30
болады. Қорыта келгенде, үйретудiң сапасы ақпараттық технологияларды
пайдалануда мүмкiндік есебiнен жоғарылауы:
- меншiктi мүмкiндiктердi есептеумен оқытылатын оқу материалына
көбірек бейiмделуi және қабiлеттiлiктер;
- пәннің меңгеруiн, оқытылатын әдiс таңдау мүмкiндіктері;
- оқу процесiнiң әр түрлi кезеңдерiне үйретудiң қарқындылығын реттеу;
- өзiн-өзi бақылау;
- белсендi оқыту әдiстерін қолдау;
- зерттелетiн материалды ұсынудың бейнелi, көрнекi пiшiнi;
- ақпараттық технология, жеке құрама бөлiктерді көбейтуге рұқсат
беретiн құрылыс, модульдiк принцип;
- дербес үйретудi дамыту.
Нәтижелерден кейбiр қызметтерде мүдделiлiк көзге iлiнеді. «Бұлтты
технологиялар» пәні зор мүмкiндiктер беретiн маңызды және қазіргі саманға
сай модерндік өзекті тақырыптардың бірі. Оқытушы және оқу мекемесi
бiртұтас бiлiм беретiн - ақпараттық ортада ақпараттармен алмасу, меншiктi
кәсiби сауалдар және шығармашылық бастамалар, жаңа технологиялар
пәннің игерілуін жақсартады.
2.2 Зертханалық жұмыс №1. Жеке бұлт құратын OwnCloud қамтамасын
Linux-қа орнату.(Басқарушы ретінде)
Жұмыстың мақсаты: OwnCloud, Apache, PhpMyAdmin Server-ді орнату
және бастапқы баптауды меңгеру.
Бастапқыда OwnCloud деген не? Қандай ерекшелігі бар?
1) Деректер қоймасы (фото, бейне, құжаттар). Егер сiз OwnCloud өз
компьютеріңізде болса, (шеттегi сервистерде) 10-20 Гб-пен шектелмей, 500
Гб немесе 1 Тб және тағы басқа жадыны батыл қолдана берсеңіз болады.
2) Басқа қолданушылармен өз файлдарыңызбен бөлiсе аласыз.
3) Тест файлдарын аша немесе құра аласыз (.ODF.odt, ODP,.ods кеңейтулері),
музыка тыңдауға, бейне қарауға болады.
4) Windows, Mac, Linux компьютерлерімен деректерi синхронизациялай
аласыз.
5) Егер сiзге орнатқан функционал аз болса, онда қосымша қондырулардың
көмегiмен қолданбаларды және бұлтты қойманың мүмкiндiктерін кеңейтуге
болады.
Зертханалық жұмысқа тапсырмалар.
Ескерту. Виртуалды машинаны және Linux-ты разрядқа сәйкес таңдау.
1) Windows-ке VmWare немесе Oracle Box немесе т.б. виртуалды
машинасын орнату.
2) OwnCloud-ты басқарушы (администратор) ретінде қолдану үшін
міндетті түрде Linux немесе Mac операциялық жүйесі болу керек. Біздің
жағдайымызда Linux қолжетімдірек. Нақты бір дистрибутив емес
қалауыңызға байланысты Ubuntu немесе Debian және т.б. Бірақ Ubuntu-ға
31
қоюды ұсынбаймын, Debian дистрибутивіне қоюға кеңес беремін. Өйткені,
құлау себептерін анықтауға аз уақыт кетеді.
3) Linux (Ubuntu, Debian т.б.) операиялық жүйесін виртуалды
машинаға орнату.
4) OwnCloud-ты версиясына сәйкес таңдау және орнату.
5) OwnCloud үшін арнайы Apache, PhpMyAdmin пакеттерді орнату.
Зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.
1) Windows-ке VmWare немесе Oracle Box немесе т.б.
виртуалды машинасын орнату.
2) Linux (Ubuntu, Debian т.б.) операиялық жүйесін виртуалды
машинаға орнату.
3) OwnCloud-ты версиясына сәйкес таңдау және орнату.
Сонымен, Ubuntu Server 14.04-ке Owncloud орнататын команданы консольда
тереміз: sudo apt-get install owncloud
а) Қосымша пакеттерді Apache, PhpMyAdmin, MySQL Server-ді
орнатуға рұқсат береміз.
б) MySQL үшін 8 санды бас әріптер мен символдардан тұратын құпия
сөз жазуға кеңес беріледі.
с) 2-3 секундта қондыру аяқталады. Енді бұлттық деректермен жұмыс
істеу үшін деректер қорын құру қажет. Ол келесі командалар көмегімен
жүзеге асырылады:
mysql -u root -p
create database <имя_базы_mysql>;
grant all privileges on owncloud.* to
<имя_пользователя_mysql>@localhost identified by
'пароль_пользователя_mysql';
exit
Мысалы:
mysql -u root -p
create database owncloud;
grant all privileges on owncloud.* to root@localhost identified by
'Cloud50$';
exit
4) OwnCloud-қа сілтеме арқылы браузерге кіру.
/owncloud
Мысалы:
192.168.1.111/owncloud
32
Сурет 2.1 – OwnCloud-қа кіру жолы
Сурет 2.2 - OwnCloud-тағы құжат немесе фото
33
2.3 Зертханалық жұмыс №2. Динамикалық DNS-ті қосу
Жұмыстың мақсаты: . Тегін домен алу, оны компьютер және роутермен
байланыстыру.
Ең алдымен, домен дегеніміз – сайттың ғаламтордағы адресі. Домендер
ақылы және тегін болуы мүмкін. Глобальды жұмыстар үшін ақылы домендер
қажет. Біздің жағдайымызда тегін домен алуымызға болады.
Зертханалық жұмысқа тапсырмалар:
Ескерту. Тегін доменді апта сайын жаңарту (обновить) қажет. Роутерда
DynDNS сервер қызметі болуы керек.
1) Тегін домен алу
2) Компьютердің ip-адесін анықтау
3) Роутердің ip-адесін анықтау
4) Порттардың ашық екеніне көз жеткізу
5) Компьютер және роутердің ip-адрестерін байланыстыру
Зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
1) Тегін доменді қазіргі таңда
www.no-ip.com
сайтынан алса болады. Ең
алдымен сайтқа электронды пошта арқылы регистрация жасап, оны
растау қажет.
cd /usr/local/src/
wget http://www.no-ip.com/client/linux/noip-duc-linux.tar.gz
tar xf noip-duc-linux.tar.gz
cd noip-2.1.9-1/
make install