттегі өміріне ауыса, таңқалдыра және күтімділікті
ақтай отырып, таптырмайтын бір бөлшегі ретінде ену.
4.5
Кәсіпорындағы басқарудың тиімді ұйымдастырушылық
құрылымы
«Казақтелеком» АҚ-ның Жарғысына сәйкес, Қоғамның бөлімдері
төмендегідей болып келеді:
- Акционерлердің жалпы жиналысы - акционерлерге компанияны
басқару үрдісіне қатысу құқығын беретін “Қазақтелеком” АҚ-ның жоғарғы
Достарыңызбен бөлісу: |