82,84,85,86 - 7 бірлік. Лауазымдық жалақысы-мемлекеттік еңбек ӛтілі
жылдарына байланысты 64959 теңгеден 88279 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
«Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (экономика, есеп және аудит,
қаржы) мамандықтары бойынша жоғары немесе ортадан кейінгі білім;
Функционалдық міндеттері:
Мүліктік-материалдық бағалы заттарды бухгалтерлік есепке алуды
жүргізуді, құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуі үшін алдын ала
бақылауды жүзеге асырады. Активтер мен запастарды сақтау орындарында
сақталуы мен пайдалануына бақылауды жүзеге асырады. Жеткізушілерден
тауар-материалдық бағалы заттардың кірісі бойынша есепке қабылданған
бастапқы құжаттарды күн сайын ӛңдейді (жүкқұжаттар, шоттар, ТМБЗ
қабылдау-тарату актітлері, кӛрсетілген қызметтер актілері және т.б.). Бастапқы
құжаттармен бірге әртүрлі ұйымдармен есеп айырысу бойынша жинақтаушы
ведомосін айсайын жасайды, 3210 субшоттты талдайды. Жеткізілген тауарлар
мен қызметтер үшін басқа да ұйымдармен ӛзара есептесуді салыстыру
тексеруді жүзеге асырады. Материалдық жауапты адаммен келісімшартты
уақтылы жасауды жүзеге асырады. Материалдық жауапты адамдардан
материалдық есептер, қабылдау тарату актілерін, мүліктік-материалдық бағалы
заттарды есептен шығаруға актілерді қабылдайды, операция құжатында
кӛрсетілген нысанды тексеруден, мақсатқа сай болудан тұратын оларды
тексеруді жүзеге асырады, арифметикалық есептердің дұрыстығын белгілейді.
Бӛлімдерде және қызметтерде пайдаланатын мүккамалдың және жабдықтардың
тозуын есепке алуды жүргізеді. Материалдық жауапты адамдар бойынша
баланстық субшоттар бойынша аналитикалық есепке алуды жүзеге асырады.
Материалдық жауапты адам ауысқан кезде тауар-материалдық бағалы заттарды
уақтылы қабылдау-тарату үшін бақылауды жүзеге асырады. Тегін алынған
және берілген мүліктік-материалдық бағалы заттарды есепке алуды жүзеге
асырады. Ішкі істер органдардан және басқа да мекемелерден тегін алынған
және берілген материалдық бағалы заттар бойынша салыстыру тексеруді
жүргізеді, осы мәселе бойынша хат алысуды жүргізеді, тегін алынған және
берілген материалдық бағалы заттар бойынша хабарламаларды жабуды
бақылайды. Тоқсандық балансқа ұзақ мерзімді активтердің қозғалысы туралы
есепті - № 5б нысанды тоқсан сайын жасайды, № 5 нысан – қаржылық
есептілікке түсіндірме жазба, № 6 нысанды – жылдық балансқа запастардың
қозғалысы туралы есепті жыл сайын жасайды. Ұзақ мерзімді активтердің кетуі
және ауыстыру бойынша жинақтаушы ведомості, арнайы киім-кешектің және
жеке пайдаланудағы басқа да заттардың кетуі және ауысуы бойынша
жинақтаушы ведомості, бастапқы құжаттарды қоса отырып, материалдардың
шығыстары бойынша жинақтаушы ведомосін ай сайын жасайды. Қалыптасу
қызметтерінің нысандары бойынша статистикалық есепті, «негізгі қорлардың
жай-күйі туралы» № 11-жылдық нысанды жасайды және статистикалық
басқармаға ұсыгады. Қызметкерлерге ақшалай ризық пен еңбекақы тӛлеу
бойынша есептерді бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді, құжаттардың уақтылы
және дұрыс ресімделуі және жасалатын операциялардың заңдылығы үшін
алдын ала бақылауды жүзеге асырады. Қызметкерлерге ақшалай ризықты,
еңбекақыны есептеу мен аударуды жүргізеді, ақшалай ризық пен еңбекақыны
дұрыс есептеу үшін және оларды тӛлеу үшін бақылауды жүзеге асырады.
