Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет14/61
Дата16.02.2018
өлшемі5,03 Kb.
#9758
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61

 
42 
бөлігі,  өйткені  ғылым  жетістіктерін  пайдалану  табиғаттағы  тепе-
теңділікті  бұзбау  негізінде  құрылуы  керек.  Шын  мәнісінде, 
электрлендіру  проблемасын  талқылау  жылу,  су  және  әсіресе  атом 
электр  станцияларының  құрылыстарына  байланысты  олардың 
экологиялық  зардаптарын  талдамай  мүмкін  емес.  Политехниялық 
шеберлікті  қалыптастыру  –  физика  сабақтарында  политехниялық 
оқытудың  маңызды  міндеті.  Физика  сабақтарында  политехника-
лық  іскерліктерді  қалыптастыру  политехникалық  білім  берудің 
басты мақсаты. Политехникалық іскерліктерге мыналыр жатады: 
1) өлшеу құралдарын қолдану және өлшеулерді орындау
2) таблицаларды пайдалану; 
3) графиктарды оқу және салу
4)  электр  сұлбаларын  сызу  және  солар  бойынша  электр 
тізбектерін жинау; 
5) өлшеудегі қателіктерді бағалау. 
Соңғы  онжылдықта  қолданбалы  политехниялық  материал 
сипатына  көзқарас  түбегейлі  өзгерді.  Ғылыми-техникалық 
прогрестің  негізгі  бағыттарының  бөлініп  шығуы  ҒТП  өзектік 
идеялары  айналасындағы  оқу  политехникалық  материалдарды 
жүйелендіруге  мүмкіндік  береді.  Физика  сабақтарында  оқушы-
ларда  политехникалық білімдер мен шеберліктердің қалыптасуы 
барлық  оқу процесі бойында біртіндеп қалыптасады. Сондықтан 
физика  курсының  тарауларында  өзара  байланысқан,  техникалық 
прогресс  бағыттары,  қолданбалы  физика  мен  техниканың 
байланысы бар белгілі бір жүйенің болғандығы маңызды.  
Мектеп  жұмыстарының  тәжірибесінде  физиканы  оқыту 
процесінде  политехникалық  оқытудың  келесі  формалары  мен 
әдістері  қалыптасқан:  физикалық  заңдар  мен  құбылыстардың 
практикалық  қолдануларын  мұғалімнің  түсіндіруі;  машиналар 
мен  техникалық  қондырғыларының  қызметінің  жұмыс  істеу 
принциптерін  көрсету;  физико-техникалық  мазмұны  бар  кино-, 
теле-  және  бейнефильмдерді  көрсету;  техникалық-өндірістік 
мәліметтері бар есептерді шығарту; техникалық объектілер және 
аспаптармен  танысып,  меңгеруді  көздейтін  зертханалық  және 
фронтальды  практикалық  жұмыстарды  орындату,  өндіріс 
орындарына  экскурсия  жасау;  өзбетімен  бақылауларды  жүргізу, 
(сыныпта  және  үйде),  физико-техникалық  үйірмелер  жұмыста-
рына  оқушыларды  қатыстыру;  танымдық  ғылыми-техникалық 
әдебиеттерді  сыныптан  тыс  оқуды  ұйымдастыру;  қолданбалы 
физиканың факультативтік курстары. 