Зейнетақы тӛлеу жӛніндегі мемлекеттік орталыққа міндетті зейнетақы
жарналарын аударуды ай сайын жүзеге асырады. Міндетті әлеуметтік
аударымдарды Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына ай сайын
аударуды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына
сәйкес бюджетке табыс және әлеуметтік салықтарды уақтылы және дұрыс
аударуды ай сайын қамтамасыз етеді. Субшоттар бойынша еңбекақы тӛлеу
бойынша есептердің аналитикалық есебін жүзеге асырады. Белгіленген
мерзімде салық органдарына салық есептерін жасауды және тапсыруды тоқсан
сайын қамтамасыз етеді. Статистикалық басқармаға қызметкерлердің саны
және «Еңбек бойынша есеп» № 1Т нысанының еңбекақы тӛлеу қоры бойынша
статитикалық есептілікті белгіленген мерзімде ай сайын жасайды және
ұсынады. Әлеуметтік жәрдемақыларды тӛлеу үшін табыстар, зейнетақы және
әлеуметтік аударымдар туралы анықтамалар беруді жүргізеді. Ақшалай ризық,
ақшалай аттестаттар туралы анықтаманың кӛшірмелерін жүргізеді, сыйақы
тӛлеуге ведомостер және басқа да ведомостер жасайды. Жалақыны есептеу
бойынша есептеу-тӛлем ведомостерді ай сайын жасайды. Еңбекақы қоры
бойынша бюджеттік қаражаттың игерілуі бойынша мәліметті ай сайын
ұсынады. Жеке құрам бойынша бұйрықтардың және басқа да ӛкімдік
құжаттардың негізінде лауазымдық жалақыларды белгілеу үшін тағайындау,
ауысуы, қызметтен босату, қызметкерлерге ақшалай ризық және еңбекақы
тӛлеу. Біржолғы жәрдемақы, сауықтыруға арналған жәрдемақы, құқық қорғау
органдарында еңбек сіңірген жылдары үшін жұмысшыларға қосымша ақы,
еңбектің зиянды жағдайлырмен айналысатын үстемеақыларды, сайақы және
еңбекақымен байланысты басқа да тӛлемдерді тӛлеу туралы дербес шотқа
жазбаларды жүзеге асырады. Еңбекақыны есептеудің жиынтық ведомостерін,
барлық ұстаудың түрлері бойынша айналым ведомостерді алу үшін
бағдарламалық қамтамасыз етуге ақпаратты енгізуді жүргізеді. Ұйымдармен
және есеп беретін адамдармен есеп айырысуды бухгалтерлік есепке алуды
жүзеге асырады. Ұйымдармен және есеп беретін адамдармен есеп айырысудың
бухгалтерлік есепке алудың субшоттары бойынша синтетикалық және
аналитикалық есепке аулды жүзеге асырады. Жеткізушілердің қызметтерді
кӛрсету және орындалған жұмыстар бойынша есепке қабылданған бастапқы
құжаттарды күн сайын ӛңдейді (орындалған жұмыстардың, кӛрсетілген
қызметтердің актілері және т.б.). Ұйымдармен есеп айырысу бойынша
жинақтаушы ведомості, ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаның бақылау
шоттарына (бұдан әрі – ҚҚАБШ) ақшалай қаражатты есепке алудың
жинақтаушы ведомосін, Спонсорлық, қайырымдылық кӛмектің ҚҚАБШ,
ақшалай қаражатты уақытша орналастырудың ҚҚАБШ, шетел валютасындағы
шотта және сыртқы займдар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық
жобалардың арнайы шоттарын ай сайын жасайды.
Ай сайын белгіленген мерзімде:
- бюджеттік қаражат есебінен мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек
туралы есепті (ДБ-Б нысаны – жедел деректер);
- ӛзге де (тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан ақша, спонсорлық,
қайырымдылық кӛмектің, жетіспеушіліктер мен талан-таражға салу,
қызметкерлер алған ссудалар бойынша берешек) қаражаттар есебінен
қалыптасқан мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есеп (ДБ-
П нысан – жедел деректер);
- бюджеттік қаражат есебінен мемлекеттік мекеменің кредиторлық берешек
туралы есеп (КБ-Б – жедел деректер);
- ӛзге де қаражат есебінен мемлекеттік мекеменің кредиторлық берешегі
туралы есеп (КБ-П нысаны – жедел деректер);