 
43 
Физикаға оқыту процесінде оқушыларды кәсіпке 
 (мамандыққа) бағдарлау 
Мектептегі  оқыту  мен  тәрбиелеудің  негізгі  міндеттері  бірі  – 
еңбек  қызметіне  белсенді  қатысуға  өсіп  келе  жатқан  ұрпақты 
дайындау  болып  табылады.  Сондықтан  да  жалпы  білім  беретін 
мектеп  оқушыларға  терең  білімдерді  беріп,  оларды  тәрбиелеп 
және  дамытып  қана  қоймай,  сонымен  қатар,  оларды  кәсіпке 
бағдарлау дайындығын жүзеге асыру қажет.  Кәсіпке бағдарлау – 
бұл  оқушыларды  болашақ  мамандыққа  дайындаудың  және 
оларға  мамандық  таңдауда  көмек  көрсету  бағытында  арнайы 
ұйымдастырылған  жұмыс.  Болашақ  мамандығын  таңдау  үшін 
мектеп  оқушыларының  біздің  еліміздегі  халық  шаруашылығы, 
оның дамуының негізгі перспективалары жөнінде жалпы түсінік-
тері  болуы  қажет.  Сонымен  бірге  орта  мектептердің  түлектері 
қандай  да  болмасын  өндірістің  бір  саласында  қолданылатын 
техника  мен  технология,  нақты  бір  мамандықтар  мен  кәсіптер, 
таңдаған  мамандықтың  жұмыс  жағдайлары  мен  мүмкіндіктері 
туралы түсініктерге ие болулары қажет. 
Мектептің  кәсіпке  бағдарлау  жұмысының  құрылымы  әртүрлі 
және  көбіне  пікірталасты.  Кәсіпке  бағдарлаудың  ең  мәнді  компо-
ненттеріне (құрамдас бөліктеріне) келесілер жатады: 1) оқушылар-
ды  халық  шаруашылығының  салаларымен  және  негізгі  көп  кезде-
сетін  мамандықтармен  таныстыру;  2)  мамандықты  саналы  түрде 
таңдауға  дайындау  бойынша  мектеп  оқушыларының  мақсатты  іс-
әрекеттерін  ұйымдастыру;  3)  мамандық  таңдау  мен  жұмысқа 
орналасу сұрақтары бойынша оқушыларға кеңестер беру. 
Кәсіпке  бағдарлау  материалдарын  таңдау  ұстанымдарының 
бірі  –  қоғамның  кадрларға  деген  сұраныстарын  ескеру.  Оқушы-
лар  назарын  нақты  бір  аймақ,  қала  немесе  ауылда  ерекше 
жетіспей жатқан, мұқтаж мамандықтарға аудару керек. 
Кәсіпке  бағдарлау  материалдарын  таңдаудың  басқа  бір  ма-
ңызды  ұстанымдарының  бірі  –  оқушылардың  өздерінің  қызығу-
шылықтары  мен  ниеттерін  ескеру.  Мамандықты  дұрыс  таңдау  – 
қызығушылықтардың,  бейімділіктердің,  кәсіптік  ниеттердің  қа-
лыптасуы мен дамуына байланысты ұзақ процесс. Физиканы оқу 
оқушыларда  ең  алдымен  техника  мен  физикаға  байланысты 
қызығушылықтардың  қалыпытасуына  үлкен  мүмкіндіктер  аша-
ды.  Бұл  тек  әлеуметтік  мәні  бар  педагогикалық  маңызды  міндет 
емес,  сонымен  қатар  техника  мен  өндіріс  технологиясының 
дамуының қажетті шарты. 


 
44 
Кәсіпке  бағдарлау  жұмыстарын  ұйымдастыруда  мектептік 
оқу  бағдарламасының  аясынан  шығатын  қосымша  материал-
дарды  қолдану  мүмкіндігі  бар.  Осы  мақсатта  физика  мұғалімі 
мектеп  орналасқан  аймақпен  алдын-ала  танысып,  мектептің 
бағытталған  мамандығы  бойынша  кәсіби  оқытудың  типтік 
бағдарламаларын  мұқият  талдауы  керек.  Материал  таңдаудағы 
негізгі  критерий  –  бұл  қазіргі  заманғы  өндіріске  тән  еңбек 
процестері  мен  мамандықтардың, 
мектептік  бағдарлама 
материалдарымен  байланысы  бар  ақпараттың  болуы.  Одан  әрі 
физика  мұғалімі  тақырыптық  жоспар  құрып,  мазмұнын,  оқылып 
жатқан  физикалық  материалға  сәйкес  кәсіпке  бағдарлау 
материалдардың формасы мен көлемін анықтайды. 
  
 
2.2. Оқушылардың ғылыми дүние танымын  
қалыптастыру 
Мектеп  жасындағы  оқушыларда  жеке  дүниетанымдық 
қалыптасу процесі жедел түрде  жүріп жатады. Адам әлемдегі өз 
орнын оның жеке тұлғасына сыртқы әсерлердің сипаты, сонымен 
қатар,  қоршаған  ортаны  қабылдау  мен  пайымдаудың  жеке  тұл-
ғалық  ерекшеліктеріне  байланысты  анықтайды.  Әрбір  адамның 
жоғары немесе төмен дәрежеде ғылыми, діни немесе мистикалық 
дүниетанымға  бейімделуінің  объективті  себептері  болады.  Тіпті 
кейбір  жағдайларда  осылардың  біреуінің  басымдылығы  барма 
екендігін анықтау қиынға соғады. 
Дүниетаным жеке тұлғаның құрылымының маңызды компо-
ненті  болып  табылады.  Дүниетанымға  әлем  туралы,  ондағы 
адамның  орны  жөнінде  жинақталған  көзқарастар  жүйесі, 
сонымен  қатар,  белгілі  бір  дүниетүсінімге  сай  көзқарастар, 
сенімдер, мұраттар, ұстанымдар  енеді.  
Дүниетанымдық  көқарас  бейнелейтін  объект-бүкіл  дүние, 
яғни материалдық және рухани дүние. Табиғат, қоғам, адам және 
таным  процесіне  сәйкес  дүниетанымдық  көзқарасты  ғылыми-
жаратылыстану, әлеументтік, гуманитарлық, гносеологиялық деп 
бөлуге  болады.  Шынығында  бұл  аспектілер  философиялық 
сипаттағы  жалпылама  білім  түрінде  көрініп,  тұлғаның  іс 
әрекетіне, көзқарасына әсер етеді. 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау